Об утверждении Правил организации работы органов внутренних дел по участию в природоохранных мероприятиях Күшін жойған
Басқа 0
Табиғатты қорғау іс-шараларына
қатысу бойынша ішкі істер органдарының
жұмысын ұйымдастыру қағидаларын
бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ережесінің 15-тармағының 50) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Табиғатты қорғау іс-шараларына қатысу бойынша ішкі істер органдарының жұмысын ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Заңды деректер базасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
Тармақша 4
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 5
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді жолдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне (И.В. Лепеха) жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
____________ А. Мамытбеков
2016 жылғы 11 қантар
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
____________ В. Школьник
2016 жылғы 11 қантар
Басқа 10
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 29 желтоқсан
№ 1096 бұйрығымен бекітілген
Табиғатты қорғау іс-шараларына қатысу бойынша ішкі істер
органдарының жұмысын ұйымдастыру
ҚАҒИДАЛАР
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi ережесінің 16-тармағының 28-1) тармақшасына сәйкес ішкі істер органдарының табиғатты қорғау іс-шараларына қатысуы бойынша қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Табиғатты қорғау іс-шараларына қатысу бойынша ішкі істер органының жұмысын ұйымдастыру бойынша жалпы басшылық облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, көліктегі полиция департаменттерінің, қалалық, аудандық полиция басқармаларының және бөлімдерінің (бұдан әрі – ПД, Көліктегі ПД, ҚАПББ) бірінші басшыларына жүктеледі.
Тармақ 3
3. Табиғатты қорғау іс-шараларына табиғатты қорғау полициясы бөліністерінің қатысуы бойынша жұмысты ұйымдастыруды ПД, Көліктегі ПД, ҚАПББ жергілікті полиция қызметінің бастықтары жүзеге асырады.
Тарау 2. 2. Табиғатты қорғау іс-шараларына қатысу бойынша ішкі істер органдарының негізгі міндеттері, функциялары және құзыреті
2. Табиғатты қорғау іс-шараларына қатысу бойынша ішкі істер органдарының негізгі міндеттері, функциялары және құзыреті
Ішкі істер органдары құзыреті шегінде мынадай міндеттер мен функцияларды жүзеге асырады:
Тармақ 4
4. Ішкі істер органдарының міндеттері:
Тармақша 1
1) өзге де мемлекеттік органдармен бірлесіп, табиғатты қорғау іс-шараларына қатысу;
Тармақша 2
2) қоршаған ортаны қорғау, жануарлар дүниесін қорғау, өнімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдарға (бұдан әрі – Уәкілетті мемлекеттік органдар) қоршаған ортаны қорғау, күзету, жануарлар және өсімдіктер дүниесін қорғау, өнімін молайту және пайдалану саласындағы заңнаманы бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу бойынша көмек көрсету;
Тармақша 3
3) экологиялық құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және сотқа дейінгі тергеп-тексеру.
Тармақ 5
5. Ішкі істер органдарының функциялары:
Тармақша 1
1) қоршаған ортаны қорғау, жануарлар және өсімдіктер дүниесін қорғау, өнімін молайту және пайдалану саласындағы заңнаманы бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу және ашуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) ішкі істер органдарының уәкілетті мемлекеттік органдармен, басқа да құқық қорғау органдарымен қоршаған ортаны қорғау, жануарлар және өсімдіктер дүниесін қорғау, өнімін молайту және пайдалану саласындағы заңнаманы бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу және ашуға бағытталған бірлескен іс-шараларды жүзеге асыру бойынша өзара іс-қимыл жасасуын ұйымдастыру.
Тармақ 6
6. Табиғатты қорғау іс-шараларына ішкі істер органдарының қатысуы бойынша міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру жергілікті полиция қызметінің табиғатты қорғау полициясы қызметкерлеріне, сондай-ақ осы бағыттағы функциялар жүктелген жергілікті полиция қызметінің полиция қызметкерлеріне жүктеледі.
Тармақ 7
7. Ішкі істер органдарының құзыреті:
Тармақша 1
1) ішкі істер органдарының құзыретіне жатқызылған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша өндірісті жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашуды және тергеуді жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттікті жүзеге асырады.
Тарау 3. 3. Жергілікті полиция қызметінің табиғатты қорғау полициясы
бөліністерінің қызметін ұйымдастыру
3. Жергілікті полиция қызметінің табиғатты қорғау полициясы
бөліністерінің қызметін ұйымдастыру
Тармақ 8
8. Табиғатты қорғау полициясы бөліністері ішкі істер органдарының басқа да қызметтерімен, уәкілетті мемлекеттік органдармен және Қазақстан Республикасының басқа да құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасаса отырып, міндеттерін орындайды.
Тармақ 9
9. Ішкі істер органдарының табиғатты қорғау полиция бөліністерінің басшы құрамы лауазымдары «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 12 маусымдағы № 463 бұйрығымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес орналасады.
Тармақ 10
10. Табиғатты қорғау полициясы бөліністерінің жеке құрамы мен көлік және басқа да техникалық құралдары тек тікелей мақсаты бойынша пайдаланылады. Жекелеген жағдайларда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – ІІМ), ПД, Көліктегі ПД, ҚАПББ басшылығының өкімі бойынша бұл қызметтің күштері мен құралдары бұқаралық іс-шаралар өткізу және төтенше жағдайлар кезінде табиғатты қорғау іс-шараларына қатысуды әлсіретуге жол бермей, қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету үшін тартылады.
Тармақ 11
11. Жергілікті полиция қызметінің табиғатты қорғау полициясы бөліністерінің басшылары:
Тармақша 1
1) табиғатты қорғау полициясы бөліністерінің жұмысына жалпы басшылық етуді жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) табиғатты қорғау полициясы бөліністерінің жұмысын жоспарлауды ұйымдастырады;
Тармақша 3
3) табиғатты қорғау заңнамаларын бұзушылықтарды анықтау, алдын алу және жолын кесу бойынша уәкілетті мемлекеттік органдармен, басқа да құқық қорғау органдарымен бірлескен жоспарларды әзірлейді;
Тармақша 4
4) табиғатты қорғау полициясы қызметінің желісі бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын, ІІМ шешімдерін, бұйрықтарын, нұсқауларын орындау бойынша бақылауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 5
5) ПД, Көліктегі ПД-ның тергеу, анықтау және криминалдық полиция бөліністерімен экологиялық қылмыстарды ашу және тергеу мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасасуды ұйымдастырады;
Тармақша 6
6) табиғатты қорғау полициясы бөліністерінің уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөліністерімен, басқа да құқық қорғау органдарымен табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтарды анықтауға, алдын алуға және жолын кесуге бағытталған бірлескен іс-шаралар мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасасуын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 7
7) табиғатты қорғау заңнамаларын бұзушылықтар бойынша әкімшілік және қылмыстық практиканы, сондай-ақ ішкі істер органдары қызметкерлерінің қатысуымен жүргізілетін рейдтік іс-шаралардың нәтижелерін жинақтауды және талдауды жүзеге асырады;
Тармақша 8
8) табиғатты қорғау полициясының желісі бойынша қызметіне жатқызылған мәселелер бойынша құқық бұзушылықтарды, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың арыздарын, хабарламаларын және басқа да ақпараттарын есепке алу және тіркеу жай-күйін бақылауды жүзеге асырады;
Тармақ 12
12. Жергілікті полиция қызметінің табиғатты қорғау полициясы бөліністерінің қызметкерлері:
Тармақша 1
1) қоршаған ортаны қорғау, жануарлар және өсімдіктер дүниесін қорғау, өнімін молайту және пайдалану саласындағы заңнаманы бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу және ашуға бағытталған іс-шараларға қатысады және көрсетілген бағытта уәкілетті мемлекеттік органдарға көмек көрсетеді;
Тармақша 2
2) заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша құзыреті шегінде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) табиғатты қорғау заңнамасы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша өндірісті жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) өз құзыреті шеңберінде жасалған немесе дайындалып жатқан экологиялық қылмыстар мен құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарламаларды қарайды, олардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу, жасаған адамдарды ұстау бойынша шаралар қабылдайды;
Тармақша 5
5) бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау үшін ішкі істер органының табиғатты қорғау заңнамаларын бұзушылықтарды анықтау, алдын алу және жолын кесу бойынша қабылдаған шаралары мен нәтижелері туралы материалдар дайындайды.
Тармақ 13
13. Жоспарлау:
Тармақша 1
1) қабылданған шаралардың тиімділігін арттыру, экологиялық құқық бұзушылықтарды анықтауға, алдын алуға және жолын кесуге бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру бойынша өзара іс-қимыл жасасуды жандандыру мақсатында бірлескен іс-шаралар жоспарлары әзірленеді;
Тармақша 2
2) бірлескен іс-шаралар жоспарларында экологиялық құқық бұзушылықтарды, биологиялық ресурстар объектілері мен олардың өнімдерінің заңсыз айналымын анықтауға, алдын алуға және жолын кесуге бағытталған жалпы ұйымдастырушылық және практикалық іс-шаралар көзделеді. Рейд нәтижелерін одан әрі республикалық және облыстық ақпараттық агенттіктерде кеңінен жариялау үшін рейдтік іс-шараларға бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады.
Тармақ 14
Тармақ 15
15. Табиғатты қорғау полициясы бөліністері қызметінің нәтижелері жарты жылда бір рет ПД, Көліктегі ПД, ҚАПББ басшылығы жанындағы жедел кеңестерде қаралады.