О реорганизации сети учебно-методических объединений вузов Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының оқу-әдiстемелiк бiрлестiктер торабын қайта ұйымдастыру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнің 13.08.2003 N 554 бұйрығымен.
Жоғары оқу орындарының оқу-әдiстемелiк жұмыстарын жетiлдіру мақсатында және Қазақстан Республикасының "Жоғары бiлiм туралы" Заңына сәйкес бұйырамын:
Тармақ 1
1. Жоғары оқу орындарының оқу-әдiстемелiк бiрлестiктерi туралы (ОӘБ) ереже бекiтiлсiн (N 1 қосымша).
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының оқу-әдiстемелiк бiрлестiктерi қайта ұйымдастырылсын және олардың N 2 қосымшаға сәйкес жаңа тiзiмi бекiтiлсiн.
Тармақ 3
3. Экономика және қаржы бас басқармасына (Күзембаева А.), оқу әдiстемелiк бiрлестiктердiң жұмысын мақсатты түрден қаржыландыру үшiн N 2 қосымшада көрсетiлген министрлiк қарамағындағы жоғары оқу орындарына бөлiнетiн қаражат, оның iшiнде ОӘБ Ережесiнде көрсетiлген штаттық кестесiне сәйкес еңбек ақы қоры көбейтiлсiн.
Тармақ 4
4. Қарамағында жоғары оқу орындары бар министрлiктер мен ведомстволардың оқу орындары бас басқармаларына (басқармалары және бөлімдерiне) N 2 қосымшаға сәйкес оқу-әдiстемелiк бiрлестiктер құрылған жоғары оқу орындарына осы бұйрықтың 3 бабына iске асырылуын ұсынады.
Тармақ 5
5. Жоғары бiлiм бас басқармасына (Мұхаметқалиев Т.М.);
Тармақ 5.1
5.1. Оқу-әдiстемелiк бiрлестiктер Кеңестерiнiң төрағаларының ұсыныстары бойынша оқу-әдiстемелiк жұмыс жөнiндегi проекторларды ОӘБ Кеңестерiнiң төрағаларының орынбасарларын қызметке бекiту ұйымдастырылсын.
Тармақ 5.2
5.2. Оқу-әдiстемелiк бiрлестiктердiң жұмыстары жайында мәжiлiстердiң жылма-жыл өткiзу тәртiбi анықталсын.
Тармақ 6
6. Оқу-әдiстемелiк бiрлестiктер Кеңестерiнiң төрағаларына:
Тармақ 6.1
6.1. Екi апта iшiнде, басқарып отырған бiрлестiкке кiретiн жоғары оқу орындарының (факультеттердiң, кафедралардың) тiзiмi келiсiлсiн.
Тармақ 6.2
6.2. Бiлiм министрлiгiне оқу-әдiстемелiк бiрлестiк Кеңесi төрағасының орынбасарының кандидатурасын және ОӘБ Кеңесiнiң құрамын бекiтуге ұсынсын.
Тармақ 7
7. Бiлiм министрлiгiнiң 10.09.92 ж. N 370, 11.06.92 ж. N 247, 16.06.89 ж. N 364, 28.02.90 ж. N 146, 21.05.90 ж. N 279, 10.12.91 ж. N 479, 19.02.91 ж. N 87, 28.01.92 ж. N 41 бұйрықтарының күштерi жойылды деп есептелсiн.
Тармақ 8
8. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау министрдiң орынбасары Е.У.Медеуовке жүктелсiн.
Жобаны ұсынушы: Келiсiлген:
Жоғары бiлiм бас басқармасы Министрдiң орынбасары
Экономика және қаржы бас
басқармасы
Заң бөлiмi
Басқа 13. Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының оқу-әдiстемелiк бiрлестiгi туралы Ереже
Бiлiм министрлiгiнiң
N 505 22.12.93 бұйрығына
N 1 қосымша
Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының оқу-әдiстемелiк бiрлестiгi туралы Ереже
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1.1
1.1. Жоғары оқу орындарының оқу-әдiстемелiк бiрлестiгi (ОӘБ) Бiлiм министрлiгiнiң жанында құрылған, профессор оқытушылар құрамын, ғалымдар мен халық шаруашылығының мамандарын және де басқа жұмысқа ынталы адамдарды кеңiнен тарту жолымен жоғары бiлiмдi профессионал дәрежеде басқаруға көмектесетiн қоғамдық мемлекеттiк ұйым.
Тармақ 1.2
1.2. Оқу-әдiстемелiк бiрлестiктiң құрамына туыс мамандықтар бойынша бiлiмдiк-профессионалдық бағдарламаларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары немесе олардың құрылымдық бөлiмдерi (факультеттер, кафедралар) кiредi.
ОӘБ-тiң құрамына аккредитация жасалған мемлекеттiк емес жоғары оқу орындары, сонымен бiрге, ассоциациялы мүшесi ретiнде басқа мемлекеттердiң жоғары оқу орындары және бөтен ұйымдар кiре алады.
ОӘБ-ке кiретiн жоғары оқу орындары мен олардың бөлiмдерi белгiленген бағынысты қатынастарды сақтайды.
Тармақ 1.3
1.3. Оқу-әдiстемелiк бiрлестiк, әдетте өзiнiң құрамына кiретiн жоғары оқу орындарының бiрiнiң базасында ұйымдастырылады.
ОӘБ-тi құру, өзгерту және тарату, базалық жоғары оқу орнының ведомстволық қарастылығына тәуелсiз басқару органының ұсынысымен Бiлiм министрлiгiнiң бұйрығымен жүргiзiледi.
Тармақ 1.4
1.4. Оқу-әдiстемелiк бiрлестiк өз жұмысына, жоғары оқу орындары жайлы заңды және нормативтi құжаттарды, Ереженiң негiзiнде жасалған, өзiнiң ОӘБ жайындағы ереженi басшылыққа алын жүргізедi.
Тармақ 1.5
1.5. Оқу-әдiстемелiк бiрлестiктiң өз компетенциясында жататын және осы ережемен анықталатын мәселелер жайындағы шешiмдерi ұсыныс сипатына болады және тиiстi жоғары оқу орындарының ректорларының бұйрықтарымен немесе факультет, кафедра шешiмдерiмен iске асырылады.
Тармақ 2
2. Оқу-әдiстемелiк бiрлестiктiң негiзгi мiндеттерi:
Тармақ 2.1
2.1. Жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамының, ғалымдар мен халық шаруашылығы мамандарының маман дайындау сапасын өсiру мақсатында, жоғары оқу орындарының оқу-әдiстемелiк жұмыстарын жетiлдiру бағытындағы iс-әрекетке координация жасау.
Тармақ 2.2
2.2. Еңбек нарығының және ғылыми мен техниканың соңғы уақыттағы даму талаптарына сәйкес тиiстi салының мамандарын дайындау және қайта дайындаудың болашақтағы бағыттарын анықтау.
Тармақ 2.3
2.3. Қазақстан Республикасында үзiлiссiз бiлiмнiң бiртұтас жүйесiн жасау және өндiру.
Тармақ 2.4
2.4. Жоғары бiлiмнiң мемлекеттiк стандартын тиiстi мамандықтар бойынша квалификациялық сипаттамаларды оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын мамандарды дайындаудың көп деңгейлi құрылымының аясында және үзiлiссiз бiлiм жүйесiндегi сабақтылықты сақтау отырып жасау.
Тармақ 2.5
2.5. Оқу-әдiстемелiк саладағы озық тәжiрбиенi зерделеу және тарату.
Тармақ 2.6
2.6. Республика жоғары мектебiн дүние жүзiлiк бiлiм қоғамдастығына қосуға көмектесу.
Тармақ 3
3. Оқу-әдiстемелiк бiрлестiктiң функциялары.
ОӘБ өз мiндеттерiн орындау үшiн:
Тармақ 3.1
3.1. Мамандықтар мен мамандану номенклатурасы жайында ұсыныстар дайындайды.
Тармақ 3.2
3.2. Жоғары бiлiмнiң мемлекеттiк стандарттарын, ОӘБ мамандықтары бойынша типтiк оқу жоспарлары мен бағдарламаларын, квалификациялық сипаттамаларды жасайды.
Тармақ 3.3
3.3. Кадр дайындау құрылымын жетiлдiру, мамандықтар бойынша дайындауды ашу және жабу жайында ұсыныстар жасайды.
Тармақ 3.4
3.4. Оқу және әдiстемелiк әдебиеттердi шығару жоспарларына координация жасайды, авторлық ұжымдарды құру, оқу әдебиетiн жасауға конкурстар ұйымдастыру жұмыстарына қатысады. Баспаға дайындалған оқулықтар мен оқу құралдарының қолжазбаларына пiкiр бередi.
ОӘБ грифiн беруге, жоғары оқу орындарында шыққан оқулық әдебиеттердi басқа оқу орындарында пайдалануға ұсыныс жасайды.
Тармақ 3.5
3.5. Оқу процесiн жетiлдiру, озық тәжiрибиенi тарату жайында ұсыныстар жасайды, жоғары бiлiм проблемалары бойынша конференциялар семинарлар мен кеңестер ұйымдастыруға қатысады.
Тармақ 3.6
3.6. Жоғары оқу орындарының қызметкерлерi мен халық шаруашылығының мамандарының бiлiктiлiгiн арттыру және қайта дайындаудың оқу жоспарлары мен бағдарламаларын жасауға және iске асыруға басшылық жасайды.
Тармақ 3.7
3.7. Жоғары оқу орындарын лицензиялауға, аттестациялуға және аккредитациялауға сол сияқты, жоғары бiлiмдi дамыту мәселелерi бойынша құжаттардың жобаларын дайындауға және сараптауға қатысады.
Тармақ 3.8
3.8. Оқу процесiн ұйымдастыру жайында тәжiрибе алмасу мақсатымен шет елдердiң қоғамдық профессионалды ұйымдарымен байланыс орынатады.
Тармақ 3.9
3.9. Жоғары оқу орындарындағы оқу-тәрбие жұмыстарын мамандармен қамтамасыз ету, әдiстемелiк, ғылыми және материалдық жабдықтау жайында ұсыныстар жасайды.
Тармақ 4
4. Оқу-әдiстемелiк бiрлестiктiң құрылымы.
Тармақ 4.1
4.1. Оқу-әдiстемелiк бiрлестiктiң жұмысын, бiрлестiк құрамына кiретiн жоғары оқу орындарының басшыларынан, жетекшi профессорлары мен доценттерiнен және халық шаруашылығының iрi мамандары мен ғылым академиясының ғалымдарынан тұратын Кеңес басқарады.
ОӘБ Кеңесiнiң және оның президиумының төрағасы, базасында ОӘБ ұйымдастырылған жоғары оқу орынының ректоры болады.
ОӘБ Кеңесiнiң құрамын, Кеңес төрағасының ұсынысы бойынша Бiлiм министрлiгi бекiтедi.
Кеңес пен оның президиумы ОӘБ мәжiлiсiнде бекiтiлген тәртiппен жұмыс iстейдi.
ОӘБ Кеңес өз жұмысында Бiлiм министрлiгiне есеп бередi.
Тармақ 4.2
4.2. ОӘБ Кеңесiнiң жанынан мамандықтар немесе мамандықтар топтамасы бойынша және ОӘБ жұмысының кейбiр жекелеген бағыттары бойынша ғылыми-әдiстемелiк кеңестер, кейбiр жекелеген пәндер бойынша ғылыми-әдiстемелiк комиссиялар құрылуы мүмкiн. Жоғары оқу орындарының жетекшi оқытушыларынан тұратын ғылыми-әдiстемелiк кеңестер мен комиссиялардың құрамын және басшыларын ОӘБ Кеңесiнiң төрағасы бекiтедi.
Тармақ 4.3
4.3. ОӘБ Кеңесiнiң төрағасы Кеңес пен оның президиумның жұмысын ұйымдастырады және бағыттайды, Бiлiм министрлiгiнiң құрылымдарында, мемлекеттiк мекемелер мен қоғамдық ұйымдарда ОӘБ-тiң өкiлi болады, салалық министрлiктемен, кәсiпорындармен және ұйымдарымен байланыс құрады, ОӘБ-ке кiретiн жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамын оқу-әдiстемелiк бiрлестiкте, оның кеңестерi мен комиссияларында жұмыс iстеу үшiн тартады.
Тармақ 4.4
4.4. Базасында оқу-әдiстемелiк бiрлестiк құрылған жоғары оқу орындарында ОӘБ жөнiндегi проректор - ОӘБ Кеңесiнiң төрағасының орынбасары қызметi ендiрiледi. Оның кандидатурасын жетекшi ғылыми-педагогикалық қызметкерлерден базалық жоғары оқу орнының ректорының ОӘБ Кеңесi төрағасының ұсынысы бойынша, жоғары оқу орнының ведомстволық бағыныштылығына тәуелсiз Бiлiм министрлiгi бекiтедi.
ОӘБ Кеңесi төрағасың орынбасары Кеңес шешiмдерiн орындау жұмыстарын ұйымдастырды, ОӘБ-тiң жұмысын тiкелей басқарады.
Тармақ 4.5
4.5. Әрбiр оқу-әдiстемелiк бiрлестiктiң жұмысының iстеуiн қамтамасыз етедi, ол үшiн тиiстi базалық жоғары оқу орнында әрбiр ОӘБ-ға бiр-бiрден методист (әдiстемешi), машинист қызметтерi ендiрiледi, ал бiр базалық жоғары оқу орнында екi және одан көп ОӘБ құрылатын жағдайда ғылыми-хатшы қызметi де енгiзiлуi мүмкiн.
Тармақ 4.6
4.6. Оқу-әдiстемелiк бiрлестiкке жүктелген функцияларды орындау үшiн, оның Кеңесi ОӘБ құрамына кiретiн оқу орындарының оқытушылар құрамынан уақытша шығармашылық ұжымдарын, жұмыс топтарын, оқу-әдiстемелiк орталықтар және де басқа да құрылымдарды құруға құқылы.
Тармақ 4.7
4.7. ОӘБ құрамына кiретiн жоғары оқу орындарының ректорлары қосымша жұмысқа ақы төлеу, материалдық және моральдық тұрғыдан атап өту, бiрлестiк тапсырмаларын тыңғылықты iстеп жүрген оқытушылардың жүктемесiн 30-100 сағатқа кемiту шараларын жасайды. Оқытушылардың ОӘБ-тегi жұмысы оларды аттестациялау кезiнде ескерiледi.
Тармақ 5
5. Оқу-әдiстемелiк бiрлестiктiң жұмысын қаржыландыру.
Тармақ 5.1
5.1. ОӘБ жұмысын, жоғары оқу орнының бағыныстылығына қарай, жоғары бiлiмдi басқару органдары арқылы, соның iшiнде базалық оқу орнының еңбекақы фондына мақсатты түрде бөлiнген, осы Ережеде белгiленген штат кестесiне сай базалық фондына мақсатты түрде бөлiнген, осы Ережеде белгiленген штат кестесiне сай базалық жоғары оқу орнын ұстауға арналған ассигнованияның 0,5 % есебiнен қаржыланады.
Тармақ 5.2
5.2. Кеңес және Кеңес президиумының мәжiлiстерiн ұйымдастыруға конференциялар, семиналар өткiзуге, оқулықтар мен оқу құралдарын, бағдарламалық-әдiстемелiк құжаттарды дайындау және сараптау, оларды басып шығару үшiн, ОӘБ өз құрамына кiретiн жоғары оқу орындарының басқа да ұйымдардың және жеке адамдардың жылма-жылдық төлемдерiнен тұратын фонд құруына болады. Төлемнiң мөлшерiн ОӘБ Кеңесi анықтайды.
Тармақ 5.3
5.3. Фонд қаражаты, ОӘБ Кеңесiнiң мәжiлiсiнде бекiтiлген смета бойынша пайдаланылады. Қаражатты жаратуға ОӘБ Кеңесiнiң президиумы бақылау жасайды.
Фондтың жылма-жыл жиналуын және қаражаттың жаратылуын ОӘБ Кеңесiнiң мәжiлiсiнде қарап оның төрағасы бекiтедi.
Тармақ 5.4
5.4. Шақырылған, жұмысқа тартылған бiлiктi ғылыми-педагогикалық қызметкерлердiң еңбегiне ақы төлеу үшiн Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгiнiң 2.02.93 жылғы N 60 бұйрығының (кейiнгi толықтырулар және өзгертулерiмен) 22 қосымшасының үшiншi қатарында көрсетiлген, қызметкерлерге сағаттық ақы төлеу мөлшерi (ставкалары) пайдаланылады.
Жоғары бiлiм бас басқармасы
Басқа 49. Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының оқу-әдiстемелiк бiрлестiктерiнiң Тiзiмi
Бiлiм министрлiгiнiң
22.12.93 ж. N 505 бұйрығына
N 2 қосымша
Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының оқу-әдiстемелiк бiрлестiктерiнiң Тiзiмi
_________________________________________________________________
NN ! Оқу-әдiстемелiк бiрлестiктер мен олардың ! Базалық жоғары
! мамандықтары ! оқу орны
_________________________________________________________________
1. Университеттердiң жаратылыстану-ғылыми
мамандықтары (0101-0124) ҚазМУ
2. Университеттердiң гуманитарлық мамандықтары
(0201-0224) ҚазМУ
3. Шетел тiлдерi (0220) ҚазМӘТУ
4. Педагогикалық (жаратылыстану-ғылыми және
гуманитарлық) мамандықтар (0101, 0104, 0108,
0118, 0109, 0123, 0124, 0207, 0208, 0308, 0309,
0310, 0313) АлматыМУ
5. Қазақ тiлi және әдебиетi, Қазақстан Республикасы
халықтарының тiлдерi мен әдiбиеттерi (0217, 0218,
0219, 0223) АлматыМУ
6. Музыка педагогика және психология (мектепке
дейiнгi) (0305, 0307) ҚазқызПИ
7. Көркем сурет және сызу (0306) СемПИ
8. Аз комплектi мектептер үшiн мұғалiмдер
дайындау КостМУ
9. Еңбек. Кәсiби оқыту, арнайы және техникалық
пәндер (0302, 0301) ШымкПИ
10. Дене тәрбиесi (0303) ҚазДТИ
11. Медициналық мамандықтар (0401, 0407) АлматыМИ
12. Жалпыэкономикалық мамандықтар (0601, 0612) ҚазМБА
13. Инженерлiк-экономикалық мамандық және
экологиялық бiлiм (0701, 0716) ӨскЖҚИ
14. Тау-кен мамандықтары (0901-0905, 1701) ҚарПТИ
15. Геологиялық, мұнай және газ мамандықтары
(0801-0806, 0907-0910, 1702) ҚазПТИ
16. Энергетика және радиоэлектроника және
байланыс мамандықтары (1001-1010, 2301-2307,
1801-1806) АЭИ
17. Металлургия мамандықтары (1101-1110, 1703) ҚазПТИ
18. Машина жасау мамандықтары (1201-1206,
1704-1708) ҚарПТИ
19. Автоматика және есептеу техникасы мамандықтары
(2001-2006, 2101-2106, 2201-2206, 1901, 1907) ҚазПТИ
20. Автотрактор және жол машиналар жасау
мамандықтары (1501-1504, 2405) ААЖИ
21. Жол және көлiкмамандықтары (1505, 1709, 1710
2401, 2404, 2910) ААЖИ
22. Сәулет мамандықтары (2901, 2902) ҚазмемСКА
23. Инженерлiк-құрылыс мамандықтары (2903-2908,
2911-2913) ҚазмемСКА
24. Химия-технологиялық мамандықтары (1705,
2501-2513) ҚазХТИ
25. Азық-түлiк тауарларының технологиясы
мамандықтары (2701-2712, 1603-1706) СемЕСӨТИ
26. Көпшiлiк қолданатын тауарлар технологиясы
мамандықтары (1707, 2801-2811) ЖамбАТЖӨИ
27. Агрономиялық және агроэкологиялық мамандықтар
(3101-3106) ҚазАШИ
28. Ауылшаруашылық-инженерлiк мамандықтар
(3109-3114) ҚазАШИ
29. Зооветеринарлық мамандықтар (3107, 3108, 3116) АЗМИ
30. Көлiк торабы мамандықтары (1709, 1710, 2401,
2909, 2911) АлКИИ
Жоғары бiлiм Бас басқармасы