Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и предоставления кандидатам помещений для встреч с избирателями в городе Капшагай Күшін жойған
Басқа 0
Қапшағай қаласында үгіттік
баспа материалдарын орналастыру
үшін орындарды белгілеу және
кандидаттарға сайлаушылармен
кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 28-бабының 4 және 6-тармақтарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Қапшағай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қапшағай қалалық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес берілсін.
Тармақ 3
3. «Қапшағай қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Аққойшы Нұрлан Ерғазыұлына осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қала әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысы Ғ. Әбдішүкірұлына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 6
Қапшағай қаласы әкімдігінің
2016 жылғы «02» ақпандағы «Қапшағай
қаласында үгіттік баспа материалдарын
орналастыру үшін орындарды белгілеу
және кандидаттарға сайлаушылармен
кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы»
№ 53 қаулысына 1-қосымша
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
1. Қапшағай қаласы бойынша:
1) Абай және Қойшыманов көшелерінің қиылысындағы тұғыр;
2) Жамбыл көшесіндегі қалалық мешіттің аялдамасы жанындағы тұғыр;
3) Абай көшесіндегі № 1 үй жанындағы тұғыр.
2. Заречный ауылдық округі бойынша:
1) Заречный ауылы, Дзержинский көшесі, ауылдық клуб алдындағы тақта;
2) Заречный ауылы, Мира көшесіндегі № 16 үй жанындағы тақта;
3) Заречный ауылы, Дзержинский көшесіндегі № 5 үй жанындағы тақта;
4) Арна ауылы, Центральная және Первомай көшелерінің қиылысындағы тақта;
5) Арна ауылы, Центральная және Школьная көшелерінің қиылысындағы тақта.
3. Шеңгелді ауылдық округі бойынша:
1) Шеңгелді ауылы, Бражников көшесі, пошта ғимараты алдындағы тақта;
2) Қосқұдық бекеті, темір жол диспетчерлік қызметінің оңтүстік бөлігіндегі тақта;
3) Ақөзек ауылы, ауылдық мектеп ғимаратының алдындағы тақта;
4) Кербұлақ ауылы, Молодежная көшесі, ауылдық дәрігерлік амбулаториясының алдындағы тақта;
5) Сарыбұлақ ауылы, Ленин көшесі № 1, фельдшерлік пункттің алдындағы тақта.
Басқа 7
Қапшағай қаласы әкімдігінің
2016 жылғы «02» ақпандағы «Қапшағай
қаласында үгіттік баспа материалдарын
орналастыру үшін орындарды белгілеу
және кандидаттарға сайлаушылармен
кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы»
№ 53 қаулысына 2-қосымша
Сайлаушылармен кездесуі үшін шарт негізінде кандидаттарға
берілетін үй-жайлар
Тармақ 1
1. Қапшағай қаласы бойынша:
Тармақша 1
1) Қапшағай қаласы, Жамбыл көшесі № 13, мәдениет үйінің акті залы.
Тармақ 2
2. Заречный ауылдық округі бойынша:
Тармақша 1
1) Заречный ауылы, Дзержинский көшесі № 3 а, № 12 орта мектебінің акті залы;
Тармақша 2
2) Арна ауылы, Школьная көшесі, № 11 орта мектебінің акті залы.
Тармақ 3
3. Шеңгелді ауылдық округі бойынша:
Тармақша 1
1) Шеңгелді ауылы, Бақтыбай ақын көшесі № 7, мәдениет үйінің акті залы;
Тармақша 2
2) Қосқұдық бекеті, Алтынсарин көшесі № 17, № 9 орта мектебінің акті залы;
Тармақша 3
3) Ақөзек ауылы, ауылдық клубтың залы;
Тармақша 4
4) Кербұлақ ауылы, Бақтияр көшесі, № 7 орта мектебінің акті залы;
Тармақша 5
5) Сарыбұлақ ауылы, Талғар көшесі № 1, № 8 орта мектебінің акті залы.