Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и предоставления кандидатам помещений для встреч с избирателями в Каратальском районе Қолданыста
Басқа 0
Қаратал ауданында үгіттік
баспа материалдарын орналастыру
үшін орындарды белгілеу және
кандидаттарға сайлаушылармен
кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 28-бабының 4 және 6-тармақтарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қаратал аудандық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес берілсін.
Тармақ 3
3. «Қаратал ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы М. Сырлыбаевқа осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К. Байтаеваға жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 6
Қаратал ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 02 ақпандағы «Қаратал ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы» № 17 қаулысына 1-қосымша
Қаратал ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
1. Үштөбе қаласы бойынша:
1) Үштөбе қаласы, Жолбарыс батыр және Кузнецов көшелерінің қиылысындағы стенд;
2) Үштөбе қаласы, Б. Момышұлы көшесі, № 229, Қаратал аудандық ауруханасы ғимаратының жанындағы стенд;
3) Үштөбе қаласы, Төле би және Абдрахман ақын көшелерінің қиылысындағы стенд;
4) Үштөбе қаласы, Түркісіб және Б. Момышұлы көшелерінің қиылысындағы стенд;
5) Үштөбе қаласы, Мартынов және Нұрмұхамбетов көшелерінің қиылысындағы стенд;
6) Үштөбе қаласы, Қабанбай батыр көшесіндегі № 51 мекенжайындағы стенд.
2. Айту би ауылдық округі бойынша:
1) Көкпекті ауылы, Ыбырайымұлы көшесі № 4, фельдшерлік-акушерлік пункт ғимаратының жанындағы стенд;
2) Жасталап ауылы, Сейфуллин көшесі, № 1, Құлжабай батыр атындағы орта мектеп ғимаратының жанындағы стенд;
3) Айту би ауылы, Достық көшесі, № 1 үй жанындағы стенд;
4) Қожбан ауылы, Мұнайтпасов және К. Әзірбаев көшелерінің қиылысындағы стенд.
3. Балпық ауылдық округі бойынша:
1) Жанаталап ауылы, Жамбыл көшесі, № 34, ауылдық дәрігерлік амбулатория ғимаратының жанындағы стенд;
2) Оян ауылы, Асықбаев көшесі, № 11/2, фельдшерлік пункт ғимаратының жанындағы стенд;
3) Ұмтыл ауылы, Бейсенбіұлы Ахметше көшесі, № 5, фельдшерлік пункт ғимаратының жанындағы стенд.
4. Бастөбе ауылдық округі бойынша:
1) Бастөбе ауылы, Комаров көшесі, № 3, Мәдениет үйі ғимаратының жанындағы стенд;
2) Ортатөбе ауылы, Серегин көшесі, № 3, фельдшерлік акушерлік пункт ғимаратының жанындағы стенд;
3) Кішітөбе ауылы, Комсомолская көшесі, № 35, фельдшерлік пункт ғимаратының жанындағы стенд;
4) Жылыбұлақ ауылы, Мира және Әуезов көшелерінің қиылысындағы стенд.
5. Елтай ауылдық округі бойынша:
1) Қаражиде ауылы, Қонаев көшесі, № 10, фельдшерлік-акушерлік пункт ғимаратының жанындағы стенд
2) Сарыбұлақ ауылы, Өтеген батыр көшесі, № 15, Сарыбұлақ бастауыш мектебі ғимаратының жанындағы стенд.
6. Ескелді ауылдық округі бойынша:
1) Ескелді ауылы, Жансүгіров көшесіндегі 13/2 дәріхана жанындағы стенд;
2) Көкдала ауылы, Жамбыл көшесі, № 14/1, фельдшерлік акушерлік пункт ғимаратының жанындағы стенд;
3) Қызылжар ауылы, Байтұрсынов және Д. Дүйсенбаев көшелерінің қиылысындағы стенд;
4) Қайнар ауылы, Қайнар көшесі, № 3 үйдің жанындағы стенд.
7. Жолбарыс батыр ауылдық округі бойынша:
1) Қалпе ауылы, Р.Бекенов көшесі, № 19, пошта ғимараттарының жанындағы стенд;
2) Қанабек ауылы, Саринов көшесі, № 20, Мәдениет үйі ғимаратының жанындағы стенд;
3) Қарашеңгел ауылы, Жамбыл көшесі, № 8, Қарашеңгел мектебінің жанындағы стенд.
8. Бәйшегір ауылдық округі бойынша:
1) Алмалы ауылы, Жайлығұлов көшесі, № 1, ауылдық аурухана ғимаратының жанындағы стенд;
2) Ақжар ауылы, Тілеуғұл батыр көшесі, № 5, фельдшерлік пункт ғимаратының жанындағы стенд.
9. Қызылбалық ауылдық округі бойынша:
1) Көпбірлік ауылы, Жетінші көшесі, № 4, ауылдық аурухана ғимаратының жанындағы стенд;
2) Қарақұм ауылы, Ш. Уәлиханов және С. Сейфуллин көшелерінің қиылысындағы стенд.
10. Тастөбе ауылдық округі бойынша:
1) Тастөбе ауылы, Халықов көшесі, № 1, фельдшерлік пункт ғимаратының жанындағы стенд.
Басқа 7
Қаратал ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 02 ақпандағы
«Қаратал ауданында үгіттік баспа
материалдарын орналастыру үшін
орындарды белгілеу және
кандидаттарға сайлаушылармен
кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы»
№ 17 қаулысына 2-қосымша
Қаратал ауданында сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде кандидаттарға берілетін үй-жайлар
1. Бастөбе ауылдық округі бойынша:
1) Бастөбе ауылы, Комаров көшесі, № 3, Қаратал ауданы Қабылиса жырау атындағы аудандық мәдениет үйінің мәжіліс залы.
2. Жолбарыс батыр ауылдық округі бойынша:
1) Қанабек ауылы, Саринов көшесі, № 20, Мәдениет үйінің акті залы;
2) Кәлпе ауылы, Бектенов көшесі, № 25, Мәдениет үйінің мәжіліс залы.
3. Ескелді ауылдық округі бойынша:
1) Ескелді ауылы, Жансүгіров көшесі,
№ 5А, Мәдениет үйінің мәжіліс залы.
4. Балпық ауылдық округі бойынша:
1) Жаңаталап ауылы, Жамбыл көшесі, № 42А, Мәдениет үйінің акті залы.
5. Айту би ауылдық округі бойынша:
1) Көкпекті ауылы, Ыбырайымұлы көшесі, № 1, Мәдениет үйінің акті залы.
6. Бәйшегір ауылдық округі бойынша:
1) Алмалы ауылы, Абай көшесі, № 6А, Мәдениет үйінің акті залы.
7. Қызылбалық ауылдық округі бойынша:
1) Көпбірлік ауылы, Жетінші көшесі, № 6А, Мәдениет үйінің мәжіліс залы.
8. Елтай ауылдық округі бойынша:
1) Қаражиде ауылы, Елубай көшесі, № 4А, Мәдениет үйінің мәжіліс залы.
9. Тастөбе ауылдық округі бойынша:
1) Тастөбе ауылы, Абай көшесі, № 13, Мәдениет үйінің мәжіліс залы.
10. Үштөбе қаласы бойынша:
1) Үштөбе қаласы, Қонаев даңғылы, № 7А, тарихи-өлкетану мұражайының мәжіліс залы;
2) Үштөбе қаласы, Водопроводная көшесі, № 12 Үштөбе қаласының Гуманитарлық колледжінің мәжіліс залы.