Об утверждении Положения о государственном учреждении "Управление пассажирского транспорта и автомобильных дорог Алматинской области" Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.09.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Алматы облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1 бабының 4-1 тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Алматы облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Алматы облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және облыс әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облысы әкімінің орынбасары Ғ. Әбдірайымовқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы «30»желтоқсан № 584 қаулысымен бекітілген «Алматы облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Алматы облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Алматы облысы аумағындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы басқаруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Басқарманың ведомстволары жоқ.
Тармақ 3
3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 5
5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 6
6. Басқарма егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 7
7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Басқарманың орналасқан жері: индекс: 040000, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыркөшесі, № 26.
Тармақ 10
10. Мемлекеттік органның толық атауы - «Алматы облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 11
11. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 12
12. Басқарманың қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттіңкірісіне жіберіледі.
Тарау 2. 2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
Тармақ 14
14. Басқарманың миссиясы: Алматы облысы аумағында жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттiк басқару функциясын іске асыру.
Тармақ 15
15. Міндеттері:
Тармақша 1
1) экономиканың және халықтың автомобильмен тасымалдауға және өзге де жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтерге деген мұқтажын қамтамасыз ету үшiн жағдайлар жасау;
Тармақша 2
2) жеке және заңды тұлғалардың заңды құқықтары мен мүдделерiн, сондай-ақ мемлекеттiң ұлттық мүдделерiн қорғау;
Тармақша 3
3) халықаралық автомобильмен тасымалдау рыногында отандық тасымалдаушылардың бәсекеге қабiлеттiлiгi үшiн жағдайлар жасау;
Тармақша 4
4) автомобильмен тасымалдаудың iшкi рыногын қорғау;
Тармақша 5
5) автомобиль көлiгiнiң инфрақұрылымын одан әрi дамыту;
Тармақша 6
6) автомобиль жолдарын мемлекеттік басқарудың, оларды мемлекеттің және автомобиль жолдарын пайдаланушылардың мүдделерінде салудың, пайдаланудың және дамытудың құқықтық, ұйымдық және экономикалық негіздерін реттейді.
Тармақ 16
16. Функциялары:
Тармақша 1
1) облыстық маңызы бар, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
Тармақша 2
2) облыстық маңызы бар, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының желісін, елді мекендер көшелерін басқару;
Тармақша 3
3) облыстың коммуналдық меншігіндегі жолдарды және жол кәсіпорындарын басқару;
Тармақша 4
4) облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 5
5) жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз уақытша пайдалануға беру туралы шешім қабылдау;
Тармақша 6
6) облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жолға бөлiнген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру тәртібін бекіту;
Тармақша 7
7) бөлінген белдеудегі сауда, қоғамдық тамақтану және басқа да сервис объектілерінің, сондай-ақ олардың сыртқы жарнамаларының орналастырылуларына келісу;
Тармақша 8
8) облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау тәртібі мен шарттарын бекіту;
Тармақша 9
9) елді мекендердің көшелерін күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар түрлерінің сыныптамасын бекіту;
Тармақша 10
10) кiрме жолдарды және жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық және аудандық маңызы бар жолдарға жалғасатын жолдарды салуды келісу;
Тармақша 11
11)  облыстық маңызы бар жолдарды салуды, ұтымды пайдалануды және күтiп ұстауды қамтамасыз ету;
Тармақша 12
12) жергілікті мәні бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын және ондағы қондырғыларды күтіп ұстау, жөндеу және салу жұмыстарын жүргізуге (соның ішінде, мемлекеттік қажеттілік үшін жер учаскелерін алып қою және сатып алу) бөлінген қаржының тиімді және мақсатқа сай пайдалануын қамтамасыз ету;
Тармақша 13
13) жергілікті мәні бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын және ондағы қондырғыларды салу жұмыстарын (соның ішінде, мемлекеттік қажеттілік үшін жер учаскелерін алып қою және сатып алу) жүргізу үшін дамытуға арналған нысаналы трансферттер бойынша республикалық бюджеттен бөлінген қаржының тиімді және мақсатқа сай пайдалануын қамтамасыз ету;
Тармақша 14
14) автомобиль жолдарының көлік-пайдалану сапасының төмендеуіне жол бермеу, көлік құралдарының жүріс қауіпсіздігін талаптарын сақтау және қоршаған ортаны сақтау мақсатында жол бойындағы қызмет көрсету объектілері мен жол бойы телімдеріне жоспарлас аумақтардың техникалық жай-күйіне бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 15
15) жол қозғалысына қатысушылармен облыстың жергілікті мәні бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын пайдалану ережелерінің сақталуын бақылау;
Тармақша 16
16) жолаушылар мен багажды тұрақты облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық) тасымалдауды ұйымдастырады, оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар өткiзедi;
Тармақша 17
17) жолаушылар мен багажды тұрақты ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық) тасымалдаулар маршруттарын және қозғалыс кестелерiн бекiтедi;
Тармақша 18
18) жолаушылар мен багажды тұрақты облысаралық қалааралық автомобильмен тасымалдаулар маршруттарын және жүру кестелерiн келіседi;
Тармақша 19
19) автовокзалдардың, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің тiзiлiмiн жүргiзедi;
Тармақша 20
20) жолаушылар мен багажды тұрақты ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық) автомобильмен тасымалдау маршруттарының тiзiлiмiн жүргiзедi;
Тармақша 21
21) жолаушылар көлiгiн дамытудың кешендi схемасын және жол қозғалысын ұйымдастыру жобаларын әзiрлейдi;
Тармақша 22
22) жолаушыларды ауданаралық (облысішілік қаларалық) қатынастарда әлеуметтiк мәні бар тасымалдауларды жүзеге асыру кезіндегі тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялауды жүзеге асырады;
Тармақша 23
23) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялауды жүзеге асырады;
Тармақша 24
24) әлеуметтік мәні бар ауданаралық (облысішілік қалааралық) және қала маңындағы жолаушылар қатынастары (маршруттар) бойынша теміржол көлігімен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының залалдарын субсидиялау;
Тармақша 25
25) азаматтардың және заңды тұлғалардың өтініштерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыреті шегінде қарау;
Тармақша 26
26) автомобиль жолдарын және жолаушылар көлiгiн кешенді дамыту бойынша облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді бағдарламасын, мақсатты бағдарламасын әзірлеуге қатысу;
Тармақша 27
27) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шығындарын кейіннен өтей отырып, тасымалдаушыларды төтенше жағдайларды жоюға байланысты жұмыстарды орындауға тартуға;
Тармақша 28
28) тиiстi аумақта жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етеді;
Тармақша 29
29) жолдарда жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және іске асырады;
Тармақша 30
30) жол-көлік оқиғаларынан болған ысыраптың және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған бюджет шығындарының, сондай-ақ жолдардағы авариялылық деңгейін азайту үшін қолданылатын шаралар тиімділігінің мониторингін жүзеге асырады;
Тармақша 31
31) шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды есепке алу;
Тармақша 32
32) шағын көлемдi өздігінен жүзетін кемелердi басқару құқығына куәлiктер беру жатады;
Тармақша 33
33) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Тармақ 17
17. Құқықтары мен міндеттері:
Тармақша 1
1) өз құзыры шегінде құрылтайшының коммуналдық меншігіндегі және өткізіп берген мүлікті иелену, пайдаланумен билік жүргізу;
Тармақша 2
2) жол полициясы органдарымен және төтенше жағдайлар жөнiндегi уәкiлеттi органмен бiрлесiп: қысылтаяң жағдайларда (қолайсыз ауа райы-климат жағдайлары, дүлей апаттары, өрт, автомобиль жолдарының көтеру қабiлетiнiң жойылуы), көлiк құралдарының жүрiсiн шектеуге немесе тоқтатуға, автомобиль жолдарын пайдалану ережелерiнiң сақталуын бақылауға құқылы;
Тармақша 3
3) өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түсу, мәміле жасау, Қазақстан Республикасының барлық соттарына басқарма атынан қатысуға;
Тармақша 4
4) облыс шегінде автожол және көлік кешендерінде бақылау, үйлестіру және басқа да Заңмен ескерілген арнайы сондай-ақ рұқсат ету функцияларын жүзеге асыруға;
Тармақша 5
5) автожол және көлік кешендеріне қатысты облыс әкімдігінің актілерінің орындалуына бақылау жасау;
Тармақша 6
6) автожол және көлік кешендерін дамытудың жақсарту мәселелері бойынша ұсыныстармен шешімдерді әзірлеуге қатысу;
Тармақша 7
7) әлеуметтік даму бағдарламаларының жүзеге асырылуына кедергі жасайтын, бұрын қабылданған актілерді өзгерту және күшін жою жөнінде ұсыныстар енгізу;
Тармақша 8
8) өз құзыры шегінде кеңестер шақыру, орындалуы міндетті актілер шығару, автомобиль жолдары және көлік кешендерінде Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің заң актілерінің, нормативтік-құқықтық актілерінің, облыс әкімдігінің актілерінің орындалуын тексеру;
Тармақша 9
9) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде, сондай-ақ төтенше жағдай енгiзiлген кезде  белгiленген тәртiппен материалдық шығындар мен залалды кейiннен өтей отырып, тасымалдаушыларды төтенше жағдайларды жоюға байланысты жұмыстарды орындауға тартуға;
Тармақша 10
10) мемлекеттік органдардан, мекемелерден, және солардың лауазымды тұлғаларынан заңдарда көрсетілген тәртіпте қажетті мәліметтер мен материалдарды сұрауға және алуға;
Тармақша 11
11) облыс шегіндегі автомобиль жолдары және көлік кешендері объектілеріне кіруге;
Тармақша 12
12) облыстың және оның әрбір өңіріндегі басқа атқарушы өкімет органдарының мамандарын жұмысқа тартуға;
Тармақша 13
13) Қазақстан Республикасының қаулыларда және нормативтік актілерде жарлықтарда, заңнамаларда көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруға.
Тарау 3. 3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
Тармақ 18
18. Басқарма басшылығын Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
Тармақ 19
19. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Басқарманың бірінші басшысын Алматы облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Тармақ 20
20. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттігі:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарма қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;
Тармақша 2
2) Басқарма қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады және ынталандырады;
Тармақша 3
3) өз құзыреті шегінде Басқарма қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар, нұсқаулықтар шығарады;
Тармақша 4
4) Басқармадағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бойынша жеке жауапкершілік алады;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Басқарма мүддесін білдіреді;
Тармақша 6
6) өз құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды. Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
Тарау 4. 4. Мемлекеттік органның мүлкі
4. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 21
21. Басқарма заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін. Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24
24. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. «Алматы облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі: «Жетісу» Авиакомпаниясы» акционерлік қоғамы.