Об утверждении Правил проведения операций с переводными и простыми векселями банками второго уровня, филиалами банков-нерезидентов Республики Казахстан и организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций Қолданыста
Басқа 0
Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың аударым және жай вексельдермен операциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағының екінші бөлігі екінші абзацының 22) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың аударым және жай вексельдермен операциялар жүргізу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Мына:
Тармақша 1
1) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1016 тіркелген «Екiншi деңгейдегi банктердiң аударым және жай вексельдермен операциялар жүргiзу ережесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 15 қарашадағы № 397 қаулысының;
Тармақша 2
2) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3684 тіркелген «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің аударым және жай коммерциялық вексельдермен операцияларын жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 13 мамырдағы № 61 қаулысының 2-тармағының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Төлем жүйелерiн дамыту және басқару департаменті (Мұсаев Р.Н.) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 3
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ғ.О. Пірматовқа жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың аударым және жай вексельдермен операциялар жүргізу қағидалары
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi Басқармасының
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 261 қаулысымен
бекiтiлген
Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың аударым және жай вексельдермен операциялар жүргізу қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың аударым және жай вексельдермен операциялар жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағының екінші бөлігі екінші абзацының 22) тармақшасына сәйкес әзірленді және онда екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі – банктер) аударым және жай коммерциялық вексельдермен (бұдан әрі – вексель/вексельдер) операциялар жүргізу тәртібі айқындалады.
Тармақ 1
1. Қағидаларда Вексель айналысы туралы заңда көзделген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) вексель инкассосы (инкассолау) – вексельді төлем үшін ұсыну және клиенттің тапсырмасы бойынша банктің ол бойынша төлем алуы бойынша операция;
Тармақша 2
2) домицилиант – аударым векселi бойынша төлем жасаушы және жай вексель бойынша вексель беруші;
Тармақша 3
3) домицилиат – вексель бойынша төлем жасауды жүзеге асырушы делдал ретiнде вексельде көрсетiлген банк. Домицилиат вексель бойынша мiндеттi адам болып табылмайды;
Тармақша 4
4) домицилиация – аударым векселi бойынша төлем жасаушының немесе жай вексель бойынша вексель берушiнiң тапсырмасы бойынша үшiншi тұлғаның (домицилиаттың) вексель бойынша төлем жасауы;
Тармақша 5
5) домициль – вексельде көрсетiлген төлем жасау орны;
Тармақша 6
6) инкассат – ремитент банк немесе инкассациялаушы банк болатын, вексель инкассосы (инкассолау) үшiн қайта тапсыратын индоссамент бойынша вексель алған банк;
Тармақша 7
7) инкассациялаушы банк – вексель инкассосына (инкассолауға) қатысушы ремитент-банк болып табылмайтын банк;
Тармақша 8
8) инкассоға тапсырма – клиенттiң ремитент-банкке вексель бойынша төлемдi вексельде көрсетiлген мерзiмде алу және/немесе вексель бойынша төлем жасамауға уақтылы наразылық бiлдiру туралы нұсқаулығы;
Тармақша 9
9) ремитент банк – инкассоға тапсырма қабылдайтын банк;
Тармақша 10
10) сенім білдіруші – банктің банкке вексель инкассосын (инкассолауды) жүзеге асыруды тапсыратын клиенті.
Тармақ 2
2. Банк мына жағдайларда:
Тармақша 1
1) ол Вексель айналысы туралы заңның 1 және 2 немесе 74 және 75-баптарына сәйкес келмеген жағдайда;
Тармақша 2
2) индоссаменттер жүйелілігі үзілген жағдайда.
Банктің индоссанттар қолдарының түпнұсқалығын, сондай-ақ вексель берушінің және вексель бойынша міндетті басқа тұлғалардың бар болуын тексеруді жүзеге асыруына рұқсат етіледі;
Тармақша 3
3) вексель бойынша төлем мерзімі аяқталған кезде;
Тармақша 4
4) вексельдің өзінде оны төлемге ұсыну үшін неғұрлым ұзақ мерзім көрсетілген жағдайды қоспағанда, егер ұсынғаннан кейін белгілі бір уақытта ақы төленетін вексельді берген сәттен бастап бір жыл өтсе, вексельдермен операцияларды жүзеге асырудан бас тартады.
Тарау 2. 2. Вексельдердi инкассоға қабылдау
2. Вексельдердi инкассоға қабылдау
Тармақ 3
3. Вексель инкассосын (инкассолауды) инкассат және сенім білдіруші немесе инкассоға тапсырмаларға сәйкес ремитент банк арасындағы тиісті шарт негізінде жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша инкассоға тапсырмада мынадай мәліметтер болады:
Тармақша 1
1) жасау күні;
Тармақша 2
2) сенім білдірушінің не ремитент банктің және инкассациялаушы банктің (ол бар болса) атауы;
Тармақша 3
3) вексель бойынша төлем жасаушының не төлем жасау немесе акцепт үшін вексель ұсынылатын өзге тұлғаның атауы;
Тармақша 4
4) вексель бойынша төлем жасаушы банктің (ол бар болса) атауы;
Тармақша 5
5) вексель бойынша төлем жасаушының орналасқан жері немесе тұрғылықты жері;
Тармақша 6
6) вексель бойынша төлем мерзімі;
Тармақша 7
7) вексель бойынша төлем орны;
Тармақша 8
8) акцепттің болуы немесе акцепті алу қажеттілігі;
Тармақша 9
9) вексель бойынша міндетті басқа тұлғалардың атауы немесе тегі, әкесінің аты (ол бар болса) және орналасқан орны немесе тұрғылықты жері;
Тармақша 10
10) сенім білдірушінің төлемді немесе акцепті алу тәртібі немесе тәсілі туралы нұсқауы;
Тармақша 11
11) вексель бойынша акцептемеу немесе төлем жасалмаған жағдайда наразылық немесе өзге іс-қимылдарға қатысты нұсқаулар.
Инкассоға тапсырмалар санын ремитент банк айқындайды.
Тармақ 5
5. Инкассат инкассоға тапсырмада көрсетілген нұсқаулықтарға сәйкес іс-қимылдар жасайды.
Тармақ 6
6. Инкассат инкассоға векcель қабылданған кейiн вексельде немесе инкассоға тапсырмада көрсетілген мерзімнен кешiктiрмей инкассат пен төлеуші арасындағы шартқа сәйкес инкассоға құжаттардың түскенi туралы төлем жасаушыға хабарлайды. Егер вексель инкассоға ұсыну мерзiмi бойынша немесе ұсыну бойынша белгiлі уақытқа берiлсе және инкассоға тапсырмада ұсыным мерзiмi көрсетiлмесе инкассат инкассоға вексельдiң түскенi туралы инкассоға вексельдi қабылданған күннен кейiнгi келесi операциялық күннен кешiктiрмей төлем жасаушыға немесе вексель ұстаушыға жай вексель бойынша хабар жiбереді.
Тармақ 7
7. Вексель бойынша толық төлем алынған жағдайда инкассат вексель бойынша iшiнара төлем алу жағдайларын қоспағанда, вексельдi төлем жасаушыға өткiзеді. Егер төлем жасау кезiнде төлем жасаушы төлем немесе оның бөлiгi алынғаны туралы вексельде белгi қоюды талап етсе‚ инкассат вексельдiң өзiне осындай белгi қояды.
Тармақ 8
8. Шетел валютасындағы вексель инкассосы (инкассолау) «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Валюталық реттеу туралы заң), Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18512 болып тіркелген «Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 30 наурыздағы № 40 қаулысына (бұдан әрі – Валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидалары) және Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Қазақстан Республикасының аумағында вексель инкассосы (инкассолау) ол бойынша Қазақстан Республикасының аумағынан тыс төлем жасалатын жер Валюталық реттеу туралы заңға, Валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларына және Қағидаларда сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 10
10. Егер инкассат төлем жасаушыға төлем үшiн вексель ұсына отырып‚ вексель бойынша ақы төлеуден бас тарту алса не вексельде көрсетiлген мерзiмде вексель бойынша төлемдi алмаса‚ инкассат, егер инкассоға тапсырмада вексель наразылығы туралы талап болса, өзiнiң сенiм бiлдiрушiнің атынан вексель бойынша акцептемеу немесе төлем жасамау наразылығын жасау үшiн вексельді нотариуске ұсынады.
Тармақ 11
11. Нотариус төлем жасамау наразылығын жасағаннан кейiн банк инкассоға тапсырмада нұсқау болған кезде сенiм бiлдiрушiнiң атынан төлем жасаушыдан оның келiсiмiнсiз вексель бойынша сомаларды өндiрiп алу үшiн Вексель айналысы туралы заңға сәйкес іс-әрекет жасайды.
Тармақ 12
12. Инкассалаушы банк төлем жасаушыға немесе домицилиатқа төлем жасауға вексельдi вексельдiң өзiнде көрсетiлген мерзiмде ұсынады. Егер вексель бойынша төлем жасау мерзiмi ұсыну бойынша немесе ұсынғаннан кейiн белгiлi бiр уақытта көрсетiлген жағдайда‚ егер вексель инкассат пен сенiм білдіруші арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, инкассалаушы банк вексельдi алғаннан кейiн вексельдi келесi операциялық күннен кешiктiрмей төлем жасауға ұсынады.
Тармақ 13
13. Инкассалаушы банк вексель бойынша соманы алғаннан кейiн оларды ремитент банкке аударуды жүзеге асырады. Вексель бойынша соманы алған ремитент банк сенiм бiлдiрушiнiң пайдасына төлемді жүзеге асырады.
Тармақ 14
14. Инкассат вексель инкассосы (инкассолау) бойынша қызмет көрсету үшiн инкассат пен сенім білдіруші немесе ремитент банк арасындағы шартта көзделген мөлшерде және тәртіппен сыйақы алады.
Тармақ 15
15. Инкассоға тапсырмада көрсетiлген тұрғылықты жер (орналасқан орны) бойынша вексель бойынша төлем жасаушы болмаған жағдайда‚ инкассалаушы банк инкассат пен сенім білдіруші немесе ремитент банк арасындағы шартқа сәйкес осы факті туралы ремитент банкке хабарлайды. Ремитент банк инкассат пен сенім білдіруші немесе ремитент банк арасындағы шартқа сәйкес одан әрi іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін сенiм бiлдiрушiге хабарлайды.
Егер инкассоға тапсырмада өзгеше көрсетiлмесе‚ вексельдi төлеу үшiн белгiленген соңғы күнi сенiм бiлдiрушiден немесе ремитент банктен нұсқаулық түспеген жағдайда‚ инкассалаушы банк инкассат пен сенім білдіруші немесе ремитент банк арасындағы шартқа сәйкес төлем жасаушыны немесе домицилиатты iздестiру шараларын қабылдайды.
Тарау 3. 3. Домицилирленген вексельдердi төлеу
3. Домицилирленген вексельдердi төлеу
Тармақ 16
16. Банк клиентпен жасалған шарт негiзiнде домицилиант ретiнде іс-әрекет жасайды. Клиент (жай вексель бойынша вексель беруші немесе вексель бойынша төлем жасаушы) вексельде төлем жасайтын орын ретiнде домицилиаттың орналасқан жерін көрсетедi.
Тармақ 17
17. Домицилиатты вексель бойынша төлем жасауды жүзеге асыру үшiн қажеттi ақша сомасымен‚ оның iшiнде регресс сомасының және вексель бойынша төлем жасау үшiн басқа қажеттi сомалардың пайыздарын қамтамасыз ету тәртiбi клиент пен домицилиат арасындағы шартта белгiленедi.
Тармақ 18
18. Егер клиент вексель бойынша төлем жасауды қамтамасыз етуде домицилиатқа оның келiсiмiнсiз өзiнiң банк шотынан ақша алу құқығын берсе‚ ал клиенттiң банк шотындағы ақша домицилирленген вексельдi төлеу үшін ұсыну сәтiнде төлем жасауға жеткiлiксiз болса‚ банк:
Тармақша 1
1) төлем жасаудан бас тартады және вексель ұстаушы төлем жасаушыға немесе жай вексель бойынша вексель берушiге талап қою арқылы вексельге наразылық бiлдiредi;
Тармақша 2
2) не домицилианттың банк шотында бар вексельдiк сомасының қажет бөлiгiнде вексель бойынша төлем жасауды Вексель айналысы туралы заңның 38-бабына сәйкес жүзеге асырады.
Тарау 4. 4. Вексельдер кепілі
4. Вексельдер кепілі
Тармақ 19
19. Вексель кепілді банктің атына жасалған индоссаментке «қамтамасыз етiлуге тиiс валюта» не «кепiлдiкке берiлетiн валюта» ескертпелерін немесе кепiлді түріндегі өзге де ескертпені енгізумен ресімделеді.
Вексель ұстаушы банк вексельден туындайтын барлық құқықты жүзеге асырады және ол қойған индоссаменттiң қайта кепiлдiк берушi индоссамент ретiнде күшi болады.
Тармақ 20
20. Вексель кепілімен қамтамасыз етілген банктік қарызды өтеу мерзімі вексель бойынша төлем мерзімінен аспайды.
Басқа 1. Инкассоға тапсырма
Екінші деңгейдегі банктердің,
Қазақстан Республикасының
бейрезидент банктері филиалдарының
және банкоперацияларының жекелеген
түрлерін жүзегеасыратын ұйымдардың
аударым және жай вексельдермен
операциялар жүргізуі қағидаларына
қосымша
Нысан
Инкассоға тапсырма
Жасау орны ________________________
Жасау күні ________________________
Клиент/вексель ұстаушы/ремитент
_________________________________________________________________________________________
заңды тұлғаның атауы/жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Ремитент банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы
__________________________________________________________________________________________
атауы және орналасқан орны
Төлеуші
__________________________________________________________________________________________
төлеушінің пошталық мекенжайы (жеке тұлғаның тұрғылықты жері заңды
тұлғаның орналасқан орны)
__________________________________________________________________________________________
Төлеушінің банкі, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы
__________________________________________________________________________________________
атауы және орналасқан орны
Вексель бойынша төлем орны
__________________________________________________________________________________________
Вексель бойынша төлем мерзімі
__________________________________________________________________________________________
Вексель бойынша міндетті өзге тұлғалар
__________________________________________________________________________________________
атауы және пошталық мекенжайы (жеке тұлғаның тұрғылықты жері /
__________________________________________________________________________________________
заңды тұлғаның орналасқан орны)
__________________________________________________________________________________________
Клиенттің нұсқаулықтары
__________________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________
Вексель бойынша наразылық талаптары
__________________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________
Ерекше белгілер
__________________________________________________________________________________________
(ремитент банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қолы)