Об определении критериев по выбору видов отчуждения коммунального имущества Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттарды айқындау туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Сайрам ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттар осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
Тармақ 2
2. «Сайрам ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулыны Сайрам ауданы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
Тармақша 2
2) осы қаулыны Сайрам ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Т.Керімбековке жүктелсін.
Басқа 7
Сайрам ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №75 қаулысына қосымша Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттар № р/с Өлшемшарттар атауы Иеліктен айыру түрлері 1 Оъектіні одан әрі бақылауда мемлекеттің мүдделігінің болмауы (шарттар қойылмайды). Оъектіні барынша жоғары ықтимал бағамен сату және сауда-саттыққа қатысушылардың кең ауқымын тарту қажеттілігі. сауда-саттықты аукцион нысанында өткізу 2 Оъектіні сату шарттарын (қызмет бейінін сақтау, кредиторлық берешекті өтеу, жалақы бойынша берешекті өтеу және басқа да шарттар) белгілеу қажеттілігі. Оъектіні барынша жоғары ықтимал бағамен сату қажеттілігі. сауда-саттықты коммерциялық тендер нысанында өткізу 3 Сенім білдірілген басқарушының, жалдаушының (жалға алушының) кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқару, мүліктік жалдау (жалға алу) шарты талаптарын орындау. тікелей атаулы сату