Об утверждении условий предоставления кредитов местными исполнительными органами Восточно-Казахстанской области Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.05.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шығыс Қазақстан облысының жергiлiктi атқарушы органдарының несие беру шартын бекiту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 21.08.2002 N 235 қаулысымен. "Қазақстан Республикасы Үкіметiнің 2000 жылғы 22 қыркүйектегi N 1440 P001440_ қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметiнің 2001 жылғы 9 сәуiрдегi N 478 V010478_ қаулысына сәйкес ШЕШIМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Шығыс Қазақстан облысының жергiлiктi атқарушы органдарының несие беру шарты бекiтiлсiн, қоса берiлуде.
Тармақ 2
2. Осы шешiмнің орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнің орынбасары Ю.П.Швайченкоға жүктелсiн.
Басқа 3. Шығыс Қазақстан облысының жергiлiктi атқарушы органдарының несие беру шарты
Облыс әкiмiнің 2001 жылғы 24 мамырдағы N 1053 шешiмiмен бекiтiлген Шығыс Қазақстан облысының жергiлiктi атқарушы органдарының несие беру шарты Жергiлiктi бюджетте тиiстi жылға көзделген "Ауыл шаруашылық өнімдерiн өндірушiлердi несиелендiру", "Жергiлiктi деңгейде шағын кәсіпкерлiктi дамытуды несиелендiру" бағдарламалары бойынша бюджеттiк несие беру Қазақстан Республикасы Үкіметi мен жергiлiктi атқарушы органдарының, Қазақстан Республикасы Үкіметiнің 2000 жылы 22 қыркүйектегi N 1440 қаулысымен бекiтiлген несие беру Ережесiне сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметiнің 2001 жылы 9 сәуiрдегi N 478 қаулысымен енгiзiлген өзгерiстерi мен толықтыруларын ескере отырып жүргiзiледi. Жоғарыда көрсетiлген Қазақстан Республикасы Үкіметiнің қаулысына сәйкес жергiлiктi бюджеттен бюджеттiк несие берудің мынадай шарттары әзiрлендi:
Тармақ 1
1. Бюджеттiк несиелендiрудің мақсаты мен мiндеттерi: ауыл шаруашылық өнімдерiн өндірушiлердi мемлекеттiк қолдау, Шығыс Қазақстан облысында шағын бизнестi дамытуды ынталандыру, облыста шағын кәсіпкерлiктi дамытудың басым бағытын қамтамасыз ету, импортты алмастыру өндірiсiн құру, мал шаруашылығын дамыту, машина-трактор паркiн жаңарту, қосымша жұмыс орнын құру.
Тармақ 2
2. Бағдарлама әкiмшiлерi облыстық ауыл шаруашылық, энергетика, индустрия, телекоммуникация және сыртқы экономикалық байланыс, шағын бизнестi қолдау және өңдеушi өнеркәсiбi басқармалары, аудандық және қалалық атқарушы органдардың тиiстi бөлiмдерi болып табылады.
Тармақ 3
3. Инвестициялық жобалардың басымдылығын iрiктеудi және бекiтудi бағдарлама әкiмшiлерi жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Үкіметiнің 2000 жылы 22 қыркүйектегi N 1440 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкіметi мен жергiлiктi атқарушы органдарының несие беру Ережесiне сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметiнің 2001 жылы 9 сәуiрдегi N 478 қаулысымен енгiзiлген өзгерiстерi мен толықтыруларын ескере отырып несие берушi болып белгiленген, бюджеттiк несиенi қарызға алушы екiншi деңгейдегi банк болып табылады.
Тармақ 5
5. Ақырғы қарыз алушы - негiзгi қызмет түрлерi ауылшаруашылық өнімдерiн өндіру және қайта өңдеу болып табылатын заңды және жеке тұлғалар шағын кәсіпкерлiк субъектiлерi болып табылады.
Тармақ 6
6. Бюджеттiк несие беру жедел несие немесе несие желiлерi нысанында жүргiзiледi.
Тармақ 7
7. Бiр қарыз алушыға бюджеттiк несие сомасы:
Тармақша а
а) қысқа мерзiмге - 10,0 млн. теңгеге дейiн;
Тармақша б
б) орташа мерзiмге - 50,0 млн. теңгеге дейiн;
Тармақша в
в) ұзақ мерзiмге - 100,0 млн. теңгеге дейiн.
Тармақ 8
8. Бюджеттiк несие теңгемен берiледi.
Тармақ 9
9. Бюджеттiк несиенi пайдаланғаны үшін сыйақы:
Тармақша а
а) Қарыз алушы - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiсiнің қаржыландыру ставкасының 30%-не дейiн;
Тармақша б
б) Ақырғы қарыз алушы - қарыз алушының табысын қоса есептегендегi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiсiнің қаржыландыру ставкасынан асырмай.
Тармақ 10
10. Қарыз алушының табысы - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiсiнің қаржыландыру ставкасының 30%-не дейiн.
Тармақ 11
11. Қарыз алушы бюджеттiк несиенi өтеудi қамтамасыз етудi жергiлiктi атқарушы органдарға және бағдарлама әкiмшiсiне, ақырғы қарыз алушы - қарыз алушыға бередi.
Тармақ 12
12. Жергiлiктi бюджет ақшалары есебiнен бюджеттiк несиелер беру туралы несиелiк шарттарды (келiсiмдердi) қарыз берушi - банкiлермен жасасу жергiлiктi атқарушы органдар атынан әкiм немесе оны ауыстыратын адам қажет болғанда бағдарламалардың әкiмшiлерiнің қатысуымен жасайды. Шығыс Қазақстан облысы әкiмi аппаратының басшысы