О мерах по обеспечению эксплуатационной надежности зданий и сооружений Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.08.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ғимараттар мен құрылыстарды пайдалану беріктігін қамтамассыз ету жөніндегі шаралар туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 21.05.2005 № 24 қаулысымен. Талдау көрсеткенiндей облыс аумағында пайдалануға қауiптi тұрғын үйлер, әлеуметтiк сала объектiлерi, өнеркәсiп және мұнай газ кешендерi, көпiрлер мен гидроқұрылыстар бар. Бұған дер кезiнде шаралар алынбаса адамдардың өмiрiне қауiп туғызуы және айтарлықтай қаржы шығындарына ұшыратуы мүмкiн. Ғимараттар мен құрылыстарды пайдаланылу берiктiгiн қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II және "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" 1996 жылғы N 19-I Заңдарын басшылыққа ала отырып, облыстық әкiмият ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Орал қаласының және аудандардың әкiмдерi:
Тармақша 1
1) бiр ай мерзiм iшiнде ғимараттар мен құрылыстарды техникалық тексеру жөнiнде тұрақты жұмыс iстейтiн комиссиялар құрсын, олар ведомстволық бағыныштылығына және меншiктiң нысанына қарамастан объектiлерге жыл сайын тексерулер жүргiзудi ұйымдастырсын;
Тармақша 2
2) ғимараттар мен құрылыстардың, бiрiншi кезекте тұрғын үй секторының берiктiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi шаралардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етсiн, тозығы жеткен құрылыстарды қалпына келтiруге, бұзуға, сондай-ақ құлау қауiпi бар тұрғын үйлерден тұрғындарды көшiруге арнап жергiлiктi бюджеттерде ақша қаражатын қарастырсын;
Тармақша 3
3) 2002-2003 жылдарда ғимараттар мен құрылыстардың берiктiгiн арттыруға бағытталған мақсатты бағдарлама қалалық және аудандық мәслихаттардың қарауына ұсынылсын. 2002 жылдың 10 тамызына дейiнгi мерзiмде төтенше жағдайлар туындауы мүмкiн тұрғын үйлерде кiдiртуге болмайтын жұмыстардың орындалуын ұйымдастырсын.
Тармақ 2
2. Облыстық бiлiм (Қасымбеков), денсаулық сақтау (Қадырбеков), мәдениет (Омарғалиев) басқармалары конструкциясында дөрекi ақаулары бар объектiлердi пайдалану фактiлерiне жол бермесiн. Шаралар әзiрлесiн және 2001 жылдың 1 қазанына дейiнгi мерзiмде авариялық учаскелерi бар ғимараттарға қажеттi жөндеу жұмыстарын жүргiзсiн (N 3 қосымша).
Тармақ 3
3. Пәтер меншiк иелерi кооперативтерiнiң басшылары тұрғын үйлердi ұстау жөнiндегi талаптарды орындасын, үйдiң астыңғы қабаттарының техникалық және ерiген қар суларының басып кетуiнен қорғау жөнiнде шаралар алсын, техникалық және өртке қарсы талаптарды сақтауды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 4
4. Меншiктiң нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан кәсiпорындар мен ұйымдардың басшылары өздерiне қарайтын ғимараттар мен құрылыстардың пайдаланылу берiктiгiн қамтамасыз етуге және қалпына келтiруге келмейтiн құрылыстарды бұзу жөнiндегi жұмыстарды жүргiзсiн.
Тармақ 5
5. Облыстық коммуналдық меншiктер басқармасы (Кенжеғалиев), мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру облыстық комитетi (Серикопов) өнеркәсiп - азаматтық құрылыстарға жекешелендiру жүргiзiлген кезде, олардың меншiк нысандарын өзгерткенде объектiлердiң техникалық жағдайларын есепке алсын және олардың пайдаланылу берiктiгiн қамтамасыз ету жөнiнде шаралар алуды бiрiншi кезекте иелерiнен талап етсiн.
Тармақ 6
6. Облыстық автомобиль жолдары басқармасы (Сағынов), тұрғын үй-коммуналдық, жол шаруашылығы және көлiк басқармасы (Котов) жол - көпiр шаруашылығындағы апатты объектiлердi дер кезiнде қалпына келтiру жөнiнде шаралар алсын.
Тармақ 7
7. "Интергаз Орталық Азия" жабық акционерлiк қоғамының "Орал" магистралды газ құбыры басқармасы (Лехман), "Оралоблгаз" акционерлiк қоғамы (Мұташев), "Алау" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi (Әжiғалиев) техникалық және өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ете алмайтын тозығы жеткен газ құбырлары мен жабдықтарын ауыстыру жөнiндегi жұмыстарды дер кезiнде жүргiзудi қамтамасыз етсiн (N 4 қосымша).
Тармақ 8
8. Облыстық қаржы басқармасы (Хамитов) жергiлiктi атқарушы органдар резервiнен мынадай қаржы бөлсiн:
Тармақша 1
1) қаладағы тұрғын үй объектiлерiнде авариялық - қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзуге арнап Орал қаласы әкiмiне 5 млн. теңге (N 1 қосымша);
Тармақша 2
2) авариялық иесiз мұнаралы крандар мен "Рожнов" су айдау мұнарасының әсерiнен болған төтенше жағдайларды жою үшiн облыстық төтенше жағдайлар жөнiндегi басқармаға 1,5 млн. теңге (N 2 қосымша).
Тармақ 9
9. Орал қаласының әкiмi тұрғын үй объектiлерiнде кезек күттiрмейтiн жұмыстарды жоспарлап, жүргiзудi қамтамасыз етсiн, тексеру барысында анықталған апатты ғимараттарға арнап қалалық бюджеттен ақша қаражатын бөлу мәселесiн қарасын (N 5 қосымша).
Тармақ 10
10. Авариялық сипаттағы ғимараттар мен құрылыстар жөнiндегi жағдай төтенше деп жариялансын.
Тармақ 11
11. "Госархстройинспекция" еншiлес мемлекеттiк кәсiпорыны (Ипатов) аяқталмаған құрылыс объектiлерiнiң жағдайына тиiстi қадағалауды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 12
12. Аудандардың, Орал қаласының әкiмдерi, облыстық денсаулық сақтау, бiлiм және мәдениет басқармалары әкiмияттың осы қаулысының орындалуы туралы 2001 жылдың 1 қазанына және 2002 жылдың 1 маусымына дейiн мәлiмдейтiн болсын.
Тармақ 13
13. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Я.К. Чудровқа жүктелсiн.
Басқа 19. Орал қаласындағы тұрғын үйлердің құрылысын нығайту мақсатында шаралар алуды қажет ететін объектілер ТІЗБЕСІ
Облыс әкімінің 2001 жылғы 6 тамыздағы N 33 қаулысына N 1 қосымша Орал қаласындағы тұрғын үйлердің құрылысын нығайту мақсатында шаралар алуды қажет ететін объектілер ТІЗБЕСІ Объектілердің атаулары, бағыныштылығы Техникалық жағдайы Алынуға шаралар 2 қабатты кірпішті тұрғын үй, Т. Масин көшесі N 65 үй, ПКСК "Светлана" 2 қабаттың төбесі құлау қаупінде Төбесін жабуды өзгерту қажет 3 қабатты кірпішті тұрғын үй, Куйбышев көшесі N 98 ПКСК "Геолог" Баспалдақтарды өзгерту қажет, құлау қаупінде Жабу конструкциясын өзгерту 2 қабатты кірпішті тұрғын үй, Фурманов көшесі N 208 ПКСК "Жалын" 12 пәтердің төбелері мен балкондары құлау қаупінде, оң жақ бөлігі (18 пәтерлік) Төбелерінің жабынын күшейту, өзгерту авариялық балконды күшейту 2 қабатты кірпіш үйге қосымша N 117 үйге Почиталин көшесі, ПКСК "Управдом - 1" Негізгі қабырғадан жаппаның алшақтауы Қабырғаның көтергіштігін күшейту 2 қабатты кірпіш үйге қосымша құрылыс N 28 үй, Чапаев көшесі, ПКСК "Нур" 4 пәтердің жердің ағаш балкілері тозған Балкілерді айырбастау, жаппаларын күшейту 5 қабатты кірпіш үй, Нариманов көшесі N 79/1, ПКСК "Нур" Лоджия мен сыртқы қабырғаның кірпіштері бүлінген Кірпіштен бөлім, тіректерін кірпіш қалап күшейту 2 қабатты кірпіш үй, Достық-Дружба даңғылы N 192/2 үй, ПКСК "Нур" Баспалдақтар құлау қаупінде Жабындардың ағаш конструкциясын өзгерту, күшейту 1 қабатты кірпіш үй, Плясунков көшесі N 108 үй, ПКСК "Нур" Балкілері құлау қаупінде, сыртқы қабырғалардың кірпіш қалаулары бүлінген Сыртқы қабырғаның кірпіш қалауларын өзгертіп, күшейту 9 қабатты панелді тұрғын үй N 5 м/а Строитель, ПКСК "Строитель" Техникалық қабаттың панелінің алшақтауы (жылжуы) Қабырғалық панелді күшейту 5 қабатты панелді тұрғын үй Волгоград көшесі N 65, КСК "Умит" Панель қабырғаның алшақтауы (жылжуы) Қабырғалық панелді күшейту қосылыстарды бекіту 12 қабатты монолитті тұрғын үй, Дзержинский көшесі N 196/1, КСК "Аграрник" Тасқұйма бетонының бүлінуінен парапет бөлімінің жылжуы Тасқұйма бетон қабатын тұрғызу 9 қабатты панелді тұрғын үй, Фурманов көшесі N 150 и N 152, ПКСК "Светлана" 9 қабаттағы жаппа секцияның жылжуы Балкон жаппа конструкциясын күшейту
Басқа 20. Көтергілі мұнаралардың жөндеуге жататындарының ТІЗБЕСІ
Облыс әкімінің 2001 жылғы 6 тамыздағы N 33 қаулысына N 2 қосымша Көтергілі мұнаралардың жөндеуге жататындарының ТІЗБЕСІ N Объектілер атаулары Тұрған орны Көтергіштік мағдайы 1. 704 орынды БҚГУ жатақханасы СМП-336 Волгоград көшесі Эл бөлімі бүлінген, қолды болған 2. 72-пәтерлі үй СМП-336 Гагарин көшесі, "Янтарь" кафесінің жанында Эл бөлімі бүлінген, қолды болған 3. УМСР "Уральскпромстрой" N 28 тұрғын үйі 6 мөлтек аудан Бөлшектеліп қолды болған 4. "Рожнов" суарынды мұнарасы 6 мөлтен аудан
Басқа 21. Батыс Қазақстан облысы бойынша объектілердің беріктігін күшейту шараларын қажет ететіндерінің ТІЗБЕСІ
Облыс әкімінің 2001 жылғы 6 тамыздағы N 33 қаулысына N 3 қосымша Батыс Қазақстан облысы бойынша объектілердің беріктігін күшейту шараларын қажет ететіндерінің ТІЗБЕСІ Объектілердің атаулары, орналасқан жері Кімге қарайды Техникалық жәйі Беріктігін күшейтудің шаралары Білім объектілері Чапаев п. М. Әуезов атындағы орта мектеп Облыстық білім басқармасы Қабатаралық жабындар бүліну қаупінде Аражабындардың конструкциясын өзгерту Чапаев п. N 1 орта мектебі Облыстық білім басқармасы Іргетас отырған жарықтар пайда болған Қабырғаның жылжуы ұлғайған Тайпақ п. Байсиықов атындағы орта мектеп Облыстық білім басқармасы Сыртқы қабырға мен жаппаларда жарықтар бар Қабырға мен жаппалар конструкциясының жарығы көбейген Тайпақ п. Краснояр орта мектебі Облыстық білім басқармасы Оқу сыныптары бөлмелері мен кітапханалар ара жабындары құлау қаупінде Жабын конструкциясын айырбастап беріктендіру Базартөбе орта мектебі Облыстық білім басқармасы Төбе жабындар мен қабырғалардың жағдайы қанағаттанғысыз Төбе жабындарды айырбастау, жарықтарды бітеу Жамбыл п. Абдолов атындағы орта мектеп Облыстық білім басқармасы Қабырғалар жылжыған, іргетас отырған Қабырғаларды бекітіп, жарықтарды бітеу Есенсай п. орта мектеп Облыстық білім басқармасы Қабырғалардың жабыны жылжып қабырғада жарық пайда болған Жылжуын бекітіп жабын конструкциясын өзгерту Кожехаров п. орта мектеп Облыстық білім басқармасы Қабырғааралық плита жабындарының жылжуы, қабырғада жарықтар пайда болған Жабындар конструкциясын күшейту, қабырғаның жылжуын тоқтату Қуырайлысай п. орта мектеп Облыстық білім басқармасы Құрылым жабындарының жәні қанағаттанғысыз Жабын құрылымдарын өзгерту Лбішін п. Қаршы орта мектебі Облыстық білім басқармасы Қабырғалардың жылжуы құлау қауіпті туғызады Арайабындар жылжуы күрделі жөндеуді қажет етеді Ақсай қ. N 1 орта мектебі Облыстық білім басқармасы Су асты суының әсерінен қосымша құрылыстар апат қаупінде Қосымша құрылыстарды жылжуы ұлғайған, жер қабаты бөлмелерін жөндеу Ақсай қ. N 6 мөлтек ауданындағы N 2 балалар бақшасы Ақсай қ. N 6 мөлтек ауданындағы N 2 балалар бақшасы Облыстық білім басқармасы Қаңылтыр жабындар тозған, сыртқы қабырғаның кірпіш қалаулар бүлінген Қаңылтыр жабынды жөндеу, қабырғаның кірпіш қалауын тұрғызу Ақсай қ. N 4 мөлтек ауданындағы N 2 балалар бақшасы Облыстық білім басқармасы Темір бетон плита жабындарының жәй жылжуы байқалады, қабырғалары жарылған Жабындар тірегінің жылжуын болдырмау, күшейту Ақсай қ. интернат Облыстық білім басқармасы Сыртқы қабырғаның кейбір учаскелерінің бүлінген қаңылтыр жабындары тозған Сыртқы қабырғаны қаңылтыр жабындарын жөндеу Ақсай қ. ПТЛ-15 Облыстық білім басқармасы Сыртқы қабырғаның кірпіш қалаулары бұзылған. Жатақхананың қабырғаларының жылжуы байқалуда Кірпіш қалауларды қаяпына келтіру. Жатақхана қабырғаларын жөндеу Жаңақала п. балалар бақшасы Облыстық білім басқармасы Сыртқы кірпіш қабырға шалқайған, қаңылтыр жаппалар тозған Қабырғаларды жөндеп беріктігін арттыру, төбені қаңылтыр өзгерту Жаңақала п. Ю. Гагарин атындағы бастауыш мектеп Облыстық білім басқармасы Қаңылтыр төбе жабын тозған Қаңылтырды күрделі жөндеуден өткізу Халиуллин атындағы орта мектеп Облыстық білім басқармасы Қабырғалары алшақтан құлау қаупі туған Алшақтаған қабырғаны бекіндіріп күрделі жөндеу жүргізу Переметный п. ауылдың емхана Облыстық білім басқармасы Ішкі қабырғаларында күрделі жарықтар бар Жарықтарды бітеу, қабырғалардың жылжуын бекіту Белоглинка п. орта мектеп Облыстық білім басқармасы Қабырғалар жарылған, жабындар қабырғадан алшақтаған, қаңылтыр жабындар тозған Қосылыстарды жөндеу, жылжыған қабырғаларды бекіту, қаңылтыр жабындарды айырбастау Каменка п. Камен орта мектебі Облыстық білім басқармасы Жерасты суының әсерінен кірпіш қалаулар бүлінген, ұстын қабілеттілігі азайған Ұстын қабырғаларын нығайту, сыртқы қабырға кірпіштерін қалау, қаңылтыр жабынды, жерасты бөлмесін жөндеу Каменка п. оқу корпусы мен клуб ПТШ-13 Облыстық білім басқармасы Қабырға жылжыған, күрделі қабырға отырған, сыртқы қабырғаның қалауы құлаған Күрделі қабырғаның жылжуын болдырмау, сыртқы қабырғаның қалауын қалпына келтіру Мичурин п. орта мектеп Облыстық білім басқармасы Қабырғалар жарылған, арқалық тіреулері, сыртқы қабырғаларының қалауы құлап бүлінген Темір бетон тіректерін жылжуын болдырмау, сыртқы қабырғаның қалауын, темір жабындарды жөндеу Новенькое п. орта мектеп Облыстық білім басқармасы Жылжымалы қабырғалардың жарықтарының өсуі, қаңылтыр жабынды жөндеу Қабырғаның ашылуға ұлғаюын болдырмай қаңылтыр жабынды жөндеу Рубежка п. орта мектеп Облыстық білім басқармасы Сыртқы қабырғалармен ұстын (колонна) бүлінген, қаңылтырлары тозған Ұстынды күшейту, сыртқы қабырғаны және қаңылтыр жабындарды жөндеу Рубежка п. жатақхана ПТШ-16 Облыстық білім басқармасы Ернеудің бүлінуі, қабырғаның жарылуы жабын қаңылтырлардың тозуы Ернеуді, жарықтары, жабын қаңылтырды жөндеу Чесноков п. орта мектеп Облыстық білім басқармасы Қабырғалар жарылып алшақтаған, жабын қаңылтырлар Қабырғалардың алшақтауын жойып қаңылтырды жабын жөндеу Щапов п. орта мектеп Облыстық білім басқармасы Құрылым (конструкция) бір-бірінен алшақтаған Құрылымдарға күрделі жөндеу жүргізу қажет Январцев п. орта мектеп Облыстық білім басқармасы Қабырғалардың арасы ашылып жарылған, темір бетон балкілер, тіректер қалауы бұзылған Темір бетон балкілерді, тіректерді күшейтіп, қайта қалпына келтіру Жамбыл п. орта мектеп Облыстық білім басқармасы Іргетассыз қабырғалар отырған, қабырғалардың қапталуы бұзылған Қосаба п. орта мектеп Облыстық білім басқармасы Қабырғалар ұзына бойына жарылған маяктар орнатылған Қабырғалар жылжуын болдырмау, күшейту жөндеу Қызыл-Ағаш п. орта мектеп Облыстық білім басқармасы Жабындар бүліну қаупінде, қаңылтырлары тозған Жабындармен қаңылтырларды айырбастау, жөндеу Тасқұдық п. орта мектеп Облыстық білім басқармасы Жерасты бөлмесінде табиғи су бар, қабырғалар мен жабындар жарылған Негізгі және жабындарды күшейту, жерасты бөлмесін жөндеу Өлеңті п. орта мектеп Облыстық білім басқармасы Корпуспен спорт зал құлау қаупінде Камен п. Сатпаев отындағы орта мектеп Облыстық білім басқармасы Табиғи судың әсерінен жарылған Жерасты бөлмелерін жарықтарды жөндеу Камен п. комплекс ПТШ-20 Облыстық білім басқармасы Оқу корпусының қабырғалары жарылған. Жерасты бөлмесінде табиғи су. Әкімшілік ғимараттың қаптаған қалаулары алшақтаған Негізгі қабырғаны күшейту, жерасты бөлмесін, сыртқы қабырғаның аптауларын қайта қалпына келтіру Логашкин п. орта мектеп Облыстық білім басқармасы Табиғи судың әсерінен қабырғалар жаралған Негізгі қабырғаларды күшейту, жерасты бөлмесін жөндеу Мереке п. орта мектеп Облыстық білім басқармасы Қабырғалармен ірге тастарда жарықтар пайда болған Негізгі қабырғалармен іргетасты күшейту, жөндеу Ақжайық п. орта мектеп Облыстық білім басқармасы Қабырғалары жарылған Жарықтарды жою, негізгі қабырғаны күшейту, жөндеу Восход п. орта мектеп Облыстық білім басқармасы Қабырғалары жарылған Жарықтарды жөндеп негізгі қабырғаны күшейту Новопавлов п. орта мектеп Облыстық білім басқармасы Қабырғалары жарылған Жарықтарды жөндеп негізгі қабырғаны күшейту Подстепное п. ПТШ-11 Облыстық білім басқармасы Қабырғалары жарылған Жарықтарды жөндеп негізгі қабырғаны күшейту Шыңғырлау п. Шыңғырлау орта мектеп Облыстық білім басқармасы Қабырғаның қалауы және тірек балкілері мен қосылыстардың бұзылуы Қосылыстар мен балкілерді күшейту, кірпіш қалауларды қалпына келтіру Алмазов п. орта мектеп Облыстық білім басқармасы Негізгі және ішкі қабырғаларда жарықтар, қаңылтырлары тозған Негізгі қабырғаны күшейту, жарықтарды, қаңылтырларын жөндеу Белогор п. орта мектеп Облыстық білім басқармасы Техникалық жағдайы қанағаттандырмайды Негізгі құрылымды күшейтіп күрделі жөндеу жүргізу Полтава п. орта мектеп Облыстық білім басқармасы Техникалық жағдайы қанағаттанғысыз Негізгі құрылымды күшейтіп күрделі жөндеу жүргізу Денсаулық сақтау объектілері Чапаев п. тубдиспансер Облыстық денсаулық сақтау басқармасы Құрылым жағдайы қанағаттанғысыз, бұзылу қаупінде Негізгі құрылымға күрделі жөндеу жүргізілуі қажет Чапаев п. ООА корпусы Облыстық денсаулық сақтау басқармасы Жарылған, қаңылтыр жабыны тозған, іргетас отырған Негізгі қабырғаның жарығы өскен, қаңылтырларын ауыстырып жөндеу Тайпақ п. Инфекциялық бөлімі Облыстық денсаулық сақтау басқармасы Ірге тасы отырған, қабырғалар көлденең жарылған Негізгі қабырғалардың жарылуы ұлғайған Бударин п. дәрігерлік амбулатория Облыстық денсаулық сақтау басқармасы Негізгі қабырғада жарық бар, ірге тасы отырған Негізгі қабырғаны күшейту Жаңақала п. аудандық аурухана Облыстық денсаулық сақтау басқармасы Табиғи судық жиналуынан сыртқа кірпіш қабырға жарылған Негізгі қабырғаны күшейту, жерасты бөлмесін жөндеу Қараоба п. медпункт Облыстық денсаулық сақтау басқармасы Құ­ры­лым жа­бын­да­ры май­ы­с­қан Жабын құрылымдарын күшейту Абай п. дәрігерлік амбулатория Облыстық денсаулық сақтау басқармасы Жабындармен қаңылтырлары тозған Жабындармен қаңылтырларды өзгерту Былқылдақ п. фельдшер пункті Облыстық денсаулық сақтау басқармасы Жабындармен қаңылтырлары тозған Жабындармен қаңылтырларды өзгерту Жырақұдық п. фельдшер пункті Облыстық денсаулық сақтау басқармасы Жабындармен қаңылтырлары тозған Жабындармен қаңылтырларды өзгерту Қосаба п. дәрігерлік амбулатория Облыстық денсаулық сақтау басқармасы Негізгі қабырғалары бүліну қаупінде, тіреу орнатылған Қызыл-Ағаш п. фельдшер пункті Облыстық денсаулық сақтау басқармасы Жабындармен қаңылтырлары тозған Жабындармен қаңылтырларды өзгерту Тасқұдық п. дәрігерлік амбулатория Облыстық денсаулық сақтау басқармасы Жабындармен қаңылтырлары тозған Жабындармен қаңылтырларды өзгерту Өлеңті п. фельдшер пункті Облыстық денсаулық сақтау басқармасы Жабындармен қаңылтырлары тозған Жабындармен қаңылтырларды өзгерту Шідерті п. фельдшер пункті Облыстық денсаулық сақтау басқармасы Жабындармен қаңылтырлары тозған Жабындармен қаңылтырларды өзгерту Аңқаты п. дәрігерлік амбулатория Облыстық денсаулық сақтау басқармасы Қабырғалары жарылған Жарықтарды бітеп, негізгі қабырғаны күшейту Төңкеріс п. перзентхана Облыстық денсаулық сақтау басқармасы Қабырғалары жарылған Жарықтарды бітеп, негізгі қабырғаны күшейту Шыңғырлау п. аудандық аурухана Облыстық денсаулық сақтау басқармасы Негізгі және ішкі қабырғалар , жарылған, қаңылтырлары бүлінген Жарықтарды бітеп, негізгі қабырғаларды күшейту, қаңылтырларын жөндеу Мәдени объектілер Тайпақ п. ауылдық клуб Облыстық мәдениет басқармасы Қабырғалары көлдеңінен жарылған, қаңылтырлары тозған Негізгі қабырғаларды күшейту, қаңылтырларын жөндеу Алмалы п. ауылдық клуб Облыстық мәдениет басқармасы Қабырғаларда жарық, қаңылтырлары тозған бүлінген Қаңылтыр құрылымдары мен негізгі қабырғаларды күшейту Базартөбе ауылдық клубы Облыстық мәдениет басқармасы Негізгі құрылымдардың жағдайы қанағаттанғысыз Құрылымдарды күшейте отырып күрделі жөндеу жүргізу Жанама п. ауылдық клуб Облыстық мәдениет басқармасы Негізгі құрылымдардың жағдайы қанағаттанғысыз Құрылымдарды күшейте отырып күрделі жөндеу жүргізу Қарауылтөбе п. ауылдық клуб Облыстық мәдениет басқармасы Негізгі құрылымдардың жағдайы қанағаттанғысыз Құрылымдарды күшейте отырып күрделі жөндеу жүргізу Кожехаров п. ауылдық клуб Облыстық мәдениет басқармасы Қабырғаларда жарық пайда болған, қаңылтырлары тозған Негізгі қабырғаларды күшейтіп, қаңылтырларды жөндеу Лбищенск п. ауылдық клуб Облыстық мәдениет басқармасы Жабындар майысқан, қабырғаларда жарылған, іргетас отырған Жабу құрылымдары мен негізгі қабырғаны күшейту Жәнібек п. халық театры Облыстық мәдениет басқармасы Негізгі құрылымдардың жағдайы қанағаттанғысыз Негізгі құрылымдарды күшейтіп күрделі жөндеу жүргізу Қамысты п. мәдениет үйі Облыстық мәдениет басқармасы Негізгі құрылымдардың жағдайы қанағаттанғысыз Негізгі құрылымдарды күшейтіп күрделі жөндеу жүргізу Переметный п. аудандық мәдениет үйі Облыстық мәдениет басқармасы Табиғи судың көбеюі кірпіш қалауды бұзған, жабындарды жарық пайда болып, қаңылтыры тозған Негізгі қабырғаларға күрделі жөндеу жүргізу, қалауды қалпына келтіру, жарықтарды бітеу, жерасты бөлмесін, қаңылтырын жөндеу Раздольный п. ауылдық клуб Облыстық мәдениет басқармасы Табиғи су көтерілген, негізгі қабырға жарылған, қаңылтырлары тозған Негізгі қабырғаны күшейту, жерасты бөлмесі мен қаңылтырды жөндеу Тереңқұдық п. ауылдық клуб Облыстық мәдениет басқармасы Жоғарыдан төмен қарай негізгі қабырға алшақтаған Негізгі қабырғаны күшейту Жымпити п. аудандық мәдениет үйі Облыстық мәдениет басқармасы Табиғи судың мөлшері көбейген іргетас отырған Негізгі құрылымдарды күшейту Жетікөл п. мәдениет үйі Облыстық мәдениет басқармасы Жабындар құлап бүліну қаупінде, қаңылтырлары бүлінген Жабындар мен қаңылтырларын айырбастау Жосалы п. ауылдық клуб Облыстық мәдениет басқармасы Жабындар құлау қаупінде, қаңылтырлары тозған Жабындар мен қаңылтырларын айырбастау Өлеңті п. ауылдық клуб Облыстық мәдениет басқармасы Жабындар құлау қаупінде, қаңылтырлары тозған Жабындар мен қаңылтырларын айырбастау Шідерті п. ауылдық клуб Облыстық мәдениет басқармасы Қабырғалар мен жабындар бұзылу қаупінде, тіректер қойылған Қабырғаны күшейтіп жабындарды айырбастау, күрделі жөндеу жүргізу Камен п. аудандық мәдениет үйі Облыстық мәдениет басқармасы Негізгі (бас) кіретін ернеу бұзылған және қабырғаның кейбір бөліктерінің қалаулары бүлінген Сыртқы кірпіш қалаулар мен темірбетон ернеулерді жөндеу Федоров п. аудандық кітапхана Облыстық мәдениет басқармасы Негізгі қабырғалар тура жарылған, іргетаста жарылған Негізгі қабырғалар мен іргетастан жарықтарды жойып күшейту Ақжайық п. мәдениет үйі Облыстық мәдениет басқармасы Қабырғалары жарылған Негізгі қабырғаларды күшейтіп, жарықтарды жөндеу
Басқа 22. Сенімді пайдалану және қауіпсіздік техникасы шараларын қажет ететін өнеркәсіп-азаматтық объектілерінің ТІЗБЕСІ
Облыс әкімінің 2001 жылғы 6 тамыздағы N 33 қаулысына N 4 қосымша Сенімді пайдалану және қауіпсіздік техникасы шараларын қажет ететін өнеркәсіп-азаматтық объектілерінің ТІЗБЕСІ Объектілер атаулары (кімге қарайды) Техникалық қауіпсіздігінің жағдайы Пайдалану сенімділігін арттыру шаралары "Союз" газқұбырлар магистралдары "Орынбор- Новопсков" "Орта Азия- Центр" УМГ "Уральск" ЗАО "Интергаз Центральная Азия" 10 км. жері жарамсыз 12 км. жері жарамсыз 5 км. жері жарамсыз газқұбырлары магистралінің желілік бөлімінде электро- химиялық сақтаушысы жоқ Газмагистралдарының бүлінген сақтағыш қабаттарын жөндеу. Барлық стансалардағы катодтық сақтағыштарын, магистралдық газқұбырларының бұзылған бөліктерін қалпына келтіру Жаңақала п. ШГРП жерасты газқұбыры және құрал-жабдықтар "Оралоблгаз" ААҚ 11,5 км. жері жарамсыз, газды жан-жаққа бөліп жіберу құрал-жабдықтары тозған Жарамсыз бөлікті айырбастау, ШГРП жерасты құралжабдығын айырбастау
Басқа 23. Орал қаласы бойынша объектілердің беріктігін күшейтудің шараларын қажет ететіндерінің ТІЗБЕСІ
Облыс әкімінің 2001 жылғы 6 тамыздағы N 33 қаулысына N 5 қосымша Орал қаласы бойынша объектілердің беріктігін күшейтудің шараларын қажет ететіндерінің ТІЗБЕСІ Объектілер атаулары, (кімге қарайды) Техникалық жәйі Пайдалану сенімділігін арттыру шаралары 5 қабатты кірпіш тұрғын үй, Достық даңғылы N 242 ПКСК "Алмаз" Лоджия жабықтары тіректердің кірпіш қалаулары бүлінген Лоджияның тіреулерін күшейту, кірпіш қалауларды қалпына келтіру 5 қабатты кірпіш тұрғын үй, Т. Масин көшесі N 53 КСК "Т. Масин-53" Кіреберіс фасад жарылған. Лоджия мен сыртқы қабырғаның кірпіш қалауы бұзылған Лоджия мен сыртқы қабырғаның қалауын тұрғызу, жарықтарды жөндеу, қалыпқа келтіру 3 қабатты кірпіш тұрғын үй, Плясунков көшесі N 78 Негізгі қабырғаның тура көлденең жарықтары ұлғая түсуде Негізгі қабырғаны күшейту, жарықтарын жөндеу 2 қабатты кірпіш тұрғын үй, Строительный переулок-1 N 1 ПКСК "Алмаз" Негізгі қабырғаның тура көлденең жарықтары ұлғая түсуде Негізгі қабырғаны күшейту, жарықтарын жөндеу 2 қабатты кірпіш тұрғын үй, Дзержинский көшесі N 44 ПКСК "Управдом-1" Негізгі қабырғаның тура көлденең жарықтары ұлғайған Негізгі қабырғаны күшейту, жарықтарын жөндеу 5 қабатты кірпіш тұрғын үй, Фурманов көшесі N 168 АПКСК "Коммунальник" Балконның кірпіш қалаулары бүлінген, үйдің алдыңғы жағы жоғарыдан төмен қарай және көлденең жарылған Кірпіш қалауларды қайта жүргізіп, жарықтарды бітеу 5 қабатты кірпішті үй, К. Ликнехта көшесі N 67 АПКСК "Коммунальник" Лоджияны жабатын жабындардың тіректері мен кірпіш қалаулары бүлінген Лоджия тіректерін күшейтіп кірпіш қалауларды қалпына келтіру 5 қабатты кірпіш үй, Алмазов көшесі N 73 ПКСК "Светлана" Негізгі қабырғаның көлденең жарықтары тура өсіп отыруда Негізгі қабырғаны күшейтіп, жарықтарды бітеу, жөндеу 5 қабатты кірпіш үй, Достық даңғылы N 244/1 ПКСК "ЖЭК-5" Жабындар астындағы кірпішті тіректер балкондармен қабырғаның кейбір бөліктері бүлінген Балконның тіректерін күшейтіп, кірпіш қалауларды қалпына келтіру 12 қабатты монолитті тұрғын үй, Дзержинский көшесі N 216 ПКСК "Дорожник" Қабырғаның бетондары, лоджияның жабындары бұзылған Құйма қабырғаның бетон қабатын және темір бетон лоджия жабынан қалпына келтіру 5 қабатты панелді тұрғын үй, Волгоград көшесі N 53 КСК "Уміт" Қаңылтыр жаппаның астындағы ағаш құрамалар тозған Қаңылтыр астындағы ағаш құрамаларды айырбастау 3 қабатты кірпіш үй, Фурманов көшесі N 112/1 КСК "Чайка" 1 кіреберісте тура көлденең жарықтар Негізгі қабырғаны күшейту жарықтарды бітеу, жөндеу 2 қабатты кірпіш үй, Неусыпов көшесі N 26/2 ПКСК "Светлана" Негізгі қабырғаның кірпіш қалаулары бүлінген Кіреберісті күрделі жөндеу, алдыңғы жағының кірпіш қалауларын айырбастап жөндеу 2 қабатты кірпіш үй, Некрасов көшесі 21/1 Көлденең тура жарықтар ұлғая түсуде, бұрыштардағы кірпіш қалаулар бүлінген Негізгі қабырғаны күшейтіп, кірпіш қалауларды қалпына келтіру 2 қабатты кірпіш үй, Фурманов көшесі N 194 ПКСК "Жалын" Негізгі қабырғада көлденең жарықтар ұлғая түсуде Негізгі қабырғаны күшейтіп, жарықтарды бітеу, жөндеу 5 қабатты кірпіш үй, Мир көшесі N 81/1 ПКСК "Ноэль" Балконның кірпіш қалаулары және сыртқы қабырғаның кейбір бөліктері бүлінген Сыртқы қабырғаның бүлінген бөліктерімен балконның кірпіш қалауларын қалпына келтіру 3 қабатты кірпіш үй, Театральная көшесі N 14/1 ПКСК "Нұр" Көлденең тура жарықтар негізгі қабырғада ұлғая түскен Негізгі қабырғаны күшейтіп, жарықтарды бітеу, жөндеу 3 қабатты кірпіш үй, Театральная көшесі N 14/2 ПКСК "Нұр" Көлденең тура жарықтар негізгі қабырғада ұлғая түскен Негізгі қабырғаны күшейтіп, жарықтарды бітеу, жөндеу 3 қабатты кірпіш үй, Театральная көшесі N 14/3 ПКСК "Нұр" Көлденең тура жарықтар негізгі қабырғада ұлғая түскен Негізгі қабырғаны күшейтіп, жарықтарды бітеу, жөндеу 3 қабатты кірпіш үй, Октябрь көшесі N 46/4 ПКСК "Нұр" Көлденең тура жарықтар негізгі қабырғада ұлғая түскен Негізгі қабырғаны күшейтіп, жарықтарды бітеу, жөндеу 3 қабатты кірпіш үй, Рабочая көшесі N 77/1 ПКСК "Нұр" Көлденең тура жарықтар негізгі қабырғада ұлғая түскен Негізгі қабырғаны күшейтіп, жарықтарды бітеу, жөндеу 5 қабатты кірпіш үй, Вокзальная көшесі N 6 КСК "Экспресс" Лоджия жабындарының кірпіш тіректерінің қалаулары бүлінген Балкон бөліктерінің тіректерін күшейту, кірпіш қалауларды қайта қалпына келтіру 3 қабатты кірпіш үй, Локомотив көшесі N 59/1 ПКСК "Жалын" Көлденең тура жарықтар негізгі қабырғада ұлғая түскен Негізгі қабырғаны күшейту, жарықтарды бітеу, жөндеу 5 қабатты кірпіш үй, Достық даңғылы N 203 ПКСК "Управдом-1" Лоджияның жабындарының тіректері кірпіш қалаулар бүлінген Лоджия жабындарының тіректерін күшейту, кірпіш қалауларды қалпына келтіру 5 қабатты кірпіш үй, Маметова көшесі N 31 ПКСК "Управдом-1" Іргетастың жарығы оң қабырғаның тұйығының, кірпіш қалаудың қаптауларының жарығы ұлғая түскен Тұйық қабырға ірге тасын күшейту, жарықтарды бітеу, сыртқы қабырғаның кірпіш қалауларын қайта қалпына келтіру