Об утверждении Положения о порядке уплаты сбора за государственную регистрацию юридических лиц Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.11.1996. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу үшiн алым төлеу тәртiбi туралы Ереженi бекiту туралы 📌 Ескерту. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996.11.19. N 1405 қаулысымен "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 24 сәуiрдегi N 2235 Заң күшi бар Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу үшiн алым төлеу тәртiбi туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
Басқа 1. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу үшiн алым төлеу тәртiбi туралы ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 13 шiлдедегi N 967 қаулысымен бекiтiлген Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу үшiн алым төлеу тәртiбi туралы ЕРЕЖЕ
Тарау i. I. Жалпы Ережелер
I. Жалпы Ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже "Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2198 Жарлығына, "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар 1995 жылғы 24 сәуiрдегi N 2235 Жарлығына, "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң" Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiн (жалпы бөлiм) күшiне енгiзу туралы" 1994 жылғы 27 желтоқсандағы N 269 қаулысын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 27 сәуiрдегi N 564 қаулысына сәйкес әзiрлендi және күшiне енгiзiледi.
Тармақ 2
2. Ереже заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) үшiн алымды төлеу мен есепке енгiзудiң, заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң дубликатын берудiң тәртiбiн белгiлейдi.
Тармақ 3
3. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу құрылып жатқан заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарының Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкестiгiн тексерудi, оларға тiркеу нөмiрiн бере отырып мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк берiлуiн, заңды тұлғалар туралы мәлiметтердi бiрыңғай мемлекеттiк тiркелiмге енгiзудi қамтиды. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi мен оның аумақтық органдары жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Мемлекеттiк тiркеуден өткен заңды тұлға, мемлекеттiк тiркеуден кейiн 10 күн мерзiмнен кешiктірмей салық органында салық төлеушi ретiнде тiркелуге мiндеттi.
Тарау ii. II. Алым төлеушiлер
II. Алым төлеушiлер
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы аумағында құрылатын заңды тұлғалар, өздерiнiң құрылу мақсатына, өз қызметiнiң түрi мен сипатына, қатысушылар құрамына қарамастан мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) үшiн алым төлеушiлер болып табылады.
Тарау iii. III. Алым төлеуден босату
III. Алым төлеуден босату
Тармақ 6
6. Тiркеу және қайта тiркеу кезiнде тiркеу алымын төлеуден мыналар босатылады: Азаматтық Кодекс (жалпы бөлiм) күшiне енгенге дейiн құрылған және Азаматтық Кодексте (жалпы бөлiм) көзделген ережелерге сәйкес 1996 жылдың I қаңтарына дейiн әдiлет органдарында қайта тiркеуге жататын заңды тұлғалар; Азаматтық Кодекс (жалпы бөлiм) ресми түрде жарияланғанға дейiн Азаматтық Кодексте (жалпы бөлiм) көзделмеген ұйымдық-құқықтық нысандарда құрылған және Азаматтық Кодексте (жалпы бөлiм) көзделген ұйым-құқылық нысандарда қайта құрылуға жататын заңды ұйымдар 1998 жылғы I қаңтарға дейiн.
Тарау iv. IV. Алым ставкалары
IV. Алым ставкалары
Тармақ 7
7. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу үшiн алым заңды тұлғалардың, жарғылық қоры құнының 0,I процентi мөлшерiнде алынады, бiрақ ол алым төлеген күнгi есептiк көрсеткiштiң жиырма еселенген мөлшерiнен кем болмайды. 📌 ЕСКЕРТУ. 7-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.08.09. N 987 қаулысымен.
Тармақ 8
8. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк қайта тiркеу және оларға тiркелгенi үшiн куәлiктiң дубликатын беру алымы негiзгi ставканың 50 процентi мөлшерiнде алынады. Жарғылық қор мөлшерiнiң өзгеруiне байланысты қайта тiркеу үшiн алынатын алым мөлшерi жарғылық қор мөлшерi ұлғайтылатын сомаға қарай есептеледi.
Тарау v. V. Алымды төлеу тәртiбi мен мерзiмдерi
V. Алымды төлеу тәртiбi мен мерзiмдерi
Тармақ 9
9. Заңды тұлғалар мемлекеттiк тiркеу және қайта тiркеу, сондай-ақ тiркеу туралы куәлiктiң дубликатын беру үшiн алымды тiркеу (қайта тiркеу) туралы өтiнiш бергенге немесе дубликатты бергенге дейiн дербес төлейдi. Жарғылық қоры шетел валютасымен айқындалатын шетелдiң қатысуындағы кәсiпорын тiркеу (қайта тiркеу) немесе дубликатты беру үшiн алымды өтiнiш берген күнгi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң алым төлеу күнi қолданылатын ресми бағамы бойынша теңгемен, осы Ереженiң 7 және 8 тармақтарында белгiленген ставка бойынша есептеп, төлейдi.
Тармақ 10
10. Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) және заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк дубликатын беру үшiн есептелген алым жергiлiктi бюджеттiң кiрiсiне енгiзiледi.
Тармақ 11
11. Тiркеушi органға заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу), заңды тұлғаларды тiркеу туралы куәлiктiң дубликатын бергенi үшiн алым төленгенi туралы квитанция немесе төлем тапсырмасының көшiрмесi табыс етiледi.
Тармақ 12
12. Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеуден (қайта тiркеуден) бас тартқан кезде мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) үшiн төленген алым қайтарылуға жатпайды.
Тармақ 13
13. Осы Ереженiң 6 тармағында белгiленген жағдайлардан басқа кезде алым сомасын төлемей тiркеудi жүзеге асыруға (қайта тiркеуге) тыйым салынады.
Тарау vi. VI. Төлеушiнiң жауапкершiлiгi
VI. Төлеушiнiң жауапкершiлiгi
Тармақ 14
14. Алымды дұрыс әрi уақтылы төлеу жауапкершiлiгi төлеушiге жүктеледi.
Тармақ 15
15. Тiркелмеген заңды тұлғалардың қызметiне тыйым салынады, ал мемлекеттiк тiркеуден (қайта тiркеуден) өтпеген қызметтен алынатын табыстар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес республикалық бюджеттiң кiрiсiне алынады.
Тарау vii. VII. Заңды тұлғаларды тiркеу үшiн алым төлеуге бақылау жасау
VII. Заңды тұлғаларды тiркеу үшiн алым төлеуге бақылау жасау
Тармақ 16
16. Бюджетке алымды толық төлеуге және уақытылы аударуға бақылау жасауды салық қызметiнiң органдары жүзеге асырады.