О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министра финансов Республики Казахстан и постановления Правления Национального Банка Республики Казахстан Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.06.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің кейбір бұйрықтарына және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы министрі БҰЙЫРАДЫ және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы бұйрыққа және осы қаулыға сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы кейбір қаулыларының тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық мониторинг комитеті (Тәжіяқов Б.Ш.) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты және қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық және қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оларды мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты және қаулыны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық және қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі _____________Б. Сұлтанов 2015 жылғы «___» _______ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы __________Қ. Келімбетов 2015 жылғы «___» _______
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 643 бұйрығына және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 225 қаулысына қосымша Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы кейбір қаулыларының тізбесі
Тармақ 1
1. «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ақша аударымының банкаралық жүйесінің операторын қоспағанда, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар және микроқаржы ұйымдары үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы  Қаржы министрінің  2014 жылғы 26 қарашадағы  № 518 бұйрығына және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 236 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10215 тіркелген, 2015 жылғы 27 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен және қаулымен бекітілген Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ақша аударымының банкаралық жүйесінің операторын қоспағанда, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар және микроқаржы ұйымдары үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарда: 15-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының мақсаттары үшін Оффшорлық аймақтар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 10 ақпандағы № 52 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6058 тіркелген) бекітілген «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының мақсаттары үшін Оффшорлық аймақтар тізбесіне енгізілген шет мемлекеттер (аумақтар);»; 1-қосымшада: Клиент досьесінің мазмұнына қойылатын талаптарға түсіндірмелер мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын: «3. Көші-қон карточкалары туралы мәліметтер алу Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін мемлекеттердің азаматтарына қатысты талап етілмейді.»; 2-қосымшада: Клиент досьесінің мазмұнына қойылатын талаптарға түсіндірмелер мынадай мазмұндағы 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын: «4. Көші-қон карточкалары туралы мәліметтер алу Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін мемлекеттердің азаматтарына қатысты талап етілмейді. 5. Коммерциялық ұйымның жоғары органының дербес құрамы туралы мәліметтер жоғары органның құрамына кіретін және коммерциялық ұйымның жарғылық капиталына не орналастырылған акцияларына қатысу үлестерінің жиырма бес және одан көп пайызын иеленген жеке және (немесе) заңды тұлғаларға қатысты алынады. Жоғары органның құрамына кіретін және коммерциялық ұйымның жарғылық капиталына не орналастырылған акцияларына қатысу үлестерінің жиырма бестен кем пайызын иеленген жеке және (немесе) заңды тұлғаларға қатысты коммерциялық ұйымның жоғары органының дербес құрамы туралы мәліметтерді алуға жол беріледі. Коммерциялық емес ұйымның жоғары органының дербес құрамы туралы мәліметтер жоғары органның құрамына кіретін не жоғары орган мүшелерінің саны не коммерциялық емес ұйымдар құрылтайшыларының саны бес жеке және (немесе) заңды тұлғалардан асқан жағдайларды қоспағанда, коммерциялық емес ұйымның құрылтайшылары болып табылатын жеке және (немесе) заңды тұлғаларға қатысты алынады.».
Тармақ 2
Тармақ 3
Тармақ 4
Тармақ 5
Тармақ 6
Басқа 1
Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір қаулыларының тізбесіне 1- қосымша
Басқа 2
Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір қаулыларының тізбесіне 2-қосымша
Басқа 3
Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір қаулыларының тізбесіне 3-қосымша
Басқа 4
Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір қаулыларының тізбесіне 4-қосымша