Об утверждении Правил приема на обучение в военные, специальные учебные заведения Министерства внутренних дел Республики Казахстан, реализующие образовательные программы высшего образования Қолданыста
Басқа 0
Жоғары білімнің білім беру
бағдарламаларын іске асырып
жатқан Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігінің әскери,
арнаулы оқу орындарына оқуға
қабылдау қағидаларын бекіту
туралы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-1-бабының 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Жоғары білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаменті (А.Ү. Әбдіғалиев):
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға жолдауды;
Тармақша 4
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 5
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қағидағаларға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-лейтенанты М.Ғ. Демеуовке жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2016 жылғы 26 қаңтардағы
№ 77 бұйрығына
1-қосымша
Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы», «Құқық қорғау қызметі туралы», «Білім туралы», «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» және «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» (бұдан әрі – «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заң) заңдарына сәйкес әзірленді және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі – ІІМ) әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау тәртібін айқындайды.
Тарау 2. 2-тарау. ІІМ әскери оқу орындарына қабылдау тәртібі
2-тарау. ІІМ әскери оқу орындарына қабылдау тәртібі
Тармақ 1. 1-параграф. ІІМ әскери оқу орындарына оқуға кандидаттарды іріктеу тәртібі
1-параграф. ІІМ әскери оқу орындарына оқуға кандидаттарды іріктеу тәртібі
Тармақ 2
2. Әскери оқу орындарына «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңның 38, 39-бабының талаптарына сәйкес келетін Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.
Тармақ 3
3. Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығы оқуға қабылдау жылына дейінгі жылдың 1 желтоқсанына дейін Ұлттық ұланның әскери бөлімдеріне (бұдан әрі – әскери бөлімдер) кандидаттарды ІІМ әскери оқу орындарына оқуға жолдау жоспарын жасайды.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы ІІМ бөліністері, әскери бөлімдері қабылдау жоспарының негізінде кәсіби бейімдеу жұмысын жүргізеді және оған:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 2 қарашадағы № 758 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары мен Мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидалары және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережеге (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21580 болып тіркелген) және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 16 қазандағы № 717 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында әскери-дәрігерлік сараптама өткізу қағидаларына және әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережеге (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімдемесінде 2020 жылғы 21 қазандағы № 21469 болып тіркелген) (бұдан әрі – ӘДС қағидалары) сәйкес алдын ала медициналық тексеру;
Тармақша 2
2) оқуға түсетін кандидаттарды іріктеу және тұрғылықты жері бойынша тексеру, сондай-ақ міндетті арнайы тексеру кіреді.
Тармақ 5
5. Кәсіби бейімдеу жұмысының қорытындылары бойынша оқуға түсетін кандидаттардың оқу істері қалыптастырылады.
Полиция департаментінің, әскери бөлімнің кадр қызметі кандидаттардың қалыптастырылған оқу істерін ІІМ әскери оқу орындарына оқуға түсетін жылдың 20 шілдесіне дейін жібереді.
Тікелей әскери оқу орнына өтініш жасаған кандидаттың оқуға түсуге арналған оқу ісін (оның ішінде электрондық форматта) әскери оқу орнының кадр қызметі оқуға түсетін жылдың 20 шілдесіне дейін қалыптастырады.
Тармақ 2. 2-параграф. ІІМ әскери оқу орындарына қабылдау үшін құжаттарды ұсыну тәртібі
2-параграф. ІІМ әскери оқу орындарына қабылдау үшін құжаттарды ұсыну тәртібі
Тармақ 6
6. Әскери қызметшілер қатарынан кандидаттар оқуға түсетін жылдың 1 маусымына дейін әскери атағын, тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда), туған күнін, атқаратын лауазымын, білім деңгейін, әскери оқу орнының және мамандықтың атауын көрсете отырып, әскери бөлім командирінің (бастықтың) атына баянатпен өтініш жасайды.
Әскери бөлімнің командирі (бастық) кандидаттың баянаты негізінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес кандидаттардың әскери оқу орындарына түсу үшін ұсынатын құжаттардың тізбесінде көрсетілген құжаттарды жинауын және кешенді тестілеуді тапсыруын қамтамасыз етеді.
Тармақ 6-1
6-1. Әскерге шақыру бойынша мерзімді әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген және мерзімді әскери қызмет аяқталған сәттен бастап бір жылдан кешіктірмей ІІМ-нің әскери оқу орындарына түсуге ниет білдірген және оқуға түсетін жылы жиырма төрт жасқа толмаған («Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңның 39-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес) азаматтар қабылдау жылының 1 маусымына дейінгі мерзімде ішкі істер органдарының (бұдан әрі – ІІО) аумақтық бөлінісі, ІІМ-нің әскери оқу орны басшысының немесе тұрғылықты жері бойынша әскери бөлім командирінің атына өтінішпен жүгінеді.
ІІО аумақтық бөлінісінің, ІІМ әскери оқу орнының басшысы немесе әскери бөлімнің командирі Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына міндетті арнайы тексеру жүргізу, сондай-ақ ӘДС қағидаларына сәйкес кандидаттың алдын ала медициналық куәландырудан өтуі бойынша материалдар ұсыну жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.
Міндетті арнайы тексеруден өткен, денсаулық жағдайы бойынша оқуға жарамды азаматтар қабылдау жылының 20 шілдесіне дейін осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген құжаттарды тапсыру және түпкілікті медициналық куәландырудан өту үшін ІІМ-нің әскери оқу орнына келеді.
ІІМ-нің әскери оқу орнына қабылдау жыл сайынғы қабылдау жоспарының 20%-нан аспайтын мөлшерде Ұлттық ұланның әскери бөлімдерінде мерзімді әскери қызмет өткеру кезінде жүргізілген конкурстық іріктеудің нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. ІІМ әскери оқу орындарына түсуге ниет білдірген әскери қызметте немесе құқық қорғау органдарында қызметте тұрмайтын адамдар еркін нысанда ІІО аумақтық бөліністерінің, тұрғылықты жері бойынша әскери бөлімдердің немесе ІІМ әскери оқу орындарының кадр қызметтеріне өтініш береді.
ІІМ әскери оқу орнының ресми интернет-ресурсы арқылы электронды форматта өтініш беруге рұқсат етіледі.
Өтінішке осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ІІМ әскери оқу орындарына оқуға түсу үшін кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесінде көрсетілген құжаттар (қағаз немесе электронды форматта) қоса беріледі.
Тармақ 7-1
7-1. Мерзімді әскери қызмет өткерген және мерзімді әскери қызмет аяқталған сәттен бастап бір жылдан кешіктірмей ІІМ-нің әскери оқу орнына түсуге ниет білдірген адамдарды қоспағанда, әскери қызметшілер мен әскери қызметте тұрмаған азаматтар қатарынан кандидаттар «Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15173 болып тіркелген) бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларына сәйкес әскери қызмет өткеру орны (тұрғылықты жері) бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуді (бұдан әрі - ҰБТ) өткізу пункттерінде немесе базалық жоғары оқу орындарында екі блок бойынша ҰБТ тапсырады:
1 блок – Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық және оқу сауаттылығы (оқу тілі); 2 блок – екі бейіндік пән, кандидат оларды осы Қағидаларға 1-1- қосымшаға сәйкес ІІМ әскери, арнаулы оқу орындары білім беру бағдарламаларының тізбесіне (бұдан әрі - Білім беру бағдарламаларының тізбесі) сәйкес мамандығына қарай өзі таңдайды.
Тармақ 3. 3-параграф. ІІМ әскери оқу орындарына қабылдау тәртібі
3-параграф. ІІМ әскери оқу орындарына қабылдау тәртібі
Тармақ 8
8. Әскери оқу орындарына оқуға кандидаттарды қабылдау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұлан бас қолбасшысының бұйрығымен бекітілген жинақтау жоспарына сәйкес жүзеге асырылады және конкурстық негізде 4 кезеңде жүргізіледі:
1-кезең – ӘДС қағидаларына сәйкес оқуға кандидаттарды түпкілікті медициналық куәландыру;
2-кезең – кәсіби және психологиялық іріктеу;
3-кезең – кандидаттарды дене шынықтыру көрсеткіштері бойынша іріктеу;
4-кезең – конкурстық іріктеу және әскери оқу орнына қабылдау.
Тармақ 9
9. Кандидаттарды конкурстық іріктеуден өткізу үшін жыл сайын 1 маусымға дейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары - Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының бұйрығымен: қабылдау комиссиясының, кандидаттарды түпкілікті медициналық куәландыру комиссиясының, кандидаттардың дене шынықтыру дайындығын тексеру және кәсіби-психологиялық іріктеу жөніндегі комиссияның, апелляциялық комиссияның, техникалық топтың құрамдары бекітіледі.
Тармақ 10
10. Қабылдау комиссиясы мүшелерінің жалпы саны тақ саннан тұрады. Комиссияны төраға басқарады.
Қабылдау комиссиясының құрамына: тәрбие және кадр құрылымдарының, заң және медицина қызметтерінің өкілдері, әскери психолог кіреді.
Қабылдау комиссиясының шешімі қабылдау комиссиясы мүшелерінің кемінде үштен екісі болған кезде қарапайым көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыс тең болған жағдайда қабылдау комиссиясы төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Қабылдау комиссиясының төрағасы болып әскери оқу орнының бастығы немесе әскери оқу орындарына жетекшілік ететін Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығы құрылымдық бөлінісінің өкілі тағайындалады.
Қабылдау комиссиясының хатшысына қабылдау комиссиясына жүктелген функцияларды іске асыру бойынша құжаттарды, қабылдау комиссиясының отырыстарына материалдарды, оның жұмысы туралы есебінің жобасын әзірлеу жүктеледі.
Қабылдау комиссиясы:
Тармақша 1
1) кандидаттардың оқу істерін қарауды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) түпкілікті медициналық куәландыруды жүргізеді, дене шынықтыруының көрсеткіштері бойынша іріктейді;
Тармақша 3
3) конкурстық тізімдерді және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қабылдау комиссиясының кандидаттарды курсанттар қатарына қабылдау туралы хаттамасын дайындайды;
Тармақша 4
4)кандидаттармен әңгімелесу жүргізеді;
Тармақша 5
5) конкурстық іріктеу қорытындылары бойынша кандидаттарды курсанттар қатарына қабылдау немесе бас тарту туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 6
6) кандидаттарды қабылдау қорытындыларына талдау және осы жұмысты одан әрі жетілдіру бойынша шаралар әзірлеуді жүргізеді;
Тармақша 7
7) оқуға қабылдау мәселелері бойынша арыздар мен шағымдарды қарайды.
Қабылдау комиссиясы жауапты хатшысының дауыс беруге құқығы жоқ.
Қабылдау комиссиясының отырыстары қабылдау комиссиясының төрағасы бекіткен жұмыс жоспарына сәйкес өткізіледі, хаттамамен ресімделеді.
Тармақ 11
11. Кандидаттарды кәсіби-психологиялық іріктеуді әскери оқу орнының мамандары ұйымдастырады.
Тексеру нәтижелері бойынша «Оқуға ұсынылады» немесе «Оқуға ұсынылмайды» деген шешім шығарылады.
Тармақ 12
12. 1 және 2-кезеңнен өтпеген кандидаттар 3-кезеңге жіберілмейді.
Тармақ 13
13. Кандидаттарды дене шынықтыруының көрсеткіштері бойынша тексеруді әскери оқу орнының дене шынықтыру дайындығы және спорт кафедрасы ұйымдастырады және өткізеді.
Тармақ 14
14. Кандидаттарды дене шынықтыруының көрсеткіштері бойынша іріктеу осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес ІІМ әскери оқу орындарына кандидаттарға арналған дене шынықтыру даярлығы және балдарды есептеуді бағалау бойынша нормативтерге (бұдан әрі – дене шықытыру даярлығы бойынша нормативтер) сәйкес өткізіледі және спорттық жаттығуларды орындау нәтижелері бағаланады:
Тармақ 15
15. Дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтер кандидаттардың мынадай жаттығу түрлерін орындауын көздейді:
100 метрге жүгіру;
3000 метрге жүгіру (кросс);
белтемірге тартылу.
Тармақ 16
16. Спорттық жаттығуларды орындау шарттары:
100 және 3000 метрге жүгіру стадионның жүгіру жолында немесе кез-келген тегіс жерде жүргізіледі;
белтемірге тартылу жоғарыдан ұстап асылып тұрып, қолдарын түзу қойып қозғалыссыз (иек белтемір деңгейінен жоғары) қалыпта тартылып (кідіріс 1-2 сек.), аяқтар қосылған күйі жұлқусыз және сермеусіз орындалады.
Тармақ 17
17. Дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтердің мазмұны мен спорттық жаттығуларды орындау шарттары кандидаттардың назарына дене шынықтыру даярлығы бойынша іріктеу басталғанға дейін 24 сағаттан кешіктірілмей жеткізіледі.
Тармақ 18
18. Дене шынықтыру нормативтерін тапсыру алдында кандидаттардың дене шынықтыру дайындығын тексеру бойынша комиссия мүшелері кандидаттарды қауіпсіздік техникасымен қол қойғыза отырып, таныстырады.
Тармақ 19
19. Дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерге енгізілген жаттығулардың барлық түрлерін кандидаттар мынадай реттілікпен екі күнтізбелік күн ішінде орындайды: 100 метрге жүгіру, белтемірге тартылу, 3000 метрге жүгіру.
Тармақ 20
20. Әрбір спорттық жаттығуды тапсыру нәтижелерін кандидаттардың дене шынықтыру даярлығын тексеру жөніндегі комиссия мүшелері осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес спорттық жаттығулардың жекелеген түрлерін тапсыру жөніндегі жеке ведомоске тіркейді және кандидатқа қол қойғыза отырып жеткізеді. Жаттығуларды орындау нәтижелерін тіркеген соң, қайта тапсыруға жол берілмейді.
Тармақ 21
21. Спорттық нормативтерді орындау нәтижелері, сондай-ақ дене шынықтыру даярлығы бойынша орташа балл бір сағат ішінде кандидаттардың назарына жеткізіледі және ақпараттық стендке ілінеді.
Тармақ 22
22. Егер кандидат 3 жаттығудың қосындысы бойынша кемінде орташа 20 балл жинаса, бұл ретте кемінде 20 балл нәтижесі бар бір жаттығуды орындауға рұқсат беріледі, әскери оқу орындарына кандидаттарға арналған дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтер тапсырылған болып есептеледі.
Тармақ 23
23. Спорттық жаттығулардың жекелеген түрлерін тапсыру жөніндегі ведомостердегі деректердің негізінде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жиынтық ведомость толтырылады, ол ІІМ әскери оқу орнының қабылдау комиссиясына ұсынылады.
Жиынтық ведомосте кандидаттың дене шынықтыру даярлығы бойынша сынақты тапсырғаны-тапсырмағаны туралы қорытынды жазылады және бір сағат ішінде аталған мәліметтер кандидаттың назарына жеткізіледі және ақпараттық стендке ілінеді.
Тармақ 24
24. Дене шынықтыру даярлығы бойынша сынақ нәтижелерімен келіспеген кандидат апелляцияға өтініш береді.
Дене шынықтыру даярлығы бойынша сынақ нәтижелерімен байланысты мәселелерді қарауға арналған апелляциялық комиссияның құрамы ІІМ әскери оқу орны бастығының бұйрығымен бекітіледі.
Тармақ 25
25. Апелляцияға өтінішті апелляциялық комиссияға кандидаттың өзі нәтижелер жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін ұсынады және апелляциялық комиссия оны бір тәулік ішінде қарайды. Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаты болуы қажет.
Тармақ 26
26. Кандидаттың өтінішін қарау нәтижелері бойынша қанағаттанарлықсыз деген баға алған жағдайда бір дене шынықтыру жаттығуын қайта тапсыруға рұқсат етіледі.
Тармақ 27
27. Апелляциялық комиссияның шешімі комиссия құрамының көпшілік дауысымен қабылданады. Апелляциялық комиссияның жұмысы осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хаттамамен ресімделеді, оған төраға және комиссия мүшелерінің барлығы қол қояды. Апелляциялық комиссия шешімінің нәтижелері бойынша кандидатқа апелляциялық комиссия отырысының хаттамасынан үзінді көшірме беріледі.
Тармақ 4. 4-параграф. ІІМ әскери оқу орындарының курсанттары қатарына қабылдау тәртібі
4-параграф. ІІМ әскери оқу орындарының курсанттары қатарына қабылдау тәртібі
Тармақ 28
28. Қабылдау комиссиясы конкурстық іріктеудің қорытындылары бойынша кандидаттың рейтингі негізінде оқуға қабылдау немесе одан бас тарту туралы шешім шығарады және сол күні кандидаттарға жарияланады. Кандидаттың рейтингі ҰБТ балдарын және дене шынықтыру даярлығы бойынша орташа балдарын қосу арқылы айқындалады. ІІМ әскери оқу орындарына ҰБТ қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 25 тамыздағы № 443 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33345 болып тіркелген) бекітілген «Бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидаларымен (бұдан әрі – Білім беру грантын беру қағидалары) белгіленген шекті деңгейдегі балдан жоғары балл жинаған кандидаттар қабылданады.
Тармақ 29
29. Әскери оқу орындарына қабылдауға конкурс өткізу кезінде тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларына сәйкес конкурстық іріктеудің барлық кезеңдерінен сәтті өткен жағдайда:
жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың;
кемінде екі жыл кезең ішінде жас сарбаз, жас айбын ретінде әскерге дейінгі даярлықтан өткен азаматтар;
теріс себептер бойынша қызметтен босатылған әскери қызметшілерді қоспағанда, қызмет өтілі кемінде он бес жыл әскери қызметшілердің, сондай-ақ, жиырма және одан да көп жыл қызмет өтілімен әскери қызметтен босатылған әскери қызметшілердің балаларының;
әскери қызмет өткеру кезінде қаза болған, хабарсыз кеткен немесе әскери қызмет өткеру кезеңінде мүгедектік алған әскери қызметшілердің балаларының;
«Алтын белгі» белгісімен марапатталған адамдардың;
тізбесін білім беру саласындағы уəкілетті орган айқындайтын, соңғы үш жылда жалпы білім беретін пəндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылардың республикалық жəне халықаралық конкурстарының жəне спорттық жарыстардың бірінші - үшінші дəрежелі дипломдармен наградталған жеңімпаздарының, өздері таңдаған мамандық олимпиаданың немесе конкурстың пəніне сəйкес келген жағдайда, ағымдағы жылы жалпы білім беретін пəндер бойынша президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының бірінші - үшінші дəрежелі дипломдарымен наградталған жеңімпаздарының басым құқығы бар.
Тармақ 30
30. Қабылдау комиссиясының оқуға қабылдау туралы шешімінің негізінде әскери оқу орнының бастығы әскери оқу орны курсанттарының тізіміне қабылдау туралы бұйрық шығарады.
Тармақ 31
31. Әскери оқу орнына оқуға қабылданған кандидат Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру ережелерінің 12-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әскери оқу орнының бастығымен әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасайды.
Тармақ 32
32. Оқуға қабылданған күні 18 жасқа толмаған әскери оқу орнына оқуға қабылданған оқуға түсуші заңды өкілдерінің келісімімен әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасайды.
Тармақ 33
33. Шетел мемлекетінің әскери оқу орнына оқуға жіберу немесе әскери оқу орны курсанттарының тізіміне қабылдау туралы бұйрықтан үзінді көшірме шетел мемлекетінің әскери оқу орнына түскен адамдарға шетел мемлекеті әскери оқу орны бастығының қарамағына жіберу үшін негіздеме болып табылады.
Тармақ 34
34. Оқуға қабылдау (жолдау) туралы бұйрықтан үзінді көшірме он жұмыс күні ішінде қорғаныс істері жөніндегі департаменттерге, полиция департаменттеріне және әскери бөлімдерге жолданады.
Тармақ 35
35. Ішкі істер органдарының қызметкерлері және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілері қатарынан оқуға түсуге ниет білдірген, курсанттар қатарына қабылданбаған адамдар қызмет атқару орындарына қайта оралады.
Тармақ 36
36. Әскери оқу орындары қабылдау жүргізген соң он күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшылығының Кадр және әскери білім басқармасына және ІІМ кадр қызметіне қабылдауды ұйымдастыру және жүргізу бойынша ақпаратты, сондай-ақ курсанттарды қабылдау туралы бұйрықтардың көшірмелерін ұсынады.
Тарау 3. 3-тарау. ІІМ арнаулы оқу орындарына қабылдау тәртібі
3-тарау. ІІМ арнаулы оқу орындарына қабылдау тәртібі
Тармақ 1. 1-параграф. ІІМ арнаулы оқу орындарына оқуға кандидаттарды іріктеу тәртібі
1-параграф. ІІМ арнаулы оқу орындарына оқуға кандидаттарды іріктеу тәртібі
Тармақ 37
37. ІІМ арнаулы оқу орындарына күндізгі оқу нысаны бойынша орта білімі бар, он алты жасқа толған, жеке, моральдық, іскерлік, кәсіби қасиеттері, денсаулығы мен дене шынықтыру, білім деңгейі бойынша оларға жүктелген лауазымдық міндеттерді орындауға қабілетті Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.
ІІМ арнаулы оқу орындарына күндізгі оқу нысаны бойынша оқуға түсетін жылы жиырма төрт жасқа толмаған мерзімді әскери қызметтен шығарылған күннен бастап бір жыл ішінде мерзімді қызметтегі әскери қызметшілері қабылданады.
ІІМ арнаулы оқу орындарына қысқартылған оқу мерзімімен білім беру бағдарламалары бойынша күндізгі оқуға «Құқық», «Құқықтану» мамандықтары бойынша жоғары білімі бар адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының жоғары білімі бар азаматтары қабылданады.
ІІМ арнаулы оқу орындарына қысқартылған оқу мерзімімен білім беру бағдарламалары бойынша қашықтан оқытуға «Құқық», «Құқықтану» мамандықтары бойынша жоғары білімі бар адамдарды қоспағанда, техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі бар ішкі істер органдарының қызметкерлері және әскери қызметшілері қабылданады.
Тармақ 38
38. ІІМ арнаулы оқу орындары осы Қағидаларға 1-1-қосымшада көрсетілген Білім беру бағдарламалары тізбесіне сәйкес кадрлар даярлауды жүзеге асырады.
Тармақ 39
39. ІІМ арнаулы оқу орындарына оқуға түсуге ниет білдірген азаматтар арнаулы оқу орындарының не болмаса тұрғылықты жері бойынша аумақтық ІІО-ның кадр қызметтеріне еркін нысанда өтініш береді.
ІІМ арнаулы оқу орындарының ресми интернет-ресурсы арқылы электронды форматта өтініш беруге жол беріледі.
Өтінішке (қағаз немесе электронды форматта):
Тармақша 1
1) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электронды құжат (сәйкестендіру үшін);
Тармақша 2
2) фотосуреттер (бас киімсіз, өлшемі 3,5х4,5 см алты фотосурет, өлшемі 10х12 см бір фотосурет);
Тармақша 3
3) өз қолымен толтырылған өмірбаян;
Тармақша 4
4) білімі туралы аттестатының немесе дипломының көшірмесі;
Тармақша 5
5) мерзімді әскери қызмет өткерген адамдар қабылдау комиссиясына ұсыным (комиссияның конкурстық іріктеуден өткені туралы қорытындысы).
Тармақ 40
40. ІІМ кадр қызметі ІІО аумақтық бөліністері үшін кандидаттарды ІІМ арнаулы оқу орындарына оқуға жіберу бойынша жоспар әзірлейді беріледі.
Тармақ 41
41. Жоспар бекітілгеннен кейін ІІМ бөліністері:
Тармақша 1
1) бұқаралық ақпарат құралдарында, ресми интернет-ресурста ІІМ арнаулы оқу орындарына қабылдау шарттары туралы хабарландыру орналастыруды ұйымдастырады;
Тармақша 2
2) кәсіби бағдар беру, тұрғылықты жері бойынша оқуға кандидаттарды іріктеу және тексеру бойынша жұмыс жүргізеді.
Тармақ 42
42. Оқуға кандидаттар, оның ішінде мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер қызметке жарамдылығын анықтау үшін медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, оның ішінде полиграфологиялық зерттеуден, сондай-ақ міндетті арнайы тексеруден өтеді.
Тармақ 43
43. Аумақтық ІІО-ның бөліністерінің кадр қызметтері кандидаттардың оқуға қалыптастырылған жеке істерін оқуға түсетін жылдың 1 шілдесіне дейін ІІМ арнаулы оқу орындарына жолдайды.
Тікелей арнаулы оқу орнына өтінішпен жүгінген оқуға кандидаттың (сондай-ақ электронды форматта) жеке ісін арнаулы оқу орынның кадр қызметі оқуға түсетін жылдың 1 шілдесіне дейін қалыптастырады.
Тармақ 44
44. Аумақтық ІІО және ІІМ арнаулы оқу орындарының кадр қызметтері кандидаттарға ІІМ арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау мерзімдері туралы хабарлайды.
Тармақ 45
45. Қысқартылған оқу мерзімімен білім беру бағдарламалары бойынша қашықтықтан оқытуға кандидаттың жұмыс орны бойынша кадр қызметі оқу істерін қалыптастырады және оқуға түсетін жылдың 1 шілдесіне дейін ІІМ-нің арнаулы оқу орнына жібереді.
Оқу істерінде:
Тармақша 1
1) қызметкердің баянаты (еркін нысанда);
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 13 наурыздағы № 211 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20123 болып тіркелген) бекітілген Ішкі істер органдарына қабылданатын адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу қағидалары және одан өту шарттары, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздеріне 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы;
Тармақша 3
3) оқуға жіберу туралы ұсынымы бар қызметтік мінездеме (еркін нысанда);
Тармақша 4
4) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электронды құжат (сәйкестендіру үшін);
Тармақша 5
5) білім туралы құжаттың көшірмесі;
Тармақша 6
6) ҰБТ сертификаты (техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кандидаттарға);
Тармақша 7
7) өлшемі 3х4 см алты фотосурет болуы қажет.
Тармақ 2. 2-параграф. ІІМ-нің арнаулы оқу орындарына қабылдауды ұйымдастыру
2-параграф. ІІМ-нің арнаулы оқу орындарына қабылдауды ұйымдастыру
Тармақ 46
46. ІІМ арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдауды ұйымдастыруды арнаулы оқу орнының қабылдау комиссиясы (бұдан әрі - қабылдау комиссиясы) жүзеге асырады.
Қабылдау комиссиясының құрамы арнаулы оқу орны бастығының бұйрығымен бекітіледі және арнаулы оқу орындарының, ПД, ҚАЖД қызметкерлері қатарынан қалыптастырылады. Мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бақылаушы ретінде қатыса алады. ІІМ құрылымдық бөліністерінің өкілдері ІІМ басшылығының тапсырмасы бойынша бақылаушы ретінде қатыса алады.
Қабылдау комиссиясы мүшелерінің жалпы саны тақ саннан тұрады. Комиссияны төраға басқарады.
Қабылдау комиссиясының төрағасы ІІМ арнаулы оқу орнының бастығы болып табылады.
Қабылдау комиссиясының төрағасы қабылдау комиссиясының қызметіне басшылық етеді, оның мүшелерінің өкілеттігін белгілейді және осы комиссияның жұмыс жоспарын бекітеді.
Қабылдау комиссиясының хатшысы «Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының басшы лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 13 наурыздағы № 210 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20138 болып тіркелген) арнаулы оқу орнының құрылымдық бөліністерінің басшы құрамы қатарынан тағайындалады, оған қабылдау комиссиясына жүктелген функцияларды іске асыру бойынша құжаттарды, отырыстарға материалдарды, сондай-ақ олардың жұмысы туралы есеп жобасын әзірлеу жүктеледі.
Қабылдау комиссиясы хатшысының орынбасары және техникалық топтың техникалық хатшылары оқуға түсетін кандидаттардың жеке және оқу істерін ресімдеу және өңдеу үшін тағайындалады.
Қабылдау комиссиясының шешімі қабылдау комиссиясы мүшелерінің кемінде үштен екісі болған кезде қарапайым көпшілік дауыспен қабылданады.
Дауыстар тең болған жағдайда қабылдау комиссиясы төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Қабылдау комиссиясы:
Тармақша 1
1) кандидаттардың жеке істерін қарауды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) түпкілікті медициналық куәландыруды жүргізеді, кандидаттардың дене шынықтыру даярлығын тексереді;
Тармақша 3
3) конкурстық тізімдерді және кандидаттарды курсанттар қатарына тіркеу туралы қабылдау комиссиясының хаттамасын осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дайындайды;
Тармақша 4
4) конкурстық іріктеу жүргізеді;
Тармақша 5
5) конкурстық іріктеу қорытындылары бойынша курсанттар қатарына қабылдау немесе қабылдаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 6
6) кандидаттарды қабылдау қорытындыларына талдау жасайды және осы жұмысты одан әрі жетілдіру бойынша шаралар әзірлейді;
Тармақша 7
7) оқуға қабылдау мәселелері бойынша шағымдар мен өтініштерді қарайды.
Тармақ 47
47. Қабылдау комиссиясының қызметі жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. Қабылдау комиссиясының отырысы қабылдау комиссиясы төрағасының шешімі бойынша өткізіледі.
Тармақ 48
Тармақ 49
49. Кандидаттармен ІІМ арнаулы оқу орындарына азаматтар қатарынан оқуға қысқартылған мерзіммен білім беру бағдарламалары бойынша күндізгі оқуға медициналық куәландырудан, дене шынықтыру даярлығын тексеру және әңгімелесуден тұратын кәсіптік іріктеу жүргізіледі.
Қысқартылған оқу мерзімімен білім беру бағдарламалары бойынша қашықтан оқытуға кандидаттар әңгімелесуден өтеді.
Әңгімелесу ішкі істер органдарының қызметін регламенттейтін қолданыстағы заңнаманы білуін тексеру үшін өткізіледі.
Қызметтегі ІІО қызметкерлері қатарынан оқуға кандидаттар медициналық куәландырудан және дене шынықтыру дайындығын тексеруден босатылады.
Тармақ 50
50. Кандидаттарды қабылдау үшін қабылдау комиссиясы төрағасының бұйрығымен:
Тармақша 1
1) штаттық емес уақытша жұмыс істейтін әскери-дәрігерлік комиссия;
Тармақша 2
2) кандидаттардың дене шынықтыру дайындығын тексеру жөніндегі комиссия;
Тармақша 3
3) апелляциялық комиссия;
Тармақша 4
4) техникалық топ құрылады.
Штаттық емес уақытша жұмыс істейтін әскери-дәрігерлік комиссия Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 2 қарашадағы № 758 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21580 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ереженің 3-тарауына сәйкес кандидаттарды түпкілікті медициналық куәландыру үшін ІІМ арнаулы оқу орны медициналық бөлімі бастығының төрағалық етуімен құрылады.
Дене шынықтыру дайындығын тексеру жөніндегі комиссия кандидаттарды дене шынықтыру көрсеткіштері бойынша іріктеуді ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру үшін құрылады. Комиссия құрамына ІІМ арнаулы оқу орнының қызметкерлері, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің өкілдері кіреді.
Апелляциялық комиссия кандидаттарды дене шынықтыру көрсеткіштері бойынша іріктеу қорытындылары бойынша азаматтардың арыздарын қарау үшін құрылады.
Техникалық топ кандидаттардың жеке және оқу істерін қабылдау және өңдеу бойынша іс-шараларды жүзеге асыру үшін құрылады.
Тармақ 51
51. Қабылдау тәртібі туралы ақпарат, сондай-ақ қабылдауды ұйымдастыру және өткізу бойынша қабылдау комиссияларының шешімдері, қабылдау мерзімдері ІІМ арнаулы оқу орындарының интернет-ресурстарында орналастырылады және кандидаттарға уақтылы жеткізіледі.
Тармақ 3. 3-параграф. ІІМ арнаулы оқу орындарына кандидаттарды
дене шынықтыру көрсеткіштері бойынша іріктеу
3-параграф. ІІМ арнаулы оқу орындарына кандидаттарды
дене шынықтыру көрсеткіштері бойынша іріктеу
Тармақ 52
52. Кандидаттарды дене шынықтыру көрсеткіштері бойынша іріктеу және дене шынықтыру жаттығуларын орындау нәтижелерін бағалау осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес ІІМ арнаулы оқу орындарына түсушілерге арналған дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерге (бұдан әрі – дене шынықтыру даярлығы нормативтері) сәйкес жүргізіледі.
«Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері», «Қазақстан Республикасының спорт шебері» спорттық біліктілігі бар және ІІМ арнаулы оқу орнының қабылдау комиссиясына оны растайтын құжаттар ұсынған кандидаттар дене шынықтыру бойынша іріктеуден босатылады.
Кандидаттардың дене шынықтыру көрсеткіштері бойынша іріктеу кезінде кандидаттарды старттық нөмірлерді беру жолымен шифрлеу қолданылады.
Тармақ 53
53. Дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтер кандидаттардың мынадай спорттық жаттығу түрлерін орындауын көздейді:
100 метрге жүгіру (ұлдар, қыздар);
1000 (кросс) метрге жүгіру (қыздар);
биік белтемірге тартылу (ұлдар);
1 минут ішінде арқаға жатып денені көтеру (қыздар).
Тармақ 54
54. Спорттық жаттығуларды орындау шарттары: 100, 1000 метрге жүгіру стадионның жүгіру жолында немесе кез келген тегіс жерде өткізіледі;
биік белтемірге тартылу бастапқы орнынан тартылған қалпы жоғарыдан ұстап (бас бармақ астыңғы жақта) жерге аяғын тигізбей орындалады. Иегін бел темірден асырып, әрбір орындау кезінде қозғалмайтын қалыпта, тартылған қалпы қолдары түзу, аяқтарын жұлқымай және серіппей орындаған кезінде жаттығу орындалды деп есептеледі. Тартылып тұру қалпында орнынан 5 секундтан артық тоқтауға (демалуға) және тартылуды шайқалудан бастауға жол берілмейді;
денені көтеру арқада жатқан бастапқы қалпынан, қолдың иығына немесе бекітпеге жатып, тізеге шынтағымен жанасқанға дейін (аяқтарды елеусіз бүгуге рұқсат етіледі) дененің алға еңкеюімен, бастапқы қалыпқа оралған кезде тірекке жауырынмен жанасу қажет. Жаттығу 1 минут ішінде тоқтаусыз орындалады.
Жаттығуды орындауды бұзған жағдайда «саналмасын» командасы беріледі. Егер жаттығу үш реттен артық қате орындалса, кандидат жаттығуды орындаудан шығарылады.
Тармақ 55
55. Дене шынықтыру нормативтерінің мазмұны және спорттық жаттығуларды орындау шарты кандидаттың назарына дене шынықтыру көрсеткіштері бойынша іріктеу басталардын кемінде 24 сағат бұрын жеткізіледі.
Тармақ 56
56. Дене шынықтыру нормативтерін тапсырар алдында кандидаттардың дене шынықтыру дайындығын тексеру жөніндегі комиссия мүшелері кандидаттарды қауіпсіздік техникасымен қол қойғыза отырып, таныстырады.
Тармақ 57
57. Дене шынықтыру даярлығы нормативтеріне сәйкес енгізілген спорттық жаттығулардың әрбір түрі жеке тапсырылады. Бір күнде екі жаттығудан артық орындауға рұқсат етілмейді, бұл ретте кросс 1000 метрге жүгіру келесі күні басқа жаттығулардан бөлек орындалады.
Тармақ 58
58. Биік бел темірден тартылу, арқаға жатып денені көтеру және 100 метрге жүгіру бойынша дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерін орындау үшін біруақытта 3 кандидатқа дейін қатыса алады. 1000 метрге жүгіруге (кросс) бір уақытта кемінде 10 адамға дейін қатыса алады.
Тармақ 59
59. Дене шынықтыру көрсеткіштері бойынша іріктеу нәтижелері ұлдар және қыздар үшін бөлек бағаланады.
Тармақ 60
60. Кандидаттардың дене шынықтыру дайындығын тексеру жөніндегі комиссия мүшелері әрбір спорттық жаттығуды тапсыру нәтижелерін жеке ведомосте белгілейді және кандидаттың назарына қол қойғыза отырып, жеткізіледі. Жаттығуларды орындау нәтижелері белгіленгеннен кейін қайта тапсыруға жол берілмейді.
Тармақ 61
61. Осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша спорттық жаттығулардың жекелеген түрлерін тапсыру жөніндегі жеке ведомостегі деректердің негізінде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нормативтерді орындаудың жиынтық ведомосі толтырылады, ол ІІМ арнаулы оқу орнының қабылдау комиссиясына ұсынылады.
Жиынтық ведомосте кандидаттың дене шынықтыру дайындығы бойынша сынақты тапсырғаны-тапсырмағаны туралы қорытынды жазылады және бір сағат ішінде аталған мәліметтер кандидаттың назарына жеткізіледі және ақпараттық стендке ілінеді.
Тармақ 62
62. Дене шынықтыру дайындығы бойынша сынақ нәтижелерімен келіспеген кандидат апелляцияға шағым бере алады.
Дене шынықтыру дайындығы бойынша сынақ нәтижесімен байланысты мәселелерді қарау үшін апелляциялық комиссияның құрамы ІІМ арнаулы оқу орны бастығының бұйрығымен бекітіледі.
Тармақ 63
63. Кандидаттар дене шынықтыру даярлығы бойынша нәтижелерді хабарлағаннан кейін келесі күні сағат 13.00–ге дейін апелляцияға арызды өзі береді және оны апелляциялық комиссия бір тәулік ішінде қарайды. Арыз берушінің өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты болуы тиіс.
Тармақ 64
64. Кандидаттың өтінішін қарау нәтижелері бойынша қанағаттанарлықсыз деген баға алған жағдайда бір дене шынықтыру жаттығуын қайта тапсыруға жол беріледі.
Тармақ 65
65. Апелляциялық комиссияның шешімі комиссияның тізімдік құрамының көпшілік дауысымен қабылданады. Комиссия жұмысы хаттамамен ресімделеді, оған төраға және комиссия мүшелерінің барлығы қол қояды. Апелляциялық комиссия шешімінің нәтижелері бойынша талапкерге апелляциялық комиссия отырысының хаттамасынан үзінді көшірме беріледі.
Тармақ 4. 4-параграф. ІІМ арнаулы оқу орындарына қабылдау
4-параграф. ІІМ арнаулы оқу орындарына қабылдау
Тармақ 66
66. ІІМ арнаулы оқу орындарына қабылдау медициналық, дене шынықтыру және кәсіби көрсеткiштері бойынша іріктеу қорытындыларын ескере отырып, ҰБТ қорытындылары бойынша сертификат балдарына сәйкес конкурс бойынша жүргiзiледi.
ІІМ арнаулы оқу орындарына мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді қабылдау Ұлттық ұланның әскери бөлімдерінде конкурстық іріктеудің нәтижелері, сондай-ақ медициналық көрсетпелер бойынша жүзеге асырылады.
Қабылдау комиссиясы конкурстық іріктеу қорытындысы бойынша кандидатты курсант қатарына қабылдау немесе қабылдамау туралы шешімді кандидатқа қабылдау комиссиясының отырысында жариялайды.
Тармақ 67
67. ҰБТ нәтижелері бойынша ІІМ арнаулы оқу орындарының курсанттары қатарына қабылдау конкурсына қатысу үшін қажетті балдардың cаны Білім беру грантын беру қағидаларымен белгіленеді.
Тармақ 68
68. Арнаулы оқу орындарына қысқартылған мерзімге оқуға қабылдау кәсіби іріктеу нәтижелері жөніндегі конкурс бойынша жүргізіледі.
Қысқартылған оқу мерзімімен білім беру бағдарламалары бойынша қашықтан оқытуға арнаулы оқу орындарға қабылдау әңгімелесу нәтижелері бойынша конкурс арқылы жүргізіледі.
Тармақ 69
69. ІІМ арнаулы оқу орындарының курсанттары қатарына қабылдау конкурсын өткізу кезінде тiзбесiн бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган айқындайтын жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған), орындаушылардың халықаралық және республикалық конкурстарының және спорттық жарыстардың (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңiмпаздарының, сондай-ақ өздерi таңдаған мамандықтар олимпиаданың, конкурстың немесе спорттық жарыстың пәнiне сәйкес келген жағдайда, жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша ағымдағы оқу жылында президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстары (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған) жеңiмпаздарының басым құқығы бар.
Тармақ 70
70. ІІМ арнаулы оқу орындарына курсанттар қатарына конкурстан тыс қабылданады:
Тармақша 1
1) Білім беру грантын беру қағидаларында кандидаттарға белгіленген талаптар бойынша шекті деңгейдегі балл жинаған, қызметтік міндеттерін орындау кезінде қайтыс болған немесе мүгедектік алған қызметкерлердің балалары;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы қатарында мерзімді әскери қызмет өткерген, Білім беру грантын беру қағидаларында кандидаттарға белгіленген талаптар бойынша шекті деңгейдегі балл жинаған адамдар, бірақ «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес білім саласындағы уәкілетті орган айқындаған жоғары білімді кадрларды даярлаудың жыл сайынғы мемлекеттік тапсырысының 10 % аспайды;
Тармақша 3
3) «Алтын белгі» белгісімен марапатталған адамдар;
Тармақша 4
4) ҰБТ-дан өткен және оның нәтижелері бойынша кемінде 100 балл жинаған адамдар.
Тармақ 70-1
Тармақ 71
71. ҰБТ сертификаттарының балдары бiрдей болған жағдайда оқуға қабылдауға мыналардың:
жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасы азаматтары;
үздік білімі туралы құжаттары (аттестаттары, куәліктері, дипломдары) бар адамдар;
кадеттік оқу орындарының, әскери мектеп-интернаттардың негізгі білім беру бағдарламаларын аяқтағаны туралы не болмаса әскери-патриоттық немесе заңгерлік бағыттағы қосымша білімін растайтын құжаттары бар адамдар;
спорттық дәрежесін, республикалық немесе халықаралық жарыстарда, орындаушылар конкурстарында, жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық, президенттік немесе республикалық олимпиадаларда жүлделі орын алғанын растайтын құжаттары бар адамдар;
жоғары білімді алғаш рет алатын жағдайда ішкі істер органдарының қызметкерлері басым құқыққа ие болады.
Балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда және басым құқығы болмаған жағдайда аттестаттың, куәліктің немесе дипломның орта балдары жоғары адамдар қабылданады.
Балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда және басым құқығы болмаған жағдайда, сондай-ақ аттестаттың, куәліктің немесе дипломның орташа балдары бірдей болған жағдайда бейіндік пәндер бойынша алған балдары ескеріледі.
Тармақ 72
72. Қабылдау комиссиясының оқуға қабылдау туралы шешiмi ІІМ арнаулы оқу орны бастығының бұйрығымен ресiмделедi. Бұйрықтан үзінді жұмыстан қол үзiп оқуға қабылданған адамдарды оқуға iссапарға жіберуге негiз болып табылады.
Тармақ 73
73. Курсанттар қатарына қабылданбаған ішкі істер органдары қызметкерлерінің және Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы әскери қызметшілерінің қатарынан кандидаттар ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы әскери бөлімдерінің қарамағына жіберіледі, олардың жеке (оқу) істері оқуға қабылданбау себептерін көрсете отырып, қайтарылады.
Тармақ 74
74. ІІМ арнаулы оқу орындары ІІМ кадр қызметіне оқуға қабылдауды өткізгеннен кейiн күнтізбелік он күн ішінде оқуға қабылдауды ұйымдастыру және өткiзу бойынша қорытынды есепті, сондай-ақ курсанттарды оқуға қабылдау туралы бұйрықтардың көшiрмелерін ұсынады.
Басқа 1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери оқу орындарына оқуға түсу үшін кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі
Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери оқу орындарына оқуға түсу үшін кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі
Тармақ 1
1. Өтініш (Ұлттық ұлан мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының атына).
Тармақ 2
2. Жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электронды құжат (сәйкестендіру үшін), туу туралы куәлік, әскери билет немесе әскерге шақыру учаскесіне тіркелу туралы куәлік (егер болса), оқуға кандидаттың білімі туралы құжат.
Тармақ 3
3. Үлгерім табелінің көшірмесі немесе сынақ кітапшасының көшірмесі (білім беру ұйымдарындағы оқушылар үшін).
Тармақ 4
4. Сауалнама деректері - 2 дана.
Тармақ 5
5. Өмірбаян (өз қолымен басылған және жазылған) - 2 дана.
Тармақ 6
6. Оқу орнынан мінездеме (қызмет, жұмыс).
Тармақ 7
7. Жеке табыс салығы және мүлік бойынша декларацияны қабылдау туралы анықтама.
Тармақ 8
8. Соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама.
Тармақ 9
9. Жақын туыстарының (ата-аналарының, асырап алушыларының, атаанасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілерінің) жеке куәліктері мен туу туралы куәліктерінің көшірмелері.
Тармақ 10
10. Фотосуреттер 3*4 - 6 дана.
Тармақ 11
11. Әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасасуға заңды өкілдердің нотариалды куәландырылған келісімі (кәмелетке толмаған кандидаттар үшін).
Тармақ 12
12. ҰБТ сертификаты (мерзімді әскери қызмет өткерген және әскери бөлімде конкурстық іріктеуден өткен адамдарды қоспағанда). Мерзімді әскери қызмет өткерген адамдар қабылдау комиссиясына ұсыным (комиссияның конкурстық іріктеуден өткені туралы қорытындысы) ұсынады.
Басқа 1-1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарының білім беру бағдарламаларының тізбесі
Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларына
1-1-қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарының білім беру бағдарламаларының тізбесі
р/с
№
Даярлау бағыттары (білім беру бағдарламаларының топтары)
Білім беру бағдарламалары
Күндізгі оқу
Бейіндік пәндер комбинациясы
1 бейіндік пән
2 бейіндік пән
1-бөлім. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери оқу орындары
1
6В121
Әскери іс
6В12101 Әскери барлаудын командалық тактикасы
«Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15173 болып тіркелген) бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес кез-келген нұсқадағы екі бейіндік пән
"6В12102 Әскери психологияның командалық тактикасы
6В12192 Ұлттық ұланның командалық тактикасы
6В12193 Тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстың командалық тактикасы
6В12194 Әскерлерді инженерлік-техникалық қамтамасыз етудің командалық тактикасы
6В12195 Әскерлерді зымыран артиллериялық қамтамасыз етудің командалық тактикасы
6В12196 Ұлттық ұланды автомобильмен қамтамасыз етудің командалық тактикасы
6В12197 Ұлттық ұланды тылдық қамтамасыз етудің командалық тактикасы
6В12198 Байланыс әскерінің командалық тактикасы
2 бөлім. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнаулы оқу орындары
2
6В123 Қоғамдық қауіпсіздік
6В12301 Құқық қорғау қызметі
"Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15173 болып тіркелген) ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес кез келген вариациядағы (шығармашылық емтиханнан басқа)екі бейіндік пән
6В12302
IT-Ішкі істер органдарының қызметін криминалистикалық қамтамасыз ету
(Цифрлық криминалистика)
6В12303 Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл
6В12304 Ішкі істер органдарының қызметін ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету
6В12305 Ішкі істер органдары қызметіндегі педагогика және психология
Басқа 1.2. Қабылдау комиссиясының кандидаттарды курсанттар қатарына қабылдау туралы
№ ___ хаттамасы
Жоғары білім берудің білім беру
бағдарламаларын іске асырып жатқан
Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігінің әскери, арнаулы оқу
орындарына оқуға қабылдау қағидаларына
2-қосымша
Қабылдау комиссиясының кандидаттарды курсанттар қатарына қабылдау туралы
№ ___ хаттамасы
20__жылғы ___ _____ _______ қаласы
Қабылдау комиссиясының құрамы:
қабылдау комиссиясының төрағасы:
қабылдау комиссиясының мүшелері:
хатшысы:
оқуға кандидаттардың материалдарын қарап, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
№
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Туған жылы
ұлты
білімі
Бітірген жылы
Служба в ОВД, ВС
Результаты приема
Медициналық көрсеткіштер бойынша іріктеу
Кәсіби-психологиялық іріктеу
Дене шынықтыруының көрсеткіштері бойынша іріктеу
ҰБТ/КТ нәтижелері
Жалпы балл
Бейінді пән
Қазақстан тарихы
Математика
Қазақ/орыс тілі
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
Кестенің жалғасы:
Аттестаттың/дипломның орташа балы
Жасақтаушы орган
Жеңілдіктер
Қабылдау комиссиясының шешімі
16
17
18
19
Қабылдау комиссиясының төрағасы:
Қабылдау комиссиясының мүшелері:
хатшысы:
Басқа 3. ІІМ әскери оқу орындарына кандидаттарға арналған дене шынықтыру
даярлығы бойынша нормативтер және балл есептеуді бағалау
Жоғары білім берудің білім
беру бағдарламаларын іске асырып
жатқан Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігінің әскери,
арнаулы оқу орындарына оқуға
қабылдау қағидаларына
3-қосымша
ІІМ әскери оқу орындарына кандидаттарға арналған дене шынықтыру
даярлығы бойынша нормативтер және балл есептеуді бағалау
Тартылу
100 метрге жүгіру
3000 метрге жүгіру
Баға
Балл
Неше рет орындалғаны
Баға
Балл
Уақыты (секунд)
Баға
Балл
Уақыты (секунд)
Өте жақсы
23 реттен жоғары әр қайталау үшін 4 балл қосылады
Өте жақсы
12-ден кем әрбір 0.1 сек үшін 2 балл қосылады
Өте жақсы
11.30. мин кем әрбір 3 сек үшін 1 балл қосылады
100
23
100
12.0
100
10.30
96
22
98
12.1
99
10.33
92
21
96
12.2
98
10.36
88
20
94
12.3
97
10.39
84
19
92
12.4
96
10.42
80
18
90
12.5
95
10.45
76
17
88
12.6
94
10.48
72
16
86
12.7
93
10.51
68
15
84
12.8
92
10.54
64
14
82
12.9
91
10.57
60
13
80
13.0
90
11.00
50
12
78
13.1
89
11.03
40
11
76
13.2
88
11.06
жақсы
35
10
74
13.3
87
11.09
30
9
72
13.4
86
11.12
қанағаттанарлық
25
8
70
13.5
85
11.15
20
7
68
13.6
84
11.18
66
13.7
83
11.21
64
13.8
82
11.24
62
13.9
81
11.27
60
14.0
80
11.30
жақсы
55
14.1
79
11.33
50
14.2
78
11.36
қанағаттанарлық
45
14.3
77
11.39
40
14.4
76
11.42
35
14.5
76
11.45
30
14.6
75
11.00
25
14.7
74
11.03
20
14.8
73
11.06
72
11.09
71
11.12
70
11.15
69
11.18
68
11.21
67
11.24
66
11.27
65
11.30
64
11.33
63
11.36
62
11.39
61
11.42
60
11.45
59
11.48
58
11.51
57
11.54
56
11.57
55
12.00
54
12.03
53
12.06
52
12.09
51
12.12
50
12.15
Жақсы
49
12.18
48
12.21
47
12.24
46
12.27
45
12.30
44
12.33
43
12.36
42
12.39
41
12.42
40
12.45
Қанағаттанарлық
39
12.48
38
12.51
37
12.54
36
12.56
35
12.58
34
13.00
33
13.02
32
13.04
31
13.06
30
13.08
29
13.12
28
13.14
27
13.16
26
13.18
25
13.20
24
13.22
23
13.24
22
13.26
21
13.28
20
13.30
Басқа 1.4. спорттық жаттығулардың жекелеген түрлерін тапсыру жөніндегі
ВЕДОМОСІ
Жоғары білім берудің білім беру
бағдарламаларын іске асырып жатқан
Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігінің әскери, арнаулы оқу
орындарына оқуға қабылдау қағидаларына
4-қосымша
спорттық жаттығулардың жекелеген түрлерін тапсыру жөніндегі
ВЕДОМОСІ
20__жылғы ___ _____ _______ қаласы
Спорттық жаттығулардың аталған түрі бойынша ___________________________________________
(спорттық жаттығудың түрі
№
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Взвод
Жаттығудың нәтижесі
Баға (балл)
ескертпе
1
2
3
4
5
6
Дене шынықтыру даярлығын тексеру жөніндегі комиссияның мүшелері
Басқа 1.5. ЖИЫНТЫҚ ВЕДОМОСТЬ
Жоғары білім берудің білім беру
бағдарламаларын іске асырып жатқан
Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігінің әскери, арнаулы оқу
орындарына оқуға қабылдау қағидаларына
5-қосымша
нысан
ЖИЫНТЫҚ ВЕДОМОСТЬ
«______» ____________20____г. қаласы____________
№
п/п
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Сопорттық жаттығудың түрі
Қорытынды баға (балл)
Оқуға кандидаттардың қолы
100 метрге жүгіру
3000/1000 метрге жүгіру (кросс)
Тартылу /Кешенді күштік жаттығуе
нәтижесі
бағасы (балл)
нәтижесі
бағасы (балл)
нәтижесі
бағасы (балл)
Дене шынықтыру бойынша комиссиясы
Басқа 1.6. Апелляциялық комиссияның
№ хаттамасы
Жоғары білім берудің білім беру
бағдарламаларын іске асырып жатқан
Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігінің әскери, арнаулы оқу
орындарына оқуға қабылдау қағидаларына
6-қосымша
Апелляциялық комиссияның
№ хаттамасы
«___»________20___ г. г.____________
Апелляциялық комисиия келесі құрамда:
комиссияның төрағасы:
комиссияның мүшелері:
хатшысы:
оқуға кандидаттардың апелляция туралы арызына және апелляциямен қайта тапсырылған дене
шынықтыру бойынша спорттық жаттығулардың нәтижесінде, төменде көрсетілген спорттық
жаттығу түрлері бойынша мынадай баға қоюды шешті: ________________________
спорттық жаттығыдуң түрі
№
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Взвод
Жаттығудың нәтижесі
Баға (балл)
ескертпе
1
2
3
4
5
6
Аппелациялық комиссияның мүшелері:
Басқа 1.8. ІІМ арнаулы оқу орындарына кандидаттарға арналған дене
шынықтыру даярлығы бойынша нормативтер
Жоғары білім берудің білім беру
бағдарламаларын іске асырып
жатқан Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігінің
әскери, арнаулы оқу
орындарына оқуға қабылдау
қағидаларына
8-қосымша
ІІМ арнаулы оқу орындарына кандидаттарға арналған дене
шынықтыру даярлығы бойынша нормативтер
Жігіттер үшін
№
Тест атауы
Баға
өте жақсы
жақсы
қанағаттанарлық
1.
100 метрге жүгіру (сек.)
14.0
14.5
15.0
2.
1000 метрге жүгіру (мин/сек.)
3.40
3.50
4.00
3.
Тартылу (тартылу саны)
11
9
7
Қыздар үшін
№
Тест атауы
Баға
өте жақсы
жақсы
қанағаттанарлық
1.
100 метрге жүгіру (сек.)
16.0
16.5
17.0
2.
1000 метрге жүгіру (мин/сек.)
4.40
5.00
5.20
3.
1 минут ішінде шалқадан жатып кеудені көтеру
(көтеру саны)
35
30
25
Ескертпе:
Егер талапкер жаттығулардың біреуінен «қанағаттанарлықсыз» деген баға алып, қалғандарынан «жақсы» деген баға алса, ІІМ арнаулы оқу орындарына түсушілер үшін дене шынықтыру нормативтері тапсырылды деп есептеледі.
Мысалы: Тартылу – «жақсы», 100 метрге жүгіру – «жақсы», 1000 метрге жүгіру – «қанағаттанарлықсыз» – дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтер тапсырылды.
Тартылу – «өте жақсы», 100 метрге жүгіру – «қанағаттанарлық», 1000 метрге жүгіру «қанағаттанарлықсыз» – нормативтер тапсырылған жоқ.
Басқа 2
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2016 жылғы 26 қаңтардағы
№ 77 бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің күші жойылады деп танылатын бұйрықтарының тізбесі
Тармақ 1
1. «Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 26 сәуірдегі № 186 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6977 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2011 жылғы 11 маусымдағы № 247-248 (26646) санында, 2011 жылғы 22 қарашадағы N 23 Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған)
Тармақ 2
2. «Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 26 сәуірдегі № 186 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 8 мамырдағы № 280 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7744 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 8 шілдедегі № 396-400 (27474) санында жарияланған).
Тармақ 3
3. «Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 26 сәуірдегі № 186 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 29 сәуірдегі № 302 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8475 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2013 жылғы 4 қыркүйектегі № 203 (28142) санында жарияланған).
Тармақ 4
4. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 3 шілдедегі № 398 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына енгізілетін өзгерістер тізбесінің 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9641 болып тіркелген, «Заң газеті» газетінің 2014 жылғы 26 тамыздағы № 126 (2520) санында жарияланған).
Тармақ 5
5. «Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы үшін кадрлар даярлауды жүзеге асыратын жоғары әскери оқу орындарына қабылдау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 30 шілдедегі № 483 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9723 болып тіркелген, Егемен Қазақстан» газетінің 2015 жылғы 6 маусымдағы № 105 (25583) санында жарияланған).
Тармақ 6
6. «Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 26 сәуірдегі № 186 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 12 наурыздағы № 211 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10793 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі 2015 жылғы 29 сәуірде; «Егемен Қазақстан» газетінің 2015 жылғы 13 тамыздағы № 153 (28631) санында жарияланған).