Об утверждении Перечня открытых данных, размещаемых на интернет-портале открытых данных Күшін жойған
Басқа 0
Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы
«Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы аппараты заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік мекемесіне жариялау үшін жолдауды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
______________ Ә. Исекешев
2016 жылғы 22 қаңтар
Басқа 0
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздің комитеті Төрағасының
2016 жылғы 16 қаңтардағы
№ 19 бұйрығымен
бекітілген
Ашық деректер интернет-порталында орналастырылатын
ашық деректер тізбесі
№
Ашық деректер жиынтығының атауы
Өзектендіру кезеңі
Ұсыну мерзімі
Дереккөздер
(ашық деректер интернет-порталыныңа автоматтандырылған жұмыс орны (бұдан әрі АЖО) арқылы немесе мемлекеттік органның АРІ жүйесі арқылы)
Жауапты тұлға
1
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылығы
Қажеттілігіне қарай
2016 жылғы ақпан
Ашық деректер интернет-порталы АЖО
2
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдары және оқу орындары
Қажеттілігіне қарай
2016 жылғы ақпан
Ашық деректер интернет-порталы АЖО