О некоторых вопросах реализации кадровой политики в оперативно-следственных подразделениях органов по финансовому мониторингу (служба экономических расследований) Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.02.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу қызметі бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) кадрлық саясатты іске асырудың кейбір мәселелері туралы «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 380-IV Заңының 5-1 бабының 9-тармақшасына, 7-бабының 2-тармағына, 29-бабының 3, 7-тармақтарына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріндегі (экономикалық тергеу қызметі) кадрлық қамтамасыз ету және кадр саясаты субъектілері жұмыс сапасының нәтижелерін бағалау әдістемесі;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) кәсіби құзыреттерді, түйінді көрсеткіштерді және бәсекеге қабілеттілікті есепке алудың әдістерін анықтау қағидалары;
Тармақша 3
Тармақша 4
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Қаржы мониторингі органдарының жедел–тергеу бөлімшелеріндегі (экономикалық тергеу қызметі) кадрлық болжауды жүзеге асыру әдістемесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы «Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 725 бұйрығына 1-қосымша Мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріндегі (экономикалық тергеу қызметі) кадрлық қамтамасыз ету және кадр саясаты субъектілері жұмыс сапасының нәтижелерін бағалау әдістемесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріндегі (экономикалық тергеу қызметі) кадрлық қамтамасыз ету және кадр саясаты субъектілері жұмыс сапасының нәтижелерін бағалау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 5-1-бабының 9) тармақшасын іске асыру мақсатында әзірленді және қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) (бұдан әрі – ЭТҚ) кадрлық қамтамасыз ету және кадр саясаты субъектілерінің жұмыс сапасы бойынша шаралардың тиімділігін анықтауға арналған.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық органдары кадрлық қамтамасыз ету және кадр саясаты субъектілері жұмыс сапасының нәтижелерін бағалау объектілері болып табылады.
Тармақ 3
3. Бағалауды Комитеттің кадр қызметі (бұдан әрі - кадр қызметі) жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Бағалау жыл сайын есепті (күнтізбелік) жылдың қорытындысы бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5.  Комитеттің аумақтық органдары (бұдан әрі - аумақтық органдар) бағалауды жүргізу үшін ақпаратты кадр қызметіне қағаз және электронды тасығыштармен тапсырады.
Тармақ 6
6. Комитеттің аумақтық органдарының ЭТҚ-ның кадрлардың сандық және сапалық құрамы туралы мәліметтер бағалауды жүргізу үшін ақпарат көздері болып  табылады.
Тармақ 7
7.  Бағалау кадр қызметіне ұсынылатын аумақтық органдардың ақпаратын талдау нәтижелері бойынша жүзеге асырылады. Қорытынды бағалауды кою кезіндегі түзетуші мәліметтер: әлеуметтік мониторингтеудің нәтижелері бойынша аналитикалық анықтамада көрсетілген ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалды әлеуметтік мониторингтеудің нәтижелері, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ақпараттары болып табылады.
Тармақ 8
8. Бағалау мынадай өлшемшарттар бойынша жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) кадр ресурстарын тиімді пайдалану;
Тармақша 2
2)  қызметкерлердің қызметін бағалаудың және аттестаттаудың нәтижелілігі;
Тармақша 3
3) қызметкерлерді оқыту.
Тармақ 9
9. Бағалау қорытындылары бойынша кадр қызметі осы Әдістемеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша Кадрлық қамтамасыз ету және кадр саясаты субъектілерінің жұмыс сапасын бағалау нәтижелері туралы қорытынды (бұдан әрі - Қорытынды) дайындайды.
Тармақ 10
10. Аумақтық органдарды бағалау нәтижелері бойынша Комитет төрағасына қорытынды ақпарат енгізіледі.
Тармақ 11
11. Бағалау нәтижелері туралы қорытынды қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде бағаланатын аумақтық органдарға мәлімет және ұсынымдарды орындау үшін жолданады.
Тарау 2. 2. «Кадр ресурстарын пайдаланудың тиімділігі» өлшемшарт
2. «Кадр ресурстарын пайдаланудың тиімділігі» өлшемшарт
Тармақ 12
12. «Кадр ресурстарын пайдаланудың тиімділігі» өлшемшарт бойынша (бұдан әрі - 1-өлшемшарт) бағалау аумақтық органдардың «кадрмен жасақтау деңгейі» және «кадрлардың тұрақсыздығы деңгейі» көрсеткіштері бойынша ұсынған ақпараты негізінде жүргізіледі және екі көрсеткіштер баллдарының орташа мәні болып анықталады.
Тармақ 13
13. «Кадрмен жасақтау деңгейі» көрсеткіші бойынша бағалау жүргізу кезінде есепті кезең айының соңғы күнінің жағдайы бойынша аумақтық органдар есептерінің мәліметтері ескеріледі.
Тармақ 14
14. «Кадрмен жасақтау деңгейі» көрсеткіші бойынша бағалау есепті кезеңнің аяғындағы бос орындар санының негізінде есептеледі. Бос орындарды есептеу кезінде сондай-ақ: бала үш жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша демалыс; мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметкерлерді даярлау және қайта даярлау мемлекеттік бағдарламалары бойынша немесе шет елдерде кадрлар даярлау жөніндегі Республикалық комиссия бекіткен басым мамандықтар бойынша шетелдің жоғары оқу орындарында оқуды өту нәтижелерінде пайда болған бос орындар есептеледі.
Тармақ 15
15. 1-өлшемшарт бойынша бағалау штат санының бос лауазымдары санының проценттік арақатынасында былайша есептеледі: бос орындар болмағанда және/немесе кемінде 3% бос лауазымдар болғанда – 5 балл қойылады; 3%-тен 6%-ке дейін бос лауазымдар болғанда – 4 балл қойылады; 6%-тен артық бос лауазымдар болғанда – 3 балл қойылады. Сонымен қатар, егер 4 немесе одан артық ай бойы лауазым бос болып қала берсе, осы өлшемшарт бойынша бағалаудан әрбір бос лауазым үшін 0,5 балл шегеріледі.
Тармақ 16
16. Минус белгісі бар мәнді нәтижесін алған жағдайда, аумақтық органға осы көрсеткіш бойынша 0 мәні қойылады.
Тармақ 17
17. «Кадрлардың тұрақсыздығы деңгейі» өлшемшарты бойынша бағалауды есептеу есепті кезеңде жұмыстан шығарылған, іссапарға жіберілген қызметкерлер саны негізге алына отырып жүзеге асырылады: жұмыстан шығарылғандар және/немесе есепті кезеңнің басында жұмыстан шығару нақты санынан 1% артық болмаған жағдайда – 5 балл қойылады; есепті кезеңнің басында нақты саннан 1%-дан 3%-ға дейін жұмыстан босатылуы жағдайында - 4 балл қойылады; есепті кезеңнің басында жұмыстан шығару нақты саннан 3%-дан 5%-ға дейін болған жағдайда - 3 балл қойылады; есепті кезеңнің басында жұмыстан шығару нақты саннан 5%-дан 7%-ға дейін болған жағдайда - 2 балл қойылады; есепті кезеңнің басында жұмыстан шығару нақты саннан 7%-дан артық болған жағдайда - 0 балл қойылады.
Тармақ 18
18. Сонымен қатар, есептеу жүргізу кезінде: зейнеткерлікке шығуға байланысты; қайта құру немесе штаттың қысқаруына байланысты; науқастануына, қайтыс болуына байланысты; саяси лауазымға тағайындалуына байланысты; негізгі қызметкердің жұмысқа шығуына байланысты (бала күтімі бойынша демалыстан, мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметкерлерді даярлау және қайта даярлау мемлекеттік бағдарламалары бойынша және шет елдерде кадрлар даярлау жөніндегі Республикалық комиссиясы бекіткен басым мамандықтар бойынша шетелдің жоғары оқу орындарында оқуды өтуіне байланысты жалақысы сақталмайтын демалыстан) жұмыстан шығарылған қызметкерлер ескерілмейді.
Тармақ 19
19. Аумақтық органның басшысы ауысқан және алдағы үш ай ішінде басшы лауазымдарды атқаратын қызметкерлердің 3%-дан астамы өз еріктерімен жұмыстан шығарылған жағдайда, «Кадрмен жасақтау деңгейі» және «Кадрлардың тұрақсыздығы деңгейі» көрсеткіштері бойынша баллдардың орташа сомасынан 3 балл шегеріледі.
Тармақ 20
20. Қабылданған жас қызметкерлердің 50% есепті кезеңде жұмыстан шығарылған жағдайда, осы Әдістеменің 17-тармағына сәйкес саналатын орта мәннен 1 балл шегеріледі.
Тармақ 21
21. Егер алынған нәтиже минус белгісі бар мәнді құраса, аумақтық органға осы көрсеткіш бойынша 0 мәні қойылады.
Тарау 3. 3. «Қызметті бағалаудың және аттестаттаудың нәтижелілігі» өлшемшарты
3. «Қызметті бағалаудың және аттестаттаудың нәтижелілігі» өлшемшарты
Тармақ 22
22. «Қызметті бағалаудың және аттестаттаудың нәтижелілігі» өлшемшарты (бұдан әрі - 2-өлшемшарт) бойынша бағалау есепті кезеңде аумақтық органдар қызметкерлерінің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және аттестаттау нәтижелерінің негізінде жүргізіледі.
Тармақ 23
23. Осы өлшемшарт бойынша бағалауды есептеуде есептік кезеңде бағалаудан өткен қызметкерлердің жалпы санынан қызметті жыл сайын бағалау қорытындылары бойынша оларға қатысты аттестаттау жүргізу туралы шешім қабылданған қызметкерлер санының проценттік қатынасы ескеріледі.
Тармақ 24
24. Бағалауды есептеу былайша жүргізіледі: есепті кезеңде аттестаттауға жіберілген қызметкерлер болмаған жағдайда – 5 балл қойылады; есепті кезеңде бағалаудан өткен қызметкерлер санынан 1%-тен артық емесіне қатысты аттестаттау жүргізу туралы шешім қабылданған жағдайда – 4 балл қойылады; есепті кезеңде бағалаудан өткен қызметкерлер санынан 1%-тен 3%-ке дейінгілерге қатысты аттестаттау жүргізу туралы шешім қабылданған жағдайда – 3 балл қойылады; есепті кезеңде бағалаудан өткен қызметкерлер санынан 3%-тен 5%-ке дейінгілерге қатысты аттестаттау жүргізу туралы шешім қабылданған жағдайда – 2 балл қойылады; есепті кезеңде бағалаудан өткен қызметкерлер санынан 5%-тен 7%-ке дейінгілерге қатысты аттестаттау жүргізу туралы шешім қабылданған жағдайда – 1 балл қойылады; есепті кезеңде бағалаудан өткен қызметкерлер санынан 7%-тен артығына қатысты аттестаттау жүргізу туралы шешім қабылданған жағдайда – 0 балл қойылады.
Тармақ 25
25. Аттестаттау комиссиясы есепті кезеңде аттестаттаудан өтетіндердің арасынан 5%-тен артық қызметкерге қатысты қайта аттестаттаудан өту туралы шешім қабылдаған кезде 2-өлшемшарты бойынша бағалаудан 1 балл шегеріледі. Аттестаттау комиссиясы есепті кезеңде аттестаттаудан өткендердің арасынан 5%-тен артық қызметкерге қатысты атқарып отырған лауазымына сәйкес еместігі туралды шешім және лауазымын төмендету туралы ұсыным қабылдағанда, 2-өлшемшарты бойынша бағалаудан 2 балл шегеріледі.
Тармақ 26
26. Егер алынған нәтиже минус белгісі бар мәнді құраса, аумақтық органға осы көрсеткіш бойынша 0 мәні қойылады.
Тармақ 27
27. Есепті кезеңде қызметкерлерге қатысты қайта аттестаттау жүргізу кезінде оның нәтижелері бағалау есебінде пайдаланылмайды.
Тарау 4. 4. «Қызметкерлерді оқыту» өлшемшарты
4. «Қызметкерлерді оқыту» өлшемшарты
Тармақ 28
28. «Қызметкерлерді оқыту» өлшемшарты бойынша бағалау аумақтық органдардың ұсынған даярлықтан, қайта даярлықтан және біліктілікті арттырудан өтуі тиіс және өткен қызметкерлері туралы ақпаратының негізінде жүргізіледі.
Тармақ 29
29. Осы өлшемшарт бойынша бағалауды есептеуде есепті кезеңде даярлықтан, қайта даярлықтан және біліктілікті арттырудан өтуі тиіс қызметкерлердің есепті кезеңде оқудан нақты өткен қызметкерлері санына проценттік қатынасы ескеріледі.
Тармақ 30
30. Бағалауды есептеу былайша жүргізіледі: есепті кезеңде 90%-тен 100%-ке дейін оқытылуы тиіс қызметкерлер оқытылса – 5 балл қойылады; есепті кезеңде 80%-тен 90%-ке дейін қызметкерлер оқытылса – 4 балл қойылады; есепті кезеңде 70%-тен 80%-ке дейін қызметкерлер оқытылса – 3 балл қойылады; есепті кезеңде 60%-тен 70%-ке дейін қызметкерлер оқытылса – 2 балл қойылады.
Тармақ 31
31. Есепті кезеңде даярлық, қайта даярлық және біліктілікті арттыру курстарында оқуға тиіс қызметкерлер болмаған жағдайда, осы өлшемшарт бойынша 0 балл қойылады.
Тарау 5. 5. Қаржы мониторингі органдарының кадр саясаты субъектілерінің қорытынды бағасы
5. Қаржы мониторингі органдарының кадр саясаты субъектілерінің қорытынды бағасы
Тармақ 32
32. Қорытынды баға «Кадр ресурстарын пайдаланудың тиімділігі», «Қызметті бағалаудың және аттестаттаудың нәтижелілігі», «Қызметкерлерді оқыту» өлшемшарттары бойынша алынған нәтижелерді қосу арқылы анықталады, сонымен қатар баллдардың жалпы сомасынан төменгі көрсеткіш баллдары алынып тасталады.
Тармақ 33
33. Есепті кезеңде қызметкер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған кезде қорытынды бағадан әрбір қызметкер үшін 1 баллдан шегеріледі. Есепті кезеңде қызметкер сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған кезде қорытынды бағадан әрбір қызметкер үшін 2 баллдан шегеріледі.
Тармақ 34
34. Қорытынды бағаны төмендету сондай-ақ ұжымдардағы моральдық-психологиялық ахуал жағдайын әлеуметтік мониторингтеу нәтижелері бойынша жүргізіледі. Егер әлеуметтік мониторингтеу нәтижелері бойынша ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалға: аумақтық бөлімшенің сауалнама алынған қызметкерлері санының 50% артығы қанағаттанбаса, қорытынды бағадан 2 балл шегеріледі; аумақтық бөлімшенің сауалнама алынған қызметкерлері санының 40%-тен 50%-ке дейінгісі қанағаттанбаса, қорытынды бағадан 1 балл шегеріледі.
Тармақ 35
35. Бағалау нәтижелері туралы қорытынды: аумақтық органның атауынан; барлық өлшемшарттар бойынша бағалау кестесінен; қорытындылар мен ұсынымдардан тұрады.
Тармақ 36
36. Алынған бағалау нәтижелеріне сәйкес кадрлық қамтамасыз ету бойынша аумақтық орган қызметінің тиімділік дәрежесі анықталады. Аумақтық орган қызметі тиімділігінің жоғары дәрежесі бағалау көрсеткішінің 13-тен 15 баллына дейін, орта деңгейі – 10-нан 13 баллына дейін, төменгі деңгейі – 7-ден 10 баллға дейін сәйкес келеді. 7 баллдан төмен бағалау нәтижесін көрсеткен аумақтық органның қызметі тиімсіз деп танылады.
Басқа 1.1
Мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріндегі (экономикалық тергеу қызметі) кадрлық қамтамасыз ету және кадр саясаты субъектілері жұмыс сапасының нәтижелерін бағалау әдістемесіне қосымша Нысан Кадрлық қамтамасыз ету және кадр саясаты субъектілері жұмыс сапасын бағалау нәтижелері туралы қорытынды ________________________________________________________________ (аумақтық бөлімшенің атауы) ________________ (есепті кезең) № Бағалаудың өлшемшарттары Баллдар 1 Кадр ресурстарын пайдаланудың тиімділігі 2 Қызметкерлердің қызметін бағалаудың және аттестаттаудың нәтижелілігі 3 Қызметкерлерді оқыту ЖАЛПЫ БАҒАСЫ: Түзетуші көрсеткіштер: 4 Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тарту дерегі 5 Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту дерегі 6 Әлеуметтік мониторинг нәтижелері ҚОРЫТЫНДЫ БАҒА: Бағалау өлшемшарттары бойынша аумақтық органдарының кадрлық қамтамасыз ету және жұмыс сапасының нәтижелерін талдау: Қорытындылар мен ұсынымдар: Комитеттің кадр қызметінің басшысы _____________ __________________ (қолы) (қолды таратып жазу) Аумақтық органның басшысы _____________ _____________________ (қолы) (қолды таратып жазу) 20 __ «___» ___________
Басқа 2
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 725 бұйрығына 2-қосымша Мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) кәсіби құзыреттерді, түйінді көрсеткіштерді және бәсекеге қабілеттілікті есептеуді анықтау қағидалары мен әдістері
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) кәсіби құзыреттерді, түйінді көрсеткіштерді және бәсекеге қабілеттілікті есептеуді анықтау қағидалары мен әдістері (бұдан әрі – Қағидалар) «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 7-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген және мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) (бұдан әрі - ЭТК) бәсекеге қабілеттіліктің көрсеткіші анықтау үшін қолданылады.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
Тармақша 1
1) ЭТҚ-дағы лауазымдар үшін түйінді көрсеткіштер - осы лауазымда функционалдық міндеттерін орындау үшін кәсіби біліктілік талаптарына сәйкес белгілі бір білім, білік және дағдыларды игеру деңгейінің индикаторлары;
Тармақша 2
2) бәсекеге қабілеттіліктің көрсеткіші – қызметке кандидиттардың және қызметкерлердің кәсіби құзыреттіліктеріне, сонымен қатар лауазым үшін түйінді көрсеткіштерге және кәсіби жетістіктер туралы объективті деректерге негізделген ресми түрдегі сандық көрсеткіші.
Тармақша 3
3) ЭТҚ лауазымдарының кәсіби құзыреттіліктері – кәсіби жұмысындағы мүмкіндіктерінің кеңдігін көрсететін нақты лауазымның құзыреттіліктер шеңберінде қызметкердің кәсіби тәжірибесі мен білімінің сапалық мінездемесі.
Тармақ 3
3. ЭТҚ қызметкері мен кандидаттарының кәсіби потенциалының деңгейін анықтаудағы мақсаттары:
Тармақша 1
1) атқаратын/болжанатын лауазымда кәсіби қызметін тиімді жүзеге асыру үшін қажетті білім, білік, қабілеттерінің сәйкестігін анықтау;
Тармақша 2
2) қызметкерлер және басшылардың ұйымдастырушылық және кәсіби өзгерістерге, қызметтің тиімділігін арттыруға уәждеме;
Тармақ 4
4. Бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші кандидаттарды алдын ала зерделеу және қызметке іріктеуде, қызметі бойынша жоғары тұрған басшы лауазымға тағайындауда, аттестаттаудан өтуде есепке алынады.
Тармақ 5
5. ЭТҚ-ға кандидаттардың және қызметкерлердің бәсекеге қабілеттіліктерінің көрсеткіштерін есептеу объективтілік пен әділдік қағидаттарына негізделген және осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген жағдаяттарда жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2. Кәсіби құзыреттіліктер
2. Кәсіби құзыреттіліктер
Тармақ 6
6. Құқық қорғау қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білу және кандидаттың/қызметкердің құзыреттілігін бағалау кешенді тестілеу арқылы анықталады.
Тармақ 7
7. ЭТҚ қызметкерінің және кандидаттардың кәсіби құзыреттіліктерін бағалау осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша жүргізіледі.
Тарау 3. 3. Мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) лауазымдары үшін түйінді көрсеткіштері
3. Мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) лауазымдары үшін түйінді көрсеткіштері
Тармақ 8
8. ЭТҚ лауазымдары үшін түйінді көрсеткіштер: «білім беру», «жұмыс тәжірибесі», «функционалдық міндеттерді шешудегі тиімділік», «дене шынықтыру деңгейі». ЭТҚ лауазымдары үшін түйінді көрсеткіштерін бағалау осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес жүргізіледі.
Тарау 4. 4. Бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін есептеу
4. Бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін есептеу
Тармақ 9
9. Бәсекеге қабілеттілік көрсеткішінің есебі келесі формула бойынша есептеледі: БК = Қ + К + Ж БК– бәсекелестік көрсеткіші (1 -ден 100 баллға дейін); Қ – кәсіби құзыреттіліктерді бағалау нәтижесі (1-ден 30 баллға дейін); К – ЭТҚ лауазымдары үшін түйінді көрсеткіштерді бағалау нәтижесі ( 1-ден 40 баллға дейін) . Ж – ЭТҚ-ға кандидат және қызметкердің кәсіби жетістіктерін бағалау нәтижесі (1-ден 30 баллға дейін). ЭТҚ-ға кандидат және қызметкердің кәсіби жетістіктерін бағалау нәтижесі осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады.
Тарау 5. 5. Бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін анықтаудың тәртібі
5. Бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін анықтаудың тәртібі
Тармақ 10
10. Бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің (бұдан әрі – Комитет) және оның аумақтық органдарының кадр қызметі (бұдан әрі – кадр қызметі) анықтайды».
Тармақ 11
11. Бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін есептеу комиссия отырысының күніне дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей кадр кызметі жасайды және әрбір кандидаттың/қызметкердің бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін көрсете отырып тізім түрінде комиссияға енгізіледі.
Тарау 6. 6. Бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштерін анықтау әдістері
6. Бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштерін анықтау әдістері
Тармақ 12
12. Бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін анықтау 4 (төрт) баллдық жүйесідеңгейінде анықталады.Экономикалық тергеу қызмет қызметкерінің жәнекандидаттардыңкәсіби деңгейінің дәрежесі төмендегіше анықталады: 4-ші деңгей (70-тен 100 баллға дейін) - қызметкер өз лауазымына қойылатын біліктілік талаптарынан асыратын (асатын) деңгейде функциясын орындауға қабілетті болып табылады.Ол өз ісінің маманы болып табылады, одан кеңестер мен консультация алуға жиі жүгінеді. Жаңа тәсілдер мен шешімдерді жетілдіру және дамыту жолдарын ұсынуға қабілетті; 3-шідеңгей (50-ден 70 баллға дейін) - қызметкердің жеткілікті білімі бар және лауазымына сәйкес қажетті дағдыларды көрсетеді. Жүктелгенжұмысын өз бетінше және қатесіз орындауға қабілетті; 2-деңгей (30-дан 50 баллға дейін) –негізінен жұмыс орташа немесе жеткілікті дәрежеде орындалады. Қызметкер белгілі бір міндеттерді орындау кезінде білімі жеткіліксіз және кейбір тапсырмаларды орындауда бақылауды қажет етеді. 1-деңгей (1-ден 30 баллға дейін) - қызметкер тапсырмаларын орындау үшін білім деңгейі жеткіліксіз, өздігінен тапсырма орындауға қабілетсіз, басшылық тарапынан үнемі бақылауды талап етеді.
Тармақ 13
13. Экономикалық тергеу қызметінде бәсекелестік қабілетін анықтау үшін қолданылатын негізгі әдістер: тестілеу; сұхбат кезіндегі комиссия бағасы/бағалау сұхбаты; басшының бағасы; эссе жазу сапасының бағасы; жағдаяттар тапсырмаларын орындау.
Тармақ 14
14. Осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін анықтау әдістері жеке, сондай-ақ бірнеше әдістерін ұштастыра отырып пайдаланылуы мүмкiн.
Тармақ 15
15. Бәсекеге қабілеттіліктің түйінді көрсеткіштеріне қорытынды бағалауды осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кадр қызметі толтырады.
Басқа 2.1
Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) кәсіби құзыреттерді, түйінді көрсеткіштерді және бәсекеге қабілеттілікті есепке алудың әдістерін анықтау қағидаларына 1-қосымша Кәсіби құзыреттілігін бағалау
Тармақ 1. 1. Құқық қорғау органдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің білуін бағалау (жалпы баға 1-ден 10 баллға дейін)
1. Құқық қорғау органдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің білуін бағалау (жалпы баға 1-ден 10 баллға дейін) № р/с Ерекше­лік­тер ата­уы Ерекше­лік си­патта­ма­сы Ең жо­ға­ры балл 1 Құқық қор­ғау ор­ган­да­ры­ның қыз­ме­тін рет­тей­тін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын және нор­ма­тив­тік-құқық­тық ак­ті­ле­рін бі­лу Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Кон­сти­ту­ци­я­сын, «Мем­ле­кет­тік қыз­мет ту­ра­лы», «Же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­дың өті­ніш­те­рін қа­рау тәр­ті­бі ту­ра­лы», «Құқық­тық ак­ті­лер ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Заң­да­рын, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет­ші­ле­рі­нің ар-на­мыс ко­дек­сін бі­лу. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Қыл­мыстық ко­дек­сін, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Қыл­мыстық-про­це­стік ко­дек­сін, «Әкім­ші­лік құқық бұ­зу­шы­лық ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ко­дек­сін, «Құқық қор­ғау қыз­ме­ті ту­ра­лы», «Сы­бай­лас жем­қор­лық­қа қар­сы іс-қи­мыл ту­ра­лы», «Же­дел-із­де­сті­ру қыз­ме­ті ту­ра­лы», Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Заң­да­рын, «Жа­сы­рын тер­геу әре­кет­те­рін жүр­гі­зу қа­ғи­да­ла­рын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Іш­кі іс­тер ми­ни­стрі­нің 2014 жы­л­ғы 12 жел­тоқ­сан­да­ғы № 892, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қар­жы ми­ни­стрі­нің 2014 жы­л­ғы 12 жел­тоқ­сан­да­ғы № 565, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мем­ле­кет­тік қыз­мет іс­те­рі және сы­бай­лас жем­қор­лық­қа қар­сы іс-қи­мыл агент­ті­гі тө­ра­ға­сы­ның 2014 жы­л­ғы 12 жел­тоқ­сан­да­ғы № 62, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мем­ле­кет­тік кү­зет қыз­ме­ті ба­стығ­ы­ның 2014 жы­л­ғы 15 жел­тоқ­сан­да­ғы № 146 және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық қа­уіп­сіз­дік ко­ми­те­ті тө­ра­ға­сы­ның 2014 жы­л­ғы 18 жел­тоқ­сан­да­ғы № 416 бір­лес­кен бұй­рық­ты (нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу Ті­зі­лі­мін­де №10027 тір­кел­ген) бі­лу 10 БАР­ЛЫ­ҒЫ: 10 Құқық қорғау органдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білуін тестілеу бойынша дұрыс жауаптардың саны және балл арақатынасы №р/н Ерекше­лік ата­уы Те­сті­леу тап­сыр­ма­сы­ның жал­пы са­ны­ның дұ­рыс жа­у­ап пай­ы­зы (%) Балл Ба­ға (балл­да­ры) 1 Құқық қор­ғау ор­ган­да­ры қыз­ме­тін рет­тей­тін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын бі­лу 0 ден 20-ға дей­ін 21-ден 50-ге дей­ін 51–ден 70-ке дей­ін 71-ден 90-ға дей­ін 91-ден 100-ге дей­ін 0 2 5 8 10 ЖАЛ­ПЫ БА­ҒА­СЫ 10
Тармақ 2. Жеке қасиеттердің бағалауын тестілеу бойынша баға баллдары мен жинаған ұпай санының арақатынасы
2. Жеке қасиеттерін бағалау (жалпы бағасы 1-ден 10 баллға дейін) № р/с Же­ке қа­си­ет­те­рі Же­ке қа­си­ет­те­рі­нің си­патта­ма­сы Бас­шы­лық ла­у­а­зым­да­ры Орын­да­у­шы­лық ла­у­а­зым­да­ры үшін ең жо­ғар­ғы балл Ба­ға­сы (балл) 1 Ана­ли­ти­ка­сы жа­ңа ақ­па­рат­тар­ды алу қа­бі­лет­ті­лі­гі, нәти­же­ні бо­лжа­уы, сын­дар­лы кө­ру және пер­спек­тив­тар­ды пай­да­ла­ну 1,5 1 2 Ба­ста­ма­шыл­дық кон­струк­тив­тік иде­я­сын ұсы­ну қа­бі­лет­ті­лі­гі, өз қыз­ме­ті­нің нәти­же­сін арт­ты­ру үшін ин­но­ва­ци­я­ла­ры, өзі­нің кре­а­тив­ті­лі­гін іс­ке асы­ру 1 1 3 Ұй­ым­да­сты­ру­шы­лық мем­ле­кет­тік қыз­мет функ­ци­я­ла­ры мен мін­дет­те­рін орын­дау үшін оң­тай­лы жағ­дай­лар­ды қам­та­ма­сыз ету қа­бі­лет­ті­лі­гі (қыз­мет­ті ти­ім­ді ұй­ым­да­сты­ру қа­бі­лет­ті­лі­гі) 1 1,5 4 Ком­му­ни­ка­тив­ті­лі­гі тұл­ға­ара­лық өза­ра іс-қи­мыл жағ­дай­ы­ның бел­гі­лі бір ая­сын­да ти­ім­ді өза­ра іс-қи­мыл­ды құ­ру үшін қа­жет­ті іш­кі же­ке ре­сур­стар жүй­е­сін пай­да­ла­ну мүм­кін­ді­гі 1 2 5 Көш­бас­шы­лық топ (ұй­ым) іс-әре­кет­те­рін ба­қы­лай бі­лу, ұжым­ды уәж­де­ме­леу қа­бі­лет­ті­лі­гі, та­ны­л­ған бе­дел­ге және ық­пал­ға ие бо­лу 1,5 0,5 6 Стра­те­ги­я­лық ой­лау нәти­же­лер­ді, әре­кет­тер­дің сал­дар­ла­рын (өзі­нің және өзге­нің) бо­лжау қа­бі­ле­ті, бұл рет­те қол­да бар ре­сур­стар­ды ақыл­мен пай­да­ла­ну 1,5 0,5 7 Әдеп­ті­лі­гі мо­раль­дық- эти­ка­лық мі­нез-құлық­ты сақ­тау 0,5 0,5 8 Са­па­сы­на на­зар ауда­ру кә­сі­би қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ру­дың озық стан­дарт­та­ры­на бағ­дар­ла­ну, мем­ле­кет­тік қыз­мет және ұй­ым стра­те­ги­я­сы­ның мақ­са­ты­на бағ­дар­ла­ну қа­бі­ле­ті 0,5 1 9 Аза­мат­қа бағ­дар­ла­ну қыз­мет­ші­нің аза­мат­тар­дың қол­да­ны­с­та­ғы және туын­дай­тын нәти­же­ле­ріне ба­ғыт­ты­лы­ғы 1 2 10 Сы­бай­лас жем­қор­лық­қа тө­збе­у­ші­лік сы­бай­лас жем­қор­лық кө­рі­ні­стер­ге жол бер­ме­уде көр­се­ті­л­ген бел­сен­ді аза­мат­тық ұста­ны­мын көр­се­ту 0,5 0,5 БАР­ЛЫ­ҒЫ: 10 10 Жеке қасиеттердің бағалауын тестілеу бойынша баға баллдары мен жинаған ұпай санының арақатынасы № р/с Же­ке қа­си­ет­те­рі Же­ке қа­си­ет­тер­дің ба­ға­ла­у­ын те­сті­леу бой­ын­ша жи­на­ған ұпай са­ны Бас­шы­лық ла­у­а­зым­дар бой­ын­ша балл­дар Орын­да­у­шы лық ла­у­а­зым­дар бой­ын­ша балл­дар 1 Ана­ли­ти­ка­сы 0-ден 1-ге дей­ін 1-ден 2-ге дей­ін 2-ден 3-ке дей­ін 3-тен 4-ке дей­ін 0 0,5 1 1,5 0 0 0,5 1 2 Ба­ста­ма­шыл­ды­ғы 0-ден 1-ге дей­ін 1-ден 2-ге дей­ін 2-ден 3-ке дей­ін 3-тен 4-ке дей­ін 0 0 0,5 1 0 0 0,5 1 3 Ұй­ым­да­сты­ру­шы­лық 0-ден 1-ге дей­ін 1-ден 2-ге дей­ін 2-ден 3-ке дей­ін 3-тен 4-ке дей­ін 0 0 0,5 1 0 0 0,5 1 4 Ком­му­ни­ка­тив­ті­гі 0-ден 1-ге дей­ін 1-ден 2-ге дей­ін 2-ден 3-ке дей­ін 3-тен 4-ке дей­ін 0 0 0,5 1 0 0,5 1 2 5 Көш­бас­шы­лық 0-ден 1-ге дей­ін 1-ден 2-ге дей­ін 2-ден 3-ке дей­ін 3-тен 4-ке дей­ін 0 0,5 1 1,5 0 0 0,5 0,5 6 Стра­те­ги­я­лық ой­ла­уы 0-ден 1-ге дей­ін 1-ден 2-ге дей­ін 2-ден 3-ке дей­ін 3-тен 4-ке дей­ін 0 0,5 1 1,5 0 0 0,5 0,5 7 Әдеп­ті­лі­гі 0-ден 1-ге дей­ін 1-ден 2-ге дей­ін 2-ден 3-ке дей­ін 3-тен 4-ке дей­ін 0 0 0,5 0,5 0 0 0,5 0,5 8 Са­па­ға бағ­дар­ла­нуы 0-ден 1-ге дей­ін 1-ден 2-ге дей­ін 2-ден 3-ке дей­ін 3-тен 4-ке дей­ін 0 0 0,5 1 0 0 0,5 1 9 Аза­мат­қа бағ­дар­ла­нуы 0-ден 1-ге дей­ін 1-ден 2-ге дей­ін 2-ден 3-ке дей­ін 3-тен 4-ке дей­ін 0 0 0,5 0,5 0 0,5 1 2 10 Сы­бай­лас жем­қор­лық­қа тө­збе­у­ші­лік 0-ден 1-ге дей­ін 1-ден 2-ге дей­ін 2-ден 3-ке дей­ін 3-тен 4-ке дей­ін 0 0 0,5 0,5 0 0 0,5 0,5 ЖАЛ­ПЫ БА­ҒА­СЫ 10 10
Басқа 2.2. (жалпы бағасы 1-ден 40 баллға дейін)
Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) кәсіби құзыреттерді, түйінді көрсеткіштерді және бәсекеге қабілеттілікті есепке алудың әдістерін анықтау қағидаларына 2-қосымша Нысан Экономикалық тергеу қызметі лауазымдары үшін түйінді көрсеткіштері (жалпы бағасы 1-ден 40 баллға дейін)
Тармақ 1. 1. Жұмыс тәжірибесі
1. Жұмыс тәжірибесі (жалпы бағасы 1-ден 15 баллға дейін) Құқық қорғау, арнайы және (немесе) мемлекеттік органдардағы немесе өзге қызметте атқарып отырған лауазымына байланысты әр жылғы жұмысы үшін кестеге сәйкес балл беріледі. Кесте Жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сі Ең­бек өті­лі Құқық қор­ғау және ар­найы ор­ган­дар­да­ғы жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сі Мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­да­ғы жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сі Та­ғы бас­қа Орын­да­у­шы­лық Бас­шы­лық Орын­да­у­шы­лық Бас­шы­лық 10 және одан жо­ға­ры 10 15 8 10 5 5 жыл­дан 10 жы­л­ға дей­ін 8 13 6 8 4 1 жыл­дан 5 жы­л­ға дей­ін 6 11 4 6 3 тә­жі­ри­бе­сі жоқ 0 0 0 0 0 «ЖҰМЫС ТӘЖІРИБЕСІ» КӨРСЕТКІШІНІҢ ЖАЛПЫ БАҒАСЫ: __________.
Тармақ 2. 2. Функционалдық міндеттерді шешудің тиімділігі
2. Функционалдық міндеттерді шешудің тиімділігі (жалпы бағасы 1-ден 15 баллға дейін) Функционалдық міндеттерді тиімді шешу ЭТҚ тиісті бөлімшелері әзірлейтін тестілеу арқылы немесе ахуалдық міндеттерді шешу және (немесе) эссе жазу жолымен айқындалады. Ахуалдық міндеттерді шешу болжанатын лауазыммен қарастырылған міндеттер шегінде жазбаша орындалады. Қызметкер эссе жазған кезде атқаратын лауазымда іс жүргізу тиімділігі үшін қажетті сауатты жазбаша тіл машығына көңіл бөлінеді. «ФУНКЦИОНАЛДЫҚ МІНДЕТТЕРДІ ТИІМДІ ШЕШУ» КӨРСЕТКІШІНІҢ ЖАЛПЫ БАҒАСЫ:______________________. 0 балл үміт­кер сұ­р­ақ­қа жа­у­ап бер­ме­ді 1-5 балл үміт­кер­де қой­ы­л­ған сұ­рақ­тың та­қы­ры­бы ту­ра­лы жал­пы тү­сі­ні­гі­нің бо­луы 6-10 балл үміт­кер қой­ы­л­ған сұ­рақ­тың та­қы­ры­бын жақ­сы бі­ле­ді 11-15 балл үміт­кер қой­ы­л­ған сұ­рақ­тың та­қы­ры­бын то­лық мең­гер­ген
Тармақ 3. 3. Дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтері
3. Дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтері (1-ден 10 балл жалпы балл) Дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді тапсырардың алдында нормативтерді қабылдау үшін жауапты тұлға үміткерлерге қол қойдыра отырып нұсқама өткізеді. Дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерге енгізілген спорт жаттығуларының әрбір түрі жеке тапсырылады. Нормативтерді тапсыру нәтижелерін бағалау ерлер мен әйелдер үшін жеке жүзеге асырылады. Дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді тапсыру нәтижелерін нормативтерді қабылдау үшін жауапты тұлға ведомостке тіркейді және нормативтерді тапсырғаннан кейін қол қойдыра отырып үміткерлердің назарына жеткізеді. Спорт жаттығуларын орындау нәтижелерін тіркегеннен кейін қайта тапсыруға рұқсат етілмейді. Ерлер үшін Жат­тығ­у­дың ата­уы Ба­ға Жас топ­та­ры 21-27 28-34 35-39 40-44 45-49 50 жас және одан жо­ға­ры Балл­дар 100 м (с) жү­гі­ру өте жақ­сы 13 14 15 16 17 18 3 жақ­сы 14 15 16 17 18 19 2 қа­на­ғат­та­нар­лық 15 16 17 18 19 21 1 60 м (с) жү­гі­ру өте жақ­сы 7,8 8,4 9 9,6 10,2 10,8 3 жақ­сы 8,4 9 9,6 10,2 10,8 11,4 2 қа­на­ғат­та­нар­лық 9 9,6 10,2 10,8 11,4 12,6 1 Жа­тқан қал­пын­да қол­ды со­зу және бү­гу өте жақ­сы 35 33 30 27 25 20 3 жақ­сы 33 30 27 25 22 18 2 қа­на­ғат­та­нар­лық 30 27 25 22 20 15 1 Тар­ты­лу (са­ны) өте жақ­сы 15 13 11 9 7 5 4 жақ­сы 13 11 9 7 5 4 2 қа­на­ғат­та­нар­лық 11 9 7 5 4 3 1 Әйелдер үшін Жат­тығ­у­дың ата­уы Ба­ға Жас топ­та­ры 21-26 27-30 31-35 36-45 45 жас және одан жо­ға­ры Балл­дар 100 м (с) жү­гі­ру өте жақ­сы 20 23,5 26,5 30 36,5 5 жақ­сы 21,5 25 28,3 31,5 40 3 қа­на­ғат­та­нар­лық 23,5 26,5 30 33,5 43,5 2 60 м (с) жү­гі­ру өте жақ­сы 12 14 16 18 22 5 жақ­сы 13 15 17 19 24 3 қа­на­ғат­та­нар­лық 14 16 18 20 26 2 Ар­қа­сын­да жа­тып де­не­ні кө­те­ру (са­ны) өте жақ­сы 30 28 25 22 20 5 жақ­сы 28 25 22 20 18 3 қа­на­ғат­та­нар­лық 25 22 20 18 16 2 * Байқау қыс мезгілінде 100 метрге жүгіру нормативін қабылдауға жабдықталған жабық спорт және басқа да объектілер болмаған жағдайда, 60 метрге жүгіру бойынша нормативін қабылдауға жол беріледі. ** Кандидаттар/қызметкерлер дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді орындамаған жағдайда 0 баллы қойылады. «ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ» КӨРСЕТКІШІ БОЙЫНША ЖАЛПЫ БАҒАСЫ _________.
Басқа 2.3. (жалпы бағасы 1-ден 30 балл)
Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) кәсіби құзыреттерді, түйінді көрсеткіштерді және бәсекеге қабілеттілікті есепке алудың әдістерін анықтау қағидаларына 3-қосымша Экономикалық тергеу қызметіне кандидаттарын және қызметкерлерінің кәсіби жетістіктерін бағалау (жалпы бағасы 1-ден 30 балл) ЭТҚ кан­ди­дат­та­ры үшін № Кә­сі­би же­ті­стіктер­дің ата­уы Рас­тай­тын құ­жат­тар­дың (егер бар бол­са) ата­уы және са­ны Ба­ға­сы (балл­да­ры) 1 На­гра­да, кө­тер­ме­ле­улер 3 2 Тәр­тіп­тік жа­за­лар­дың бол­мауы 4 3 Ха­лы­қа­ра­лық ша­ра­лар­ға қа­ты­суы, ор­ган­ның мүд­де­ле­рін біл­ді­ру 2 4 Ке­зек­тен тыс сы­нып­тық шен­нің бел­гі­ле­нуі 3 5 Ор­ган­ның қыз­ме­тін жақ­сар­ту мақ­са­тын­да ба­ста­ма­шыл­ды­ғы 5 6 Нор­ма­тив­тік-құқық­тық ак­ті­лер­ді әзір­ле­у­ге қа­ты­су 5 7 Шет тіл­де­рін бі­лу 3 8 Кадр ре­зер­віне қо­ю­ға ар­нал­ған ұсы­ным 2 9 Бас­қа да ұй­ым­дар­дың, тұ­лға­лар­дың оң пі­кір­ле­рі­нің бо­луы 3 ЖАЛ­ПЫ БА­ҒА 30 ЭТҚ қыз­мет­кер­ле­рі үшін № Кә­сі­би же­ті­стіктер­дің ата­уы Рас­тай­тын құ­жат­тар­дың (егер бар бол­са) ата­уы және са­ны Ба­ға­сы (балл­да­ры) 1 Соң­ғы 3 жыл­дың ішін­де­гі на­гра­да­лар, кө­тер­ме­ле­улер 3 2 Тәр­тіп­тік жа­за­лар­дың бол­мауы 4 3 Соң­ғы 3 жыл­дың ішін­де бі­лік­ті­лі­гін арт­ты­ру және қай­та да­яр­лау ту­ра­лы ди­плом­да­ры­ның, сер­ти­фи­кат­тар­дың бо­луы, ха­лы­қа­ра­лық іс-ша­ра­лар­ға қа­ты­суы, ор­ган­ның мүд­де­сін біл­ді­руі 2 4 Ке­зек­тен тыс сы­нып­тық шен­нің бел­гі­ле­нуі 3 5 Ор­ган­ның қыз­ме­тін жақ­сар­ту мақ­са­тын­да ба­ста­ма­шыл­ды­ғы 5 6 Нор­ма­тив­тік-құқық­тық ак­ті­лер­ді әзір­ле­у­ге қа­ты­су 7 7 Шет тіл­де­рін бі­лу 1 8 Жо­ға­ры тұр­ған ла­у­а­зым­ға жы­л­жуы­на ар­нал­ған ұсы­ны­ным­дар 2 9 Кадр ре­зер­віне қо­ю­ға ар­нал­ған ұсы­ным­дар 2 10 Бас­қа да ұй­ым­дар­дың, тұ­лға­лар­дың оң пі­кір­ле­рі­нің бо­луы 3 ЖАЛ­ПЫ БА­ҒА 30
Басқа 2.4
Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) кәсіби құзыреттерді, түйінді көрсеткіштерді және бәсекеге қабілеттілікті есепке алудың әдістерін анықтау қағидаларына 4-қосымша БА­ҒА­ЛАУ ПА­РА­ҒЫ _____________________________________ (қаржы мониторингі органының атауы) қыз­мет­кер­дің Т.А.Ә.(бар болған жағ­дай­да), ла­у­а­зы­мы: __________________________________ қыз­мет­кер­дің жа­сы _______________ Жұ­мыс ти­ім­ді­лі­гі­нің түй­ін­ді көр­сет­кіш­те­рі Балл Ең жо­ға­ры балл *бә­се­ке­ге қа­бі­лет­ті­лік көр­сет­кі­ші 1 Кә­сі­би құ­зы­ре­ті: Құқық қор­ғау ор­ган­да­ры­ның қыз­ме­тін рет­тей­тін ҚР Заң­на­ма­ла­рын, нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­ле­рін бі­лу­іне те­сті­леу нәти­же­ле­рі 10 1-ден 10-ға дей­ін Қыз­мет­кер­де­гі же­ке қа­си­е­ті­нің жал­пы ба­ға­сы 4 1-ден 10-ға дей­ін 2 ЭТҚ ла­у­а­зым­да­ры үшін түй­ін­ді көр­сет­кіш­тер: Жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сі 11 1-ден 15-ке дей­ін Функ­ци­о­нал­дық мін­дет­те­рін (аху­ал­дық мін­дет­те­рін) ше­ше бі­луі ти­ім­ді­лі­гі 12 1-ден 15-ке дей­ін Дене шы­нық­ты­ру дай­ынды­ғы бой­ын­ша нор­ма­тив­тер­ді тап­сы­ру нәти­же­ле­рі 10 1-ден 10-ға дей­ін Кә­сі­би же­ті­стіктер 5 1-ден 30-ға дей­ін * Бә­се­ке­ге қа­бі­лет­ті­лік көр­сет­кі­ші­нің қо­ры­тын­ды дең­гейі -ден -ға дей­ін *Ба­сым­ды ба­ғыт­тар және ұсы­ным­дар: Бә­се­ке­ге қа­бі­лет­ті­лік көр­сет­кі­шін анық­тау 4 (төрт) балл­дық жүй­е­сі дең­гей­ін­де анық­та­ла­ды. Эко­но­ми­ка­лық тер­геу қыз­мет қыз­мет­ке­рі­нің және кан­ди­дат­тар­дың кә­сі­би дең­гей­і­нің дә­ре­же­сі тө­мен­де­гі­ше анық­та­ла­ды: 4-ші дең­гей (70-тен 100 бал­л­ға дей­ін) - қыз­мет­кер өз ла­у­а­зы­мы­на қой­ы­ла­тын бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­нан асы­ра­тын (аса­тын) дең­гей­де функ­ци­я­сын орын­да­у­ға қа­бі­лет­ті бо­лып та­бы­ла­ды. Ол өз іс­і­нің ма­ма­ны бо­лып та­бы­ла­ды, одан ке­ңе­стер мен кон­суль­та­ция алу­ға жиі жү­гі­не­ді. Жа­ңа тә­сіл­дер мен ше­шім­дер­ді же­тіл­ді­ру және да­мы­ту жол­да­рын ұсы­ну­ға қа­бі­лет­ті; 3-ші дең­гей (50-ден 70 бал­л­ға дей­ін) - қыз­мет­кер­дің жет­кі­лік­ті бі­лі­мі бар және ла­у­а­зы­мы­на сәй­кес қа­жет­ті дағ­ды­лар­ды көр­се­те­ді. Жүк­тел­ген жұ­мысын өз бе­тін­ше және қа­те­сіз орын­да­у­ға қа­бі­лет­ті; 2-дең­гей (30-дан 50 бал­л­ға дей­ін) – негі­зі­нен жұ­мыс ор­та­ша неме­се жет­кі­лік­ті дә­ре­же­де орын­да­ла­ды. Қыз­мет­кер бел­гі­лі бір мін­дет­тер­ді орын­дау ке­зін­де бі­лі­мі жет­кі­лік­сіз және кей­бір тап­сыр­ма­лар­ды орын­да­уда ба­қы­ла­уды қа­жет ете­ді; 1-дең­гей (1-ден 30 бал­л­ға дей­ін) - қыз­мет­кер тап­сыр­ма­ла­рын орын­дау үшін бі­лім дең­гейі жет­кі­лік­сіз, өзді­гі­нен тап­сыр­ма орын­да­у­ға қа­бі­лет­сіз, бас­шы­лық та­ра­пы­нан үне­мі ба­қы­ла­уды та­лап ете­ді. ** Осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін анықтау әдісі жеке, сондай-ақ бірнеше әдістерін ұштастыра отырып пайдаланылуы мүмкiн. Қызметкердің бәсекеге қабілеттілігіне бағалауды өткізуге/толтыруға жауапты Адами ресурстар басқармасы қызметкерінің Т.А.Ә.(бар болған жағдайда) _________________________________ толтыру күні _________________________________ Адами ресурстар басқармасы басшысының Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) _________________________________
Басқа 3. Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) мансаптық өсудің жүйесі мен өлшемшарттары
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №725 бұйрығына 3-қосымша Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) мансаптық өсудің жүйесі мен өлшемшарттары
Басқа 4. Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріндегі (экономикалық тергеу қызметі) кадрлық болжауды жүзеге асыру әдістемесі
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 725 бұйрығына 4-қосымша Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріндегі (экономикалық тергеу қызметі) кадрлық болжауды жүзеге асыру әдістемесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріндегі (экономикалық тергеу қызметі) (бұдан әрі – ЭТҚ) кадрлық болжауды жүзеге асыру әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 7-тармағына сәйкес әзірленді және ЭТҚ кадрлық болжауды жүзеге асыру әдістемесін анықтайды». Әдістеменің мақсаты орта мерзімді перспективада сандық және сапалық кадрлар қажеттілігін анықтау бірыңғай жүйесін қалыптастыру үшін арналған және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің (бұдан әрі – Комитет) стратегиялық даму қызметінің мақсаттары мен міндеттері және басымдықтарына сәйкес, кадр әлеуетін сақтау және нығайту үшін осы қажеттілікті қамтамасыз ету».
Тармақ 2
2. Осы Әдістемеде келесі түсініктер қолданылады:
Тармақша 1
1) кадрлық болжау – кадрлардың болашақ жағдайы және даму бағыттары туралы дәлелді болжамдар жүйесі;
Тармақша 2
2) кадрлық жоспарлау - тиісті лауазымдарда білікті мамандардың қажетті санын қамтамасыз ету және кадрлық қажеттілікті жүйелі талдау процесі.
Тармақ 3
3. Жоспар-болжау екі бөлімнен тұрады: алдағы үш жылға кадр қажеттілігінің болжауы; алдағы үш жылға кадр қажеттілігін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралардың жоспары. Кадрлар қажеттілгінің жоспар-болжауы, алдағы үш жылға ЭТҚ кадрлармен толықтыру үшін кадрлық саясат жүргізудің негізі болып табылады.
Тармақ 4
4. Кадрлық жағдай және кадрлық болжау талдауының негізінде экономикалық тергеу қызметі әрекетіндегі ағымдағы және болашақта тосылатын өзгерістерге түзету енгізумен кадрлық жұмыстың ағымдағы көрсеткіштерін болашақ уақытқа ауыстыру жолымен кадрлық жоспарлау жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Кадрлық жоспарлау үш жылда бір рет жүзеге асырылады. Кадрлық жоспарлау кезеңі жоспарлау жылының төртінші тоқсаны болып табылады (1 қазаннан 25 желтоқсанға дейін).
Тармақ 6
6. Комитеттің және оның аумақтық органдарының кадрлық жоспарлауы кадрлық құрам бойынша ақпаратты талдау негізінде Комитеттің кадр қызметі (бұдан әрі- кадр қызметі) жүзеге асырады. Комитеттің аумақтық органдары жоспарлау жылының 1 қарашасына дейін кадр қызметіне кадрлық жағдай талдауы бойынша есептерді, кадрлық болжауға ұсыныстарды және кадрлар қажеттілігімен қамтамасыз ету бойынша шаралардың жоспарын осы Әдістеменің әрбір қосымшасының нұсқасына сәйкес жібереді.
Тармақ 7
7. Кадрлық жағдайды талдау кадрлармен толықтық бойынша кадрлық жұмыстың сатаистикалық мәліметтерін салыстыру және зерделеу жолымен жүзеге асырылады, оған кіретіндер:
Тармақша 1
1) кадрлық әлеуетті және соңғы үш жылдағы оның өзгеруін бағалау, және ол арқылы экономикалық тергеу қызметіндегі кадрлардың санын жасы, құқық қорғау ұйымдарындағы қызмет өтілі, білімі және мамандық деңгейі бойынша градациясымен анықтау арқылы осы Әдістеменің 1, 2 -қосымшаларына сәйкесжүзеге асырылады;
Тармақша 2
2) соңғы үш жылдағы ұқсас көрсеткіштермен салыстырғандағы кадрлар тапшылығы мен толықтығы жағдайын келесі көрсеткіштер арқылы анықталады: осы Әдістеменің 3- қосымшасына сәйкес бос лауазымдардың жалпы саны; осы Әдістеменің 4, 5- қосымшаларына сәйкес жасы, қызмет өтілі, білім және мамандық деңгейі бойынша градацияменкеткен кадрлар саны; осы Әдістеменің 6-қосымшасына келіп түсу көзі бойынша градациямен қызметке қабылданған кадрлар саны; кадрлар тапшылығы келесі формула бойынша есептеледі: Д = а – в Д – кадрлар тапшылығының көрсеткіші; а – кеткен кадрлар саны; в – қызметке келіп түскен кадрлар саны. Алынған мәліметтер алдыңғы екі жылдың ұқсас көрсеткіштерімен салыстырылады.
Тармақ 8
8.   Кадрлық болжау үш жылға құрылады және соңғы үш жылдағы кадрлық жағдайды талдау нәтижелерінің негізінде келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады: кадрлардың сандық қажеттілігін анықтау; кадрлардың сапалық қажеттілігін анықтау;
Тармақ 8.1
8.1 Кадрлардың сандық қажеттілігінің болжауы төмендегі формула арқылы есептеледі: П = а + d П – сандық қажеттіліктің орта көрсеткіші; а – соңғы үш жылда қызметке келіп түскен кадрлар санының орта көрсеткіші; d – соңғы үш жылда кадрлар жетіспеушілігінің орта көрсеткіші. Кадрлар тапшылығы болмаған жағдайда, кадрлардың сандық қажеттілігі сәйкес келетін жылда қызметке қабылданған кадрлардың санын ғана есепке алу арқылы сандық қажеттілік анықталады.
Тармақ 8.2
8.2 Кадрлардың сапалық қажеттілігін болжауды анықтау бос лауазымдарды талдау негізінде біліктілік талаптарын талдау негізінде білім және мамандық деңгейі бойынша жүргізіледі.
Тармақ 9
9. Кадрлық жоспарлау төмендегі көрсеткіштерді қамтамасыз ету үшін нақты іс-шаралар тізімін жасау арқылы кадрлық болжаудың мәліметтері негізінде жүзеге асырылады: кадрлардың сандық қажеттілігі; кадрлардың сапалық қажеттілігі. Осы Әдістеменің 7, 8-қосымшаларына сәйкес кадрлық жоспарлау алдағы үш жылға кадр қажеттілігінің жоспар-болжауын құрумен аяқталады.
Басқа 4.1
Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріндегі (экономикалық тергеу қызметі) кадрлық болжауды жүзеге асыру әдістемесіне 1-қосымша 20____ жылғы __________ жағдай бойынша жасы және қызмет өтілі бойынша қызметкерлер туралы статистикалық мәліметтер №/№ Атауы Штат саны Нақты саны Барлығы: % қатынаста кестенің жалғасы Қызметкерлер құрамы жасы бойынша қызмет өтілі бойынша 30 жасқа дейін 30 жастан 40 жасқа дейін 40 жастан 48 жасқа дейін 48 жастан 55 жасқа дейін 55 жастан жоғары 1 жылға дейін 1жылдан 3 жылға дейін 3 жылдан 5 жылға дейін 5 жылдан 10 жылға дейін 10 жылдан жоғары
Басқа 4.2
Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріндегі (экономикалық тергеу қызметі) кадрлық болжауды жүзеге асыру әдістемесіне 2-қосымша Нысан 20____ жылғы __________ жағдай бойынша білім деңгейі бойынша қызметкерлер туралы статистикалық мәліметтер № / № Атауы Штат саны Нақты саны қызметкерлер құрамы білім деңгейі бойынша техникалық және кәсіби жоғары ЖОО кейін Барлығы: % қатынаста кестенің жалғасы қызметкерлер құрамы мамандықтары бойынша заң құқық қор­ғау қыз­ме­ті ха­лы­қа­ра­лық құқық құқық және эко­но­ми­ка негіз­де­рі ақ­па­рат­тық жүй­е­лер эко­но­ми­ка­лық гу­ма­ни­тар­лық пе­да­го­ги­ка­лық басқа
Басқа 4.3
Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріндегі (экономикалық тергеу қызметі) кадрлық болжауды жүзеге асыру әдістемесіне 3-қосымша Нысан 20____ жылғы __________ жағдай бойынша бос лауазымдардың саны туралы статистикалық мәліметтер № / № Атауы ЖАСАҚТАЛМАҒАНЫ Штат саны Жалпы жасақталмағаны Тағылымдамадан өтушілерді есепке алғанда жасақталмағаны ж ж ж ж ж. ж ж ж ж Барлығы: % кестенің жалғасы ЖАСАҚТАЛМАҒАНЫ соның ішінде қызметтер бойынша қыз­мет қыз­мет қыз­мет қыз­мет қыз­мет қыз­мет қыз­мет қызмет ж ж ж ж ж ж ж ж ж ж ж ж ж ж ж ж ж. ж ж ж ж. ж ж. ж
Басқа 4.4
Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріндегі (экономикалық тергеу қызметі) кадрлық болжауды жүзеге асыру әдістемесіне 4-қосымша Нысан 20____ жылғы __________ жағдай бойынша жұмыстан кеткен қызметкерлер туралы статистикалық мәліметтер № / № Атауы Штат саны КЕТКЕНДЕР б а р л ы ғ ы Жұмыстан шыққандар Басқа құқық қорғау және арнаулы органдарға, әскери құрылымдарға кеткендер б а р л ы ғ ы Зейнет керлікте Басқа жағ дай лар ға бай ла ныс ты Барлығы: % қатынаста кестенің жалғасы КЕТКЕНДЕР кеткен қызметкерлер құрамы жасы бойынша қызмет өтілі бойынша 30 жасқа дейін 30 жастан 40 жасқа дейін 40 жастан 48 жасқа дейін 48 жастан 55 жасқа дейін 55 жастан жоғары 1 жылға дейін 1 жылдан 3 жылға дейін 3 жылдан 5 жылға дейін 5 жылдан 10 жылға дейін 10 жылдан жоғары
Басқа 4.5
Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріндегі (экономикалық тергеу қызметі) кадрлық болжауды жүзеге асыру әдістемесіне 5-қосымша Нысан 20____ жылғы __________ жағдай бойынша білім деңгейлері бойынша жұмыстан кеткен қызметкерлер туралы статистикалық мәліметтер № / № Атауы Штат саны КЕТКЕНДЕР барлығы кеткен қызметкерлер құрамы білім деңгейі бойынша техникалық және кәсіби жоғары ЖОО кейін Барлығы: % қатынаста кестенің жалғасы КЕТКЕНДЕР кеткен қызметкерлер құрамы мамандық бойынша заң құқық қор­ғау қыз­ме­ті ха­лы­қа­ра­лық құқық құқық және эко­но­ми­ка негіз­де­рі ақ­па­рат­тық жүй­е­лер эко­но­ми­ка­лық гу­ма­ни­тар­лық пе­да­го­ги­ка­лық басқа
Басқа 4.6
Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріндегі (экономикалық тергеу қызметі) кадрлық болжауды жүзеге асыру әдістемесіне 6-қосымша Нысан 20____ жылғы __________ жағдай бойынша ______________________________қабылданғандар туралы статистикалық мәліметтер №/№ Атауы Штат саны жыл жыл жыл Барлығы: % қатынаста кестенің жалғасы ҚАБЫЛДАНҒАНДАР БАРЛЫҒЫ Басқа құқық қорғау және арнаулы органдардан, әскери құрылымдардан келгендер Құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлері мен әскери қызметшілердің барлығы Сот шешімі бойынша қызметке қайта орналасқандар басқа мекемелер жыл жыл жыл жыл жыл жыл жыл жыл жыл жыл жыл жыл жыл жыл жыл
Басқа 4.7. 1. Кадрларға қажеттілікті болжау
Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріндегі (экономикалық тергеу қызметі) кадрлық болжауды жүзеге асыру әдістемесіне 7-қосымша Нысан ____________ - ____________ жылдар бойынша кадрларға қажеттілікті болжау жоспары 1. Кадрларға қажеттілікті болжау № / № Атауы ҚАЖЕТТІЛІК Жалпы қажеттілік білім деңгейі бойынша Техникалық және кәсіби жоғары ЖОО кейін жыл жыл жыл жыл жыл жыл жыл жыл жыл жыл жыл жыл Барлығы: % қатынаста
Басқа 4.8
Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріндегі (экономикалық тергеу қызметі) кадрлық болжауды жүзеге асыру әдістемесіне 8-қосымша Нысан 2. Мамандықтар бойынша кадрларға қажеттілікті болжау № / № Атауы ҚАЖЕТТІЛІК мамандықтар бойынша Жалпы қажеттілік Заңтану Құқық қорғау қызметі Халықаралық құқық ж ж ж ж ж ж ж ж ж ж ж ж Барлығы: % қатынаста ҚАЖЕТТІЛІК мамандықтар бойынша Құқық және эко­но­ми­ка негіз­де­рі Пси­хо­ло­гия Эко­но­ми­ка Есеп және аудит Қар­жы Ин­фор­ма­ти­ка Ақ­па­рат­тық жүй­е­лер Есеп­теу тех­ни­ка­сы­ж­әне бағ­дар­ла­ма­лық қам­та­ма­сыз ету Ра­дио­тех­ни­ка, элек­тро­ни­ка және те­ле­ком­му­ни­ка­ция ж ж ж ж ж ж ж ж ж ж ж ж ж ж ж ж ж ж ж ж ж