Об утверждении Методики измерения технических параметров качества телерадиовещания Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.08.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық өлшемдерін өлшеу әдістемесін бекіту туралы «Телерадио хабарларын тарату туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-тармағы 3-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық өлшемдерін өлшеу әдістемесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Т.Б. Қазанғап):
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күн жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсiн.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 71 бұйрығымен бекітілген Телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық өлшемдерін өлшеу әдістемесі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық өлшемдерін өлшеу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) «Телерадио хабарларын тарату туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-тармағы 3-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық өлшемдерін өлшеуді анықтауға арналған.
Тармақ 2
2. Әдістемеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) кабельдік телерадио хабарларын тарату – интернет жүйелеріне қолжетімділік қызметін көрсететін абоненттік желілерді қоспағанда, кабельдік және эфирлік-кабельдік желілер арқылы теле-, радиоарналарды тарату жүйесі;
Тармақша 2
2) радиотелевизиялық станция (бұдан әрі - РТС) – телеарналарды эфирлік трансляциялау үшін, сондай-ақ ӨЖЖ диапазонындағы радиоарналарға арналған техникалық құралдар мен инженерлік құрылыстардың кешені;
Тармақша 3
3) cпутниктік телерадио хабарларын тарату – байланыс спутниктерінде орналастырылатын ретрансляторлар арқылы теле-, радиоарналарды тарату жүйесі;
Тармақша 4
4) цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату – бірегей сигналды цифрлау (жинау) әдісін пайдалана отырып, жер үстіндегі хабар беруші станциялар арқылы теле-, радиоарналарды тарату жүйесі.
Тарау 4. 2-тарау. Өлшеуді жүргізу шарттары
2-тарау. Өлшеуді жүргізу шарттары
Тармақ 3
3. Телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық өлшемдерін өлшеу (дала өлшеулері) жергілікті жердің электрондық карталарын пайдалана отырып жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Өлшеу нүктелерінің географиялық координаттарын анықтау үшін GPS навигациялық құрылғысы пайдаланылады.
Тармақ 5
5. Дала өлшеулері кезінде өлшеу жабдығы мамандырылған көлік құралына орналастырылады.
Тармақ 6
6. Егер өлшеу шарттары ерекше ескерілмесе, радиотаратқыштардың өлшемдері қалыпты климат жағдайларында өлшенеді: ауа температурасы 15°С –ден 35°С дейін; 20°С температура кезінде ауаның қатысты салыстырмалы ылғалдығы 45% -дан 75% дейін; атмосфералық қысым 86кПа-дан 106кПа дейін; қоректендіру желісінің номиналды кернеуі ± 5 % артық емес рұқсат етілетін ауытқуымен.
Тармақ 7
7. Өлшеулер алдында бағдарламалық қамтамасыз етудің штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанына және жүйелік қателер жоқ екендігіне көз жеткізу қажет.
Тармақ 8
8. Радиотаратқыш, өлшеу құралдары мен қосалқы жабдық техникалық құжаттамаға сәйкес жұмысқа дайын болуы тиіс. Өлшемдерді өлшеуді радиотаратқыш пен өлшеу құралдарын қосқаннан кейін отыз минуттан ерте емес жүргізеді.
Тарау 3. 3-тарау. Эфирлік цифрлық телерадио хабарларын тарату сигналының техникалық өлшемдерін өлшеу
3-тарау. Эфирлік цифрлық телерадио хабарларын тарату сигналының техникалық өлшемдерін өлшеу
Тармақ 9
9. Эфирлік цифрлық телерадио хабарларын тарату сигналының техникалық өлшемдерін өлшеу:
Тармақша 1
1) радиотелевизиялық станциядағы (бұдан әрі – РТС) эфирлік DVB-T2 цифрлық телевизиялық хабар тарату жүйесінде телевизиялық радиотаратқыштар сигналының техникалық өлшемдерін өлшеу;
Тармақша 2
2) қабылдау нүктесіндегі («дала» өлшеулері) DVB-T2 эфирлік цифрлық телевизиялық сигналының техникалық өлшемдерін өлшеу арқылы жүргізіледі.
Тармақ 1. 1-параграф. РТС эфирлік DVB-T2 цифрлық телевизиялық хабар тарату жүйесінде телевизиялық радиотаратқыштар сигналының техникалық өлшемдерін өлшеу
1-параграф. РТС эфирлік DVB-T2 цифрлық телевизиялық хабар тарату жүйесінде телевизиялық радиотаратқыштар сигналының техникалық өлшемдерін өлшеу
Тармақ 10
10. Таратқыштың техникалық өлшемдерін өлшеуді жолақтық сүзгілерден немесе біріктіру көпірінен кейін жүргізу қажет. Олар жоқ болған жағдайда, өлшеу осы Әдістемеге 1-қосымшада келтірілген радиотаратқыш өлшемдерін өлшеу схемасы бойынша таратқыштың ішіне немесе таратқыштан кейін орнатылған өлшеу кесіндісінде жүргізіледі (бұдан әрі – схема).
Тармақ 11
11. Радиотаратқыштың шығыс қуатын өлшеуді схема бойынша қуат өлшеушпен немесе спектрдің талдағышы көмегімен жүргізіледі. Өлшеулерді орындау кезінде пайдалану бойынша нұсқаулықта келтірілген шарттар мен режимдерді сақтау. Радиотаратқыш шығыс қаутының нақты мәнінен жол берілген ауытқуы - ± 10 % артық емес.
Тармақ 12
12. Деректердің транспорттық ағымының өлшемдерін өлшеу осы Әдістемеге 2-қосымшада көрсетілген транспорттық ағымның өлшемдерін өлшеуді жүргізу схемасына сәйкес мониторинг жабдығын (транспорттық ағымды талдағыш) бағдарламаларды беру трактіне қосу арқылы жүргізіледі. Өлшеу нәтижелері кесте нысанында белгіленеді. Өлшеулерді орындау кезінде пайдалану бойынша нұсқаулықта келтірілген шарттар мен режимдерді сақтау. Бағытталған тармақтану шығысындағы радиотаратқыш сигналының деңгейі өлшеу құралдарының рұқсат етілген кіріс деңгейінен артық болса, қосымша аттенюаторді пайдалану қажет. Цифрлық өлшеу қабылдағыштың немесе цифрлық телевизиялық қабылдағышының экранында барлық режимдерде телевизиялық бейнелерін бұрмалаудың болмауы керек, ал өлшенген өлшемдерлер мен тарату жылдамдылығы А.1 - А.6 ҚР СТ 2175-2011 кестелеріне сәйкес келуі тиіс. А.1 - А.6 ҚР СТ 2175-2011 кестелерде көрсетілген мәндерден ауытқу 0,5%-дан артық болмау тиіс.
Тармақ 13
13. Спектрдің өлшеулері аспапқа қоса берілетін пайдалану бойынша нұсқаулыққа сәйкес спектр талдағыштың көмегімен жүзеге асырылады. Спектрді өлшеулер спектрдің талдағышын схемасына сәйкес бөлгіш арқылы өлшеу кесіндісіне қосу арқылы жүргізіледі. Өлшеу өлшемдері мыналар болып табылады::
Тармақша 1
1) сигнал спектрінің маскасын бағалау;
Тармақша 2
2) сигналдың 2-і, 3-і гармоникалық құрамдас бөліктерінің болуы және мөлшері;
Тармақша 3
3) жанама сәулену;
Тармақша 4
4) сигнал/шу қатынасы;
Тармақша 5
5) констелляциялық диаграмманы өлшеу;
Тармақша 6
6) сигналдың модуляциясы өлшемдерін өлшеу және бақылау;
Тармақша 7
7) сигналды кодтау өлшемдерін өлшеу және бақылау. Өлшеу нәтижелері кесте нысанында белгіленеді.
Тармақ 14
14. Радиотаратқыштың шығыс сигналының белдеуден тыс құрамдас бөліктерінің қуат деңгейін өлшеу схема бойынша спектр талдағышының көмегімен жүргізіледі. Өлшеулерді орындау кезінде пайдалану бойынша нұсқаулықта келтірілген шарттар мен режимдерді сақтау. Радиотаратқыштың шығыс сигналы қуатының спектрлік тығыздығына арналған шектеу маскалары тораптық нүктелерінің координаттары осы Әдістемеге 3-қосымшада келтірілген.
Тармақ 15
15. Радиотаратқыштың орталық жиілігінің нақты мәнінен ауытқуын өлшеу схемаға сәйкес радиотаратқышқа қосылған цифрлық өлшеу қабылдағышпен орындалады. Өлшеулерді орындау кезінде пайдалану бойынша нұсқаулықта келтірілген шарттар мен режимдерді сақтау. Бір айдың ішінде радиотаратқыштың орталық жиілігінің нақты мәнінен жол берілетін ауытқуы - 100 Гц артық емес
Тармақ 16
16. Жүргізілген өлшеулердің нәтижелері осы Әдістемеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өлшеу хаттамасымен ресімделеді (бұдан әрі – өлшеу хаттамасы).
Тармақ 2. 2-параграф. Қабылдау нүктесіндегі («дала» өлшеулері) DVB-T2 эфирлік цифрлық телевизиялық сигналының техникалық өлшемдерін өлшеу
2-параграф. Қабылдау нүктесіндегі («дала» өлшеулері) DVB-T2 эфирлік цифрлық телевизиялық сигналының техникалық өлшемдерін өлшеу
Тармақ 17
17. Сигналдың өлшемдерін қабылдау нүктесінде өлшеу және бақылау осы Әдістемеге 5-қосымшада берілген қабылдау нүктесіндегі сигнал өлшемдерін өлшеу схемасы бойынша өлшеу жабдығының көмегімен жүргізіледі. Өлшеулерді орындау кезінде пайдалану бойынша нұсқаулықта келтірілген шарттар мен режимдерді сақтау.
Тармақ 18
18. Өлшеуді орындаған кезде жазба жүргізу және мынадай өлшемдерді белгілеу қажет: өлшеулер жүргізілген нүктелер мен уақыттың координаттары; алаңның кернеулік мәні; сапаның объектівті көрсеткіштері (MER, LDPC, BER, BCH); көршілес арналардағы орын алып тұрған шуыл деңгейі. Өлшеу нәтижелері кесте нысанында немесе графикалық бейнелер түрінде белгіленеді.
Тармақ 19
19. Өлшеу өлшемдері:
Тармақша 1
1) сигнал спектрінің Маскасын бағалау;
Тармақша 2
2) өріс кернеулігін бағалау;
Тармақша 3
3) арнаның түрін бағалау (дБ);
Тармақша 4
4) кедергі келтіретін сигналдардың деңгейі (жолақтан тыс сәулеленулер);
Тармақша 5
5) сигнал/шуыл қатынасы;
Тармақша 6
6) констелляциялық диаграмманы өлшеу;
Тармақша 7
7) сигналдың модуляциясы өлшемдерін өлшеу және бақылау демодулятор арқылы жүргізіледі;
Тармақша 8
8) сигналды кодтау өлшемдерін өлшеу және бақылау демодулятор арқылы жүргізіледі.
Тармақ 20
20. Өлшеу нәтижелері өлшеу хаттамасымен ресімделеді.
Тарау 4. 4-тарау. Эфирлік аналогтық телерадио хабарларын тарату сигналының техникалық өлшемдерін өлшеу
4-тарау. Эфирлік аналогтық телерадио хабарларын тарату сигналының техникалық өлшемдерін өлшеу
Тармақ 21
21. Эфирлік аналогтық телерадио хабарларын тарату сигналының техникалық өлшемдерін өлшеу:
Тармақша 1
1) Аналогты телевизиялық хабар тарату жүйесінің телевизиялық радиотаратқыштар сигналының техникалық өлшемдерін өлшеу, РТС;
Тармақша 2
2) Қабылдау нүктесіндегі («дала» өлшеулері) аналогты телевизиялық хабар тарату жүйесінде телевизиялық радиотаратқыштар сигналының техникалық өлшемдерін өлшеу арқылы жүргізіледі.
Тармақ 1. 1-параграф. Аналогты телевизиялық хабар тарату жүйесінің телевизиялық радиотаратқыштар сигналының техникалық өлшемдерін өлшеу, РТС
1-параграф. Аналогты телевизиялық хабар тарату жүйесінің телевизиялық радиотаратқыштар сигналының техникалық өлшемдерін өлшеу, РТС
Тармақ 22
22. Осы бөлімде телевизияның хабар тарату аспаптары (ТХА) бейнелеу арналарының негізгі өлшемдерінің анықтамалары және оларды өлшеу әдістері беріледі. Түрлі ТХА құралдарының бейнелеу арналары өлшемдерін өлшеу әдістері негізінен ұқсас болады.
Тармақ 23
23. Телевизиялық радиотаратқыштың бейнелеу арнасының шығуындағы қуаты синхрондау импульстарының жоғарғы деңгейін таратуға сәйкес келетін оның ең жоғарғы мәнімен айқындалады. Бейне арнасының шығыс қуатының өлшеулерін өлшеу жабдығы көмегімен схема бойынша жүргізіледі. Өлшеулерді орындау кезінде пайдалану бойынша нұсқаулықта келтірілген шарттар мен режимдерді сақтау.
Тармақ 24
24. Арналарының сәуле таралатын радиосигналының өлшемдерін өлшеу үшін телевизялық таратқыштары бейнелеу мынадай тәртіпте орындалады:
Тармақша 1
1) Өлшеуші жабдықты жұмысқа өлшеуші жабдықтың пайдалану бойынша нұсқаулығында келтірілген талаптарға сәйкес дайындайды;
Тармақша 2
2) Өлшеулерді орындаудың алдында өлшеуші жабдықтың жұмысқа қабілеттілігін бақылауды жүргізеді. Өлшеулерді орындау кезінде пайдалану бойынша нұсқаулықта келтірілген шарттар мен режимдерді сақтау.
Тармақ 25
25. Бейнелеу мен дыбыстық сүйемелдеудің салмақ түсетін жиілік тұрақсыздығы 100 Гц мәнінен артық болмауға тиіс, ал куаты аз радиотаратқыштарда 350 Гц мәнінен артық болмауға тиіс. Өлшеулерді спектр талдағышы немесе жиілік өлшегіш көмегімен жүргізеді, өлшеу кезінде өлшеуші жабдықтың пайдалану бойынша нұсқаулықта келтірілген шарттар мен режимдерді сақтау. Алынған нәтижелер кестеде тіркеледі. Салмақ түсетін жиіліктің тұрақсыздығы өлшенген жиілік мәндері мен оның номиналды мәнінің арасындағы ең көп айырмасы бойынша анықталады.
Тармақ 26
26. Телевизялық таратқыштары бейнелеу арнасының сызықтық бұрмалауларын өлшеу мынадай тәртіпте жүргізіледі:
Тармақша 1
1) ауыспалы сипаттаманы өлшеу. Алаң жиіліктері тікбұрышты импульстарының жазық бөлігінің қисаюы немесе салыстырмалы әркелкілігі (ұзақ уақыттар аралығындағы ауыспалы сипаттама) 1,5% кем болмауы тиіс. Өлшеулерді орындау кезінде пайдалану бойынша нұсқаулықта келтірілген шарттар мен режимдерді сақтау.
Тармақша 2
2) жарықтық пен түстілік сигналдарының күшеюіндегі айырмашылық. Жарықтық пен түстілік сигналдарының күшеюіндегі айырмашылық артық, ал куаты аз радиотаратқыштарда +20/- 30%. мәнінен артық болмауға тиіс. Өлшеулерді орындағанда өлшеуші жабдықтың пайдалану бойынша нұсқаулықта келтірілген шарттар мен режимдерді сақтау.
Тармақша 3
3) дұрыстықтың сипаттамасы (бейне арнасының өтпелі амплитудалық-жиіліктік сипаттамасы (бұдан әрі – АЖС). Радиотелевизиялық таратқыш станцияның АЖС дұрыстығын өлшеулері кезінде бас бақылау детекторының (бақылау-өлшеуші демодулятор болмаған кезде) сәйкес сипаттамасын тексеру қажет. Бас бақылау детекторының АЖС жиіліктік сипаттамалары өлшеуішінің көмегімен оның шығуын детектордың кіру ұясына, ал өлшеуішінің төмен жиіліктегі кіруі детектордың шығуына қосқан кезде өлшенеді.
Тармақ 27
27. ТВ-таратқыштардың бейнелеу арнасының сызықсыз бұрмалауларын өлшеу мынадай тәртіпте жүргізіледі:
Тармақша 1
1) жарықтық арнасының сызықсыздығы;
Тармақша 2
2) сараланған күшею;
Тармақша 3
3) сараланған фаза. Өлшеулерді орындау кезінде пайдалану бойынша нұсқаулықта келтірілген шарттар мен режимдерді сақтау.
Тармақ 28
28. ТВ-таратқыштардың бейнелеу арналарының шуылдарын және кедергілерін өлшеу мынадай тәртіпте орындалады:
Тармақша 1
1) жарықтық арнасының сигнал/шуыл қатынасы;
Тармақша 2
2) жарықтық сигналы мен фондық кедергінің қатынасы; Өлшеулерді орындау кезінде пайдалану бойынша нұсқаулықта келтірілген шарттар мен режимдерді сақтау.
Тармақ 29
29. Жүргізілген өлшеулердің нәтижелері өлшеу хаттамасымен ресімделеді.
Тармақ 2. 2-параграф. Қабылдау нүктесіндегі («дала» өлшеулері) аналогты телевизиялық хабар тарату жүйесінде телевизиялық радиотаратқыштар сигналының техникалық өлшемдерін өлшеу
2-параграф. Қабылдау нүктесіндегі («дала» өлшеулері) аналогты телевизиялық хабар тарату жүйесінде телевизиялық радиотаратқыштар сигналының техникалық өлшемдерін өлшеу
Тармақ 30
30. Телерадио хабар тарату сапасының техникалық өлшемдерінің дала өлшеулері өлшеу антенналарының, сондай-ақ өлшеу жабдығының көмегімен мынадай реттілікпен жүргізіледі:
Тармақша 1
1) өлшеу антеннасын тіреу-бұрма құрылғыға орнату;
Тармақша 2
2) өлшеу уақыты мен мерзімін, өлшеу нүктесінің географиялық координаттарын (ауқымын, бойлығын, биіктігін) белгілеу;
Тармақша 3
3) тіреу-бұрма құрылғының көмегімен өлшеу антеннасын радиосәуле шығару көзіне бағыттап 10 м төмен емес биіктікке көтеру;
Тармақша 4
4) өлшеу құрылғысының мынадай өлшемдері белгіленеді: зерттелетін арнаның жиілігіне сәйкес арнаның жиілігі; көру белдігі, 20 МГц; қабылдағыштың өткізу белдеуінің ауқымы (RBW): 30 кГц немесе автоматты (100 кГц жоғары емес); детектор (Detector): RMS немесе өңдеусіз (sample); шығыс аттенюаторларды босату 0 дБ.
Тармақ 31
31. Өрістің кернеулігін өлшеулері бейненің салмақ түсетін жиілігіне орнатылған маркердің өлшемдерін оқу арқылы жүргізіледі (өлшеулер дБмкВ/м-де жүргізіледі). Егер өлшенетін жабдық бұл өлшеу бірліктерін қолдамаса, сигналдың деңгейі дБм өлшенеді. Электромагниттік алаңның сигнал қуатының өлшенген мәндеріне Klosscable(дБ) тең кабельдің өшуі мен AF(дБ)антенна факторы қосылады. Сигнал қуатының осы мәнін P(dBm) мына формула бойынша алаң кернеулігінің тиісті деңгейіне ауыстыру: E(dBmkV/m)=107+P(dBm)+(AF+Klosscable) «ең жоғарғы» детектірлеу режимі; «максимумды ұстап қалу немесе RMS» өлшеу режимі. Сәуле шығарудың өлшенетін көзінің қабылданған сигналын бақылай отырып, антеннаның бағытын азимут бойынша өзгерту, өлшеу құрылғысындағы ең жоғары көрсеткішке жету.
Тармақ 32
32. Салмақ түсетін жиіліктің тұрақсыздығы жиіліктің өлшенген мәндері мен оның нақты мәнінің арасындағы ең көп айырмашылығы бойынша айқындалады. Өлшеу аналогтық ТВ «аналогтык ТВ салмақ түсетіндері» режимінде талдағышпен жүргізіледі. Алынған нәтижелер кестеде белгіленеді.
Тармақ 33
33. Сигнал/шуыл қатынасын өлшеу «аналогтык ТВ» режимінде тиісті бөлімде жүргізіледі, алынған нәтижелер кестеде белгіленеді.
Тармақ 34
34. Өлшеу нәтижелері өлшеу хаттамасымен ресімделеді.
Тарау 5. 5-тарау. Телевизиялық хабар таратудың кабельді желісі бас станциясының техникалық өлшемдерін өлшеу
5-тарау. Телевизиялық хабар таратудың кабельді желісі бас станциясының техникалық өлшемдерін өлшеу
Тармақ 35
35. Кабельді телерадио хабарларын тарату радиотаратқыштары сигналынының техникалық өлшемдерін өлшеу басты станцияны өлшеулер мен сынақтан өткізулер басты станцияның (бұдан әрі – БС) шығуында жүргізіледі арқылы жүргізіледі.
Тармақ 36
36. Кабель желісінің жабдығы мен өлшеу құралдары өлшеу жүргізу басталғанға дейін кем дегенде 30 минут бұрын қосылады. Өлшеу құралдары келісу құрылғылары арқылы қосылған кезде бұл құрылғылардың өшуі нәтижелерді анықтаған кезде ескеріледі.
Тармақ 37
37. Өлшеу құралдарын қосу өлшеу нәтижелеріне әсер етпеуі тиіс. Өлшеу схемасына кіретін өлшеу құралдарының жерге қосу клеммалары қорғау жерге қосудың шинасына қосылады.
Тармақ 38
38. Кабель желісінің өлшемдерін өлшеу (егер ерекше ескерілмесе) желі жабдығының нақты жұмыс режимінде жүргізіледі. Өлшеу нүктесіндегі радиосигналдың кернеу деңгейі өлшеудің талап етілетін дұрысын алу үшін жеткіліксіз болған кезде кабель желісінің өлшемдерін өлшеуді осы желінің бақылау нүктелерінде жүргізуге рұқсат етіледі (бақылау нүктелері бағытталған тармақтардың көмегімен ұйымдастырылады).
Тармақ 39
39. Аралас арналардағы сигнал/кедергі қатынас іріктемелі қысқа вольтметр мен екі жоғары жиілікті сигналдарын генераторының көмегімен осы Әдістемеге 6-қосымшасында көрсетілген БС арналық күшейткішті (конверторды) тарату және таңдау арнасында АЖС тегіссіздігі, жанама кедергіге көрініс радиосигналына қатынасын анықтаудың құрылымдық схемасы (бұдан әрі - құрылымдық схема) бойынша айқындалады.
Тармақ 40
40. Телевизия хабарларын тарату радиосигналын бөлу арнасындағы арналық күшейткіштің (конвертордың) АЖС әркелкілігі сигналдардың екі жоғары жиілікті генераторының және іріктемелі қысқа вольтметрдің көмегімен құрылымдық схема бойынша айқындалады.
Тармақ 41
41. Радиосигналдарды айырбастаған кезде бейне мен ЖМ ӨЖЖ хабар тарату радиосигналдарының салмақ түсетін жиілік мәнінің нақты мәнінен ауытқуы сигналдардың жоғары жиілікті генераторының және электрондық- есептеу жиілікті өлшегіштің көмегімен осы Әдістемеге 7-қосымшада берілген радиосигналдарының салмақ түсетін және ЖМ ӨЖЖ таратудан номиналды мәнінен айкындау үшін құрлымдық схема бойынша анықталады.
Тармақ 42
42. Бейнелеу арнасының импульстік сипаттамасы (K-фактор) телевизиялық өлшеу сигналдары генераторының, телевизиялық өлшеу демодулятордың және телевизиялық өлшеу сигналдары бұрмалауларының талдағышы көмегімен осы Әдістемеге 8-қосымшада берілген бейнелеу радиосигналының белдеуден тыс кедергіге қатысын және бейнелеу арнасының өлшемдерін өлшеуге арналған құрылымдық схема бойынша өлшенеді.
Тармақ 43
43. Өлшеу нәтижелері өлшеу хаттамасымен ресімделеді.
Тарау 6. 6-тарау. Спутниктік цифрлық телевизиялық хабар тарату сигналының өлшемдерін өлшеу
6-тарау. Спутниктік цифрлық телевизиялық хабар тарату сигналының өлшемдерін өлшеу
Тармақ 44
44. Өлшеулер жүргізу үшін келесі өлшеу құралдары мен қосалқы жабдық пайдаланылады:
Тармақша 1
1) ЖЖ (жоғарғы жиілік)-аттенюаторлар, АЖ(аралық жиілік)-аттенюаторлар;
Тармақша 2
2) спектр талдағышы;
Тармақша 3
3) АЖ, ЖЖ генераторлары;
Тармақша 4
4) қуатты өлшегіш;
Тармақша 5
5) қателер ықтималдығын өлшегіш.
Тармақ 45
45. Сынақтан өткізілетін құрылғының (таратушы құрылғының, көтеруші жиілікті өндегіш, қуатты күшейткіш) кіруінде сигналдар жиілігінің диапазонын және шығуында сигналдар жиілігінің диапазонын өлшеу осы Әдістемеге 9-қосымшасында берілген сигналдар жиілігі диапазонын өлшеудің құрлымдық схема (бұдан әрі – өлшеу схема) бойынша сигналдың кірудегі қуат деңгейін және сигналдың шығудағы қуат деңгейін бір уақытта өлшей отырып жүргізіледі.
Тармақ 46
46. Шығыс сигналы қуатының деңгейін көбейте отырып, сынақтан өткізілетін құрылғының шығуында сигнал қуатының деңгейін анықтау.
Тармақ 47
47. Сынақтан өткізілетін құрылғы (таратушы құрылғы, жиілікті өндегіш) кіруінің келіспеушілігі өшуін өлшеу осы Әдістемеге 10-қосымшада берілген сынақтан өткізілетін құрылғы (таратушы құрылғы, жиілікті өндегіш) кіруінің келіспеушілігі өшуін өлшеу схема бойынша жүргізіледі.
Тармақ 48
48. Сынақтан өткізілетін құрылғының шығуына арналған (таратушы құрылғы, жиілікті өндегіш) тік толқын коэффициентін өлшеу, егер оның шығуында келісуге арналған ысырма орнатылса, осы Әдістемеге 11-қосымшада берілген сынақтан өткізілетін құрылғының шығуына арналған (таратушы құрылғы, жиілікті өндегіш) тік толқын коэффициентін өлшеу схема бойынша жүргізіледі.
Тармақ 49
49. Сынақтан өткізілетін құрылғының (таратушы құрылғы, жиілікті өндегіш) шығу сигналы жиілігінің ауытқуын өлшеу генераторлар пайдаланатын құрлымдық өлшеу схемасы бойынша жүргізіледі.
Тармақ 50
50. Сынақтан өткізілетін құрылғының (таратушы құрылғы, көтеруші жиілікті өндегіш, жиілікті өндегіш) сигналының шығу қуатын қолдаудың дәл еместігін өлшеу құрлымдық өлшеу схема бойынша жүргізіледі.
Тармақ 51
51. Сынақтан өткізілетін құрылғының (таратушы құрылғы, көтеруші жиілікті өндегіш, жиілікті өндегіш) жанама сәулелену деңгейін өлшеуді осы Әдістемеге 12-қосымшада берілген сынақтан өткізілетін құрылғының (таратушы құрылғы, көтеруші жиілікті өндегіш, жиілікті өндегіш) жанама сәулелену деңгейін өлшеу схемасымен жүргізу.
Тармақ 52
52. Сынақтан өткізілетін құрылғының (таратушы құрылғының, көтеруші жиілікті өндегіштің, жиілікті өндегіштің) шығуында интермодуляция өнімдерінің деңгейін өлшеу осы Әдістемеге 13-қосымшада берілген сынақтан өткізілетін құрылғының шығуында интермодуляция өнімдерінің деңгейін өлшеу схемасы бойынша жүргізіледі.
Тармақ 53
53. Өлшеу нәтижелері өлшеу хаттамасымен ресімделеді.
Тарау 7. 7-тарау. Радиотелевизиялық станцияда ЖМ ӨЖЖ радио хабарларын таратудың техникалық өлшемдерін өлшеу
7-тарау. Радиотелевизиялық станцияда ЖМ ӨЖЖ радио хабарларын таратудың техникалық өлшемдерін өлшеу
Тармақ 54
54. Радио хабарларын тарату сигналынының техникалық өлшемдерін өлшеу:
Тармақша 1
1) ЖМ АЖЖ радиохабар тарату таратқыштарының техникалық өлшемдерін өлшеу, РТС; 2 Қабылдау нүктесіндегі («дала» өлшеулері) радиохабар тарату сигналының техникалық өлшемдерін өлшеу арқылы жүргізіледі.
Тармақ 55
55. Мемлекеттік радиожиілік қызметі радиохабарларын тарату станцияларының:
Тармақша 1
1) радиотаратқыштардың белгіленген номиналды қуатын;
Тармақша 2
2) радиотаратқыштардың сапа көрсеткіштерінің нормаларын – БОК, %-бен алғанда (бүкпелердің орташаквадраттық коэффициенті), сигнал/фонға қатынастарын, дБ-мен алғанда және сигнал/шуға қатынастарын, дБ-мен алғанда, амплитудалық-жиілік сипаттамасының біркелкі болмауын;
Тармақша 3
3) жиіліктердің белдеулері енінің нормаларын және радиотаратқыштардың жанама сәулелену нормаларын (өлшеу аппаратурасы болмаған жағдайда – ТРБО-ның техникалық радиобақылау станциялары арқылы);
Тармақша 4
4) радиохабарларды тарату трактісінде белгіленген деңгейлер диаграммасын қамтамасыз ету бойынша өлшеулерін жүзеге асырады.
Тармақ 1. 1-параграф. ЖМ АЖЖ радиохабар тарату таратқыштарының техникалық өлшемдерін өлшеу, РТС
1-параграф. ЖМ АЖЖ радиохабар тарату таратқыштарының техникалық өлшемдерін өлшеу, РТС
Тармақ 56
56. Радиотаратқыш сигналының техникалық өлшемдерін өлшеу келесі тәртіпте жүргізіледі:
Тармақша 1
1) қуатты өлшеуді қуаттың қадағасын өлшеу кесіндісінің құлдыраушы қуаттың ажыратуына қосу арқылы жүргізіледі. Өлшеулер кезінде тармақ коэффициенті ескеріледі. Егер өлшеу жабдығы тармақ коэффициентін автоматты есепке алуды жүргізбесе, оны жүргізілген өлшеулердің нәтижелерін түсіндірген кезде ескеру қажет. Қуат қадағасының көмегімен жүргізілген өлшеу режімінің қадамы жабдықты әзірлеушінің әдістемесі мен ұсынымдарына сәйкес болуы тиіс. Радиотаратқыштың шығыс қуатының нақты мәнінен жол берілетін ауытқуы ± 10 % артық емес;
Тармақша 2
2) салмақ түсетін жиіліктің тұрақсыздығы жиіліктің өлшенген мәндері мен оның нақты мәнінің арасындағы ең үлкен айырмасы бойынша айқындалады. Радиотаратқыштың шығыс қуатының нақты мәнінен жол берілетін ауытқуы ± 50 Гц артық емес;
Тармақша 3
3) Амплитудалық-жиіліктік сипаттаманы өлшеу. Амплитудалық-жиіліктік сипаттаманың өлшеуін радиотаратқыштың шығуында аспапты пайдалану бойынша нұсқаулыққа сәйкес өлшеуді тіреу көмегімен жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) гармоникалардың орташа квадраттық коэффициентін өлшеу. Гармоникалардың орташа квадраттық коэффициентті анықтау радиотаратқыштың шығуында аспапты пайдалану бойынша нұсқаулыққа сәйкес бақылауды тіреу көмегімен жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) Радиосигналдың салмақ түсетін жиілігінің ең үлкен девиациясы. Осы Әдістемеге 13-қосымшада берілген радиосигналдын салмақ түсетін жиілігінің деыиацияларын өлшеу схемасы бойынша өлшенеді және модуляцияланған радиосигнал жиілігінің модуляцияланбаған салмақ түстетін жиілікке қатысты ең үлкен ауытқуымен айқындалады.
Тармақша 6
6) кедергілер деңгейін өлшеу. Кедергілер деңгейін өлшеу аспапты пайдалану бойынша нұсқаулыққа сәйкес өлшеуді тіреу көмегімен жүзеге асырады;
Тармақша 7
7) Өлшеу нәтижелері өлшеу хаттамасымен ресімделеді.
Тармақ 2. 2-параграф. Қабылдау нүктесіндегі («дала» өлшеулері) радиохабар тарату сигналының техникалық өлшемдерін өлшеу
2-параграф. Қабылдау нүктесіндегі («дала» өлшеулері) радиохабар тарату сигналының техникалық өлшемдерін өлшеу
Тармақ 57
57. Радиохабарларын тарату сапасының техникалық өлшемдерінің дала өлшеулері өлшеу антенналарының, сондай-ақ өлшеу жабдығының көмегімен келесі реттілікпен жүргізіледі:
Тармақша 1
1) өлшеу антеннасын тіреу-бұрма құрылғыға орнату;
Тармақша 2
2) өлшеу уақыты мен мерзімін, өлшеу нүктесінің географиялық координаттарын (ауқымын, бойлығын, биіктігін);
Тармақша 3
3) тіреу-бұрма құрылғының көмегімен өлшеу антеннасын радиосәуле шығару көзіне бағыттап 10 м төмен емес биіктікке көтеру;
Тармақша 4
4) өлшеу құрылғысының келесі өлшемдері белгіленеді: зерттелетін арнаның жиілігіне сәйкес арнаның жиілігі; көру белдігі, 20 МГц; қабылдағыштың өткізу белдеуінің ауқымы (RBW): 30 кГц немесе автоматты (100 кГц жоғары емес); детектор (Detector): RMS немесе өңдеусіз (sample); шығыс аттенюаторларды босату 0 дБ.
Тармақша 5
5) Өрістің кернеулігі. Өлшеулер салмақ түсетін жиілікте орнатылған маркердің өлшемдерін оқу арқылы жүргізіледі (өлшеулер дБмкВ/м-де жүргізіледі). Егер өлшенетін жабдық бұл өлшеу бірліктерін қолдамаса, сигналдың деңгейі дБм өлшенеді. Электромагниттік өрістің сигнал қуатының өлшенген мәндеріне Klosscable(дБ) тең кабельдің өшуі мен AF(дБ)антенна факторы қосылады. Сигнал қуатының осы мәнін P(dBm) мына формула бойынша алаң кернеулігінің тиісті деңгейіне ауыстыру: E(dBmkV/m)=107+P(dBm)+(AF+Klosscable). «ең жоғарғы» детектірлеу режимі; «максимумді ұстап қалу немесе RMS» өлшеу режимі; Сәуле шығарудың өлшенетін көзінің қабылданған сигналын бақылай отырып, антеннаның бағытын азимут бойынша өзгерту, өлшеу құрылғысындағы ең жоғары көрсеткішке жету; Алынған спектрді белгілеу;
Тармақша 6
6) жиіліктен ауытқу. Салмақ түсетін жиіліктің тұрақсыздығы жиіліктің өлшенген мәндері мен оның нақты мәнінің арасындағы ең көп айырмашылығы бойынша айқындалады.
Тармақ 58
58. Өлшеулердің нәтижелері өлшеу хаттамасымен ресімделеді.
Тарау 8. 8-тарау. Қолданылатын өлшеу құралдары және қосалқы құрылғылар
8-тарау. Қолданылатын өлшеу құралдары және қосалқы құрылғылар
Тармақ 59
59. Телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық өлшемдерін өлшеуді жүргізген кезде Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі тізілімінде тіркелген және «Өлшеу құралдарының бірлігін қамтамасыздандыру» 2000 жылғы 7 маусымынан Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тексерілген өлшеу жабдығы пайдаланылады. Барлық жүргізілетін өлшеулер өлшеу құралдарын пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарға сәйкес орындалады.
Тарау 9. 9-тарау. Қауіпсіздік талаптары
9-тарау. Қауіпсіздік талаптары
Тармақ 60
60. Телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық өлшемдерін өлшеулерін орындау кезінде пайдаланатын жабдықты пайдалану бойынша нұсқаулықта көзделген қауіпсіздік талаптарын сақтайды.
Тармақ 61
61. Жабдықты қосар алдында пайдаланатын жабдық жерге тұйықталуының сенімділігін тексереді.
Тарау 10. 10-тарау. Өлшеу нәтижелерінің дәлдігін бақылау
10-тарау. Өлшеу нәтижелерінің дәлдігін бақылау
Тармақ 62
62. Дәлділікті бақылау телерадио хабарларын тарату радиотаратқыштардың сәулелену өлшемдерінің өлшенген және берілген мәндерін салыстыру арқылы орындалады. «Эфир бойынша» (осы әдістемеге сәйкес) және «тракт бойынша» (берілген мән) өлшемдерді өлшеуді жүргізеді, содан кейін оларды салыстырады.
Тарау 11. 11-тарау. Өлшеу нәтижелерін ұсыну нысандары
11-тарау. Өлшеу нәтижелерін ұсыну нысандары
Тармақ 63
63. Өлшеу нәтижелері берліген жиіліктер жолақтарында өлшенген өлшемдерді графикалық ұсына отырып, өлшеу хаттамасы түрінде ресімделеді.
Басқа 1. Радиотаратқыштың өлшемдерін өлшеу жүргізу схемасы
Телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық өлшемдерін өлшеу әдістемесіне 1-қосымша Радиотаратқыштың өлшемдерін өлшеу жүргізу схемасы Ескерту: QAM (Quadrature Amplitude Modulation) – квадратуралық (амплитудалық) модуляция; QPSK (Quadrature Phase Shift Keying) – квадратуралық фазалық модуляция.
Басқа 2. Транспорттық ағымның өлшемдерін өлшеу жүргізу схемасы
Телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық өлшемдерін өлшеу әдістемесіне 2-қосымша Транспорттық ағымның өлшемдерін өлшеу жүргізу схемасы
Басқа 3. Радиотаратқыштың шығыс сигналы қуатының спектрлік тығыздығына арналған шектеу маскалары тораптық нүктелерінің координаттары
Телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық өлшемдерін өлшеу әдістемесіне 3-қосымша Радиотаратқыштың шығыс сигналы қуатының спектрлік тығыздығына арналған шектеу маскалары тораптық нүктелерінің координаттары Сындарлы емес спектрлік маска Сындарлы спектрлік маска Орталық жиіліктен ауытқу, МГц Спектрдің белдеуден тыс құрамдас бөліктері қуатының деңгейі, дБ Орталық жиіліктен ауытқу, МГц Спектрдің белдеуден тыс құрамдас бөліктері қуатының деңгейі, дБ Минус 12 Минус 77,2 Минус 12 Минус 87,2 Минус 6 Минус 52,2 Минус 6 Минус 62,2 Минус 4,2 Минус 40,2 Минус 4,2 Минус 50,2 Минус 3,8 0 Минус 3,8 0 3,8 0 3,8 0 4,2 Минус 40,2 4,2 Минус 50,2 6 Минус 52,2 6 Минус 62,2 12 Минус 77,2 12 Минус 87,2 Радиотаратқыштың шығыс сигналы қуатының спектрлік тығыздығына арналған шектеу масканың түрі
Басқа 4. Өлшеу хаттамасы
Телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық өлшемдерін өлшеу әдістемесіне 4- қосымша Нысан Бекітемін: _____________________ 20___ ж «_____» ____________. Өлшеу хаттамасы 1. Таратқыштың иесі: _____________________________________________ 2. Таратқыш орнатылған орын: _____________________________________ 3.Координаттары: _________________________________________________ 4. Өлшенетін таратқыштың деректері: 1) таратқыштың түрі: _____________________________________________ 2) телевизиялық арна / орталық жиілік: ___________________________ 3) таратқыштың қуаты: ____________________________________________ 4) желінің жұмыс кестесі (БЖЖ, КЖЖ):______________________________ 5)таратушы антеннаның түрі: ______________________________________ 6) таратушы антеннаны орнату биіктігі: ___________________________ 7) таратушы антеннаны күшейту коэффициенті: ______________________ 8) поляризациясы: ________________________________________________ 9) антенна-фидерлік жолдағы сомалық жоғалтулар: __________________ 10) Тиімді сәулелену қуаты (ТСҚ):_________________________________ 5. Өлшеу аппаратурасы: 1) өлшеу қабылдағыштың түрі: _____________________________________ 2) серийлық нөмірі: ______________________________________________ 3) өлшеу антеннасының түрі: ______________________________________ 4) қабылдау антеннасын күшейту коэффициенті: _____________________ 5) қабылдаудың антанна-фидерлік жолындағы сомалық жоғалтулар: ____ Өлшеу мерзімі: ___________________________________________________ Өлшеу жүргізгендер: ______________________________________________ (лауазымы, Т.А.Ә. болған кезде) Өлшеу нәтижелері: 1-кесте. Эфирлік аналогтық теледидарды қабылдау нүктесінде өлшеу нәтижелері (дала өлшеулері) р/с № Өлшеулер жүргізі лгенорын, коорди наттары Тарат қыштан арақа шықтығы, км Елді-мекен сипаттамасы, ауа райының жағдайы Өлшенген мәндері Ескертпе Өріс керінеуінің мәндері, дБмкВ/м Сигнал/шуыл қатынас, дБ Жиіліктің ауытқуы Бейне леудің салмақ түсе тінінен, Гц Дыбыстың салмақ түсетінінен, Гц өлшенген есепті (ITU-R P. 525/526) 1. 2. 2-кесте. Эфирлік цифрлық теледидарды қабылдау нүктесінде өлшеу нәтижелері (дала өлшеулері) р/с № Өлшеулер жүргізіл генорын, коорди наттары Тарат қыштан арақа шықтығы, км Елді-мекен сипаттамасы, ауа райының жағдайы Өлшенген мәндері Еске ртпе Өріс керінеуінің мәндері, дБмкВ/м BER MER C/N өлшенген есепті (ITU-R P. 525/526) 1 2 3-кесте. Өлшеу нәтижелері ____________________________________________ р/с № Өлшемдердің атауы Жол берілетін ауытқу Өлшенген мәні 1 2 3 4 1 2 Қорытындылар _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ Мерзімі_____________________ _______________________ (қолдар)
Басқа 5. Сигналдың өлшемдерін қабылдау нүктесінде өлшеу жүргізу схемасы
Телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық өлшемдерін өлшеу әдістемесіне 5- қосымша Сигналдың өлшемдерін қабылдау нүктесінде өлшеу жүргізу схемасы
Басқа 6. БС арналық күшейткішті (конверторды) тарату және таңдау арнасында АЖС тегіссіздігі, жанама кедергіге көрініс радиосигналына қатынасын анықтаудың құрылымдық схемасы
Телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық өлшемдерін өлшеу әдістемесіне 6- қосымша БС арналық күшейткішті (конверторды) тарату және таңдау арнасында АЖС тегіссіздігі, жанама кедергіге көрініс радиосигналына қатынасын анықтаудың құрылымдық схемасы Ескерту: Қабылдау арнасының бейнелеу радиосигналының салмақ түсетін жиілігінде 1 жоғары жиілікті генератордан сумматор арқылы БС кіруіне өзгертілмеген радиосигнал беріледі. Дыбыстық сүйемелдеу радиосигналының жиілігінде 2 жоғары жиілікті генератордан өзгертілмеген радиосигнал беріледі, оның кернеу деңгейі 1-генератордың радиосигналы деңгейінен 10 дБ-ға төмен болады. БС арналық күшейткіші (конвертор) АРҚ режиміне қойылады. Тиімді мәндерді өлшеу режимінде іріктемелі қысқа вольтметр БС шығуына ауыстырылады және радиосигналдың кернеу деңгейі бөлу арнасының бейнелеу радиосигналының жиілігінде өлшенеді.
Басқа 7. ЖМ ӨЖЖ хабар тарату мен бейне радиосигналдарының салмақ түсетін жиілік мәнінің нақты мәнінен ауытқуын анықтауға арналған құрылымдық схема
Телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық өлшемдерін өлшеу әдістемесіне 7-қосымша ЖМ ӨЖЖ хабар тарату мен бейне радиосигналдарының салмақ түсетін жиілік мәнінің нақты мәнінен ауытқуын анықтауға арналған құрылымдық схема Ескерту: Аттенюатор ең жоғары өшу режиміне орнатылады. Сигналдардың генераторы қабылдау арнасының бейнелеу радиосигналының салмақ түсетін жиілігі күйіне келтіріледі. Генератордың жиілігі жиілікті өлшегішпен өлшенеді. Өлшеулер БС түрлі жұмыс жағдайлары кезінде (климат жағдайларының өзгеруі, желі кернеуінің өзгеруі) қайталанады. Өлшеулердің нәтижелері ретінде жиіліктің нақты мәнінен ауытқуынан алынған ең үлкен мәні алынады. ЖМ ӨЖЖ хабар тарату радиосигналын өзгерткен кезде салмақ түсетін жиіліктің нақты мәнінен ауытқуы ұқсас өлшенеді.
Басқа 8. Бейнелеу радиосигналының белдеуден тыс кедергіге қатысын және бейнелеу арнасының өлшемдерін өлшеуге арналған құрылымдық схема.
Телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық өлшемдерін өлшеу әдістемесіне 8-қосымша Бейнелеу радиосигналының белдеуден тыс кедергіге қатысын және бейнелеу арнасының өлшемдерін өлшеуге арналған құрылымдық схема. Ескерту: Модулятордың бейнелеу арнасының кіруіне телевизиялық өлшеу сигналдарының генераторынан 2Т синусквадраттық импульс және тікбұрышты импульс элеметтерін қамтитын мерзімді өлшеу сигнал беріледі. Телевизиялық өлшеу демодуляторы бөлу арнасы бейнелеу радиосигналының салмақ түсетін жиілігіне күйге келтіріледі. Амплитудалық модуляцияның коэффициенті 50%- ға орнатылады. Демодулятордың шығуындағы бейнесигналдың қарқыны 1,0 В орнатылады. Телевизиялық өлшеу сигналдарының бұрмалаулар талдағышының көмегімен K-фактордың мәні пайызбен өлшенеді.
Басқа 9. Сигналдар жиілігі диапазонын өлшеудің құрылымдық схемасы
Телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық өлшемдерін өлшеу әдістемесіне 9-қосымша Сигналдар жиілігі диапазонын өлшеудің құрылымдық схемасы Ескерту: Сынақтан өткізілетін құрылғының кіруіне генератордан жиіліктердің кіріс диапазонының орталық жиілігіне сәйкес жиілікпен және мәндері сынақтан өткізілетін құрылғының ерекшелігінде берілген ең жоғары қуат деңгейімен модульденбеген сигнал беріледі. Жиілік өлшегішпен және қуат өлшегішпен сынақтан өткізілетін құрылғы шығыс сигналының сәйкесінше жиілігі мен қуатының мәні өлшенеді..
Басқа 10. Сынақтан өткізілетін құрылғы (таратушы құрылғы, жиілікті өндегіш) кіруінің келіспеушілігі өшуін өлшеу схемасы
Телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық өлшемдерін өлшеу әдістемесіне 10-қосымша Сынақтан өткізілетін құрылғы (таратушы құрылғы, жиілікті өндегіш) кіруінің келіспеушілігі өшуін өлшеу схемасы Ескерту: Өлшеу қондырғысынан діңгектің орталық жиілігіне қатысты жиіліктің ауытқуы ±0,5ΔF сигналын беру, мұндағы ΔF - діңгек белдеуінің еңі мен мәні 46-тармақта алынған шығыс сигналы қуатының деңгейі Pвых1дБ тең болатын қуат деңгейі.
Басқа 11. Сынақтан өткізілетін құрылғының шығуына арналған (таратушы құрылғы, жиілікті өндегіш) тік толқын коэффициентін өлшеу схемасы
Телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық өлшемдерін өлшеу әдістемесіне 11-қосымша Сынақтан өткізілетін құрылғының шығуына арналған (таратушы құрылғы, жиілікті өндегіш) тік толқын коэффициентін өлшеу схемасы Ескерту: Осындай өлшеу кезінде сынақтан өткізілетін құрылғы сөндірілуі тиіс. Сынақтан өткізілетін құрылғының шығуына тарату мен шағылту коэффициенттерінің модулін өлшегіштен шығыс жиіліктер диапазонының орталық диапазонына қатысты жиіліктің ауытқуы ±0,5ΔF өлшеу сигналын беру, мұнда ΔF - шығыс жиіліктердің диапазоны. Сынақтан өткізілетін құрылғы шығуының тік толқын коэффициентін өлшеу. .
Басқа 12. Сынақтан өткізілетін құрылғының жанама сәулелену деңгейін өлшеу схемасы
Телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық өлшемдерін өлшеу әдістемесіне 12- қосымша Сынақтан өткізілетін құрылғының жанама сәулелену деңгейін өлшеу схемасы Ескерту: Егер өлшеу кезінде БТ пайдаланса, өлшенетін жиіліктер диапазонындағы БТ өтпелі әлсіреуін ескеру қажет. Жиіліктер мен шығу және кіру сигналдарының мәндерін 45-тармаққа сәйкес белгілеу.
Тармақша 1
1) Спектрді талдағышпен 1 - 18 ГГц жиілік диапазонында және 4 кГц рұқсат белдеуінде сынақтан өткізілетін құрылғы шығыс сигналының деңгейіне қатысты жаңа сәулелену деңгейін өлшеу.
Тармақша 2
2) Кіріс сигналы қуатының деңгейін шығыс сигналы қуатының деңгейі ең жоғары мәнінен 10 дБ кем болатын деңгейге дейін азайту.
Басқа 13. Сынақтан өткізілетін құрылғының шығуында интермодуляция өнімдерінің деңгейін өлшеу схемасы
Телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық өлшемдерін өлшеу әдістемесіне 13 - қосымша Сынақтан өткізілетін құрылғының шығуында интермодуляция өнімдерінің деңгейін өлшеу схемасы Ескерту: Екі генератордан жиіліктердің шығыс диапазоны орталық жиіліктен бір сигнал үшін +1 МГц –те және екіншіге минус 1 МГц –те орналасқан жиілікпен қуат деңгейі бірдей модульденбеген сигналдар беру. Шығыс сигналдары қуатынын деңгейін сынақтан өткізілетін құрылғының шығыс сигналдары қуатының сомалық деңгейі сынақтан өткізілетін құрылғының ерекшелігінде көрсетілген шығыс қуатының ең жоғары мәнінен 10 дБ - ға төмен болатындай белгілеу. Шығыс сигналдырының мәндері болып сынақтан өткізілетін құрылғының шығыс жиіліктерінің кез келген диапазоны орнатылады. Спектрді талдағышпен сынақтан өткізілетін құрылғы шығыс сигналдарының деңгейіне қатысты интермодуляция өнімдерінің деңгейін өлшеу. .
Басқа 14. Радиосигналдың салмақ түсетін жиілігінің девиацияларын өлшеу схемасы
Телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық өлшемдерін өлшеу әдістемесіне 14 - қосымша Радиосигналдың салмақ түсетін жиілігінің девиацияларын өлшеу схемасы 1 –төмен жиілікті сигналдар генераторы; 2 – радиотартқыш; 3 – бағытталған тармақтану; 4 – антенна немесе оның баламасы; 5 – девиометр Ескерту: Девиация жиілігін өлшегішті Радиосигналдың салмақ түсетін жиілігіне қатысты күйге келтіріледі. Жиіліктің модуляциясын өлшеу режимі белгіленеді. Дыбыстық жиіліктер генераторынан таратқыштың кіруіне 0 дБ деңгейімен жиілігі 1000 Гц синусоидты сигнал беріледі. Бұл ретте деңгейді реттегіш ең төменгі өшу қалпына қойылады. Деңгейі «дыбыс деңгейін» өлшеу режимінде құралмен бақыланады. Қозғалтқыштың шығыс деңгейінің реттегішімен номиналдық мәнге тең девиация орнатылады (± 75 кГц). Девиация деңгейі «жиілік девиациясы» режимінде құралмен бақыланады.
Басқа 15. Сигнал/шуыл қатынасының номиналды мәндері
Телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық өлшемдерін өлшеу әдістемесіне 15 - қосымша Сигнал/шуыл қатынасының номиналды мәндері Модуляциясы Кодтау жылдамдылығы BER=2*10¯⁴ үшін талап етілетін C/N Гаусс арнасы Райс арнасы Релей арнасы QPSK 1/2 1,0 1,2 2,0 QPSK 3/5 2,3 2,5 3,6 QPSK 2/3 3,1 3,4 4,9 QPSK 3/4 4,1 4,4 6,2 QPSK 4/5 4,7 5,1 7,1 QPSK 5/6 5,2 5,6 7,9 16-QAM 1/2 6,0 6,2 7,5 16-QAM 3/5 7,6 7,8 9,3 16-QAM 2/3 8,9 9,1 10,8 16-QAM 3/4 10,0 10,4 12,4 16-QAM 4/5 10,8 11,2 13,6 16-QAM 5/6 11,4 11,8 14,5 64-QAM 1/2 9,9 10,2 11,9 64-QAM 3/5 12,0 12,3 14,0 64-QAM 2/3 13,5 13,8 15,6 64-QAM 3/4 15,1 15,4 17,7 64-QAM 4/5 16,1 16,6 19,2 64-QAM 5/6 16,8 17,2 20,2 256-QAM 1/2 13,2 13,6 15,6 256-QAM 3/5 16,1 16,3 18,3 256-QAM 2/3 17,8 18,1 20,1 256-QAM 3/4 20,0 20,3 22,6 256-QAM 4/5 21,3 21,7 24,3 256-QAM 5/6 22,0 22,4 25,4 Ескерту: QAM (Quadrature Amplitude Modulation) – квадратуралық (амплитудалық) модуляция; QPSK (Quadrature Phase Shift Keying) – квадратуралық фазалық модуляция.