Об определении единого организатора государственных закупок Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.01.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын айқындау туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 2-бабының 16) тармақшасына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Түркістан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушы болып айқындалсын.
Тармақ 4
4. «Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
Тармақша 2
2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Садырға жүктелсін. Д.Сатыбалды Б.Жылқышиев С.Қаныбеков Е.Садыр С.Тұяқбаев А.Абдуллаев К.Мендебаев
Басқа 7
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы «25» ақпандағы №47 қаулысына қосымша Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысы жүзеге асыратын бюджеттік бағдарламалар және тауарлар, жұмыстар, қызметтер
Тармақ 1
1. Бюджеттік бағдарламалар:
Тармақша 1
1) мемлекеттік органдардың объектілерін дамыту;
Тармақша 2
2) мәдениет объектілерін дамыту;
Тармақша 3
3) спорт объектілерін дамыту;
Тармақша 4
4) мұрағат объектілерін дамыту;
Тармақша 5
5) туризм объектілерін дамыту;
Тармақша 6
6) қоршаған ортаны қорғау объектілерін дамыту;
Тармақша 7
7) аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне спорт объектілерін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері;
Тармақша 8
8) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне жылу-энергетикалық жүйесін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері.
Тармақ 2
2. Сатып алуы ерекше тәртіпті қолдана отырып жүзеге асырылатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер.