Об утверждении Правил включения в региональную квоту приема кандасов и переселенцев Қолданыста
Басқа 0
Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидаларын бекіту туралы
«Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-5) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзiмдi баспа басылымдарында және «Әділет» құқықтық-ақпараттық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрінің
міндетін атқарушы
___________________Ж. Қасымбек
2016 жылғы «___» _____________
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрі
___________________Е. Ыдырысов
2016 жылғы «___»______________
Басқа 0. Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына
енгізу қағидалары
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
міндетін атқарушының
2016 жылғы 15 қаңтардағы
№ 20 бұйрығына қосымша
Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына
енгізу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-5) тармақшасына (бұдан әрі – Заң), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
Тармақша 2
2) көрсетілетін қызметті алушы – Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарын, шет елдердегі мекемелерін, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар;
Тармақша 3
3) қандас – бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болмаған, халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен тиісті мәртебе алған этникалық қазақ және (немесе) оның ұлты қазақ отбасы мүшелері;
Тармақша 4
4) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы-Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қандастардың немесе қандастардың және олардың отбасы мүшелерінің шекті саны;
Тармақша 5
5) қоныс аударушы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударған ішкі көшіп-қонушы;
Тармақша 6
6) қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы-Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қоныс аударушылардың немесе қоныс аударушылардың және олардың отбасы мүшелерінің шекті саны;
Тармақша 7
7) мансап орталығы – аудандарда, облыстық және Республикалық маңызы бар қалаларда, астанада оның функцияларын орындауды жүзеге асыратын еңбек мобильділігі орталығының филиалы;
Тармақша 8
8) халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган – халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы бағыттарды айқындайтын облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы;
Тармақша 9
9) «электрондық үкіметтің» веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосылуға техникалық шарттар беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге және электрондық нысанда көрсетілетін квазимемлекеттік сектор субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болып табылатын ақпараттық жүйе;
Тармақша 10
10) этникалық қазақ – ұлты қазақ шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам.
Тарау 2. 2-тарау. Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу тәртібі
2-тарау. Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу тәртібі
Тармақ 3
3. «Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу» мемлекеттік қызметін алу үшін бұрын өңірлік квотаға енгізілмеген және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 329-Ө-М бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8624 болып тіркелген) бекітілген Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту қағидаларының 9-тармағының 1) тармақшасында көзделген шарттарда қандас мәртебесін алған этникалық қазақтар, қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілгеннен кейін келген қандастардың жесірлері мен олардың ортақ балалары және (немесе) ата-анасы Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін Қазақстан Республикасында туған балалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұратын қандас мәртебесін алған этникалық қазақтар:
Тармақша 1
1) «Migration.enbek.kz» порталы;
Тармақша 2
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы;
Тармақша 3
3) «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттармен қоса, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде келтірілген.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік корпорация тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін және қандаста және онымен тұрақты тұратын отбасы мүшелерінде «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден келетін елді мекенде меншік құқығында оларға тиесілі тұрғын үйдің бар-жоғын растайтын мәліметтерді алады.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген өтініш пен өтініш берушінің құжаттары келіп түскен күні оларды көрсетілетін қызметті берушіге «электрондық үкімет» шлюзі арқылы жібереді.
Өтінішті қабылдаған мемлекеттік корпорацияның маманы қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу үшін өтініш берушіден қабылданатын құжаттар топтамасының толықтығын тексереді, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес өтініш беруші ұсынған құжаттардың электрондық көшірмелерін қайта жаңғырту сапасын және олардың түпнұсқаларға сәйкестігін қамтамасыз етеді, өзінің ЭЦҚ арқылы куәландырады, одан кейін құжаттардың түпнұсқаларын өтініш берушіге қайтарады.
Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын, сондай-ақ қолданылу мерзімі өткен құжаттарды толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның маманы өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Өтінішті қабылдаған Мемлекеттік корпорация маманы өтініш берушіге құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді.
Тармақ 7
7. Веб-портал арқылы жүгінген кезде Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көзделген құжаттардың толық топтамасы берілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Тармақ 8
8. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын, сондай-ақ қолданылу мерзімі өткен құжаттарды толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде «Қандастар қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы көрсетілетін қызметті алушыны «Қандас»ААЖ ақпараттық жүйесі арқылы хабардар етеді.
Тармақ 9
9. «Migration.enbek.kz» порталы арқылы берілген өтініш «Қандас» ААЖ-ға келіп түседі және өтініш түскен күні көрсетілетін қызметті беруші тіркейді.
Тармақ 10
10. Әлеуметтік кодекстің 112-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында айқындалған өңірлердің халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті беруші) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы өтініш білдірген қандастардың өтініштеріне қоса берілген өтініштер мен құжаттарды қалыптастырады және өтініштер келіп түскен күннен кейін алты жұмыс күні ішінде қандастарды қабылдау жөніндегі комиссияның қарауына қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу не бас тарту туралы ұсынымдар шығару үшін жолдайды.
Тармақ 11
11. Қандастарды қабылдау жөніндегі комиссия қандастардың, өтініш білдіруші қандастардың өтінішін алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу не енгізуден бас тарту туралы ұсыныс шығарады.
Тармақ 12
12. Ұсынылған құжаттар бойынша дәлелді ескертулер болған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес ұсынымды алған күні көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімі, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны туралы хабарламаны жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушының қарсылығын алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті беруші оны алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей қабылдайды.
Тыңдау нәтижелері бойынша жергілікті атқарушы орган қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешім қабылдайды немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды қалыптастырады.
Тармақ 13
13. Жергілікті атқарушы орган қандастарды қабылдау жөніндегі комиссия ұсыным шығарған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешім не осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу жөніндегі бас тарту туралы шешім қабылдайды және көрсетілетін қызметті алушыға өтініш беру тәсіліне байланысты мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін жібереді.
Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы берген кезде қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешімді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей өтініш берушіге одан әрі беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы хабарлама не қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу жөніндегі бас тарту туралы шешім жібереді.
Тарау 3. 3-тарау. Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу тәртібі
3-тарау. Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу тәртібі
Тармақ 14
14. Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу үшін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы №214 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №32850 болып тіркелген) бекітілген Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және мансап орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларында көзделген тәртіппен тіркелген жұмыс іздеп жүрген адамдар және (немесе) жұмыссыздар қатарындағы, өтініш берген кезде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы №234 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №32880 болып тіркелген) бекітілген Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті түрде қоныс аудару қағидаларының (бұдан әрі - Қағидалар) 16-тармағында көзделген өңірдегі тұрғылықты жері бойынша кемінде бір жыл тұрақты тіркеуі бар, сондай-ақ қағидалардың 12-тармағының 4) тармақшасында көзделген мерзімде Қазақстан Республикасының азаматтары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) не ақпараттандыру нысаны: «Migration.enbek.kz» порталы (бұдан әрі – Migration.enbek.kz порталы) немесе «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына өтініш (бұдан әрі – өтініш) береді.
Мемлекеттік корпорация Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген өтініш пен өтініш берушінің құжаттары келіп түскен күні оларды көрсетілетін қызметті берушіге «электрондық үкімет» шлюзі арқылы жібереді.
Өтінішті қабылдаған Мемлекеттік корпорацияның маманы өтініш беруші осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне сәйкес ұсынған құжаттардың электрондық көшірмелерінің сапасын және олардың түпнұсқаларға сәйкестігін қамтамасыз етеді, өзінің ЭЦҚ-сы арқылы куәландырады, одан кейін құжаттардың түпнұсқаларын өтініш берушіге қайтарады.
Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде, қызмет алушы толық құжаттар жиынтығын ұсынбаған жағдайда, сондай-ақ мерзімі өткен құжаттар ұсынса, Мемлекеттік корпорацияның маманы өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы түбіртек береді.
Өтінішті қабылдаған Мемлекеттік корпорацияның маманы өтініш берушіге осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы өтінішті қабылдағаны туралы хабарлама табыс етеді.
Веб-портал арқылы берген өтінішке қол қойылады немесе өтініш берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылады.
Тармақ 15
15. «Migration.enbek.kz» порталы немесе веб-портал арқылы өтініш берген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Мансап орталықтарына өтініштер «Еңбек нарығы» ААЖ арқылы келіп түседі.
Өңірлердің мансаптық орталықтары өтініш келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде үміткерлердің өтініштерін көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көзделген құжаттардың толық пакетін ұсынған кезде осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтініштің қабылданғаны туралы хабарламаны алады.
Көрсетілетін қызметті беруші екі жұмыс күні ішінде «Migration.enbek.kz» порталы не веб-порталы арқылы қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу үшін өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы көрсетілетін қызметті алушыны хабардар етеді және көрсетілетін қызметті алушы ұсынған жағдайларда:
Тармақша 1
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттардың толық емес топтамасын;
Тармақша 2
2) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды және (немесе) қолданылу мерзімі қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешім қабылданған күні аяқталатын құжаттарды ұсынған жағдайда осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
«Мigration.enbek.kz» порталы арқылы берілген өтінішті көрсетілетін қызметті беруші жүгінген күні тіркейді.
Тармақ 16
16. Көрсетілетін қызметті алушының және оның отбасы мүшелерінің тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын мәліметтер (бар болса) тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алынады.
Тармақ 17
Тармақ 18
Тармақ 19
19. Көрсетілетін қызметті алушының қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге арналған өтініші және өтінішке қоса берілген құжаттар келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы не бас тарту туралы ұсыным шығару үшін халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның (бұдан әрі – Жұмыспен қамту жөніндегі комиссия) қарауына жіберіледі.
Тармақ 20
20. Жұмыспен қамту жөніндегі комиссия көрсетілетін қызметті алушылардың, өтініш білдіріп отырған қоныс аударушылардың өтініштері келіп түскен күннен кейін үш жұмыс күні ішінде себептерін дәлелді негіздей отырып, қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу не енгізуден бас тарту туралы ұсыным шығарады.
Жұмыспен қамту жөніндегі комиссия қоныс аударушылардың өтініштері мен құжаттарын қарау кезінде олардың Әлеуметтік кодекстің 112-бабының 1 және 2-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді.
Тармақ 21
21. Көрсетілетін қызметті алушының ұсынылған құжаттар бойынша дәлелді ескертулері болған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі - ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес ұсынымды алған күні көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімі, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны туралы хабарламаны жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушының қарсылығын алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті беруші оны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қабылдайды.
Тыңдау нәтижелері бойынша жергілікті атқарушы орган қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешім қабылдайды немесе Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды қалыптастырады.
Тармақ 22
22. Жергілікті атқарушы орган жұмыспен қамту жөніндегі комиссия ұсыным шығарған күннен кейін үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешім не осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуден бас тарту туралы шешім қабылдайды және көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы хабарламаны не қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуден бас тарту туралы шешімді жібереді.
Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы берген кезде қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешімді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей өтініш берушіге одан әрі беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
Тарау 4. 4-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдерге, әрекеттерге (әрекетсіздікке) шағымдану тәртібі
4-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдерге, әрекеттерге (әрекетсіздікке) шағымдану тәртібі
Тармақ 23
23. Көрсетілетін қызметті алушы ҚР ӘРПК 91-бабының 1-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің, лауазымды адамның шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданады. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Тармақ 24
24. Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Тармақ 25
25. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Тармақ 26
26. Көрсетілетін қызметті алушы ҚР ӘРПК 91-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органның, лауазымды адамның шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданады. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органның шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті атқарушы орган басшысының атына не мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Тармақ 27
27. Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарау өкілеттігі берілген лауазымды адам шағымды берген өтініш берушіге шағымды қарау мерзімі ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағымды қағаз жеткізгіште берген кезде) немесе электрондық нысанда (шағымды электрондық түрде берген кезде) хабарлайды ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылған жөнінде хабарлайды.
Тармақ 28
28. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі. Егер заңда жоғары тұрған органға шағымдану қажеттілігінсіз сотқа жүгіну мүмкіндігі көзделген жағдайда, әкімшілік орган, әкімшілік әрекеті (әрекетсіздігі) дауланатын лауазымды адам, әкімшілік акті сотқа кері қайтарып алумен қатар жоғары тұрған әкімшілік орган басшысының, лауазымды адамның уәжді ұстанымын ұсынады.
Тармақ 29
29. Қазақстан Республикасы халқының көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мәселелері жөніндегі уәкілетті орган көрсетілетін қызметті берушілерге, Мемлекеттік корпорацияға және «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына, оның ішінде бірыңғай байланыс орталығына Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы үш жұмыс күні ішінде хабарлайды.
Басқа 1. Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы өтініш
Қандастар мен қоныс
аударушыларды
қабылдаудың өңірлік
квотасына енгізу қағидалары
1-қосымша
Нысан
Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы өтініш
ЖСН
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Туған күні
Жынысы
Тұрғылықты мекенжайы
Менің Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын келесі отбасылық құрам бар (қажет болған жағдайда толтырылады): зайыбы (жұбайы), өтініш берушінің ата-аналары, балалары (оның ішінде асырап алған), аға-інілері мен апа-сіңлілері (аға-қарындастары).
ЖСН
Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса)
Туыстық дәрежесі
Туған күні
Азаматтық
Ұлты
1
2
3
4
5
6
Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін/:
_____________________________________________________________;
Осымен «Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу» мемлекеттік қызметінің көрсету үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге өз келісімімді беремін.
20 ___ж. «___» ___________ ____________________________________
(өтініш берушінің қолы)
___________________________________________________________
(Құжаттарды қабылдаған адамның тегі,аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)
Басқа 2
Қандастар мен қоныс аударушыларды
қабылдаудың өңірлік
квотасына енгізу қағидаларына
2-қосымша
Нысан
«Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидалары» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы:
1) Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу
2) Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу
1
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
Әлеуметтік кодекстің 112-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында айқындалған өңірлердің халқын әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган
2
Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметтің көрсету нәтижесін беру мыналар арқылы жүзеге асырылады:
1) ақпараттандыру обьектісі «Migration.enbek.kz» порталы;
2) Мемлекеттік корпорация;
3) веб-портал.
3
Мемлекеттік қызметтің көрсету мерзімі
14 жұмыс күні ішінде.
Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты:
көрсетілетін қызметті берушіде – 30 минут,
Мемлекеттік корпорацияда – 15 минут.
Көрсетілетін қызметті берушіде қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут, Мемлекеттік корпорацияда – 20 минут
4
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін көрсету және ұсыну нысаны
Қағаз / электрондық (ішінара автоматтандырылған)
5
Мемлекеттік қызметтің көрсету нәтижесі
Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы не бас тарту туралы шешім.
Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы не бас тарту туралы шешім.
веб-портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
6
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.
7
Жұмыс кестесі
1) Мемлекеттік корпорацияда – Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтердің дайын нәтижелерін беру мемлекеттік корпорация арқылы дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз жүзеге асырылады, мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету кезекші бөлімдерінде дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа.
2) веб-порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы
8
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі
Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу үшін мынадай құжаттар қажет:
1) өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің (бар болса) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін) оның ішінде Цифрлық құжаттар сервисінен;
2) неке немесе некені бұзу туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
3) туу туралы куәлігі (бар болса).
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен веб-порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік парольді беру арқылы немесе веб-порталдың хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда алады.
Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу үшін мынадай құжаттар қажет:
1) қоныс аударушының және оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері (бар болса), оның ішінде Цифрлық құжаттар сервисінен;
2) неке немесе некені бұзу туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
3) білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжат (бар болса);
4) еңбек қызметін растайтын құжат (болған кезде);
5) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 214 бұйрығымен көзделген Жұмыс іздеп жүрген адамдарды және (немесе) жұмыссыздарды тіркеу туралы құжат (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 20 маусымда № 32850 болып тіркелді).
6) отбасы мүшелерінің туу туралы куәлігі (болған кезде).
Көрсетілетін қызметті беруші цифрлық құжаттарды «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік парольді беру арқылы немесе «Электрондық үкімет» веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен алады.
9
Қазақстан Республикасының заңында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер
Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуден бас тартудың негізі «Халықтың көші-қоны туралы» Заңының (бұдан әрі - Заңы) 20-бабында көзделген мынадай шарттар болып табылады.
1) үміткерлердің «Көші-қон туралы» Заңының 1-бабының 13) тармақшасында белгіленген шарттарға сәйкес келмеуі, атап айтқанда қандас – бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болмаған, халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен тиісті мәртебе алған этникалық қазақ және (немесе) оның ұлты қазақ отбасы мүшелері;
2) этникалық қазақ мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықталуы;
3) қандас мәртебесін беру және (немесе) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы өтініш жасаған этникалық қазақтардың Қазақстан Республикасының аумағында құқық бұзушылықтар жасағаны туралы әшкерелейтін мәліметтердің және олардың террористік немесе экстремистік ұйымдарға жататындығы туралы өзге де ақпараттың болуы;
4) этникалық қазақтың «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге берілетін келісімінің болмауы;
5) қандастарды аумақтық-әкімшілік бірлікте қабылдаудың өңірлік квотасының болмауы немесе этникалық қазақты қоныстандыру үшін ұсынылған аумақтық-әкімшілік бірліктен бас тартуы.
Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу бойынша бас тарту үшін негіздер:
1) ұсынылған құжаттарда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес шектеулі қолжетімділіктің дербес деректеріне қол жеткізуге ұсынылатын қоныс аударушының келісімінің болмауы;
3) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексі 112-бабының 1 және 2-тармақтарымен бекітілген шарттарға үміткердің сәйкес келмеуі.
4) қоныс аударуды аумақтық-әкімшілік бірлікте қабылдаудың өңірлік квотасының болмауы немесе қоныс аударашуның қоныстандыру үшін ұсынылған аумақтық-әкімшілік бірліктен бас тартуы;
5) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 234 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32880 болып тіркелген) Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті түрде қоныс аудару қағидаларының 12-тармағында белгіленген санаттарға үміткерлердің сәйкес келмеуі.
10
Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін өзге де талаптар
Заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне-өзі қызмет көрсету, өз бетінше жүріп-тұру, бағдарлану қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе ішінара жоғалтқан өтініш берушілерге мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тұрғылықты жеріне барып 1414 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну арқылы жүргізеді.
Цифрлық құжаттар қызметі мобильді қосымшада авторизацияланған пайдаланушылар үшін қол жетімді.
Субъект цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторизациядан өтуі, бұдан әрі «Цифрлық құжаттар» бөліміне өту және қажетті құжатты таңдауы қажет.
Басқа 3. Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
Қандастар мен қоныс
аударушыларды қабылдаудың
өңірлік квотасына енгізу қағидалары
3-қосымша
Нысан
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының №___ бөлімі, Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган ______________________________________________________, __________________________________________________ Мемлекеттік қызметтің көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың көзделген тізбесіне сәйкес қолданылу мерзімі өткен құжаттар және (немесе) құжаттар топтамасы сіздің толық ұсынбағаныңызға байланысты мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
құжаттардың атауы:
1) _____________________________________ ;
2)______________________________________;
Осы қолхат әр тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.
____________________________________________________________
____________________________________________________________
(Қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)
Орындаушы: ________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Телефон _________________
Алды: __________________________________ _____________________
Көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)/қолы
«___» _________ 20___ жыл
Басшының ЭЦҚ
Басқа 4. Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы
ШЕШІМ «___»_____ 20___ жылғы № _______
_____________________________________________________________________
(Жергілікті атқарушы орган)
Қандастар мен қоныс
аударушыларды қабылдаудың
өңірлік квотасына енгізу
қағидаларына
4-қосымша
Нысан
Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы
ШЕШІМ «___»_____ 20___ жылғы № _______
_____________________________________________________________________
(Жергілікті атқарушы орган)
Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган қандастарды қабылдау жөніндегі комиссияның ұсынымына сәйкес, «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу жөнінде оң шешім қабылдады:
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Туған күні
Жынысы
Тұрғылықты мекенжайы
Отбасы мүшелері (бар болса):
ЖСН
Тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)
Туған күні
Жынысы
Туыстық қатынас
Басшының ЭЦҚ
Басқа 5. Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуден бас тарту туралы
ШЕШІМ
20__ ж. «__» ________ № _____________
__________________________________________________________________
(Жергілікті атқарушы орган)
Қандастар мен қоныс
аударушыларды қабылдаудың
өңірлік квотасына
енгізу қағидаларына
5-қосымша
Нысан
Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуден бас тарту туралы
ШЕШІМ
20__ ж. «__» ________ № _____________
__________________________________________________________________
(Жергілікті атқарушы орган)
1
Өтініш нөмірі
2
Мәртебесі
3
Өтініш түрі
4
Қабылдау күні
5
Орындалу күні
Көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер:
№
ЖСН
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Туған күні
Жынысы
Туыстық дәрежесі
1
2
___________________________________________ халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган қандастарды қабылдау жөніндегі комиссияның ұсынымы негізінде «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өңірлік квотаға енгізуден бас тартады.
Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу бойынша бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады: _________________________________________________________________
Басшының ЭЦҚ
Басқа 6. Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы
ӨТІНІШ
______________________________________________________________
(Көрсетілетін қызметті берушінің атауы)
Қандастар мен қоныс
аударушыларды қабылдаудың
өңірлік квотасына енгізу
қағидаларына
6-қосымша
Нысан
Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы
ӨТІНІШ
______________________________________________________________
(Көрсетілетін қызметті берушінің атауы)
Мені / мені және менің отбасы мүшелерімді қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына қосуды сұраймын
ЖСН
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Туған күні
Жынысы
Тұрғылықты мекенжайы
Жұмыспен қамту санаты:
1) жалдамалы жұмыскер, сондай-ақ өзге де ақылы жұмысы бар (сайланған, тағайындалған немесе бекітілген)адам;
2) Жеке кәсіпкер;
3) жеке практикамен айналысатын адам;
4) жалдамалы қызметкерлерге жатпайтын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға;
5) шаруашылық серіктестіктердің құрылтайшылары (қатысушылары) және акционерлік қоғамдардың құрылтайшылары, акционерлері (қатысушылары), сондай-ақ өндірістік кооперативтердің мүшелері болып табылатын жеке тұлға;
6) тәуелсіз жұмыскер;
7) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда, Қазақстан Республикасының Құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарында қызмет өткеретін;
8) шаруа немесе фермер қожалығы нысанындағы қызметті жүзеге асыратын тұлға;
9) жұмыссыз.
Отбасының мынадай құрамы бар:
ЖСН
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Туыстық дәрежесі
Туған күні
Азаматтық
Ұлты
Тұрғылықты мекенжайы
1
2
3
4
5
6
7
Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін/:
_______________________________________________________________;
«Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу» мемлекеттік қызметінің көрсету үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге өз келісімімді беремін.
20 ___ «___» ___________ _________________
(өтініш берушінің қолы)
__________________________________________________________________
(Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) лауазымы)
Басқа 7. Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге
өтінішті қабылдау туралы
№ ________ хабарлама____ _______ ______
Қандастар мен қоныс
аударушыларды
қабылдаудың өңірлік
квотасына енгізу қағидалары
7-қосымша
Нысан
Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге
өтінішті қабылдау туралы
№ ________ хабарлама____ _______ ______
Көрсетілетін қызметті алушының өтініші____________________
____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы________________________ (облыс, республикалық маңызы бар қалалар және Астана) тіркелген _______________________________________
____________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің атауы)
кіріс хат-хабарлар ретінде № __________________________ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ (күні) және заңда белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қаралатын болады.
Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін:
1)______________________________________________________________;
2)______________________________________________________________;
..)________________________________________________________________
Құжаттар қабылданды_________________________________________________
(құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса), лауазымы).
_________ (қолы) / _________ (Күні)
-------------------------------------------------------------------------------------------------------
(кесу сызығы)
Құжаттарды қабылдау туралы ______ жыл ____________ №______ хабарлама
____________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (этникалық қазақ болған жағдайда)
Туған күні_______________________________________
Тұрғылықты мекен-жайы_____________________________________
Байланыс деректері __________________________________
_________ (Қолы) / _________ (Күні)
Басқа 8. Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы
ҚОЛХАТ
Қандастар мен қоныс
аударушыларды қабылдаудың
өңірлік квотасына енгізу
қағидалары
8-қосымша
Нысан
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы
ҚОЛХАТ
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының ________________________________________________ №___ бөлімі, ________________________________________________ халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган Мемлекеттік қызметтің көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес сіз құжаттардың толық топтамасын ұсынбағаныңызға және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынғаныңызға байланысты _____________________________________ мемлекеттік қызметтің көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
құжаттардың атауы:
1) ________________________________________;
2) ________________________________________;
3)………….
Осы қолхат әр тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.
_____________________________________________________________________
(Мемлекеттік корпорация қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса),
қолы)
Орындаушы: _____________________________________________________
(Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса)
Телефон _________________
Алды: ______________________________________________ _________________
Көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)/қолы
«___» _________ 20___ жыл
Басшының ЭЦҚ
Басқа 9. Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы
ШЕШІМ
20___ жыл «___» _____ № _______
_____________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің атауы)
Қандастар мен қоныс
аударушыларды қабылдаудың
өңірлік квотасына енгізу
қағидаларына
9-қосымша
Нысан
Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы
ШЕШІМ
20___ жыл «___» _____ № _______
_____________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің атауы)
Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссия «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес оң шешім қабылдады:
ЖСН
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Туған күні
Жынысы
Тұрғылықты мекен-жайы
Отбасы мүшелері (бар болса):
ЖСН
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Туған күні
Жынысы
Туыстық қатынас
Басшының ЭЦҚ
Басқа 10. Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуден бас тарту туралы
ШЕШІМ «___» ________20___ № _____________
_____________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің атауы)
Қандастар мен қоныс
аударушыларды қабылдаудың
өңірлік квотасына енгізу
қағидаларына
10-қосымша
Нысан
Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуден бас тарту туралы
ШЕШІМ «___» ________20___ № _____________
_____________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің атауы)
«Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес
1
Өтініш нөмірі
2
Мәртебесі
3
Түрі қолдану
4
Қабылдау күні
5
Орындалу күні
Көрсетілетін қызметті алушылар туралы мәліметтер:
№
р/с
ЖСН
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Туған күні
Жынысы
Туыстық дәрежесі
1
2
3
Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу бойынша бас тарту үшін негіз болып табылады:____________________________________
Басшының ЭЦҚ
_________ (Қолы) / ___
Басқа 2. Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидалары
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
міндетін атқарушының
2016 жылғы 15 қаңтардағы
№ 20 бұйрығына
2-қосымша
Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидалары