Об утверждении правил лицензирования туристской деятельности Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.06.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Туристiк қызметтi лицензиялау ережесiн бекiту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.06.11. N 481 (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. Қазақстан Республикасының " Лицензиялау туралы " 1995 жылғы 17 сәуiрдегi және "Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы" 2001 жылғы 13 маусымдағы Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Туристiк қызметтi лицензиялау ережесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзілсiн:
Тармақша 1
1) күші жойылды.
Тармақша 2
2) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат): көрсетілген қаулыға 1-қосымшада: реттік саны 36-жолдың 3-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: "туристік операторлық қызмет, туристік агенттік қызмет, экскурсиялық қызмет, туризм нұсқаушысының қызметін көрсету";
Тармақша 3
3) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.29. N 1130 қаулысымен. 📌 Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.03.15. N 168 қаулысымен.
Тармақ 3
3. "Туристiк қызметтi лицензиялау мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 7 ақпандағы N 179 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 5-6, 71-құжат) 1 және 2-тармақтарының күшi жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Басқа 8. Туристiк қызметті лицензиялау ережесi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 14 қыркүйектегі N 1213 қаулысымен бекітілген Туристiк қызметті лицензиялау ережесi
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы ереже "Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы Заңына (бұдан әрi - "Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы" Заң), "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Заңына (бұдан әрi - "Лицензиялау туралы" Заң), өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес әзiрлендi және облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдардың - лицензиардың туристiк қызметтi (туроператорлық, турагенттiк қызметтердi және туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуiн) жүзеге асыру құқығына мемлекеттiк лицензия беру тәртiбiн, шарттарын, есебiн жүргiзуiн белгiлейдi. 📌 Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.08.19. N 853 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен белгiленген талаптарды сақтаса, Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына лицензия алу құқығы берiледi.
Тармақ 3
3. Шетелдiк заңды тұлғалар және олардың Қазақстан Республикасының аумағында құрылған әрi турагенттiк қызметтi жүзеге асырушы филиалдары мен өкiлдiктерi Қазақстан Республикасының туристiк ұйымдарына арналған сондай шарттармен және тәртiппен лицензиялануы тиiс.
Тармақ 4
4. Туристiк қызметтi (туроператорлық, турагенттiк және туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуiн) жүзеге асыру құқығы үшiн берiлетiн лицензия бас лицензия болып табылады. 📌 Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.08.19. N 853 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Тармақ 5
5. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.08.19. N 853 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Тармақ 6
6. Өтiнушi лицензия алғаннан кейін лицензия берiлген кезден бастап жетi ай iшiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзбеге сәйкес көрсетілетiн туристiк қызметтерге сертификат алуға мiндеттi, содан кейiн олардың көшiрмелерiн лицензиарға тапсырады. 📌 Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.08.19. N 853 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Тарау 2. 2. Лицензия беру тәртібі мен шарттары
2. Лицензия беру тәртібі мен шарттары
Тармақ 7
7. Лицензия мынадай туристік қызмет түрлерінің әрқайсысына беріледі:
Тармақша 1
1) туроператорлық;
Тармақша 2
2) турагенттiк;
Тармақша 3
3) алынып тасталды;
Тармақша 4
4) туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуi. 📌 Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.08.19. N 853 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Тармақ 7-1
7-1. Лицензияны облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы орган лицензиатқа заңды тұлғалар үшiн - оның әдiлет органдарында тіркелген жері бойынша, жеке тұлғалар үшiн - салық органдарында тiркелген жерi бойынша бередi. 📌 Ескерту. 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2005.08.19. N 853 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Тармақ 8
8. Заңды тұлға-өтiнушiнiң филиалдары мен өкiлдiктерi соның құрамында лицензияланады. Филиал немесе өкiлдiк туралы ереже мен тiркеу құжаттары лицензиарға көрсетiлуi тиiс.
Тармақ 9
9. Лицензиат қызметтiң осы түрiмен айналысатын филиалдар (өкiлдiктер) ашқан жағдайда лицензиат филиалдың (өкiлдiктiң) есептiк тiркелу орны бойынша орналасқан лицензиарға филиалдардың (өкілдiктердiң) осы Ереженiң 22, 23, 25-тармақтарында белгiленген бiлiктілiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттарды ұсынады. Бұл ретте лицензиар он шешiм қабылданғаннан кейiн филиалдардың (өкілдiктердiң) орналасқан жерiн көрсете отырып, лицензияға қосымшаны ресiмдейдi. 📌 Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2005.08.19. N 853 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Тармақ 10
10. Лицензия өтiнiш берушiге немесе оның уәкiлеттi өкiлiне сенiмхат негiзiнде берiледi. 📌 Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.08.19. N 853 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Тармақ 11
11. Лицензия бiр данада берiледi, лицензия жоғалған жағдайда, лицензиаттың жазбаша өтiнiш бойынша төлқұжат алуға құқығы бар. Бұл ретте лицензиат туристiк қызметтiң тиiстi түрiмен айналысу құқығы үшiн алым (бұдан әрi - лицензиялық алым) төлейдi.
Тармақ 12
12. Заңды тұлғаның атауы, орналасқан жерi өзгерген жағдайда, ол бiр ай iшiнде көрсетiлген мәлiметтердi растайтын құжаттарды қосып, лицензияны қайта рәсiмдеу туралы өтiнiш беруге мiндеттi. Лицензиат тиiстi жазбаша өтiнiш берген күннен бастап лицензиар он күн ішiнде лицензияны қайта рәсiмдейдi.
Тармақ 13
13. Лицензия "Лицензия туралы" Заңмен белгiленген мерзiмге берiледi.
Тармақ 14
14. Лицензиардың басшысы не осыған уәкiлетті адам лицензияға қол қояды және лицензиардың мөрiмен куәландырылады.
Тармақ 15
15. Туристiк қызметтiң тиiстi түрiмен айналысу құқығына лицензия өтiнушiге осы Ереженiң 3-бөлiмiнде көрсетiлген білiктiлiк талаптарына сай келген жағдайда берiледi.
Тармақ 16
16. Туроператорлық қызметтi жүзеге асыруға лицензия алу үшiн мынадай құжаттар қажет:
Тармақша 1
1) белгiленген нысан бойынша өтiнiш;
Тармақша 2
2) лицензиялық алым төлегенiн растайтын құжат;
Тармақша 3
3) жарғының, заңды тұлғаның тiркелгенi туралы куәлiктiң және статистикалық кәртiшкенiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
Тармақша 4
4) кеңсеге арналған меншiктi немесе жалға алынған үй-жайы бар екендiгiн растайтын құжат;
Тармақша 5
5) меншiктi немесе жалға алынған материалдық-техникалық базасы бар екендiгiн растайтын құжат не туристердi орналастыру орындарды, туристiк жарақтар, көлiк ұсынуға арналған қажеттi материалдық-техникалық базасы бар ұйыммен қызметтер көрсетуге жасалған шарт;
Тармақша 6
6) бiлiмi және жұмыс өтiлi туралы құжаттардың көшiрмелерін қоса отырып, қызметкерлердің тiзiмi;
Тармақша 7
7) туристiк қызмет көрсету шарты бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершiлікті сақтандыру шартының көшiрмесi;
Тармақша 8
8) тасымалдаушымен шарттың көшiрмесi;
Тармақша 9
9) туристiк жолдаманың және турист жаднамасының көшiрмесi;
Тармақша 10
10) экскурсиялық қызметтi жүзеге асыратын, оқу орнын (тиiстi курстарды) бiтiргендiгi туралы растайтын құжаттары және денсаулығының психикалық жай-күйi туралы медициналық анықтамасы бар жолбасшылардың (жолбасшы-аудармашылардың), экскурсия жүргiзушiлердiң тiзiмi бар туристiк ұйыммен шарттың көшiрмесi;
Тармақша 11
11) жарнамалық-ақпараттық материалдар (жөнсiлтегiштер, бүктемелер, бейнематериалдар, парақшалар, журналдар, сызбалар және карталар);
Тармақша 12
12) туристiк бағыттардың тiзiлiмi;
Тармақша 13
13) туристерге қызмет көрсету бағдарламасы;
Тармақша 14
14) "Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы" Заңның 17-бабының талаптарына сәйкес туристiк қызмет көрсетуге арналған шарттың үлгісi;
Тармақша 15
15) туристерге арналған келетiн және баратын елi туралы ақпарат. 📌 Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.08.19. N 853 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Тармақ 17
17. Турагенттiк қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшiн мынадай құжаттар қажет:
Тармақша 1
1) белгiленген нысан бойынша өтiнiш;
Тармақша 2
2) лицензиялық алым төлегенiн растайтын құжат;
Тармақша 3
3) мыналардың: жарғының, мемлекеттік тiркеу туралы куәлiктiң (заңды тұлғалар үшiн), жеке куәлiктiң, жеке кәсiпкердi тiркеу туралы куәлiктiң немесе патенттiң (жеке тұлғалар үшiн) нотариалды куәландырылған көшiрмелерi;
Тармақша 4
4) кеңсеге арналған меншiктi немесе жалға алынған үй-жайы бар екендiгін растайтын құжат;
Тармақша 5
5) меншiктi немесе жалға алынған материалдық-техникалық базасы бар екендiгiн растайтын құжат не туристердi орналастыру орындарды, туристiк жарақтар, көлiк ұсынуға арналған қажеттi материалдық-техникалық базасы бар ұйыммен қызметтер көрсетуге жасалған шарт;
Тармақша 6
6) бiлiмi және жұмыс өтiлi туралы құжаттардың көшiрмесiн қоса отырып, қызметкерлердiң тiзiмi;
Тармақша 7
7) туристiк қызмет көрсету шарты бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыру шартының көшiрмесi;
Тармақша 8
8) тасымалдаушымен шарттың көшірмесі;
Тармақша 9
9) туристік жолдаманың және турист жаднамасының көшірмесі;
Тармақша 10
10) жарнамалық-ақпараттық материалдар (жөнсілтегіштер, бүктемелер, бейнематериалдар, парақшалар, журналдар, сызбалар және карталар);
Тармақша 11
11) "Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы" Заңның 17-бабының талаптарына сәйкес туристік қызмет көрсетуге арналған шарттың үлгiсi;
Тармақша 12
12) туристерге арналған келетiн және баратын елi туралы ақпарат. 📌 Ескерту. 17-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.08.19. N 853 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Тармақ 18
18. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.08.19. N 853 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Тармақ 19
19. Туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуiн жүзеге асыруға лицензия алу үшiн мынадай құжаттар қажет:
Тармақша 1
1) белгiленген нысан бойынша өтiнiш;
Тармақша 2
2) лицензиялық алым төлегенiн растайтын құжат;
Тармақша 3
3) тиiстi кәсiптiк дайындығын, бiлiктiлігiн және туристiк бағыттармен жүрiп өту тәжiрибесiн растайтын құжаттар;
Тармақша 4
4) әзiрленген туристiк бағыттардың карта-сызбалары және сипаттамалары;
Тармақша 5
5) денсаулығының психикалық жай-күйi туралы медициналық анықтама.
Тармақ 20
20. Өтiнушi ұсынылған құжаттардың анықтығына Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген жауаптылықта болады.
Тармақ 21
21. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.09.29. N 964 қаулысымен.
Тарау 3. 3. Бiлiктiлiк талаптары
3. Бiлiктiлiк талаптары
Тармақ 22
22. Туроператорлық қызметті лицензиялау кезiнде өтiнушiге қойылатын бiлiктілiк талаптары мыналардың болуын қамтиды:
Тармақша 1
1) жарғыда туристiк қызметтi негiзгi ретiнде бекіту;
Тармақша 2
2) кеңсеге арналған меншiктi немесе жалға алынған үй-жайы бар екендiгін растайтын құжат;
Тармақша 3
3) туристiк қызмет көрсету шарты бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыру шарты;
Тармақша 4
4) туристік бiлiмi немесе туризм саласында кемiнде бiр жыл нақты жұмыс тәжiрибесi бар қызметкерлер;
Тармақша 5
5) туристiк бағыттардың тiзiлiмi;
Тармақша 6
6) туристерге қызмет көрсету бағдарламалары;
Тармақша 7
7) "Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы" Заңның 17-бабының талаптарына сәйкес туристiк қызмет көрсетуге арналған шарттың үлгiсi;
Тармақша 8
8) меншiктi немесе жалға алынған материалдық-техникалық базасы бар екендiгiн растайтын құжат не туристердi орналастыру орындарды; туристiк жарақтар; көлiк ұсынуға арналған қажеттi материалдық-техникалық базасы бар ұйыммен қызмет көрсету шарты;
Тармақша 9
9) экскурсиялық қызметте жүзеге асыратын, оқу орнын (тиiстi курстарды) бiтiргендiгi туралы растайтын құжаттары және денсаулығының психикалық жай-күйi туралы медициналық анықтамасы бар жолбасшылардың (жолбасшы-аудармашылардың), экскурсия жүргiзушiлердiң тiзiмi бар туристiк ұйыммен шарт;
Тармақша 10
10) тасымалдаушымен шарттар;
Тармақша 11
11) туристiк жолдама, турист жаднамасы;
Тармақша 12
12) туристке арналған келетiн және баратын елi туралы ақпарат;
Тармақша 13
13) жарнамалық-ақпараттық материалдар (жөнсiлтегіштер, бүктемелер, бейнематериалдар, парақшалар, журналдар, сызбалар және карталар). 📌 Ескерту. 22-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.08.19. N 853 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Тармақ 23
23. Турагенттік қызметті лицензиялау кезінде өтінушіге қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:
Тармақша 1
1) жарғыда туристік қызметті негізгі ретінде бекіту (заңды тұлғалар үшін);
Тармақша 2
2) кеңсеге арналған меншікті немесе жалға алынған үй-жайы бар екендігін растайтын құжат;
Тармақша 3
3) туристік қызмет көрсету шарты бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шарты;
Тармақша 4
4) туристік білімі немесе туризм саласында кемінде бір жыл нақты жұмыс тәжірибесі бар қызметкерлер;
Тармақша 5
5) "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Заңның 17-бабының талаптарына сәйкес туристік қызмет көрсетуге арналған шарттың үлгiсi;
Тармақша 6
6) меншiктi немесе жалға алынған материалдық-техникалық базасы бар екендiгiн не туристердi орналастыру орындары; туристiк жарақтар; көлiктi ұсынуға арналған қажеттi материалдық-техникалық базасы бар ұйыммен қызмет көрсету шарты;
Тармақша 7
7) тасымалдаушымен шарттар;
Тармақша 8
8) туристiк жолдама, турист жаднамасы;
Тармақша 9
9) туристке арналған келетiн және баратын елi туралы ақпарат;
Тармақша 10
10) жарнамалық-ақпараттық материалдар (жөнсiлтегіштер, бүктемелер, бейнематериалдар, парақшалар, журналдар, сызбалар және карталар).
Тармақ 24
24. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.08.19. N 853 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Тармақ 25
25. Туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуiн лицензиялау кезiнде өтiнушiге қойылатын бiлiктiлiк талаптары мыналардың болуын қамтиды:
Тармақша 1
1) кәсiптiк дайындығын, бiлiктiлiгiн және туристiк бағыттармен жүрiп өту тәжiрибесi;
Тармақша 2
2) әзiрленген туристiк бағыттар;
Тармақша 3
3) денсаулығының психикалық жай-күйi туралы медициналық анықтама;
Тармақша 4
4) меншiктi немесе жалға алынған туристік жарақтар. 📌 Ескерту. 25-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.08.19. N 853 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Тарау 4. 4. Лицензия беруден бас тарту, лицензияны тоқтату, қайтарып алу және оның қолданылуын тоқтата тұру
4. Лицензия беруден бас тарту, лицензияны тоқтату, қайтарып алу және оның қолданылуын тоқтата тұру
Тармақ 26
26. Лицензия беруден мына жағдайларда бас тартылады, егер:
Тармақша 1
1) туроператорлық, турагенттік қызметтердi және туризм нұсқаушысының қызметiн көрсетудi жүзеге асыруға заңнамалық кесiмдермен адамдардың осы санаттары үшiн тыйым салынса;
Тармақша 2
2) лицензия алу үшiн қажеттi құжаттардың барлығы ұсынылмаса. Лицензиар лицензия беруден бас тартқан себептердi өтiнушi жойған ретте, өтiнiш оны алу үшiн көзделген жалпы негiздерде қаралады;
Тармақша 3
3) лицензиялық алым енгiзiлмесе;
Тармақша 4
4) өтiнушi бiлiктiлiк талаптарына сай келмесе;
Тармақша 5
5) өтiнушiге қатысты оның осы қызмет түрiмен айналысуына тыйым салынған сот шешiмi бар болса. 📌 Ескерту. 26-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.08.19. N 853 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Тармақ 27
27. Турагенттiк, туроператорлық қызметтердi және туризм нұсқаушысының қызметiн көрсетудi жүзеге асыруға лицензия беруден бас тартылған жағдайда, өтiнушiге бас тарту себептерi көрсетiлген жазбаша түрде дәлелдi жауап берiледi. 📌 Ескерту. 27-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.08.19. N 853 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Тармақ 28
28. Егер заңнамамен белгiленген мерзiмде лицензия берiлмеген жағдайда немесе лицензия беруден бас тартуды өтiнушi негiзсiз деп тапса, ол бiр ай мерзiмде лицензиардың iс-әрекетiне сот тәртiбiмен шағымдануға құқылы.
Тармақ 29
29. Лицензия беруден негiзсiз бас тартудан немесе өтiнушiнiң құқығын бұзудан туындаған шығындарды өтеу заңнамада белгiленген тәртiпте жүзеге асырылады.
Тармақ 30
30. Лицензияны басқа заңды және жеке тұлғаларға беруге тыйым салынады.
Тармақ 31
31. Лицензия өз күшiн мына жағдайларда тоқтады:
Тармақша 1
1) лицензияның қайтарып алынуы;
Тармақша 2
2) азаматтың кәсiпкерлiк қызметiн тоқтатуы, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы немесе таратылуы.
Тармақ 32
32. Лицензияны қайтарып алу және оның күшiн тоқта тұру Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде көзделген тәртiпте және негiздерде жүзеге асырылады.
Тармақ 33
33. Лицензияның күшін тоқтату туралы шешімге лицензиат сот тәртібімен шағымдануға құқылы.
Тармақ 34
34. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұрудың себептері жойылғаннан кейін лицензияның күші қалпына келеді.
Тарау 5. 5. Есепке алу және бақылау
5. Есепке алу және бақылау
Тармақ 35
35. Лицензиар берілген лицензиялардың бірыңғай есебін жүргізеді.
Тармақ 36
36. Осы Ереженің сақталуын бақылауды лицензиар жүзеге асырады.
Тармақ 37
37. Лицензиар осы Ереженің сақталуын тексеруді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте жүргізеді.