О проведении приписки граждан к призывным участкам Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.08.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу туралы Қазақстан Республикасы 1993 жылғы 19 қаңтардағы "Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 12 бабына сәйкес:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының 1985 жылы туған азаматтардың 2002 жылдың 2 қаңтардан 30 наурызға дейін аудандық және қалалық әскер комиссариаттарына шақыру учаскелеріне тіркеу жүргізілсін.
Тармақ 2
2. Қала және аудан әкімдері:
Тармақша 1
1) қосымшаға сәйкес тіркеу жөнінде комиссия құрсын, қажетті мөлшерде маман-дәрігерлер, медбибілер, техникалық қызметкерлер қызмет көрсетуші кісілер мен көлік бөлсін;
Тармақша 2
2) азаматтарды тіркеу жөніндегі жұмысты жүргізу үшін әскери комиссариаттарды талапқа сай орындармен қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) әскерге шақыру учаскелеріне 1985 жылы туылған азаматтарды тіркеу жөніндегі медициналық комиссиялардың жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды, сондай-ақ емдеу-алдын алу мекемелерінде медициналық тексеруден өтуді қаржыландыру қалалардың және аудандардың бюджеттері есебінен, бөлінген қаржылардың шегінде жүзеге асырылсын;
Тармақша 4
4) әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу үшін аудандық, қалалық әскери комиссариаттарына азаматтардың ұйымдасқан түрде келуі бойынша шаралар қабылдасын.
Тармақ 3
3. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Б.Баймаханов), облыстық әскери комиссариатпен (А.А.Саттаров - келісім бойынша) бірлесе отырып облыстық тіркеу жөніндегі комиссияда жұмыс жүргізу үшін облысты емдеу мекемелерінің дәрігер-мамандарын тарту тәртібін белгілесін және аудандық, қалалық тіркеу жөніндегі комиссиялары облыстық емдеу мекемелеріне жіберген азаматтарды бірінші кезекте тексеруді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Меншік нысанына қарамастан, ұйымдар, кәсіпорындар және мекемелер басшылары, тіркеу және медициналық куәландыру жөніндегі комиссияның жұмысына қатыстырылатын азаматтардың, сондай-ақ тіркеуге жатқызылған жас жігіттердің тұрақты жұмыс орындарындағы орташа еңбекақылары сақталатынын еске алсын. Азаматтар шақырылушыларды әскери есепке қою кезіндегі міндеттерін орындау үшін қажетті уақытқа жұмыстан (оқудан) босатылады.
Тармақ 5
5. Облыстық ішкі істер басқармасы (Р.Х.Өзбекғалиев - келісім бойынша) әскерге шақыру учаскелеріне тіркелуден жалтарып жүргендерді іздеу және әскерге шақыру учаскелеріне оларды жеткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру ұсынылсын.
Тармақ 6
6. Осы шешімді орындау жөніндегі атқарылған жұмыс туралы ақпаратты 2002 жылғы 15 сәуірге қарай облыс әкімі аппаратына тапсырсын.
Тармақ 7
7. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д.Қ.Мыңбайға жүктелсін.