Об утверждении Перечня категорий граждан, пользующихся физкультурно-оздоровительными услугами бесплатно или на льготных условиях, за исключением инвалидов, а так же размеров льгот Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.06.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңының 48-бабына сәйкес, Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары К. К. Тлеубергеновке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Шахтинск қаласы әкімдігінің 2016 жылғы «05» ақпандағы № 3/1 қаулысымен бекітілген Мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру тегін немесе жеңілдік шарттармен дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін пайдаланылатын азаматтар санаттарының тізбесі, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшері № Азаматтар санаты Жеңілдіктер мөлшері 1 7 жасқа дейінгі балалар Тегін 2 Көп балалы отбасыларының оқушы- балалары Тегін 3 Балалар үйлерінен оқушы-балалар Тегін 4 Спорт ардагерлері Тегін 5 Оқушылар Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнынан 50% мөлшердегі жеңілдік 6 Студенттер Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнынан 50% мөлшердегі жеңілдік 7 Зейнеткерлер Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнынан 50% мөлшердегі жеңілдік *Ескертпе: осы тізбе мемлекеттік дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылыстарына қолданады.