Об утверждении Правил предоставления сведений о своей деятельности неправительственными организациями и формирования Базы данных о них Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 41-бабының 5-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-1-бабының 17) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Үкіметтік емес ұйымдар өз қызметі жөнінде мәліметтерді ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Үкіметтік емес ұйымдар өз қызметі жөнінде мәліметтерді ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 405 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12676 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 15 қаңтарда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін электрондық тасымалдағышта елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып, Қазақстан Республикасы нормативті құқықтық актілерінің эталонды бақылау банкіне енгізу үшін елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық түрдегі осы бұйрықтың көшірмелерін жолдауды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық 2017 жылы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілетін Қағидалардың 4-тармағы 2) тармақшасын және 6-тармағын қоспағанда, ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Басқа 10. Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидалары
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 51 бұйрығына қосымша Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабының 5-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-1-бабының 17) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және үкіметтік емес ұйымдардың Дерекқорын қалыптастыру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланады:
Тармақша 1
1) үкіметтік емес ұйым – ортақ мақсаттарға жету үшін азаматтар және (немесе) мемлекеттік емес заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ерікті негізде құрған коммерциялық емес ұйым (саяси партияларды, кәсіптік одақтарды және діни бірлестіктерді қоспағанда);
Тармақша 2
2) Үкіметтік емес ұйымдар дерекқоры (бұдан әрі – Дерекқор) – үкіметтік емес ұйымдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және жұртшылыққа олар туралы ақпарат беру мақсатында, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты, стратегиялық әріптестікті іске асыруға орналастыру шеңберінде пайдалану, гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру үшін қалыптастырылатын ақпараттық дерекқор.
Тарау 2. 2-тарау. Үкіметтік емес ұйымдар өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну тәртібі
2-тарау. Үкіметтік емес ұйымдар өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну тәртібі
Тармақ 3
3. Үкіметтік емес ұйымдар өз қызметтері жөніндегі мәліметтерді үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес қазақ және орыс тілдерінде жыл сайын 31 наурызға дейін электрондық түрде (infonpo.gov.kz) веб-портал арқылы ұсынады. Үкіметтік емес ұйымдар есепті кезең үшін ақпаратты көрсете отырып ағымдағы жылдағы іске асырылатын жобалар жөніндегі ақпараты бар өз қызметтері туралы мәліметтерін ұсынады. Есепті кезең Дерекқорға мәліметтер ұсыну жылының алдындағы күнтізбелік жылы деп түсіндіріледі. Осы Қағидаларға 1-қосымшадағы кестелер осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірмеге сәйкес толтырылады. Есепті кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызынан кейін ұсынылған мәліметтер уақтылы емес болып табылады.
Тармақ 4
4. Уәкілетті органға ұсынылатын үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтер, заңды тұлғаға берілген электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылады.
Тармақ 5
5. Осы Қағидаларда 1-қосымшаның 1-кестесінің I, II және VII бөлімдерінде көзделген үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтер өзгерген жағдайда, үкіметтік емес ұйымдар өзгертілген мәліметтерді уәкілетті органға қазақ және орыс тілдерінде «Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқоры» веб-порталы арқылы электрондық түрде осындай өзгерістер пайда болған күннен бастап жиырма жұмыс күн ішінде уәкілетті органға ұсынады.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 117-бабына сәйкес есепті кезең басталғанға дейін салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұрған және есепті кезең ішінде қызметін қайта бастамаған үкіметтік емес ұйымдар, сондай-ақ есепті кезеңнен кейін тіркелген үкіметтік емес ұйымдар Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына өз қызметі туралы мәліметтерді бермейді.
Тарау 3. 3-тарау. Үкіметтік емес ұйымдар туралы дерекқорды қалыптастыру тәртібі
3-тарау. Үкіметтік емес ұйымдар туралы дерекқорды қалыптастыру тәртібі
Тармақ 7
7. Уәкілетті органдар үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорын қалыптастыруды үкіметтік емес ұйымдар және жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мәліметтер негізінде жүзеге асырады.
Тармақ 8
8. Уәкілетті орган үкіметтік емес ұйымдардың өз қызметі туралы мәліметтерді алған кезде, олардың уақтылығын, толықтығын және анықтылығын қарайды. Үкіметтік емес ұйымдардың өз қызметі туралы мәліметтерді, осы Қағиданың 3-тармағында көрсетілген мерзімде ұсынылған жағдайда уақтылы болып саналады. Осы Қағиданың көрсетілген 1-қосымшасына сәйкес мәліметті толық ұсыну, бұл барлық кестені толтыру болып табылады. Үкіметтік емес ұйымдардың өз қызметі туралы мәліметтерді толық ұсыну уәкілетті органға жолдау күннің шындығына сәйкес келген жағдайда, анық болып саналады. Грамматикалық қателер үкіметтік емес ұйым туралы мәліметтерді анық емес деп тану үшін негіздеме болып саналмайды.
Тармақ 9
9. Уәкілетті орган үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтердің келіп түскен кезден бастап қарай 10 (он) жұмыс күн ішінде Дерекқорды жаңартады. Үкіметтік емес ұйымдар өз қызметі туралы ұсынған мәліметтердің сәйкессіздігі анықталған сәттен бастап уәкілетті орган оларды дереу пысықтауға жібереді. Үкіметтік емес ұйымдар уәкілетті органмен пысықтауға жіберілген өз мәліметтерін алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күн ішінде пысықтайды және ҮЕҰ Дерекқорына қайта жібереді.
Тармақ 10
10. Үкіметтік емес ұйымдарды Дерекқордан алып тастауды уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің Ұлттық тізілімінен үкіметтік емес ұйымдарды алып тастау туралы ақпаратты алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырады.
Тармақ 11
11. Дерекқорға ұсынатын үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтерді тексеруді жүзеге асыру үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары жыл сайын 10 сәуірге дейін аумақтық әділет органдарынан және мемлекеттік кірістер органдарынан тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктен үкіметтік емес ұйымдар туралы (тіркеу/қайта тіркеу күні, мекенжайы, құрылтайшылары, басшылары және олардың байланыс деректері, соңғы есепті мерзімге салықтық есеп беру күні) қорытынды мәліметтерді уәкілетті органға ұсынады.
Басқа 1. Үкіметтік емес ұйымдардың қызметі туралы мәліметтер*
Үкіметтік емес ұйымдар өз қызметтері туралы мәліметтерді ұсыну және олар туралы Дерекқорды қалыптастыру қағидаларына 1-қосымша Үкіметтік емес ұйымдардың өз қызметі жөніндегі мәліметтер 20___жылғы есепті кезең Ұсынылады: Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға Әкімшілік деректердің нысаны интернет - ресурста орналастырылған: infonpo.gov.kz веб-портал арқылы ұсынады. Әкімшілік дереккөздер нысанының атауы: Үкіметтік емес ұйымдардың қызметі туралы мәліметтер Әкімшілік дереккөздер нысанының индексі (нысан атауының әріптік-сандық қысқаша көрінісі): ҮЕҰҚМ-1 Кезеңділік: Жыл сайын Есепті кезең: Күнтізбелік жыл Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: Үкіметтік емес ұйымдар Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: Есепті кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызына дейінгі мерзімде 1-кесте Үкіметтік емес ұйымдардың қызметі туралы мәліметтер* I бөлім. Үкіметтік емес ұйымдар туралы жалпы деректер* 1 БСН: (12 цифр) 2 Мәліметті ұсыну бойынша есепті кезең: жыл 3 ҮЕҰ ұйымдастыру-құқықтық нысаны (тиісті ұяшықты Х көрсетіңіз) жеке мекеме: волонтерлік ұйымы қайырымдылық ұйымы басқа жеке қор: волонтерлік ұйымы қайырымдылық ұйымы басқа қоғамдық бірлестік корпоративтік қор Комерциялықемес акционерлік қоғам («Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңның 41-бабы 5-тармағының екінші бөлімінде көзделген коммерциялық емес акционерлік қоғамды қоспағанда) қоғамдық қор: волонтерлік ұйымы қайырымдылық ұйымы басқа Шетелдік және халықарарлық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктері (оқшауланған бөлімшелер) қауымдастық (одақ) нысанындағы ЗТБ 4 ҮЕҰ атауы: 5 Бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты: 6 ҮЕҰ заңды мекенжайы (елді мекен, мекенжай) 7 Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) күні: 8 Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) күні: II бөлім. Үкіметтік емес ұйымдардың байланыс деректері 9 Электронды пошта 10 Телефон нөмірі (аймақ коды) III бөлім. Жұмыскерлер мен волонтерлер туралы мәліметтер 11 Штаттық жұмыскерлердің саны 12 Қазақстан Республикасы азаматтары жұмыскерлерінің саны 13 Шетелдік жұмыскерлер саны 14 Волонтерлер саны 18 жастан 29 жасқа дейін 30 жастан 62 жасқа дейін 63 жастан және одан жоғары Бағыты: медицинадағы волонтерлік экологиялық волонтерлік әлеуметтік волонтерлік медиа волонтерлік төтенше жағдайлардың салдарын жою адамдарды іздеу басқа IV бөлім. Қызметтің саласы 15 Үкіметтік емес ұйымдардың қызмет саласы (керек торды Х көрсетіңіз): білім және ғылым ақпарат дене шынықтыру және спорт азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау қоршаған ортаны қорғау жастар саясатын және балалар мүддесін қолдау отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау жетім балаларға, толық емес отбасы және көпбалалы жанұяларға көмек халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге жәрдемдесу азаматтардың, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәдениетті және өнерді дамыту тарихи-мәдени мұраны қорғау қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайту есепте тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету кезінде пробация қызметтеріне жәрдемдесу мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу волонтерлік бастамаларды дамыту және қолдау өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) көмек көрсету Жануарларға жауапкершілікпен қарауды тәрбиелеу, соның ішінде жануарларға арналған баспаналарды қолдау Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де әлеуметтік маңызы бар бағыттар (көрсету) ___________________________________________ V бөлім. ҮЕҰ есепті кезеңдегі кірістер (сомасы, теңге) 16 Депозит бойынша сыйақылар 17 Гранттар 18 Кіру жарналары 19 Мүшелік жарналар 20 Қайырымдылық көмек 21 Демеушілік көмек 22 Өтеусіз негізде алынған ақша және басқа мүлік 23 Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты, оның ішінде стратегиялық әріптестік шеңберінде іске асыруда шарт бойынша алынған кіріс 24 Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде тыйым салынбаған өзге де кірістер 25 Барлық кірістер VI бөлім. Есепті кезеңде ҮЕҰ-дың шығыстары, (сомасы, теңге) 26 Коммерциялық емес ұйымдарды ұстау 27 Іс шараларды ұйымдастыру мен өткізу 28 Ақпараттық материалдарды даярлау және орналастыру 29 Сыйақы 30 Қайырымдылық көмек 31 Демеушілік көмек 32 Кіру жарналары 33 Мүшелік жарналар 34 Өтеусіз негізде берілген ақша және басқа мүлік 35 Өзге шығыстар 36 Барлық шығыстар VII бөлім. Бюджет (сомасы, теңге) (шетелдік және халықаралық ұйымдар немесе филиалдармен толтырады) 37 Қазақстан Республикасында жобаларды/ бағдарламаларды қаржыландыру бюджеті (егер жобаны және/ немесе бағдарламаны филиал немесе өкілдік Қазақстан Республикасының аумағында қаржыландырса) есепті кезеңде Ескерту: *егер деректер мүлде болмаса, «жоқ» деп немесе сызықша қойылып белгіленеді. Қолданылған қысқартылған сөздер: БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі ҮЕҰ – үкіметтік емес ұйым ЗТБ – заңды тұлға бірлестігі 2-кесте Үкіметтік емес ұйымдардың филиалы (-дары) және өкілдігі (-тері)* № Атауы БСН Орналасқан жері Басшының АТӘ (болған жағдайда) Тіркелген күні 1 2 3 4 5 6 1 Ескерту: *егер деректер мүлде болмаса, «жоқ» деп немесе сызықша қойылып белгіленеді. Қолданылған қысқартылған сөздер: БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі АТӘ – аты, тегі, әкесінің аты 3-кесте Үкіметтік емес ұйымдардың, шетелдік және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктерінің (оқшауланған бөлімшелерінің) есепті кезеңде іске асырылған жобалары* № Жо­ба­ның/ бағ­дар­ла­ма­ның ата­уы До­нор ұй­ы­мы­ның, тап­сы­рыс бе­ру­ші­нің жо­ба­ның/ бағ­дар­ла­ма­ның БСН са­лық тір­кеу нө­мі­рі­нің ана­ло­гы (ше­тел­дік заң­ды тұл­ға үшін) До­нор ұй­ы­мы­ның, тап­сы­рыс бе­ру­ші­нің ата­уы Қар жы­лан­ды­ру кө­зі (мем­ле­кет­тік, ше­тел­дік, ком­мер­ци­я­лық, ше­тел­дік ком­мер­ци­я­лық емес, қа­зақ­стан­дық ком­мер­ци­я­лық, қа­зақ­стан­дық ком­мер­ци­я­лық емес, өзін-өзі қар­жы­лан­ды­ру) Жо­ба­ның са­ла­сы (1-кесте­нің 15-тар­ма­ғын таң­да­ңыз) Жо­ба/ бағ­дар­ла­ма­лар мақ­са­ты Жо­ба­ны іс­ке асыр­ған/ іс­ке асы­ры­ла­тын өңір неме­се өңір­лер (об­лы­стар, рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар, аста­на) Жал­пы қар­жы­лан­ды­ру жо­ба­сы (тең­ге) Есеп­ті ке­зең­де жо­ба­ны қар­жы­лан­ды­ру­ға алын­ған (тең­ге) Жо­ба­ның орын­да­луы ту­ра­лы қы­сқа­ша ақ­па­рат 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 1 Ескерту: *егер деректер мүлде болмаса, «жоқ» деп немесе сызықша қойылып белгіленеді. Қолданылған қысқартылған сөздер: БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі 4-кесте Үкіметтік емес ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктерінің (оқшауланған бөлімшелерінің) есепті кезеңде іске асырылған жобалары* № Фи­ли­ал­дар ата­уы және (неме­се) (өкіл­дік­тер) Жо­ба­ның/ бағ­дар­ла­ма­ның ата­уы До­нор ұй­ы­мы­ның тап­сы­рыс бе­ру­ші­нің жо­ба­ның/ бағ­дар­ла­ма­ның БСН са­лық тір­кеу нө­мі­рі (ше­тел­дік заң­ды тұл­ға үшін) До­нор ұй­ы­мы­ның, тап­сы­рыс бе­ру­ші­нің ата­уы Қар­жы­лан­ды­ру кө­зі (мем­ле­кет­тік, ше­тел­дік, ком­мер­ци­я­лық, ком­мер­ци­я­лық емес ше­тел­дік, ком­мер­ци­я­лық қа­зақ­стан­дық, ком­мер­ци­я­лық емес қа­зақ­стан­дық, өзін-өзі қар­жы­лан­ды­ру) Жо­ба­ның са­ла­сы («Қыз­мет са­ла­сы», бө­лі­мі­нен 1-кесте 15-тар­ма­ғы­нан негіз­гі са­у­ал­на­ма­ны таң­да­ңыз)) Жо­ба­ны іс­ке асыр­ған/іс­ке асы­ры­ла­тын өңір (об­лы­стар, рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар, аста­на) Жо­ба­ны жал­пы қар­жы­лан­ды­ру (тең­ге) Есеп­ті ке­зең­де жо­ба­ны қар­жы­лан­ды­ру­ға алын­ған (тең­ге) Жо­ба­ның орын­да­луы ту­ра­лы қы­сқа­ша ақ­па­рат 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 1 Ескерту: * егер деректер мүлде болмаса, «жоқ» деп немесе сызықша қойылып белгіленеді. Қолданылған қысқартылған сөздер: БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі 5-кесте Үкіметтік емес ұйымдардың құрылтайшылары* (қатысушылары) туралы мәліметтері* № Ұйым атауы немесе АТӘ (болған жағдайда) БСН / ЖСН, салық тіркеу нөмірінің баламасы (шетелдік заңды тұлға үшін) 1 2 3 1 Ескерту: *қоғамдық бірлестіктер оны құруға қатысатын кемінде 10 бастамашы азаматтан және/немесе қоғамдық бірлестіктен деректерді көрсетеді. Қолданылған қысқартылған сөздер: АТӘ – аты, тегі, әкесінің аты БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі 6-кесте Қайырымдылық немесе демеушілік көмек алған немесе берген ұйым/орган, мемлекеттер № Ата­уы Кө­мек­ті ал­ған Ұй­ым­ның ата­уы (БСН (неме­се ше­тел­дік ұй­ым­дар, ор­ган­дар үшін ба­ла­ма)) Алын­ған қа­ра­жат Қа­ра­жат­ты қол­да­ну мақ­са­ты Кө­мек бер­ген Ұй­ым­ның ата­уы (БСН (неме­се ше­тел­дік ұй­ым­дар, ор­ган­дар үшін ба­ла­ма)) Жі­бе­рі­л­ген қа­ра­жат Қа­ра­жат­ты қол­да­ну мақ­са­ты 1 2 3 4 5 6 7 8 1 Қай­ы­рым­ды­лық кө­мек 2 Де­ме­у­ші­лік кө­мек 3 Бас­қа да кі­рі­стер Ұсынған мәліметтердің толықтығы мен нақтылығын растаймын: Басшы ______________________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) қолы Орындаушы _________________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) қолы Ескерту: * егер деректер болмаса, «жоқ» деп немесе сызықша қойылып белгіленеді Қолданылған қысқартылған сөздер: ҮЕҰ – үкіметтік емес ұйым БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі
Басқа 2
Үкіметтік емес ұйымдар өз қызметтері туралы мәліметтерді ұсыну және олар туралы Дерекқорды қалыптастыру қағидаларына 2-қосымша Әкімшілік деректер нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме «Үкіметтік емес ұйымдардың өз қызметі жөніндегі мәліметтері» (ҮЕҰҚМ-1, жыл сайын) Әкімшілік деректер нысанында пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар Әдіснамалық түсіндірмелер
Тармақ 1
1. Нысанды үкіметтік емес ұйымдардың басшысы (ол болмаған жағдайда оны алмастырушы адам) толтырады және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға есепті кезеңнен кейін келесі жылғы 31 наурызға дейін ұсынылады.
Тармақ 3
3. «Үкіметтік емес ұйымдардың қызметтері туралы мәліметтер» нысанының 1-кестесіндегі «Үкіметтік емес ұйымдар туралы жалпы деректер» бөлімінде мынадай мәліметтер көрсетіледі:
Тармақша 1
1) 1-тармақта ұйымның бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;
Тармақша 2
2) 2-тармақта «Мәлімет ұсынатын есепті кезең және жыл» мәліметті ұсыну жылы көрсетіледі;
Тармақша 3
3) 3-тармақта «Үкіметтік емес ұйымдардың ұйымдастыру-құқықтық нысаны» көрсетіледі;
Тармақша 4
4) 4-тармақта құрылтайшылар құжаттарына сәйкес үкіметтік емес ұйымдардың толық атауы көрсетіледі;
Тармақша 5
5) 5-тармақта «Бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты» көрсетіледі;
Тармақша 6
6) 6-тармақта «ҮЕҰ заңды мекенжайы (елді мекен, мекенжай)» көрсетіледі;
Тармақша 7
7) 7-тармақта «Мемлекеттік тіркеу күні» көрсетіледі.
Тармақша 8
8) 8-тармақта «Мемлекеттік қайтадан тіркеу күні көрсетіледі.
Тармақ 4
4. «Үкіметтік емес ұйымның байланыс деректері» II бөлімі мынадай мәліметтерімен көрсетіледі:
Тармақша 1
1) 9-тармақта «Электрондық пошта» көрсетіледі;
Тармақша 2
2) 10-тармақта «Телефон нөмірі» көрсетіледі;
Тармақ 5
5. «Қызметкерлер мен еріктілер туралы мәліметтер» III бөлімі мынадай мәліметтерімен көрсетіледі:
Тармақша 1
1) 11-тармақта «Штаттық қызметкерлердің саны» көрсетіледі;
Тармақша 2
2) 12-тармақта «Қазақстан Республикасы азаматтар қызметкерлерінің саны» көрсетіледі;
Тармақша 3
3) 13-тармақта «Шетелдік қызметкерлер саны» көрсетіледі;
Тармақша 4
4) 14-тармақта «Еріктілер саны».
Тармақ 6
6. «Қызметтің саласы» IV бөлімі мынадай мәліметтермен көрсетіледі:
Тармақша 1
1) 15-тармақта «Үкіметтік емес ұйымның қызмет саласы (Х керек ұяшықты көрсетіңіз)» көрсетілген тізімнің ішінде үкіметтік емес ұйымның қызмет саласы көрсетіледі;
Тармақ 7
7. «ҮЕҰ есепті кезеңдегі кірістер туралы (сомасы, теңге)» V бөлімі мынадай мәліметтермен көрсетіледі:
Тармақша 1
1) 16-тармақта «Депозиттер бойынша сыйақы» көрсетіледі;
Тармақша 2
2) 17-тармақта «Гранттар» көрсетіледі;
Тармақша 3
3) 18-тармақта «Мүшелік жарналар» көрсетіледі;
Тармақша 4
4) 19-тармақта «Қайырымдылық көмек» көрсетіледі;
Тармақша 5
5) 20-тармақта «Демеушілік көмек» көрсетіледі;
Тармақша 6
6) 21-тармақта «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты, оның ішінде стратегиялық әріптестік шеңберінде іске асыруда шарт бойынша алынған кіріс» көрсетіледі;
Тармақша 7
7) 22-тармақта Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде тыйым салынбаған өзге де кірістер көрсетіледі;
Тармақша 8
8) 23-тармақта «Барлық кірістер» көрсетіледі.
Тармақ 8
8. «Есепті кезеңде ҮЕҰ-дың шығыстары (сомасы, теңге)» VI бөлімі мынадай мәліметтермен көрсетіледі:
Тармақша 1
1) 24-тармақта «Коммерциялық емес ұйымдарды ұстау» көрсетіледі;
Тармақша 2
2) 25-тармақта «Іс шараларды ұйымдастыру мен өткізу» көрсетіледі;
Тармақша 3
3) 26-тармақта «Сыйақы» көрсетіледі;
Тармақша 4
4) 27-тармақта «Қайырымдылық көмек» көрсетіледі;
Тармақша 5
5) 29-тармақта «Өзге шығыстар» барлық шығыстар сомасы көрсетіледі;
Тармақша 6
6) 30-тармақта «Барлық шығыстар» барлық шығыстар сомасы көрсетіледі.
Тармақ 9
9. «Бюджет» VII бөлімін филиалдар немесе халықаралық және шетелдік ұйымдардың өкілдіктері мынадай түрде көрсетіледі (сомасы теңгемен көрсетіледі):
Тармақша 1
1) 31-тармақта «Қазақстан Республикасында жобаларды/бағдарламаларды қаржыландыру бюджеті» (егер жобаны және/немесе бағдарлама филиал немесе өкілдік Қазақстан Республикасының аумағында қаржыландырса) көрсетіледі;
Тармақ 10
10. «Үкіметтік емес ұйымдардың филиалы(-дары) және өкілдігі (-тері)» нысанның 2-кестесі мынадай мәліметтермен көрсетіледі:
Тармақша 1
1) 1-бағанда реттік сан көрсетіледі;
Тармақша 2
2) 2-бағанда «Атауы» көрсетіледі;
Тармақша 3
3) 3-бағанда «БСН» көрсетіледі;
Тармақша 4
4) 4-бағанда «Орналасқан жері» көрсетіледі;
Тармақша 5
5) 5-бағанда «Басшының АТӘ (болған жағдайда)» көрсетіледі;
Тармақша 6
6) 6-бағанда «Тіркелген күні» көрсетіледі;
Тармақ 11
11. «Үкіметтік емес ұйымдардың, филиалдардың және шетелдік және халықаралық коммерциялық емес ұйымдар өкілеттіктерінің (оқшауланған бөлімшелерінің) есепті кезеңде іске асырған және ағымдағы жылы іске асыратын жобалары» нысанның 3-кестесі мынадай мәліметтермен көрсетіледі:
Тармақша 1
1) 1-бағанда реттік сан көрсетіледі;
Тармақша 2
2) 2-бағанда «Жобаның/бағдарламаның атауы» көрсетіледі;
Тармақша 3
3) 3-бағанда «Донор ұйымының тапсырыс берушінің жобаның/ бағдарламаның БСН салық тіркеу нөмірінің аналогы (шетелдік заңды тұлға үшін)» көрсетіледі;
Тармақша 4
4) 4-бағанда «Донор ұйымының, тапсырыс берушінің атауы» көрсетіледі;
Тармақша 5
5) 5-бағанда «Қаржыландыру көзі (мемлекеттік, шетелдік, коммерциялық, коммерциялық емес шетелдік, коммерциялық қазақстандық, коммерциялық емес қазақстандық, өзін-өзі қаржыландыру)» көрсетіледі;
Тармақша 6
6) 6-бағанда «Жобаның саласы (1 кестенің 15 тармағын таңдаңыз)» көрсетіледі;
Тармақша 7
7) 7-бағанда «Жоба/бағдарлама мақсаты» көрсетіледі;
Тармақша 8
8) 8-бағанда «Жобаны іске асырған өңір (облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана)» көрсетіледі;
Тармақша 9
9) 9-бағанда «Жалпы қаржыландыру жобасы (теңге)» көрсетіледі;
Тармақша 10
10) 10-бағанда «Есепті кезеңде алынған жобаға қаржыландыру (теңге)» көрсетіледі;
Тармақша 11
11) 11-бағанда «Жобаны орындау туралы қысқаша ақпарат» көрсетіледі.
Тармақ 12
12. «Филиалдардың және (немесе) өкілдіктердің (оқшауланған бөлімшелерінің есепті мерзімде іске асырылған және ағымдағы жылы іске асырылатын жобалары» нысанның 4-кестесі мынадай мәліметтермен көрсетіледі:
Тармақша 1
1) 1-бағанда реттік сан көрсетіледі;
Тармақша 2
2) 2-бағанда «Филиалдар және (немесе) (өкілдіктер) атауы» көрсетіледі;
Тармақша 3
3) 3-бағанда «Жобаның/бағдарламаның атауы» көрсетіледі;
Тармақша 4
4) 4-бағанда «Донор ұйымының тапсырыс берушінің жобаның/ бағдарламаның БСН салық тіркеу нөмірінің аналогы (шетелдік заңды тұлға үшін)» көрсетіледі;
Тармақша 5
5) 5-бағанда «Донор ұйымының, тапсырыс берушінің атауы» көрсетіледі;
Тармақша 6
6) 6-бағанда «Қаржыландыру көзі (мемлекеттік, шетелдік, коммерциялық, коммерциялық емес шетелдік, коммерциялық қазақстандық, коммерциялық емес қазақстандық, өзін-өзі қаржыландыру)» көрсетіледі;
Тармақша 7
7) 7-бағанда «Жобаның саласы (1-кестедегі 15 тармақта қызметтер саласы бөлімін таңдаңыз)» көрсетіледі;
Тармақша 8
8) 8-бағанда «Жобаны іске асырған өңір (облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана)» көрсетіледі;
Тармақша 9
9) 9-бағанда «Жалпы қаржыландыруы жобасы (теңге)» көрсетіледі;
Тармақша 10
10) 10-бағанда «Есепті кезеңде жобаға алынған қаржыландыру (теңге)» көрсетіледі;
Тармақша 11
11) 11-бағанда «Жобаны орындау туралы қысқаша ақпарат» көрсетіледі.
Тармақ 13
13. Үкіметтік емес ұйымдарды құрған «Құрылтайшылар (қатысушылар) туралы мәліметтер» нысанның 5-кестесі мынадай мәліметтермен көрсетіледі:
Тармақша 1
1) 1-бағанда реттік сан көрсетіледі;
Тармақша 2
2) 2-бағанда «Ұйым атауы немесе АТӘ (болған жағдайда)» көрсетіледі;
Тармақша 3
3) 3-бағанда «ЖСН/БСН салық тіркеу нөмірінің аналогы (шетелдік заңды тұлға үшін)» көрсетіледі.
Тармақ 14
14. «Қайырымдылық немесе демеушілік көмек алған немесе берген ұйым/орган, мемлекеттер» нысанның 6-кестесі мынадай мәліметтермен көрсетіледі:
Тармақша 1
1) 1-бағанда реттік сан көрсетіледі;
Тармақша 2
2) 2-бағанда «Атауы» көрсетіледі;
Тармақша 3
3) 3-бағанда «Көмекті алған Ұйымның атауы (БСН (немесе шетелдік ұйымдар, органдар үшін балама))» көрсетіледі;
Тармақша 4
4) 4-бағанда «Алынған қаражат» көрсетіледі;
Тармақша 5
5) 5-бағанда «Қаражатты қолдану мақсаты» көрсетіледі;
Тармақша 6
6) 6-бағанда «Көмек берген Ұйымның атауы (БСН (немесе шетелдік ұйымдар, органдар үшін балама))» көрсетіледі;
Тармақша 7
7) 7-бағанда «Жіберілген қаражат» көрсетіледі;
Тармақша 8
8) 8-бағанда «Қаражатты қолдану мақсаты» көрсетіледі.