Об утверждении Правил введения государственного регулирования цен на товары (работы, услуги) субъектов рынка, занимающих доминирующее (монопольное) положение на товарном рынке Күшін жойған
Басқа 0
Тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектiлерi тауарларының (жұмыстарының, қызметтер көрсетуінің) бағаларын мемлекеттік реттеудi енгізу ережесiн бекiту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.12.23. N 1277 қаулысымен.
Белгiлi бiр тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектiлерi тауарларының (жұмыстарының, қызметтер көрсетуiнiң) бағаларын мемлекеттiк реттеудi енгiзу тәртiбiн белгiлеу мақсатында, "Қазақстан Республикасының Yкiметi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңы 9-бабының 7) тармақшасына және "Бәсеке және монополистiк қызметтi шектеу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 20-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектiлерi тауарларының (жұмыстарының, қызметтер көрсетуiнiң) бағаларын мемлекеттік реттеудi енгiзу ережесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Басқа 3. Тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектiлерi тауарларының (жұмыстарының, қызметтер көрсетуiнiң) бағаларын мемлекеттiк реттеудi енгiзу ЕРЕЖЕСI
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 14 қыркүйектегі
N 1212 қаулысымен бекітілген
Тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектiлерi тауарларының (жұмыстарының, қызметтер көрсетуiнiң) бағаларын мемлекеттiк реттеудi енгiзу ЕРЕЖЕСI
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектiлерi тауарларының (жұмыстарының, қызметтер көрсетуiнiң) бағаларын мемлекеттiк реттеудi енгiзу ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Бәсеке және монополистiк қызметтi шектеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi.
Тармақ 2
2. Осы Ереженi әзiрлеудегi мақсат тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектiлерi тауарларының (жұмыстарының, қызметтер көрсетуiнiң) бағаларын мемлекеттiк реттеудi енгізу жөнiнде шешiм қабылдау тәртiбiн айқындау болып табылады.
Тармақ 3
3. Ереже меншiк нысандарына қарамастан тауарлардың (жұмыстардың, қызметтер көрсетудiң) белгiлi бiр түрi рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие және Тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлген рынок субъектiлерiне (бұдан әрi - Рынок субъектiлерi) қолданылады.
Тармақ 4
4. Монополиялық түрде өндiрiлетiн (жеткiзiлетiн) тауарлардың (жұмыстардың, қызметтер көрсетудiң) бағаларын мемлекеттiк реттеудi енгiзу туралы шешiмдi монополиялық саясат саласындағы орталық атқарушы орган мен оның аумақтық органдары (бұдан әрi - Монополияға қарсы орган) қабылдайды және бұйрықпен ресімдейді.
Тармақ 5
5. Бағаларды мемлекеттiк реттеудi енгiзу монополиялық түрде өндiрiлетiн (жеткiзiлетін) тауарларға (жұмыстарға, қызметтер көрсетуге) кесiмдi бағалар (тарифтер) белгiлеудi бiлдiредi.
Осы Ереженiң мақсаттары үшiн кесiмді баға (тариф) деп белгiлi деңгейде белгіленетiн, Монополияға қарсы органның шешiмi бойынша ғана өзгеруi мүмкiн баға (тариф) түсiндiрiледi.
Тарау 2. 2. Бағаларды мемлекеттiк реттеудi енгізу туралы шешім қабылдау тәртібі
2. Бағаларды мемлекеттiк реттеудi енгізу туралы шешім қабылдау тәртібі
Тармақ 6
6. Рынок субъектiлерi Монополияға қарсы органға монополиялық түрде өндiрiлетiн (жеткiзiлетiн) тауар (жұмыс, қызмет көрсету) бағаларының алдағы уақытта көтерiлетiнi туралы және олардың көтерiлу себептерi туралы көтерiлу себептерiн растайтын құжаттарды (мысалы, шикiзатты жеткiзу құны артқан кезде тиiстi шарттың көшiрмесiн жiберу және т.б.) бере отырып, 30 күн бұрын жазбаша түрде хабарлауға мiндеттi.
Тармақ 7
7. Бағаның көтерiлу себептерiн растайтын құжаттарды қарау нәтижелерi бойынша Монополияға қарсы орган бағаның алдағы уақытта көтерiлетiнiне келiседi не Рынок субъектiсiне бағаны көтеру үшiн негiздемелердiң жоқтығы туралы хабарлама жiбередi.
Рынок субъектiсi ұсынған құжаттарды қарау процесiнде Монополияға қарсы орган бағаның көтерiлу себептерi туралы қосымша ақпарат сұратуға құқылы, оны Рынок субъектісi тиiстi сұрауды алған күннен бастап үш күн мерзiм iшiнде ұсынуға тиiс.
Тармақ 8
8. Бағаны көтеру үшiн негiздемелердiң жоқтығы туралы хабарлама алған Рынок субъектiсi монополиялық түрде өндiрiлетiн (жеткiзiлетiн) тауар (жұмыс, қызмет көрсету) бағасын бұрынғы деңгейде сақтайды.
Тармақ 9
9. Рынок субъектiлерi осы Ереженiң 6 және/немесе 8-тармақтарында белгiленген талаптарды орындамаған жағдайларда, сондай-ақ Рынок субъектілерi күнтiзбелiк жыл iшiнде бәсекенi шектеуге бағытталған екi немесе одан көп монополияға қарсы заң бұзушылық жасаған ретте, оларды бөлу, бөлiп шығару мүмкін емес немесе мақсатқа сай келмейтiн кезде Монополияға қарсы органның шешiмi бойынша монополиялық түрде өндiрiлетiн (жеткiзiлетiн) тауарға (жұмысқа, қызмет көрсетуге) кесiмдi бағалар (тарифтер) белгiлеу жүргізiледi.
Тармақ 10
10. Монополияға қарсы орган Рынок субъектiсiне тауарларға (жұмыстарға, қызметтер көрсетуiне) алдағы уақытта кесiмдi бағалар (тарифтер) белгiленетiнi туралы хабарлама жiберуге мiндетті.
Тармақ 11
11. Алдағы уақытта кесiмдi бағалар (тарифтер) белгiленетінi туралы хабарлама алған Рынок субъектісi бiр апта iшiнде Монополияға қарсы органға мынадай құжаттарды ұсынуға мiндеттi:
Тармақша 1
1) салалық ерекшелiктердi ескере отырып, Монополияға қарсы орган белгiлеген нысан бойынша бағалар (тарифтер) жобасы;
Тармақша 2
2) бухгалтерлiк теңгерiм;
Тармақша 3
3) қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижелерi туралы есеп (N 2 нысан);
Тармақша 4
4) еңбек және еңбекақы жөніндегі есеп (1-Е нысаны);
Тармақша 5
5) өндірістік-қаржылық қызмет туралы есеп (1-ОҚ нысаны);
Тармақша 6
6) негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің болуы және қозғалысы (N 11 нысан);
Тармақша 7
7) бағалар (тарифтер) жобасын есептеу үшін шығындарды баптар бойынша таратқан жиынтық деректер (тарифтік смета);
Тармақша 8
8) белгіленген тәртіппен бекітілген:
техникалық ысырап нормалары;
қызметкерлер санының нормативтерi;
шикізаттар мен материалдар шығысының нормалары;
Тармақша 9
9) негізгi құралдарды пайдалану мерзiмдерiн көрсете отырып, амортизациялық аударымдарды есептеу;
Тармақша 10
10) тауарлардың (жұмыстардың, қызметтер көрсетудiң) жоспарланған көлемiн растайтын құжаттар - ниет хаттамалары, шарттар, Рынок субъектiсiнiң мүмкiндiктерiн ескере отырып, тауарларды өндiру (жеткізу) көлемiн есептеу, жобалық қуаты мен оның іс жүзiнде пайдаланылуы туралы деректер.
Тармақ 12
12. Ұсынылған есептеулер мен негiздеушi құжаттар мынадай талаптарға жауап беруге тиiс:
Тармақша 1
1) негiздеушi құжаттардың әрбiр парағына Рынок субъектiсiнiң басшысы, ал қаржы құжаттарына бас бухгалтер де қол қояды және мөрмен растайды;
Тармақша 2
2) көлемнiң маусымдық ауытқулары бағалардың (тарифтердiң) өзгеруiне әсерiн болдырмау мақсатында жылға (жарты жылға) есептелген деректер негiзге алынады, мұндай есептеу салық есебi тұрғысынан орынсыз жағдайларды қоспағанда;
Тармақша 3
3) бағалардың (тарифтердiң) жобалары кезiнде негiзге кесiмдi баға (тариф) енгiзер алдындағы төрт тоқсандағы тауарлардың (жұмыстардың, қызметтер көрсетудiң) іс жүзiнде өндiрiлген (жеткiзiлген) көлемi алынады;
Тармақша 4
4) өндiрудiң (жеткiзудiң) көлемiн төмендету кезiнде төмендетудi негiздейтiн және оны растайтын құжаттар ұсынылуға тиiс.
Тармақ 13
13. Рынок субъектілерiнiң тауарларына (жұмыстарына, қызметтер көрсетуiне) кесiмдi бағаларды (тарифтердi) қалыптастыру кезiнде осы Ережеде көзделген шектеулердi ескере отырып, Рынок субъектiсi қызметiнiң монополиялық түрiне жататын және Бухгалтерлiк есеп стандарттарына сәйкес келетiн шығындар ескеріледi.
Тармақ 14
14. Бағаларға (тарифтерге) енгiзiлетiн материалдық шығындар өнiмдердiң (қызметтер көрсетудiң) бiр бiрлiгiн шығаруға жұмсалатын шикiзаттар, материалдар, отын, энергия шығысының заңнамаға сәйкес бекiтiлген нормалары негiзге алына айқындалады.
Бағаларға (тарифтерге) нормативтік техникалық ысыраппен байланысты, заңнамаға сәйкес бекітілген нормалар бойынша есептелген шығындар енгізіледі.
Тармақ 15
15. Жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарына, техникалық қайта жарақтандыру және негiзгi өндiрiстiк қорларды жұмысшы күйде ұстауға жұмсалатын шығындар бағаға (тарифке) осы iс-шараларды жүргiзу қажеттiгi туралы құжаттық растау болған кезде енгiзiледi.
Тармақ 16
16. Еңбекке ақы төлеуге жұмсалатын шығыстарды айқындау кезiнде қызметкерлердiң (әкiмшiлiк-басқару және өндiрiстiк қызметшiлердiң) іс жүзiндегi, бiрақ заңнамаға сәйкес белгiленетiн нормативтен аспайтын саны есепке алынады.
Тармақ 17
17. Бағаларға (тарифтерге) енгізiлетiн қызметкерлерге еңбекке ақы төлеуге жұмсалатын шығыстар баға (тариф) белгілеу алдындағы кезең (жыл, жарты жылдық) iшiнде iс жүзiнде қалыптасқан еңбекке ақы төлеу шығыстары негiзге алына, тиiстi кезеңдегi инфляция индексi ескерiлiп, статистикалық деректер бойынша есептеледi. Бұл ретте еңбекке ақы төлеу шығыстары мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) ұйымда қабылданған еңбекке ақы төлеу нысандары мен жүйелерiне сәйкес кесiмдi бағалауға, тарифтiк мөлшерлемелерге және лауазымдық жалақыларға сүйене отырып есептелген, орындалған жұмыс үшiн еңбекақы төлеу жөнiндегi төлемдер;
Тармақша 2
2) ынталандыру сипатындағы төлемдер: өндiрiстiк нәтижелер үшiн берiлетiн сыйақылар (заттай сыйақының құнын қоса), кәсiби шеберлiгi, еңбектегi жоғарғы жетiстiктерi және т.б. үшiн тарифтiк мөлшерлемелер мен жалақыларына үстемелер және ұйымда қабылданған материалдық көтермелеудiң басқа да нысандары;
Тармақша 3
3) жұмыс режимiмен және еңбек жағдайымен байланысты, сондай-ақ ұйымдарды қайта ұйымдастыруға, қызметкерлер санын қысқартуға және т.б. байланысты төлемдер.
Тармақ 18
18. Бағаларға (тарифтерге) бухгалтерлiк есеп саласындағы заңнамаға сәйкес есептелген негiзгі құралдардың тозу сомасы енгiзiледi.
Тармақ 19
19. Бағаларға (тарифтерге) тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетудi) тұрақты және үздiксiз өндiрудi (жеткiзудi) қамтамасыз ету үшiн тартылған банкiлердiң несиелерi үшiн пайыздар қосылады.
Тармақ 20
20. Әкiмшiлiк мақсаттағы шығыстарға кесiмдi бағаларды (тарифтерді) белгілегенге дейін қабылданған және қолданылып жүрген деңгейде кесімді бағалар (тарифтер) алдыңғы төрт тоқсан ішіндегі инфляция индексі ескеріле отырып, енгізіледі.
Тармақ 21
21. Монополияға қарсы орган қызметтің сондай немесе соған ұқсас түрімен айналысатын Рынок субъектілерінің тиісті шығындарын салыстыра талдау нәтижесінде не тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) өндіру көлемі едәуір төмендеген ретте бағаға (тарифке) енгізілетін әкімшілік мақсаттағы шығыстар сомаларын өзгерту туралы шешім қабылдауға құқылы.
Тармақ 22
22. Рынок субъектiлерiнiң кесімді бағаларын (тарифтерін) қалыптастыру кезiнде мынадай шығыстар ескерілмейді:
Тармақша 1
1) нормативтен жоғары техникалық және коммерциялық ысырап, тауарлық-материалдық құндылықтардың бүлiнуi мен жетiспеуi және қоймалардағы босалқы қорлар, басқа өндiргiш емес шығыстар мен ысыраптар;
Тармақша 2
2) ластағыш заттардың нормативтен жоғары шығарындылары (тастандылары) үшiн төленетiн төлемдер;
Тармақша 3
3) үмiтсiз қарыздар;
Тармақша 4
4) шаруашылық шарттардың талаптарын бұзғаны үшiн айыппұлдар, өсiмпұлдар, тұрақсыздық төлемдерi мен жазалардың басқа түрлерi;
Тармақша 5
5) кiрiстi жасырғаны (азайтқаны) үшiн төленетiн айыппұлдар мен өсiмпұлдар;
Тармақша 6
6) ұрлықтардан келген зияндар;
Тармақша 7
7) ақаудан болған ысыраптар;
Тармақша 8
8) қызмет көрсететiн шаруашылықтар мен учаскелерді ұстау жөнiндегi шығыстар (үй-жайларды тегiн беру, қоғамдық тамақтандыру ұйымдарына коммуналдық қызмет көрсету құнын төлеу және т.б.);
Тармақша 9
9) денсаулық сақтау, мектепке дейiнгi балалар ұйымдарының, оқу орындарының, оның iшiнде кәсiптiк-техникалық училищелердiң объектiлерiн ұстауға кеткен шығыстар;
Тармақша 10
10) сауықтыру лагерьлерiн, мәдениет және спорт объектiлерiн, тұрғын үй қорын ұстауға жұмсалатын шығыстар;
Тармақша 11
11) ұйым қызметкерлерiнiң тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, саяжай үйлерiн сатып алуға және үй шаруашылығымен айналысуға алған қарыздарын (пайызсызды қоса) өтеу шығыстары;
Тармақша 12
12) мәдени-ағарту, сауықтыру және спорттық iс-шараларды (демалыс кештерiн, концерттердi және басқаларды) өткiзу шығыстары;
Тармақша 13
13) саяжай серiктестiктерiн абаттандыру (жол салу, энергиямен және сумен жабдықтау, жалпы сипаттағы басқа да шығыстарды жүзеге асыру) бойынша, гараждар салу бойынша шығыстар;
Тармақша 14
14) демеушiлiк көмек көрсету;
Тармақша 15
15) тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) өндірісіне тікелей қатысы жоқ және бағаны (тарифтi) өсіруге алып келетін шығыстардың басқа да түрлерi.
Тармақ 23
23. Монополиялық түрде өндiрiлетiн (жеткiзiлетiн) тауарларға (жұмыстарға, қызметтер көрсетуге) кесiмдi бағалар (тарифтер) қалыптастыру кезiнде пайда (кiрiс) деңгейi алдыңғы есептi кезең iшiнде (статистикалық деректер бойынша) қалыптасқан орташа салалық мөлшерден аспайтын мөлшерде есептеледi.
Тармақ 24
24. Монополияға қарсы орган Рынок субъектісi ұсынған негiздеушi құжаттарды талдау жолымен бағалардың (тарифтердiң) жобаларына сараптама жүргiзедi, оны жүргiзу кезiнде Монополияға қарсы орган:
Тармақша 1
1) Рынок субъектiсi тиiстi сұрау салуды алған күннен бастап үш күн мерзiм iшiнде ұсынуға міндеттi қосымша материалдарды сұратуға;
Тармақша 2
2) бағалардың (тарифтердiң) жобаларын Монополияға қарсы органның жанындағы Сараптама кеңесiнiң қарауына ұсынуға құқылы.
Тармақ 25
25. Рынок субъектiсiнiң Монополияға қарсы органға осы Ереженiң 11-тармағында көрсетiлген немесе осы Ереженiң 24-тармағы 1) тармақшасына сәйкес сұрау салынған құжаттарды ұсынбауы кесiмдi баға (тариф) белгiлеу үшiн кедергі болмайды.
Тармақ 26
26. Кесiмдi бағаларды (тарифтердi) енгiзу Монополияға қарсы орган бұйрығында көрсетiлген күннен бастап және сол кезеңге жүзеге асырылады.
Тарау 3. 3. Қорытынды ережелер
3. Қорытынды ережелер
Тармақ 27
27. Осы Ереженiң бұзылуына жол берген, сондай-ақ Монополияға қарсы органға жалған мәлiметтер ұсынған Рынок субъектiлерi заңнамалық кесiмдерге сәйкес жауапқа тартылады.
Тармақ 28
28. Монополияға қарсы органның Рынок субъектiлерiнiң тауарларына (жұмыстарына, қызметтер көрсетуiне) кесiмдi баға белгiлеу туралы шешiмдерiне сот тәртiбiмен шағым жасалуы мүмкiн.