Об утверждении Положения о порядке уплаты сбора с аукционных продаж Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.07.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аукциондық сатудан алынатын алымды төлеу тәртiбi туралы Ереженi бекiту 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.07.2002 № 734 қаулысымен. "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар 1995 жылғы 24 сәуiрдегi N 2235 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: Аукциондық сатудан алынатын алымды төлеу тәртiбi туралы ұсынылып отырған Ереже бекiтiлсiн.
Басқа 1. Аукциондық сатудан алынатын алымды төлеу тәртiбi туралы Е Р Е Ж Е
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 12 шiлдедегi N 953 қаулысымен бекiтiлген Аукциондық сатудан алынатын алымды төлеу тәртiбi туралы Е Р Е Ж Е
Тарау i. I. Жалпы Ережелер
I. Жалпы Ережелер
Тармақ 1
1. Аукцион деп - көруге алдын-ала қойылған тауарларды күнi бұрын белгiленген уақытта тауарларды көпшiлiк сауда жолымен сату өткiзiлетiн белгiлi жерде кезең-кезеңмен жұмыс iстейтiн арнайы ұйымдастырылған көпшiлiк сату, сауда түсiнiледi.
Тармақ 2
2. Бұл Ереже Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен оның аумақтық органдары, сандай-ақ салық инспекциялары өткiзетiн мамандандырылған аукциондарға қолданылмайды.
Тарау ii. II. Алым төлеушiлер
II. Алым төлеушiлер
Тармақ 3
3. Аукциондарды өткiзушi - заңды және жеке тұлғалар, аукциондық сатудан алынатын алымды төлеушiлер болып табылады.
Тарау iii. III. Алым ставкалары
III. Алым ставкалары
Тармақ 4
4. Аукциондық сатудан алынатын алым белгiленген тәртiппен аукциондық сатудан түскен түсiмнiң жалпы сомасынан 5 процент мөлшерiнде есептеледi.
Тармақ 4-1
4-1. Соттар және басқа да органдардың қаулыларын атқару жөніндегі атқарушылық өндірісті қамтамасыз ететін әділет органдары өткізетін аукциондық сатулардан бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде алым алынады. 📌 Ескерту. Жаңа 4-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 07.09.1999 № 1314 қаулысымен.
Тарау iv. IV. Алымды төлеу тәртiбi мен мерзiмi
IV. Алымды төлеу тәртiбi мен мерзiмi
Тармақ 5
5. Төлеушiлер алымды белгiленген тәртiппен тауарларды аукциондық сатуды өткiзуден алынатын түсiмнiң жалпы сомасына және белгiленген ставкаға қарай есептейдi.
Тармақ 6
6. Аукциондық сатудан алынатын алымды төлеушiлер осы Ережеге қосымшада келтiрiлген үлгi бойынша салық органдарына декларация тапсырып, алымды аукцион өткiзiлгеннен кейiн 10 күннен кешiктiрмей төлейдi.
Тармақ 7
7. Аукцион сатудан алынатын алым жергiлiктi бюджетке есептеледi.
Тарау v. V. Төлеушiнiң жауапкершiлiгi және аукциондық сатудан алынатын алымның түсуiне бақылау жасау
V. Төлеушiнiң жауапкершiлiгi және аукциондық сатудан алынатын алымның түсуiне бақылау жасау
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес аукциондық сатудан алынатын алымды дұрыс есептеу және бюджетке уақытылы төлеу жауапкершiлiгi төлеушiге жүктеледi.
Тармақ 9
9. Аукциондық сатудан алынатын алымның түсуiне бақылау жасау салық қызметi органдарына жүктеледi.
Басқа 17. Аукциондық сатудан алынатын алым жөнiндегi Д Е К Л А Р А Ц И Я
қосымша ______________________ ______________________ жөнiндегi салық инспекциясына ______________________ төлеушiнiң аты ______________________________ ______________________________ (Жауапты адамның) орындаушының аты,жөнi,фамилиясы_______________ _________________________________ телефон__________________________ Аукциондық сатудан алынатын алым жөнiндегi Д Е К Л А Р А Ц И Я _________ айы үшiн Аукцион өткiзiледi____________________________________                                                 мың теңге      199  жылғы "  " ______________      ______________________________________________________      Көрсеткiштер                             : Сома      ______________________________________________________      1. Тауарларды аукциондық сатудан түскен түсiм      2. Алым ставкасы      3. Аукциондық сатудан алынатын алым сомасы      4. Алым төлеу мерзiмi      ______________________________________________________                               Басшы________________________                               Бас бухгалтер________________                               Салық инспекциясының                               белгiсi                               Декларация 199 жылғы "  "                               алынды.