Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану Күшін жойған
Басқа 0
Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы
«Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 4) тармақшасына сәйкес Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың үйде оқытуға жұмсаған шығындарын төлеу тәртібі айқындалсын:
Тармақша 1
1) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен жүргізіледі;
Тармақша 2
2) үйде оқытылатын мүгедектер қатарындағы кемтар балаларға шығындарды өндіріп алу (толық мемлекет қарауындағы мүгедек балалардан басқа) ата-анасының біреуіне немесе мүгедек балалардың басқа заңды өкілдеріне беріледі;
Тармақша 3
3) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысында көрсетілгендей, кемтар баланы үйде оқытудың қажеттілігі танылған жағдайда, өтініш берген айдан бастап тағайындалады;
Тармақша 4
4) шығындарды тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедек баланың он сегіз жасқа толуы, мүгедек баланың қайтыс болуы, мүгедектікті алып тастау, мүгедек баланың интернат-үйі немесе санаторлық мектепте оқып жатқан кезеңінде, мүгедек баланың тұрғылықты жерін ауыстыруы), төлемдер сәйкес жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
Тармақ 2
2. Мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың ата-аналарының және өзге де заңды өкілдерінің жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тоқсан сайын әр балаға 6,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айқындалсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.