О конкурсах Күшін жойған
Басқа 0
Конкурстар туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімиятының 03.06.2003 № 261 қаулысымен.
Облыстық "Кедейлiк пен жұмыссыздыққа қарсы күрес жөнiндегi 2001-2002 жылдарға арналған бағдарламаны" және "Оңтүстiк Қазақстан облысы халқын әлеуметтiк қорғаудың 2000-2001 жылдарға арналған Облыстық кешендi бағдарламасын" жүзеге асыру мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 910, 911 баптары негiзiнде:
Тармақ 1
1. "Оңтүстiк Қазақстан облысының үздiк тауарлары" және "Қамқорлық" атты жыл сайын өткiзiлетiн конкурстар белгiленсiн.
Тармақ 2
2. Конкурстар жыл сайын 1 шiлдеден 15 желтоқсанға дейiнгi кезеңде өткiзiлсiн.
Тармақ 3
3. Қоса тiркелiп отырған "Оңтүстiк Қазақстан облысының үздiк тауарлары" Облыстық конкурсы туралы тәртiбi (N 1 қосымша) және "Қамқорлық" Облыстық конкурсы туралы тәртiбi (N 2 қосымша) бекiтiлсiн.
Тармақ 4
4. Оңтүстiк Қазақстан облысы Әкiмiнiң "Оңтүстiк Қазақстан облысының үздiк тауарлары" және "Қамқорлық" конкурстарында сыйлықтарын беру жөнiнде N 3 қосымшаға сәйкес құрамда комиссия құрылсын және Комиссия туралы ережесi бекiтiлсiн (N 4 қосымша).
Тармақ 5
5. Оңтүстiк Қазақстан облысының еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау, индустрия, спорт және дене шынықтыру, бiлiм департаменттерi, Оңтүстiк Қазақстан облысының мәдениет және жастар iсi жөнiндегi, құрылыс, сәулет және аумақтарда құрылыс салу, денсаулық сақтау, кәсiпкерлiктi қолдау және дамыту жөнiндегi басқармаларының, Сараптау және сертификаттау ұлттық орталығын ашық акционерлiк қоғамының Оңтүстiк Қазақстан филиалымен бiрлесiп (келiсiмi бойынша) 2001 жылғы 1 қазанға дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiп бойынша конкурстарды ұйымдастыру жөнiнде шаралар қабылдасын.
Тармақ 6
6. Аудандар мен қалалардың Әкiмдерi аймақтық тауар өндiрушiлер арасында, олардың конкурсқа қатысулары үшiн белсендi түсiнiк жұмыстарын жүргiзсiн.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс Әкiмiнiң орынбасары Қ.С. Iзбасхановқа жүктелсiн.
Басқа 8. "Оңтүстiк Қазақстан облысының үздiк тауарлары"
конкурсын өткiзу
ТӘРТIБI
Оңтүстiк Қазақстан облысы
әкiмиятының 2001 жылғы
21 шілдедегі N 112
қаулысына N 1 қосымша
"Оңтүстiк Қазақстан облысының үздiк тауарлары"
конкурсын өткiзу
ТӘРТIБI
"Оңтүстiк Қазақстан облысының үздiк тауарлары" атты Облыстық конкурс халық тұтынатын тауарларды және тамақ өнiмдерiн шығаратын барлық меншiк нысанындағы кәсiпорындар мен ұйымдар арасында өткiзiледi.
Тарау 1. 1. Конкурстың нысанасы, мақсаттары мен мiндеттерi
1. Конкурстың нысанасы, мақсаттары мен мiндеттерi
Тармақ 1
1. Оңтүстiк Қазақстан облысы Әкiмiнiң "Оңтүстiк Қазақстанның үздiк тауары" атты сыйлығы (әрi қарай - сыйлық) жыл сайын конкурстық негiзде ұйымның өндiрген өнiмi немесе көрсеткен қызметiнiң сапасы бойынша елеулi жетiстiктерi, олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз еткенi, ұйымның сапаны басқару жөнiнен жоғары тиiмдi әдiстерiнiң өндiргенi үшiн берiледi.
Тармақ 2
2. Конкурсты өткiзу жөнiндегi комиссияның (әрi қарай - Комиссия) ұсынысы бойынша жыл сайын әрбiр номинация бойынша 7 сыйлық салтанатты жағдайда табыс етiледi.
Тармақ 3
3. Конкурстың мақсаттары мен мiндеттерi болып мыналар табылады:
Тармақша 1
1) өнiмдердiң және қызмет көрсетудiң бәсекелестiкке жарамдылығын көтеру;
Тармақша 2
2) өндiрушi-кәсiпорындардың өнiмдердiң сапасын үнемi жақсартуға деген ұмтылысын зерделеу және қолдау;
Тармақша 3
3) мемлекеттiк органдардың, өнеркәсiптiк, коммерциялық және қоғамдық
ұйымдардың назарын сапа проблемаларын шешу қажеттiлiгiне аудару;
Тармақша 4
4) аймақ және ел рыногын жоғары сапалы және бәсекелестiкке қабiлеттi
отандық өнiмдермен толықтыруға көмек көрсету;
Тармақша 5
5) өндiрiстiң және өзi өндiрген өнiмдердiң сапасын арттыруға
ұмтылған, оның iшiнде 9000 сериялы ИСО халықаралық стандарттарын қолдануға
ұмтылушы кәсiпорындарды анықтау;
Тармақша 6
6) өндiрiс деңгейiнiң нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкестiгiн
бағалау;
Тармақша 7
7) өнiм өндiрушi жетекшi кәсiпорындарды анықтау.
Тарау 2. 2. Конкурстың шарттары
2. Конкурстың шарттары
Тармақ 4
4. Мiндеттi түрде сертификаттауға жататын өнiмдер сертификатталуы
тиiс.
Тармақ 5
5. Конкурс мына номинациялар бойынша жүргiзiледi:
Тармақша 1
1) минералды су шығаратын кәсiпорындар;
Тармақша 2
2) шұжық өнiмдерiн шығаратын кәсiпорындар;
Тармақша 3
3) нан шығаратын кәсiпорындар;
Тармақша 4
4) сүт өнiмдерiн шығаратын кәсiпорындар;
Тармақша 5
5) өсiмдiк майын шығаратын кәсiпорындар;
Тармақша 6
6) шарап шығаратын кәсiпорындар;
Тармақша 7
7) құрылыс кiрпiшiн шығаратын кәсiпорындар.
Тармақ 6
6. Конкурс өткiзiлiп отырған номинациялар Комиссияның, кәсiпорындардың және басқа мүдделi тұлғалардың ұсыныстары бойынша жыл сайын түзетiлуi және толықтырылуы мүмкiн.
Тармақ 7
7. 7 номинация бойынша әрбiр бiрiншi орын алғанға "Оңтүстiк Қазақстан облысының ең жақсы тауары" атты I дәрежелi дипломы және 50000 (елу мың) теңге көлемдегi сыйақы берiледi. Әр номинация бойынша екiншi орын 30000 (отыз мың) теңге көлемдегi сыйақы, үшiншi орын 20000 (жиырма мың) теңге алғандарға II және III дәрежелi дипломдардың тапсырылуы қарастырылған. Бiрдей ұпай жинаған, бiрақ комиссияның дауыс беру қорытындысы бойынша 1, 2 және 3 орындарға ие бола алмаған әрбiр конкурс қатысушыларына мақтау грамотасы тапсырылады.
Кәсiпорындар бiр тауар түрi бойынша сыйлық лауреаты аталған жағдайда келесi екi жыл бойы сол тауар түрi бойынша сыйақыға ұсынылуына жол берiлмейдi.
Конкурсты ұйымдастыру және өткiзу Облыстық бюджеттiң сол жылға осы мақсат үшiн қарастырылған қаржы есебiнен жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Комиссия жыл сайын желтоқсан айында келесi жылы өтетiн кезектi аталмыш конкурс туралы бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат жариялайды.
Тарау 3. 3. Конкурсты ұйымдастыру және өткiзу
3. Конкурсты ұйымдастыру және өткiзу
Тармақ 9
9. Конкурстың бастамашысы Оңтүстiк Қазақстан облысы Әкiмi болып табылады.
"Оңтүстiк Қазақстан облысының үздiк тауарлары" атты конкурстың ресми ұйымдастырушысы Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы ААҚ-ның Оңтүстiк Қазақстан филиалы (бұдан әрi - "ҰССО" ААҚ ОҚФ) болып табылады.
Конкурс бастаушысының және ұйымдастырушысының өзара қатынастары, құқықтары мен мiндеттерi шартпен айқындалады.
Тармақ 10
10. Конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрген кәсiпорын "ҰССО" ААҚ ОҚФ-на өтiнiм бередi (өтiнiм формасы N 1 қосымшада келтiрiлген).
Тармақ 11
11. Өнiмдер үлгiлерiнiң iрiктеуiн және шифрлеуiн Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша стандарттарды мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi басқарманың инспекторлары жүргiзедi.
Тармақ 12
12. Сараптамалы бағалауды бастамашы құрған Комиссия жүргiзедi.
Тармақ 13
13. Сараптамалы бағалау "Азық-түлiк тауарлары" және "Өнеркәсiп тауарлары" номинациялары бойынша сараптамалы бағалау кестелерiнде (N 2 және N 3 қосымшалар) белгiленген көрсеткiштер мен талаптарға сәйкес келуiне байланысты ұпай қою арқылы анықталады.
Тармақ 14
14. Өнiмнiң нұсқаларын физика-химиялық сынақтан өткiзу "ҰССО" ААҚ ОҚФ-ның аккредиттелген сынақ лабораториясында - азық-түлiк өнiмдерiн, басқа аккредиттелген лабораторияларда - өндiрiс тауарларын, нормативтiк құжаттардың (НҚ) талаптарына сәйкес жүргiзiледi. Физика-химиялық зерттеулердiң қорытындылары сынақ лабораторияларының хаттамасында көрсетiледi.
Тармақ 15
15. Конкурсты дайындау, бұқаралық ақпарат құралдарында жарнамалау және басқа да ұйымдастыру жұмыстарының шығындары бастамашының есебiнен төленедi.
Аккредиттелген сынақ лабораторияларында физико-химиялық зерттеулердi жүргiзу, үлгiлердi көлiкпен тасу шығындары конкурсқа қатысушылардың есебiнен өтеледi.
Тарау 4. 4. Конкурстың қорытындысын шығару
4. Конкурстың қорытындысын шығару
Тармақ 16
16. Конкурстың қорытындысын "Оңтүстiк Қазақстан облысының үздiк тауарлары" конкурсын өткiзу жөнiндегi Комиссия шығарады.
Тармақ 17
17. Комиссияның отырысы қатысушылар саны тiзiмдiк құрамының кемiнде 3/2 бөлiгi болғанда заңды деп табылады. Шешiм сараптамалы бағалау талаптары және физика-химиялық зерттеу қорытындысы бойынша қойылған ұпай қосындысына сүйене отырып қабылданады. Бiр номинация бойынша және тиiстi дипломның дәрежесi бойынша бiрнеше қатысушылар бiрдей ұпай алған жағдайда, жеңiмпаз Комиссия мүшелерiнiң дауыс беруi арқылы анықталады. Комиссияның шешiмi қарапайым көпшiлiк дауыспен қабылданады. Қолдаған қолдамаған дауыстардың саны бiрдей болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешушi болып есептеледi.
Тармақ 18
18. Комиссия мәжiлiсiнiң хаттамасына Комиссия мүшелерiнiң барлығы қол қояды. Комиссия конкурс нәтижесi бойынша бастамашыға белгiленген номинациялар бойынша сыйлықтарды алуға үмiткерлердi ұсынады. Комиссияның ұсынымдық шешiмi бастамашы үшiн сыйлық пен I дәрежелi дипломды басқа
сыйақыларды тапсыру үшiн негiз болып табылады.
Тарау 5. 5. Сыйлықтарды тапсыру және қорытындыларды
бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау тәртiбi мен мерзiмi
5. Сыйлықтарды тапсыру және қорытындыларды
бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау тәртiбi мен мерзiмi
Тармақ 19
19. Конкурстың бастамашысы конкурстық комиссияның шешiмiн алған күнi
жиналған қауым алдында салтанатты жағдайда конкурс нәтижелерiн жариялайды,
сыйлық пен I дәрежелi дипломды II, III дәрежелi дипломдарды конкурс
жүлдегерлерiне табыс етедi.
Тармақ 20
20. Конкурс ұйымдастырушысы конкурс өткеннен кейiн 20 күннiң iшiнде
конкурс нәтижелерi туралы бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат
жариялайды.
Басқа 48. ӨТIНIМ
N 1 қосымша
"Ұлттық сараптау және
сертификаттау" ААҚ
Оңтүстiк Қазақстан
филиалының директоры
Қ.Төлеметов мырзаға
ӨТIНIМ
Оңтүстiк Қазақстан облысының үздiк тауарлардың конкурсына қатысуға
____________________________________ кәсiпорнын қосуыңызды сұраймын.
Бiздiң кәсiпорын конкурсқа төмендегiдей өнiмдердi ұсынады:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(өнiмнiң аты)
_____________________________________________________________________
өнiм ___________________________________ бойынша шығарылады.
(нормативтiк құжаттың белгiсi)
Кәсiпорынның реквизиттерi ___________________________________________
(мекен-жайы, тел.,факс)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Сiздiң есепшотыңызға жарнаның аударылғаны туралы банкiнiң белгiсi
бар өтеу тапсырмасының (кiрiс ордерiнiң) көшiрмесi қоса тiркеледi.
Оңтүстiк Қазақстан облысының ең жақсы тауарларының конкурсын өткiзу
туралы тәртiппен таныстым.
Кәсiпорын басшысы
(жеке кәсiпкер) __________________ ________________
(қолы) (аты-жөнi)
М.О.
Басқа 49. Сараптамалы бағалау кестесi
N 2 қосымша
Сараптамалы бағалау кестесi
Азық-түлiк тауарларың номинациясы
Ұйым ________________________________________
Өнiм аты __________________________________________
Сарапшылар Орта-
N Критериялар, ша
талаптар, ұпайы
көрсеткiштер
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
1 Отандық ұқсас
тауарлармен
салыстырғанда
тұтынушылық
қасиеттерiнiң
деңгейi
(1-10 ұпай)
2 Шетелдiк ұқсас
тауарлармен
салыстырғанда
органолептикалық
қасиеттерiнiң
деңгейi (1-10
ұпай)
3 Қазақстан
рыногындағы
әлеуметтiк бәсекеге
қабiлеттiлiгiнiң
деңгейi (ұқсас
тауарлармен
салыстырғандағы
бағасы және қол жету
оңайлығы)
(1-10 ұпай)
4 Тұтынушылар,
мемлекеттiк
қадағалаушы
органдар, сатып
алушы мекемелер
жағынан сарапты-
расталған наразылық
Бар\жоқ (0, 10 ұпай)
5 Тұтынушылар, сатып
алушы мекемелер
жағынан оң реакциясы
(тұтынушылардың,
сатып алушы
мекемелердiң берген
ақпараттарына сүйене
отырып) (1-10 ұпай)
6 Қазақстандық және
аймақтық шикiзаттар
мен материалдарды
қолдану пайызы %
(1-10 ұпай)
7 Сапа көрсеткiштерiнiң бiр
қалыптылығы деңгейi
(1-10 ұпай)
8 Маркетинг саясатының
тиiмдiлiгi, бәсекелестiк
қабiлеттiлiктi басқару деңгейi
(1-10 ұпай)
9 Азық-түлiк өнiмдерi.
Тұтынушыларға
арналған ақпарат.
Жалпы талаптар.
ҚР СТ 1010-99
орындалуы/орындалмауы
(0,10 ұпай)
10 Дизайн, өнiмнiң
эстетикалық
қасиеттерi, орап-
түйiлуi
(1-10 ұпай)
Бұйымның қорытынды ұпайы (орт. ұпай)
Жауапты тұлға (аты-жөнi) _______________________________
Қолы __________________
Басқа 50. Сараптамалы бағалау кестесi
N 3 қосымша
Сараптамалы бағалау кестесi
"Өнеркәсiп тауарлары" номинациясы
Ұйым ________________________________________
Өнiм аты __________________________________________
Сарапшылар Орташа
N Критериялар, ұпайы
талаптар,
көрсеткiштер
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
1 Отандық ұқсас
тауарлармен
салыстырғанда
техникалық деңгейi
(1-10 ұпай)
2 Шетелдiк ұқсас
тауарлармен
салыстырғанда
техникалық деңгейi
(1-10 ұпай)
3 қауiпсiздiк,
сенiмдiлiк, кепiлдiк
мiндеттерi деңгейi
(1-10 ұпай)
4 Тұтынушылар,
мемлекеттiк
қадағалаушы
органдар, сатып
алушы мекемелер
жағынан сарапты-
расталған наразылық
Бар\жоқ (0, 10 ұпай)
5 Тұтынушылар, сатып
алушы мекемелер
жағынан оң реакциясы
(тұтынушылардың,
сатып алушы
мекемелердiң берген
ақпараттарына сүйене
отырып) (1-10 ұпай)
6 Қазақстандық және
аймақтық шикiзаттар
мен материалдарды
қолдану пайызы %
(1-10 ұпай)
7 Сапа көрсеткiштерiнiң бiр
қалыптылығы деңгейi
(1-10 ұпай)
8 Маркетинг саясатының
тиiмдiлiгi,
бәсекелестiк
қабiлеттiлiктi
басқару деңгейi
(1-10 ұпай)
9 Өнiмдi өндiргендегi
жаңалықтар, технологияның
үдемелi дамуы (ноу-хау,
өнертапқыштықтың,
патенттердiң бар
болуы)
(0,10 ұпай)
10 Дизайн, өнiмнiң
эстетикалық
қасиеттерi, орап-
түйiлуi
(1-10 ұпай)
Бұйымның қорытынды ұпайы (орт.ұпай)
Жауапты тұлға (аты-жөнi) ___________
Қолы ___________
Басқа 51. Облыстық "Қамқорлық"
конкурсының
Тәртібі
Оңтүстiк Қазақстан облысы
Әкiмиятының 2001 жылғы
21 шілдедегі N 112
қаулысына N 2 қосымша
Облыстық "Қамқорлық"
конкурсының
Тәртібі
Облыстық "Қамқорлық" конкурсы меншiк нысанына қарамастан барлық заңды тұлғалар арасында, сондай-ақ халықтың аз қамтамасыз етiлген бөлiгiне әлеуметтiк қолдау және әлеуметтiк саладағы нақты көмек көрсетiп отырған жеке тұлғалар арасында өткiзiледi.
Тарау 1. 1. Конкурстың нысанасы, мақсаты мен мiндеттерi
1. Конкурстың нысанасы, мақсаты мен мiндеттерi
Тармақ 1
1. "Қамқорлық" конкурсындағы жеңiсi үшiн берiлетiн Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң сыйлықтары /әрi қарай - сыйлықтар/ жыл сайын конкурстық негiзде заңды және жеке тұлғалардың әлеуметтiк салада нақты көмек және халықтың аз қамтамасыз етiлген бөлiгiне әлеуметтiк қолдау көрсетiп отыруды жүзеге асырудағы жеткен елеулi нәтижелерi үшiн берiледi.
Тармақ 2
2. Сыйлықтарды беру және конкурсты өткiзу үшiн бастамашы комиссия құрады /әрi қарай - Комиссия/, оның құрамына мемлекеттiк басқару органдарының басшылары, әлеуметтiк әрiптестiк, халықты әлеуметтiк қорғау саласының жетекшi ғалымдары мен мамандары, қоғамдық ұйымдардың өкiлдерi және басқалар енгiзiлуi мүмкiн.
Комиссияның құрамы мен оның өзгеруi жөнiндегi ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жария етiледi.
Тармақ 3
3. "Қамқорлық" конкурсындағы жеңiсi үшiн Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң сыйлықтарын беру жөнiндегi комиссияның ұсынысы бойынша жыл сайын салтанатты жағдайда номинациялардың әрқайсысы бойынша екi сыйлық берiледi.
Тармақ 4
4. Конкурстың мақсаттары мен мiндеттерi:
Тармақша 1
1) Заңды және жеке тұлғалардың халықтың аз қамтылған бөлiгiне әлеуметтiк қолдау көрсетудi жүзеге асыру жөнiндегi жұмыстарының белсендiлiгiн арттыру;
Тармақша 2
2) Әлеуметтiк сала мен халықтың мейлiнше әлсiз бөлiгiне өз қаржылары есебiнен нақты жәрдем беру және осы жұмыстарды өрiстету;
Тармақша 3
3) Әлеуметтiк саланың дамуына және әлеуметтiк сала мен халықты әлеуметтiк қорғауда айрықша үлес қосқан заңды және жеке тұлғаларды анықтау;
Тармақша 4
4) "Қамқорлық" конкурсы жеңiмпаздарының жұмыс тәжiрибелерiн жинақтап қорытындылау және тарату болып табылады.
Тарау 2. 2. Конкурсты ұйымдастыру және оның шарттары
2. Конкурсты ұйымдастыру және оның шарттары
Тармақ 5
5. Конкурсқа әлеуметтiк салаға көмегiн және халыққа әлеуметтiк қолдау көрсетудi жүзеге асырушы заңды және жеке тұлғалар қатыса алады.
Тармақ 6
6. Конкурс келесi номинациялар бойынша өткiзiледi:
Тармақша 1
1) әлеуметтiк сала мен инфрақұрылым объектiлерiнiң /ауруханалар, емханалар, мектептер, интернат-үйлерi, балалар үйлерi, жолдар, байланыс т.б./ құрылысы мен реконструкциялау жұмыстарын атқарушы заңды және жеке тұлғалар;
Тармақша 2
2) әлеуметтiк салаға және халықтың әлсiз бөлiгiне атаулы әлеуметтiк көмек /қайырымдылық, демеушiлiк/ көрсететiн заңды және жеке тұлғалар.
Комиссияның ұсыныстары бойынша "Қамқорлық" конкурстарының номинацияларына жыл сайын түзетулер енгiзiлуi мүмкiн.
Тармақ 7
7. Заңды және жеке тұлғалардың конкурсқа ұсынылған жұмыстарының нәтижелерi ағымдағы жылдың 11 айы iшiнде жүзеге асырылған жағдайда ғана қарауға қабылданады.
Бiрiншi орынды өз алдына бөлек иемденген заңды және жеке тұлғалардың әрқайсысына "Қамқорлық" конкурсындағы жеңiсi үшiн "Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмi сыйлығының лауреаты" 1 дәрежелi дипломы және 50000 (елу мың) теңге мөлшерiнде ақшалай сыйлық берiледi. Екiншi орын алғандарға 30000 (отыз мың) теңге көлемiндегi сыйақы, үшiншi орын үшiн бойынша 20000 (жиырма мың) теңге және әр номинация бойынша II және III дәрежелi дипломдардың тапсырылуы қарастырылған.
Лауреаттарды сол номинациялар бойынша сыйлық алуға сол сыйлықты алғаннан соң екi жылға дейiн қайта ұсынуға болмайды.
Тармақ 8
8. Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмi конкурстың бастамашысы болып табылады.
Оңтүстiк Қазақстан облысының еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау, спорт және дене шынықтыру, бiлiм департаменттерi, Оңтүстiк Қазақстан облысының мәдениет және жастар iсi жөнiндегi, құрылыс, сәулет және аумақтарда құрылыс салу, денсаулық сақтау басқармалары, "Қамқорлық"
конкурсының ұйымдастырушылары болып табылады.
Тармақ 9
9. Конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрген заңды және жеке тұлғалар мына
тiзiмдегi құжаттармен қоса /1, 2 қосымша/ белгiленген үлгiде өтiнiм бередi.
Заңды тұлғалар үшiн:
Тармақша 1
1) кәсiпорынның, ұйымның жарғысы;
Тармақша 2
2) кәсiпорынның, ұйымның мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiгi;
Тармақша 3
3) салық комитетi мен банкiнiң кәсiпорынның, ұйымның өтiнiм берерден
алдыңғы айға берген "Кәсiпорынның, ұйымның қаржылық ахуалы туралы"
анықтамасы;
Тармақша 4
4) статистикалық карточка;
Тармақша 5
5) Осы тәртiптiң 6 тармағында көрсетiлген халықтың аз қамтылған
бөлiгiне әлеуметтiк қолдау көрсету туралы жазбаша ақпараты растайтын
құжаттарымен (актiлер, хаттамалар, анықтамалары т.б.) қоса тiркелген
жазбаша ақпарат;
Тармақша 6
6) кәсiпорын мен ұйымның келешекке арналған әлеуметтiк даму
бағдарламасы;
Жеке тұлғалар үшiн:
Тармақша 7
7) жеке басын куәлендiретiн құжат;
Тармақша 8
8) кәсiпкерлiкпен айналысатындығын куәлендiретiн құжат /бар болса/;
Тармақша 9
9) Халықтың аз қамтылған бөлiгiне әлеуметтiк қолдау көрсетiлгені анықтамалардың, квитанциялардың, чектердiң және т.б. құжаттардың көшiрмелерi;
Тармақша 10
10) жергiлiктi атқарушы органның өкiлi куәлендiрген әлеуметтiк қолдау орындағандығын растайтын кепiлдеме хат;
Конкурстық комиссия қажет жағдайда конкурсқа қатысушылардан қосымша материалдар мен құжаттар талап етуге құқылы.
Тармақ 10
10. Комиссия жыл сайын желтоқсан айында алдағы жылы өткiзiлетiн конкурс жөнiнде бұқаралық ақпарат құралдарында хабарлама бередi. Лауреаттардың эмблемасының, дипломдары мен сыйлықтарының сипаттамаларын комиссия төрағасы бекiтедi.
Тармақ 11
11. Конкурстың бастамашысы мен ұйымдастырушыларының ара қатынасы және олардың құқықтары мен мiндеттерi шартта айқындалады.
Тармақ 12
12. Конкурсты ұйымдастыру мен өткiзу облыстық бюджеттiң ағымдағы жылға осы мақсатқа қарастырылған қаржысы есебiнен жүзеге асырылады.
Тарау 3. 3. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық ұсыныстарын
бағалау өлшемдерi және нәтижелерiн ұсынудың тәртiбi.
Сыйақы берудiң түрi мен көлемi
3. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық ұсыныстарын
бағалау өлшемдерi және нәтижелерiн ұсынудың тәртiбi.
Сыйақы берудiң түрi мен көлемi
Тармақ 13
13. Жеңiмпаздарды iрiктеу үшiн конкурсқа қатысушылардың ұсыныстарын бағалау 1, 2 кестеде /қоса тiркеледi/ берiлген өлшемдердiң негiзiнде жүзеге асырылады.
Тармақ 14
14. "Қамқорлық" конкурсына қатысушыларды бағалау 1-ден 5-ке дейiнгi ұпай қою арқылы жүргiзiледi /жоғарғы көрсеткiшi - 5/.
Тармақ 15
15. "Қамқорлық" конкурсына қатысушыларды бағалау кезiнде салынған немесе қайта жаңартылған нысандар, құйылған қаржылар, сонымен қатар нысандардың сәулеттiк бейнесi мен дизайны, жергiлiктi және шетелдiк құрылыс материалдарын пайдалануы мен осы нысандардың әлеуметтiк маңыздылығы есепке алынады.
Тармақ 16
16. Қатысушылар қызметтерiн бағалау өлшемдерi бойынша белгiленген әрбiр бағалау өлшемiне ұпайлар қойылады және ұпайлардың бәрiн қосқандағы жиынтық саны шығарылады.
Тармақ 17
17. әр номинация бойынша алған жалпы ұпайларының саны бойынша 1 дәрежелi дипломға /бас сыйлық/ - 35-тен 40-қа дейiнгi ұпай, II дәрежелi дипломға /2 орын/ - 30-дан 35-ке дейiнгi ұпай, III дәрежелi дипломға /3 орын/ - 25-тен 30-ға дейiнгi ұпай сәйкес келедi.
Тармақ 18
18. Комиссия өзiнiң мәжiлiсiнде конкурсқа қатысушылардың алған жалпы ұпайларының негiзiнде жоғары ұпай алғандардың iшiнен конкурстың нәтижесiн шығарып, жеңiмпазды анықтайды. Комиссия мәжiлiсi оның құрамының үштен екiсi қатысқанда ғана заңды болып табылады.
Бiр номинация бойынша бiрнеше қатысушылардың ұпайларының саны және тиiстi дипломдарының жүлде дәрежесi бiрдей болған жағдайда жеңiмпаз комиссия мөлшерлерiнiң дауыс беруi жолымен анықталады. Комиссияның шешiмi жай көпшiлiк дауыспен қабылданады. Дауыстар саны тең болған жағдайда комиссия төрағасының даусы шешушi болып есептеледi.
Тармақ 19
19. Конкурстық комиссияның хаттамасына комиссия мүшелерiнiң барлығы қол қояды.
Конкурстың нәтижелерi бойынша комиссия белгiленген номинациялар бойынша сыйлықтар мен дипломдарды беру үшiн қатысушыларды ұйымдастырушыға ұсынады. Ұйымдастырушылар үшiн комиссияның ұсынымдық шешiмi I, II, III дәрежелi дипломдар мен сыйлықтарды беруге негiз болып табылады.
Тарау 4. 4. Конкурстың нәтижелерiн хабарлаудың тәртiбi мен мерзiмi
және сыйақы беру
4. Конкурстың нәтижелерiн хабарлаудың тәртiбi мен мерзiмi
және сыйақы беру
Тармақ 20
20. Конкурсты ұйымдастырушылар конкурстық комиссияның шешiмiн алғаннан кейiн көпшiлiктiң көзiнше салтанатты жағдайда конкурс нәтижелерiн хабарлайды және бас жүлденi, I, II, III дәрежелi дипломдарды жеңiмпаздарға бередi. Марапаттау салтанаты ағымдағы жылдың желтоқсан айында өткiзiледi.
Тармақ 21
21. Конкурсты ұйымдастырушылар конкурс өткiзiлгеннен соң 20 күннiң iшiнде конкурс нәтижелерiн бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етедi.
Тармақ 22
22. Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң "Қамқорлық" конкурсы сыйлығы лауреаттарының тiзiмi бұқаралық ақпарат құралдарын жарияланады.
Басқа 94. Облыстық "Қамқорлық" конкурсына қатысуға ӨТІНІМ
1 Қосымша
(мекеменің бланкісінде)
__________________________
__________________________
департаментінің
(басқармасының) __________
бастығы __________________
Облыстық "Қамқорлық" конкурсына қатысуға ӨТІНІМ
_____________________________________________________________________
(арыз беруші заңды тұлғаның - толық атауы)
__________ жылы тіркелген
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаны тіркеген орган)
№ ________ куәлік берілген, облыстық "Қамқорлық" конкурсына қатысуға тілек білдіретіндігін хабарлайды.
"Қамқорлық" конкурсы туралы тәртіптерімен таныстық және келісеміз.
Арыз беруші заңды тұлғаның банкрот, таратылу жағдайында еместігін, мүлкін пайдалануға тыйым салынбағандығын, сондай-ақ бюджетке және жалақы бойынша қарызы жоқтығын растаймыз.
Осы өтінімде көрсетілген мәліметтер мен оған қоса берілген құжаттардың толық әрі ақиқат екендігіне кепілдік береміз.
Конкурстық комиссияға шындыққа сай емес мәліметтер тапсырған конкурс қатысушылары конкурсқа жіберілмеуі немесе конкурс өткізу процесі кезінде қатысушылар қатарынан шығарылуы туралы хабардармыз.
Конкурстық өтінімге облыстық "Қамқорлық" конкурсы жөніндегі тәртібінің 9 тармағында қарастырылған келесі құжаттар ұсынылады:
1. заңды тұлғаның мемлекеттік статистикалық орган белгілеген нысан бойвнша __________ жылғы қаржылық ахуалы туралы (№ ____ нысан);
2. ұжымдық шарттың көшірмесі (бар болса);
3. басқа да құжаттар.
Бастық ________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
Бас бухгалтер ________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
М.О. "______" _______________ ж.
Басқа 95. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің
____________ жылы берілетін "Қамқорлық"
сыйлығына ұсыну үшін конкурсқа қатысушыларды
БАҒАЛАУ ӨЛШЕМДЕРІ
2 Қосымша
__________________________
__________________________
__________________________
департаментінің
(басқармасының) __________
бастығы __________________
Облыстық "Қамқорлық" конкурсына қатысуға ӨТІНІМ
Мен ____________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты)
конкурсқа қатысуға тіркеуіңізді өтінемін.
Облыстық "Қамқорлық" конкурсы жөніндегі тәртіптерімен таныстым.
Облыстық "Қамқорлық" конкурсы жөніндегі тәртібінің 9 тармағында қарастырылған төмендегі құжаттардың көшірмелерін қосымша ұсынамын:
1. жеке басымды куәландыратын құжат;
2. қайырымдылық және демеушілік көмектер көрсеткендігімді растайтын квитанциялар, чектер, төлем тапсырмалары, хаттамалар, БАҚ-тардағы жарияланымдар, т.б,;
3. басқа да құжаттар.
__________________________ _____________
(тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)
"____" __________ 2001ж.
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің
____________ жылы берілетін "Қамқорлық"
сыйлығына ұсыну үшін конкурсқа қатысушыларды
БАҒАЛАУ ӨЛШЕМДЕРІ
№ 1 кесте
Р/с Конкурсқа ! Ұпай түріндегі бағалау өлшемдері
қатысуға !____________________________________________________________________
материалдар !Әлеуметтік сала ! Атаулы көмек көрсету ! Жиынтығы
тапсырған !объектілерін салуды! !
кәсіпорындар!және қайта жаңарту-! !
мен қоғамдық!ды жүзеге асыру ! !
ұйымдардың !___________________!__________________________________!_____________
атаулары !Объек- Салын- Есеп-! Қайырым- Қам- Көрсе- Демеу- Есеп-! Алын- Ал-
(заңды !тілер ған телін- дылық тыл- тіл- шілік телін- ған ған
тұлғалар) !саны қаржы ген ! акция- ған ген (саны ген ! ұпай орны
! сомасы ұпай ! лары- адам көмек сома- ұпай ! саны
! саны ! ның саны сомасы сы саны !
! ! саны, адам көмек !
! ! сомасы !
____________________________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің
____________ жылы берілетін "Қамқорлық"
сыйлығына ұсыну үшін конкурсқа қатысушыларды
БАҒАЛАУ ӨЛШЕМДЕРІ
№ 2 кесте
Р/с Конкурсқа! Ұпай түріндегі бағалау өлшемдері
қатысуға !__________________________________________________________________________
материал-!Әлеуметтік сала ! Атаулы әлеуметтік көрсету ! Қайырымдылық ! Жиынтығы
дар тап- !объектілерін салуды! көрсету ! акцияларын !
сырған !және қайта жаңарту-! ! ұйымдастыру !
жеке тұл-! ! ! және !
ғалардың ! ! ! өткізу !
тегі, аты, ! ! !
әкесінің ! ! ! !
аты !___________________!___________________________!_______________!___________
!Объек- Салын- Есеп-!Қам- Көрсе- Де- Алын- Акция- Қам- Көр- Алын- Алын- Ал-
тілер ған телін-тыл тіл- меу- ған лары- тыл- се- ған ған ған
саны қаржы ұпай ған ген ші- ұпай ның ған тел- ұпай ұпай ор-
сома- саны адам сома- лік саны саны адам ген саны саны ны
сы саны сы саны саны қай-
сома- ырым
сы дылық
көмек-
тің
сомасы
__________________________________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15
Басқа 96. Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң
"Оңтүстiк Қазақстан облысының үздiк тауарлары" және "Қамқорлық"
конкурстарын әлеуметтiк әрiптесі" сыйлықтарын беру жөнiндегi
комиссияның құрамы
Оңтүстiк Қазақстан облысы
Әкiмиятының 2001 жылғы
21 шілдедегі N 112
қаулысына N 3 қосымша
Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң
"Оңтүстiк Қазақстан облысының үздiк тауарлары" және "Қамқорлық"
конкурстарын әлеуметтiк әрiптесі" сыйлықтарын беру жөнiндегi
комиссияның құрамы
Қ.С. Iзбасқанов - облыс Әкiмiнiң орынбасары, комиссия
төрағасы;
П.Ә. Әбубәкiров - Оңтүстiк Қазақстан облысы индустрия
департаментiнiң бастығы,
комиссия төрағасының орынбасары;
М.О. Сейдалин - Оңтүстiк Қазақстан облысы индустрия
департаментiнiң бас маманы,
комиссия хатшысы.
Комиссия мүшелерi:
А.Т. Алматов - Оңтүстiк Қазақстан облысы экономика
департаментi бастығының
мiндетiн атқарушы;
П.А. Арыстанов - Оңтүстiк Қазақстан аумақтық аз қамтылған
азаматтарды қолдау жөнiндегi
қордың атқарушы директоры (келiсiмi
бойынша)
А.А. Ахметов - Оңтүстiк Қазақстан облысы еңбек және
халықты әлеуметтiк қорғау
департаментiнiң бастығы;
Ғ.С. Аязов - Шымкент қаласы Әкiмiнiң орынбасары;
С.Б. Бекмұрзаев - Оңтүстiк Қазақстан облысы Мемлекеттiк
стандарт, Мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi
басқарманың бастығы (келiсiмi бойынша);
К.К. Бикенин - Облыстық кәсiподақ кеңесiнiң төрағасы
(келiсiмi бойынша);
К.Б. Дүйсембиев - Оңтүстiк Қазақстан облысы қаржы
департаментiнiң бастығы;
О. Жарқынбек - Облыстық Оңтүстiк Қазақстан газетiнiң
бас редакторы (келiсiмi бойынша);
Н.Ш. Кабиров - Облыстық ардагерлер кеңесiнiң төрағасы
(келiсiмi бойынша);
Ю.Г. Кирюхин - Облыстық "Южный Казахстан" газетiнiң бас
редакторы (келiсiмi бойынша);
Р.Т. Назарбекова - Оңтүстiк Қазақстан облысының
кәсiпкерлiктi қолдау және дамыту
жөнiндегi басқармасының бастығы;
А.С. Суворов - "Электроаппарат" АҚ-ның президентi,
Облыстық жұмыс берушiлер одағының
төрағасы (келiсiмi бойынша);
Н.Тасмағамбетова - Оңтүстiк Қазақстан облысының санитарлық
бас дәрiгерi (келiсiмi бойынша);
Қ.Т.Төлеметов - Сараптау және сертификаттау ұлттық
орталығының ААҚ Оңтүстiк Қазақстан
филиалының директоры (келiсiмi бойынша);
М.Ө. Өтебаев - Облыстық мәслихатының әлеуметтiк
мәселелер жөнiндегi тұрақты
комиссиясының төрағасы
(келiсiмi бойынша).
Басқа 97. Оңтүстiк Қазақстан облысы Әкiмiнiң
"Оңтүстiк Қазақстан облысының үздiк тауарлары" және
"Қамқорлық"
сыйлықтарын беру жөнiндегi комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
Оңтүстiк Қазақстан облысы
Әкiмиятының 2001 жылғы
21 шілдедегі N 112
қаулысына N 4 қосымша
Оңтүстiк Қазақстан облысы Әкiмiнiң
"Оңтүстiк Қазақстан облысының үздiк тауарлары" және
"Қамқорлық"
сыйлықтарын беру жөнiндегi комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
Тармақ 1
1. Оңтүстiк Қазақстан облысы Әкiмiнiң "Оңтүстiк Қазақстан облысының үздiк тауарлары" және "Қамқорлық" сыйлықтарын беру жөнiндегi комиссия /әрi қарай - Комиссия/ консультативтiк -кеңесшi орган болып табылады және мемлекеттiк басқару органдарының басшылары, сапаны басқару және әлеуметтiк қорғау саласындағы жетекшi ғалымдар мен мамандар, қоғамдық ұйымдардың өкiлдерi арасынан құралады.
Комиссияның жеке құрамын Оңтүстiк Қазақстан облысының Әкiмияты бекiтедi.
Комиссияның құрамы және ондағы өзгерiстер туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жария етiледi.
Конкурстық комиссия сараптау тобын жұмысқа тартады. Сараптау тобының құрамына облыс Әкiмi аппаратының, еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау, индустрия, спорт және дене шынықтыру, бiлiм департаменттерiнiң, Оңтүстiк Қазақстан облысының мәдениет және жастар iсi жөнiндегi, құрылыс, сәулет және аумақтарда құрылыс салу, денсаулық сақтау, кәсiпкерлiктi қолдау және дамыту жөнiндегi басқармаларының, "Сараптау мен сертификаттау Ұлттық орталығы" ААҚ Оңтүстiк Қазақстан филиалының, қоғамдық ұйымдардың, кәсiподақтардың, жұмыс берушiлер одағының, Мемстандарттың өкiлдерi, сапаны басқару және әлеуметтiк қорғау саласындағы жетекшi мамандар мен ғалымдар кiре алады.
Сараптау тобы конкурсқа қатысушылардың ұсынған материалдарына талдау жасайды және өздерiнiң қорытындысын комиссияның қарауына ұсынады.
Тармақ 2
2. Комиссияның функциялары:
Тармақша 1
1) Конкурстардың өтетiндiгi туралы хабардар ету;
Тармақша 2
2) Конкурсқа қатысушылардың тапсыратын материалдарының ресiмделуiне
қойылатын талаптарды және материалдарды тапсыру шарттарын анықтау;
Тармақша 3
3) Конкурсқа қатысушылардан түсетiн материалдарды қабылдау және әрi
қарай конкурсқа қатысу үшiн оларды iрiктеу;
Тармақша 4
4) Түскен материалдарды олардың сараптамасымен қоса қарау;
Тармақша 5
5) Конкурсқа қатысушылардың әрi қарай қатысуға жiберiлмегендерiне
сараптама қорытындыларын жiберу;
Тармақша 6
6) Сыйлық беру туралы ұсынымдық хаттамалық шешiм қабылдау;
Тармақша 7
7) Конкурс жүлдегерлерiн марапаттау салтанатын ұйымдастыру;
Тармақша 8
8) Конкурс жүлдегерлерiнiң тәжiрибелерi мен жетiстiктерiн таратуға
жәрдем беру.
Тармақ 3
3. Комиссияның мәжiлiсi қажеттiлiгiне орай жұмысшы органның бастамасы
бойынша өткiзiледi.
Комиссияның мәжiлiсi комиссия мүшелерi құрамының кемiнде үштен екiсi
қатысқан жағдайда заңды болып есептелiнедi.
Комиссияның шешiмi ашық дауыс беру арқылы жай көпшiлiк даусымен
қабылданады.
Конкурсқа қатысушыларға сыйлық беру үшiн жалпы дауыстар санының
кемiнде төрттен үшi берiлуi керек.
Тармақ 4
4. Комиссияның сыйлық беру жөнiндегi шешiмi ашық дауыс берудiң қорытындысы бойынша қабылданады. Дауыстар саны тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешiм қабылданған болып саналады. Шешiмдер хаттамалармен ресiмделiп, ұсыныстық сипатта болады.