Об утверждении Положения о коммунальном государственном учреждении «Управлениe внутренней политики акимата Северо-Казахстанской области» Қолданыста
Басқа 0
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы
ережені бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2) тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 7) тармағына және «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тіліндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жолдауды;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкімдігінің
iшкi саясат басқармасы»
коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнің
ЕРЕЖЕСІ
Солтүстік Қазақстан
облысы әкімдігінің
2024 жылғы «16» қыркүйек
№ 301 қаулысына
қосымша
«Солтүстiк Қазақстан облысы әкімдігінің
iшкi саясат басқармасы»
коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнің
ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкімдігінің iшкi саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi iшкi саясат, бұқаралық ақпарат құралдары, кiтап шығару, полиграфия, шетелдік басылымдарының таралуын бақылау саласында, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысы аумағында мемлекеттік жастар саясатын іске асыру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкімдігінің iшкi саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң актілеріне, өзге де нормативтiк құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкімдігінің iшкi саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі және мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 4
4. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкімдігінің iшкi саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 5
5. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкімдігінің iшкi саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 6
6. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкімдігінің iшкi саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрығымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 7
7. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкімдігінің iшкi саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі. Басқарма «2024-2029 жылдарға арналған Қызылжар жастары» әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асыру бойынша уәкілетті орган болып табылады.
Тармақ 8
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 150011, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесi, 58.
Мемлекеттік органның толық атауы:
мемлекеттiк тiлде - «Солтүстiк Қазақстан облысы әкімдігінің iшкi саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;
орыс тiлiнде - коммунальное государственное учреждение «Управление внутренней политики акимата Северо-Казахстанской области».
Тармақ 9
9. Осы Ереже «Солтүстiк Қазақстан облысы әкімдігінің iшкi саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 10
10. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкімдігінің iшкi саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнің қызметін каржыландыру облыс бюджетінен жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкімдігінің iшкi саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі ішкі тәртіпке сәйкес айқындалады.
Егер «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Тарау 2. 2. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкімдігінің iшкi саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнің міндеттері мен өкілеттіктері
2. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкімдігінің iшкi саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнің міндеттері мен өкілеттіктері
Тармақ 12
12. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің міндеті: мемлекет алдында тұрған стратегиялық міндеттерді бірыңғай түсіну, мемлекеттілікті нығайту және әлеуметтік оптимизмді қалыптастыру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтауды қамтамасыз ету, сондай-ақ өңірде жастардың құқықтары мен бостандықтарын сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік жастар саясатын тиімді іске асыру негізінде Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарын шоғырландыруға бағытталған ішкі саясат саласындағы мемлекеттік саясатты тиімді іске асыру, жастардың еңбек және жұмыспен қамту саласында кепілдіктерді қамтамасыз ету, жастардың кәсіби, рухани және дене бітімі дамуына жағдай жасау, жастар және балалар бірлестіктерін дамытуға жәрдемдесу.
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
Тармақша 1
1) өңірдегі ішкі саяси тұрақтылықты, халық бірлігін және қоғамды топтастыруды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 2
2) әлеуметтік-экономикалық, мәдени және қоғамдық-саяси салалардағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарын іске асыру бойынша өңірдің жергілікті атқарушы органдарының қызметін үйлестіру;
Тармақша 3
3) «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, облыс әкімінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) өңірде Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясының негізгі басымдықтарын, Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын мемлекеттік және салалық бағдарламаларды және басқа да стратегиялық құжаттарды түсіндіруді және насихаттауды қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) ішкі саясат саласындағы өңірлік маңызы бар бағдарламалық қүжаттарды әзірлеу және іске асыру жөніндегі жұмысты үйлестіру;
Тармақша 6
6) өңірде ішкі саясат саласындағы жұмысты ұйымдастыру бойынша практикалық ұсынымдар, Қазақстанды дамытудың ұзақ мерзімді басымдықтарын тиімді іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 7
7) өңірдегі ішкі саяси процестерді және олардың даму үрдістерін зерделеу мен талдауды қамтамасыз ету;
Тармақша 8
8) азаматтық қоғам институттарымен, өңір жұртшылығының өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыс аумағында мемлекеттік рәміздерді қолдану және орналастыру мониторингі;
Тармақша 10
10) «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жүйесінің басқа да құжаттарын іске асыру үшін жағдай жасау;
Тармақша 11
11) тұлғаның шығармашылық, рухани және физикалық мүмкіндіктерін дамыту, салауатты өмір салтының берік дағдыларын қалыптастыру және жастардың азаматтық-құқықтық және адамгершілік мәдениетін тәрбиелеу;
Тармақша 12
12) мәдениеттер мен дін диалогының жаңа нысандарын іздеу арқылы ішкі саяси тұрақтылық пен этносаралық келісімді одан әрі нығайту;
Тармақша 13
13) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бойынша ақпараттық-насихаттау және түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру;
Тармақша 14
14) жастар саясаты саласындағы жергілікті мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;
Тармақша 15
15) жастар ұйымдарының қызметіне мониторинг және талдау жүргізу;
Тармақша 16
16) Солтүстік Қазақстан облысы аумағында мемлекеттік жастар саясаты бойынша республикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;
Тармақша 17
17) Солтүстік Қазақстан облысы аумағында мемлекеттік жастар саясаты бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
Тармақша 18
18) жастар ұйымдарына ұйымдастырушылық, консультативтік-әдістемелік және ақпараттық көмек көрсету;
Тармақша 19
19) ақпараттық деректер базасын қалыптастыру, жинақтау, қорыту және жіктеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру (компьютерлік, мәтіндік);
Тармақша 20
20) жастар ұйымдарымен, саяси партиялар мен этно-мәдени бірлестіктердің жастар қанаттарымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру.
Тармақ 13
13. Құқықтары мен міндеттері:
Тармақша 1
1) өз функцияларын орындау үшін мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдар мен азаматтардан белгіленген тәртіппен қажетті ақпаратты сұратуға, «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелерді пысықтауға қатысуға мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерін тартуға, тиісті ұсыныстарды әзірлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құруға;
Тармақша 2
2) облыс әкіміне ішкі және жастар саясаты саласындағы жергілікті атқарушы органдардың қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 3
3) «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызмет саласына жататын мәселелер бойынша тапсырмалар беру, олардың орындалуын бақылау, сондай-ақ орталық және жергілікті атқарушы органдар өткізетін іс-шараларға қатысу;
Тармақша 4
4) өз құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасауға;
Тармақша 5
5) аймақтық бағдарламаларды қаржыландыруды жүзеге асыру;
Тармақша 6
6) ведомстволық бағынысты мекемелерді құруға, құқықтық мирасқор ретінде ұстауға және олардың қызметін үйлестіруге;
Тармақша 7
7) «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша лауазымды түлғалар мен мемлекеттік органдарға консультациялық-әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастырушылық-техникалық және өзге де көмек көрсету;
Тармақша 8
8) «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер және өзге де отырыстар өткізу;
Тармақша 9
9) қызмет бағыттары бойынша консультативтік-кеңесші органдар (жұмыс топтары, комиссиялар, кеңестер) құруға;
Тармақша 10
10) жеке қаржыландыру жоспарын бекіту;
Тармақша 11
11) жылдық қаржылық есептілікті бекітуге міндетті.
Тармақ 14
14. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) ішкі саясаттың негізгі бағыттары бойынша, оның ішінде білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру және халықты қорғау, жұмыспен қамту, этносаралық келісім, мемлекеттік рәміздерді насихаттау, тіл, ақпараттық, мәдени, гендерлік және отбасылық-демографиялық салаларда мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша өңірдің жергілікті атқарушы органдарының қызметін ақпараттық-идеологиялық сүйемелдеу;
Тармақша 2
2) ішкі саяси тұрақтылықты, халық бірлігін және қоғамды топтастыруды қамтамасыз етуге бағытталған практикалық және өзге де шаралар кешенін іске асыру;
Тармақша 3
3) өңірдегі ірі қоғамдық маңызы бар іс-шараларды ақпараттық-талдамалық және ұйымдық-техникалық сүйемелдеу;
Тармақша 4
4) әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және басқа да салалардағы жергілікті атқарушы органдардың қызметі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру, осы бағыттағы жұмысты жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 5
5) өңірде Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларын және басқа да стратегиялық құжаттарды түсіндіру бойынша республикалық және өңірлік маңызы бар ақпараттық топтардың (бұдан әрі - AT) қызметін ұйымдастыру, AT ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету;
Тармақша 6
6) саяси партиялармен, үкіметтік емес ұйымдармен, этномәдени бірлестіктермен, құқық қорғау және басқа да қоғамдық ұйымдармен, кәсіптік одақтармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен (бұдан әрі - БАҚ), ғылыми және шығармашылық қоғамдастықпен, қоғамдық пікір көшбасшыларымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
Тармақша 7
7) «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыс әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңесші органдар мен жұмыс топтарының қызметін қамтамасыз ету;
Тармақша 8
8) өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалды талдау және болжау, оның ішінде саяси партиялардың, өзге де қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдардың қызметіне мониторингті ұйымдастыру, әлеуметтік және саяси зерттеулер жүргізу;
Тармақша 9
9) өңірде мемлекеттік ақпараттық саясатты тиімді іске асыруды қамтамасыз ету, оның ішінде мемлекеттік ақпараттық тапсырысты орындау бойынша БАҚ қызметін әдістемелік қолдау және үйлестіру, заңнаманың сақталуы түрғысынан БАҚ қызметіне мониторинг жүргізу, телерадио хабарларын тарату саласындағы заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру, өңірлік және шетелдік БАҚ есепке алу;
Тармақша 10
10) әлеуметтік маңызы бар жобаларды орындауға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету, оның ішінде конкурстық рәсімдерді жүргізу және жобалардың іске асырылу барысына мониторинг жүргізу;
Тармақша 11
11) «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тұжырымдамалық құжаттарды әзірлеуге, облыс әкімі, әкімдігі актілерінің жобаларын дайындауға және сараптауға қатысу;
Тармақша 12
12) «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жоғары тұрған мемлекеттік органдармен, Парламентпен, мәслихаттармен, облыс әкімі аппаратымен, облыстың Қазақстан халқы ассамблеясының хатшылығымен өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 13
13) «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кұзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық деректер базасын қалыптастыру, жинақтау, қорыту және жіктеу;
Тармақша 14
14) мемлекеттік рәміздер жөніндегі облыстық комиссияның жұмысын ұйымдастыру;
Тармақша 15
15) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру;
Тармақша 16
16) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеу және облыс мәслихатының бекітуіне енгізу;
Тармақша 17
17) Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы жастар саясаты мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші органдардың қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді қамтамасыз ету;
Тармақша 18
18) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асыру;
Тармақша 19
19) білім беру және тәрбиелеу жүйесінің ұйымдарына мемлекеттік жастар саясаты саласында қажетті әдістемелік және консультациялық көмек көрсету;
Тармақша 20
20) жастар саясаты саласында бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларын жүзеге асыру;
Тармақша 21
21) 2024-2029 жылдарға арналған «Қызылжар жастары» әлеуметтік бағдарламасы комиссиясының және жұмыс топтарының қызметін қамтамасыз ету;
Тармақша 22
22) ішкі саясат саласындағы мемлекеттік саясатты айқындайтын тұжырымдамаларды, бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға, этносаралық және конфессияаралық қатынастар мәселелеріне, Қазақстан Республикасында адамның құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мен сақтауға, Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасында мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асыруға қатысу;
Тармақша 23
23) жетекшілік ететін салада пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді бақылау және толтыру;
Тармақша 24
24) телерадио хабарларын тарату саласында лицензиясы жоқ және Қазақстан Республикасының аумағында өзінің спутниктік хабар тарату жүйелері жоқ телерадио хабарларын тарату операторларының теле, радио сигналын жеке қабылдауға арналған жабдыққа және телерадио хабарларын тарату операторларының қызметтеріне шартты қол жеткізу карталарын таратуға тыйым салу жөніндегі талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 25
25) облыс аумағында пайдаланылатын (орнатылатын, орналастырылатын) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасына қойылатын ұлттық стандарт талаптарының сақталуын тексеруді жүзеге асыру, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 729-бабы 1-тармағына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау.
Тарау 3. 3. Алқалы органдардың мемлекеттік органының
бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3. Алқалы органдардың мемлекеттік органының
бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 15
15. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы жүзеге асырады.
Тармақ 16
16. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Тармақ 17
17. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының заңнамада белгіленген тәртіппен «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады.
Тармақ 18
18. Бірінші басшы «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады, басқарады және мыналарға жеке жауапты болады:
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуы үшін;
өз функцияларын жүзеге асырғаны үшін.
Осы мақсатта «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы:
Тармақша 1
1) өз орынбасарларының және «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелер басшыларының міндеттері мен өкілеттіліктерін белгілейді;
Тармақша 2
2) «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметтеріне тағайындайды және босатады;
Тармақша 3
3) заңнамада белгіленген тәртіппен «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермелеуді жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) заңнамада белгіленген тәртіппен «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
Тармақша 5
5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаға қол қояды;
Тармақша 6
6) «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
Тармақша 7
7) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін ұсынады;
Тармақша 8
8) «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді, бағдарламалар жобаларын және басқа да құжаттарды әзірлеу барысын бақылайды;
Тармақша 9
9) «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша есептік материалдарды дайындау бойынша жұмысты бақылайды;
Тармақша 10
10) ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 11
11) «Солтүстік Қазақстан облысы экімдігінің ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына дербес жауапты болады;
Тармақша 12
12) белгіленген тәртіппен қаржы-экономикалық және шаруашылық қызмет мәселелерін шешеді, бюджет қаражатының ұтымды және мақсатты орындалуын бақылайды;
Тармақша 13
13) «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметінде заңдылықтың, шарттық және қаржылық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді.
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі ішкі тәртіпке сәйкес анықталады. Өндірістік қажеттілік жағдайында жұмыс режимін «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы өзгертуі мүмкін.
Тарау 4. 4. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі
4. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі
Тармақ 19
19. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі бар.
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған құрылтайшы берген мүлік есебінен қалыптастырылады және негізгі қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүліктен және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздерден тұрады.
Тармақ 20
20. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 21
21. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
5. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 22
22. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру (біріктіру, қосу, бөлу, бөліп шығару, қайта құру) және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
Тармақша 1
1) «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Қоғамдық даму және ақпарат орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 2
2) «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.