О внeсeнии измeнeний в постановлeния Правитeльства Рeспублики Казахстан от 27 дeкабря 2001 года N 1715 и от 1 фeвраля 2002 года N 150 Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.12.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 17 желтоқсандағы N 1715 және 2002 жылғы 1 ақпандағы N 150 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мынадай қаулыларына өзгерiстер енгізілсін:
Тармақша 1
1) "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2001 жылғы 27 желтоқсандағы N 1715 қаулысына: көрсетiлген қаулының қосымшасында: IV. "Шығындар" деген бөлiмде: 2 "Қорғаныс" деген функционалдық топта: 2 "Төтенше жағдайлар жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру" деген iшкi функцияда: 308 "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгi" деген әкiмшi бойынша: 031 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюды ұйымдастыру" деген бағдарламада: 030 "Республикалық жедел құтқару жасағы" деген кiшi бағдарламадағы "27820" деген сан "29820" деген санмен ауыстырылсын; 032 "Әскери бөлiмдердi ұстау" деген кiшi бағдарламадағы "253425" деген сан "255873" деген санмен ауыстырылсын; 033 "Аэромобильдi аймақтық жедел құтқару жасақтары" деген кiшi бағдарламадағы "57603" деген сан "61603" деген санмен ауыстырылсын; 034 кiшi бағдарламасы алынып тасталсын; 035 "Республикалық дағдарыс орталығы" деген кіші бағдарламадағы "12880" деген сан "14880" деген санмен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң республикалық бюджеттiк бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 1 ақпандағы N 150 қаулысына : көрсетілген қаулының 3-қосымшасында: 4-тармақтағы "жоғары басшылықтың ерекше кезеңде мемлекетті басқаруда жұмысын ұйымдастыру" деген сөздер алынып тасталсын; 5-тармақтағы "арнайы мақсаттағы "Метеостанса-3" объектiсiн ұстау" деген сөздер алынып тасталсын; 6-тармақтың кестесiндегi реттiк нөмiрi 4-жол алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.