Об установлении публичного сервитута на земельный участок частной компании «EMA Ltd» Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«EMA Ltd» жеке компаниясына жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы «Абай облысы Жаңасемей ауданның жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұсынған материалдарды қарап, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 69-бабына, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «EMA Ltd» жеке компаниясының 2026 жылғы 3 наурыздағы № 02/03-41 хаты негізінде, Жаңасемей ауданы, Ертіс ауылдық округі, Мұқыр ауылынан оңтүстікке қарай 4 км жерде орналасқан, кадастрлык нөмері 23-340-146-818, жалпы алаңы 0,072 га жер учаскесіне «EMA Ltd» жеке компаниясына «тәулігіне 41 тонна қуаттылығы бар мал сою кәсіпорнына апаратын кірме автомобиль жолдарын пайдалану және оларды күтіп-ұстау мақсатында 3 жыл мерзімге шектеулі нысаналы пайдалану қауымдық сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. «EMA Ltd» жеке компаниясының жұмыстарды бастар алдында жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жер пайдаланушымен Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіпте жер учаскесін шектеулі пайдалану шартын жасасын.
Тармақ 3
3. «Абай облысы Жаңасемей ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі қаулыға қол қойылғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік меншікте тұрған және жер пайдалануға берілмеген жер учаскесін шектеулі нысаналы пайдалану шартын жасасын.
Тармақ 4
4. «EMA Ltd» жеке компаниясы жұмыстар жүргізу барысында жер учаскесіне келтірілген бұзушылықтар болған жағдайда, жер учаскесін бастапқы мақсатына сәйкес пайдалануға жарамды күйге келтіруді қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Ж. Сайлаубековке жүктелсін.