О предоставлении товариществу с ограниченной ответственностью «ЭПК-forfait» права ограниченного целевого землепользования (публичный сервитут) для обслуживания и эксплуатации воздушных линии электропередач Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«ЭПК-forfait» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне әуе электр беру желілеріне қызмет көрсету және пайдалану үшін шектеулі нысаналы жер пайдалану құқығын (қоғамдық сервитут) беру туралы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшаларына және 69-бабының 4-тармағына сәйкес Қарабалық кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «ЭПК-forfait» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Қарабалық кенті аумағында орналасқан жер учаскелерінде әуе электр беру желілерін қызмет көрсету және пайдалану үшін бір жыл мерзімге шектеулі мақсаттағы жер пайдалану құқығын (қоғамдық сервитут) белгілеу.
Тармақша 1
1) 10 кВ «Урожайная» әуе желісі (АТЭП) – алаңы 0,0652 гектар;
Тармақша 2
2) «Урожайная» 10 кВ әуе желісінен КТП №1109-дан шығатын 0,4 кВ әуе желісі (АТЭП) – 0,052 гектар;
Тармақша 3
3) «Урожайная-Рус» 10 кВ әуе желісінен КТП №1192-ден шығатын 0,4 кВ әуе желісі – 0,0124 гектар;
Тармақша 4
4) Қарабалық кентіндегі КТП №1198-ден шығатын 0,4 кВ әуе желісі – 0,0128 гектар;
Тармақша 5
5) Қарабалық кентіндегі КТП №11151-ден шығатын 0,4 кВ әуе желісі – 0,0199 гектар.
Тармақ 2
2. «Қарабалық кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіліенген тәртіппен қамтамасыз етеді
Тармақша 1
1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберу;
Тармақша 2
2) осы шешімді Қарабалық кенті әкімдігінің интернет - ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыру.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.