О предоставлении товариществу с ограниченной ответственностью «ЭПК-forfait» права ограниченного целевого землепользования (публичный сервитут) для обслуживания и эксплуатации воздушных линии электропередач Қолданыста
Басқа 0
«ЭПК-forfait» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне әуе электр беру желілеріне қызмет көрсету және пайдалану үшін шектеулі нысаналы жер пайдалану құқығын (қоғамдық сервитут) беру туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшаларына және 69-бабының 4-тармағына сәйкес, Тоғызақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «ЭПК-forfait» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Гурьянов ауылы аумағында орналасқан жер учаскелерінде әуе электр беру желілерін қызмет көрсету және пайдалану үшін бір жыл мерзімге шектеулі мақсаттағы жер пайдалану құқығын (қоғамдық сервитут) белгілеу.
Тармақша 1
1) Гурьянов ауылындағы Молодёжная көшесі, Центральная көшесі КТП 1147-ден шығатын 0,4 кВ әуе желісі – 0,0248 гектар;
Тармақша 2
2) Гурьянов ауылындағы Центральная көшесі, Речная көшесі, Абая көшесі КТП 1143-ден шығатын 0,4 кВ әуе желісі – 0,0273 гектар.
Тармақ 2
2. «Тоғызақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіліенген тәртіппен қамтамасыз етеді
Тармақша 1
1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберу;
Тармақша 2
2) осы шешімді Тоғызақ ауылдық округі әкімдігінің интернет - ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыру.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.