Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью "Freedom Telecom Operations" Қолданыста
Басқа 0
«Freedom Telecom Operations» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 69-бабының 4 тармағының 7-1- тармақшасын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару және өзін-өзі баскару туралы» Заңының 31, 37- баптарын басшылыққа ала отырып, «Freedom Telecom Operations» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өтініші негізінде, Алға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Freedom Telecom Operations» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, Алға ауданы аумағынан сызбаға сәйкес, жалпы көлемі: 10,7982 гектар жер учаскесінде жеке меншік иелерінен немесе жер пайдаланушылардан жер учаскесін алып коймай «Freedom Telecom Operations» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне «Актөбе-Орал» бағытындағы талшықты-оптикалық байланыс желісін пайдалану үшін уақытша өтеулі ұзак (10 жыл) мерзім құқығына қауымдық сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Алға аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыны қазак және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылык жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Алға аудандық әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды камтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алға ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа еңгізіледі.