Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
102-бап. Мемлекеттiк кәсiпорын туралы негiзгi ережелер
ГРАЖДАНСКИЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН (ОБЩАЯ ЧАСТЬ) · № 268-XIII
1. Мемлекеттiк кәсiпорындарға:
1) шаруашылық жүргiзу құқығына негiзделген;
2) оралымды басқару құқығына негiзделген (қазыналық кәсiпорын) кәсiпорындар жатады.
2. Мемлекеттiк кәсiпорынның мүлкi бөлiнбейдi және оны салымдар (үлестер, жарналар) бойынша, соның iшiнде кәсiпорын қызметкерлерiнiң арасында бөлуге болмайды.
3. Мемлекеттiк кәсiпорындардың фирмалық атауында оның мүлкiн меншiктенушi көрсетiлуге тиiс.
4. Мемлекеттiк кәсiпорын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылады, таратылады және қайта ұйымдастырылады.
5. Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртіппен тағайындалатын басшы мемлекеттiк кәсiпорынның органы болып табылады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңында көзделген жағдайларда мемлекеттік кәсіпорын басшысынан басқа өзге де орган мемлекеттiк кәсiпорынның органы ретінде әрекет ете алады.
5-1. Мемлекеттік кәсіпорын банкрот деп танылған немесе оңалту рәсімі қолданылған және заңда белгіленген тәртіппен уақытша не банкроттықты немесе оңалтуды басқарушы тағайындалған жағдайларда, оны басқару бойынша барлық өкілеттіктер тиісінше уақытша не банкроттықты немесе оңалтуды басқарушыға өтеді.
6. Алынып тасталды - ҚР 1998.03.02 N 211 Заңымен.
7. Мемлекеттiк кәсiпорынның құқылық ережесi осы Кодексте және өзге заңдарда белгiленедi.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/gk/st-102/