Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
125-бап. Интеллектуалдық меншiк
ГРАЖДАНСКИЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН (ОБЩАЯ ЧАСТЬ) · № 268-XIII
1. Осы Кодексте және өзге де заңдарда белгіленеді белгiленген реттер мен тәртiп бойынша азаматтың немесе заңды тұлғаның шығармашылық интеллектуалдық қызметтiң нәтижелерiне және оларға теңестiрiлген заңды тұлғаны дараландыру құралдарына, жеке немесе заңды тұлғаның өзi орындайтын жұмысының немесе қызметiнiң өнiмдерiне (фирмалық атау, тауар белгiсi, қызмет көрсету белгiсi және т.б.) ерекше құқығы танылады.
2. Шығармашылық интеллектуалдық қызметтiң нәтижелерi мен ерекше құқықтардың (интеллектуалдық меншiктiң) объектiсi болуы мүмкiн даралану құралдарын пайдалануды үшiншi жақтар, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, құқық иеленушiнiң келiсiмiмен ғана жүзеге асырылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/gk/st-125/