Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
144-бап. Жеке бастың құпиясын сақтау құқығы
ГРАЖДАНСКИЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН (ОБЩАЯ ЧАСТЬ) · № 268-XIII
1. Азаматтың жеке өмір құпиясын, оның ішінде хат жазысу, телефон арқылы
сөйлесу, күнделіктер, естеліктер, жазбалар, интимдік өмір, бала асырап алу, туу
құпиясын, адвокаттық құпияны, медицина қызметкерінің, банк салымдарының құпиясын
және Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны қорғауға
құқығы бар.
Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей
белгіленген жағдайларда ғана жеке өмір құпиясын ашуға болады.
2. Күнделiктердi, жазбаларды, естелiктердi және басқа құжаттарды жариялауға - олардың авторының келiсiмiмен, ал хаттарды олардың авторы мен алушысының келiсiмiмен ғана жариялауға жол берiледi. Олардың қайсыбiрi қайтыс болған жағдайда аталған құжаттар қайтыс болған адамның артында қалған жұбайының және балаларының келiсiмiмен жариялануы мүмкiн.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/gk/st-144/