Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
17-бап. Азаматтардың әрекет қабiлеттiлiгi
ГРАЖДАНСКИЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН (ОБЩАЯ ЧАСТЬ) · № 268-XIII
1. Азаматтың өз әрекеттерiмен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзi үшiн азаматтық мiндеттер жасап, оларды орындауға қабiлеттiлiгi (азаматтық әрекет қабiлеттiлiгi) кәмелетке толғанда, яғни он сегiз жасқа толғаннан кейiн толық көлемiнде пайда болады.
2. Заңдарда он сегiз жасқа жеткенге дейiн некелесуге рұқсат етiлетiн жағдайда, он сегiз жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап толық көлемiнде әрекет қабiлеттiлiгiне ие болады.
3. Егер заңдарда өзгеше белгiленбесе, барлық азаматтардың әрекет қабiлеттiлiгi тең болады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/gk/st-17/