Кіру
ГРАЖДАНСКИЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН (ОБЩАЯ ЧАСТЬ) Қолданыста Кодекс ·№ 268-XIII ·27.12.1994
01.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

185-бап. Талап қою мерзiмiн қалпына келтiру

ГРАЖДАНСКИЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН (ОБЩАЯ ЧАСТЬ) · № 268-XIII

1. Ерекше жағдайларда, талапкердiң жеке басына байланысты мән-жайлар (ауыр науқас, дәрменсiз халде болу, сауатсыздық және т.б.) бойынша талап қою мерзiмi өтiп кетуiнiң себебiн сот орынды деп таныған кезде, азаматтың бұзылған құқығы қорғалуға тиiс. Талап қою мерзiмiнiң өтiп кету себептерi орынды болып, егер ол талап мерзiмiнiң соңғы алты ай iшiнде орын алған болса, ал егер бұл мерзiм алты айға тең немесе алты айдан аз болса - талап мерзiмiнiң өтуi кезiнде танылады.
2. Белгiлi бiр iс бойынша сот шешiмiн орындаудан бас тартылуына байланысты заңдарға сәйкес талапкердiң тап сол iс бойынша жаңа талап қою құқығы пайда болған реттерде талап қою мерзiмi қалпына келтiрiледi және қайтадан өте бастайды.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/gk/st-185/