Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
202-бап. Оралымды басқару құқығы ұғымы мен оның мазмұны
ГРАЖДАНСКИЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН (ОБЩАЯ ЧАСТЬ) · № 268-XIII
1. Оралымды басқару құқығы меншiк иесiнiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын мекеменiң, меншiк иесiнен мүлiк алушы және өз қызметiнiң мақсатына, меншiк иесiнiң тапсырмаларына және мүлiктiң мақсатына сәйкес Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шекте сол мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын жүзеге асырушы қазыналық кәсiпорындардың заттық құқығы болып табылады.
2. Қазыналық кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерді жедел басқару құқығын жүзеге асырудың ерекшеліктері «Мемлекеттік мүлік туралы» және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/gk/st-202/