Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
204-бап. Оралымды басқаруға берiлген мүлiктi меншiктенушiнiң құқығы
ГРАЖДАНСКИЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН (ОБЩАЯ ЧАСТЬ) · № 268-XIII
1. Оралымды басқарудағы мүлiктi меншiктенушi Қазақстан Республикасының заңдаріне сәйкес мекеме, қазыналық кәсiпорын құру, оның қызметiнiң мәнi мен мақсаттарын белгiлеу мәселелерiн шешедi, мемлекеттiк мекеменiң немесе қазыналық кәсiпорынның заң жүзiндегi тағдырын, оның қызметiнiң мазмұнын белгiлеуге құқығы бар.
2. Меншiк иесi мекеменiң, қазыналық кәсiпорынның меншiк иесi берген мүлiктi тиiмдi пайдалануы мен сақтауына бақылау жасауды жүзеге асырады.
3. Мекеменi бiрнеше меншiк иесi құрған жағдайда, олардың арасындағы қатынастар мен меншiк иелерiнiң өз мүлкiне билiк жүргiзу құқықтары құрылтай шартымен немесе сол сияқты келiсiммен белгiленедi.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/gk/st-204/