Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
216-бап. Сатып алудың басым құқығы
ГРАЖДАНСКИЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН (ОБЩАЯ ЧАСТЬ) · № 268-XIII
1. Үлестi меншiк құқығындағы үлестi бөгде адамдарға сату кезiнде сатылатын үлестi оның сатылатын бағасы бойынша және жария саудаға салып сату реттерiнен басқа тең жағдайларда үлестi меншiктiң қалған қатысушыларының сатып алуға басым құқығы болады.
Үлестi меншiкке барлық қатысушылардың келiсiмi болмаған жағдайда үлестi меншiк құқығындағы үлестi сату үшiн жария саудаға салу осы Кодекстiң 222-бабының 2-тармағында көзделген реттерде және заңдарда көзделген өзге де реттерде жүргiзiлуi мүмкiн.
2. Үлесiн сатушы оның сату бағасын және оны сатудың басқа да шарттарын көрсете отырып, үлестi меншiктiң басқа қатысушыларына өз үлесiн бөтен адамға сату ниетi туралы жазбаша түрде хабарлауға мiндеттi. Егер үлестi меншiктiң басқа қатысушылары сатып алудан бас тартса немесе қозғалмайтын мүлiкке меншiк құқығындағы сатылатын үлестi бiр ай iшiнде, ал басқа мүлiк жөнiнен - хабар алған күннен бастап он күн iшiнде сатып алмаса, сатушы өз үлесiн кез келген адамға сатуға құқылы.
3. Үлес сатып алудың басым құқығы бұзыла отырып сатылған жағдайда үлестi меншiктiң кез келген басқа қатысушысы үш айдың iшiнде сотта өзiне сатып алушының құқықтары мен мiндеттерiн аударуды талап етуге құқылы.
4. Үлестi сатып алудың басым құқығын басқа бiреуге беруге рұқсат етiлмейдi.
5. Осы баптың ережелерi айырбас шарты бойынша үлестi иелiктен айыру кезiнде де қолданылады.
6. Осы баптың ережелері стратегиялық объектілерді иеліктен шығару жағдайларына қолданылмайды.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/gk/st-216/