Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
221-бап. Бiрлескен меншiктегi мүлiктi бөлу және одан үлестi бөлiп шығару
ГРАЖДАНСКИЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН (ОБЩАЯ ЧАСТЬ) · № 268-XIII
1. Ортақ меншiктi бiрлескен меншiкке қатысушылар арасында бөлу, сондай-ақ олардың бiреуiнiң үлесiн бөлiп шығару қатысушылардың әрқайсысының ортақ мүлiкке құқығындағы үлесi алдын ала анықталған жағдайда ғана жүзеге асырылуы мүмкiн.
2. Ортақ мүлiктi бөлу және одан үлестi бөлiп шығару кезiнде, егер заң актiлерiмен немесе қатысушылардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, олардың үлестерi тең деп танылады.
3. Ортақ мүлiктi бөлу және одан үлестi бөлiп шығару негiздерi мен тәртiбi осы Кодекстiң 218-бабының ережелерiмен белгiленедi, өйткенi ол осы Кодексте, басқа да заңдарда бiрлескен меншiктiң жекелеген түрлерi үшiн өзгеше белгiленбеген және бiрлескен меншiкке қатысушылар қатынастарының мәнiнен туындамайды.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/gk/st-221/