Кіру
ГРАЖДАНСКИЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН (ОБЩАЯ ЧАСТЬ) Қолданыста Кодекс ·№ 268-XIII ·27.12.1994
01.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

227-бап. Жекешелендiрiлген тұрғын үйге ортақ меншiк

ГРАЖДАНСКИЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН (ОБЩАЯ ЧАСТЬ) · № 268-XIII

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік және тұрғын үй қатынастары туралы заңнамасына сәйкес жалдаушы сатып алған немесе тегiн алған мемлекеттiк тұрғын үй қорының үйiндегi тұрғын жай, егер олардың арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, жалдаушының және онымен бiрге тұрақты тұратын отбасы мүшелерiнiң, соның iшiнде кәмелетке толмаған және уақытша тұрмайтын мүшелерiнiң бiрлескен меншiгiне көшедi. Жекешелендiрiлген тұрғын үйге бiрлескен меншiк құқығының ерекшелiктерi тұрғын үй қатынастары туралы заңдарда белгіленеді белгiленедi.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/gk/st-227/