Кіру
ГРАЖДАНСКИЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН (ОБЩАЯ ЧАСТЬ) Қолданыста Кодекс ·№ 268-XIII ·27.12.1994
01.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

230-бап. Шартқа қатысушылардың ортақ мүлкi

ГРАЖДАНСКИЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН (ОБЩАЯ ЧАСТЬ) · № 268-XIII

1. Бiрлескен қызмет туралы шартқа қатысушылар өз мақсаттарына жету үшiн жарналарын ақшалай немесе басқа мүлiкпен, не еңбек үлесi арқылы қосады.
2. Шартқа қатысушылардың ақшалай немесе өзге де мүлiктiк жарналары, сондай-ақ олардың бiрлескен қызметi нәтижесiнде жасалған немесе сатып алынған мүлiк олардың ортақ үлестi меншiгi болып табылады.
3. Алынып тасталды - ҚР 1998.03.02 N 211 Заңымен.
4. Шартқа қатысушылардың мүлкiне, егер осы тараудың нормаларында, басқа да заңдарда немесе бірлескен қызмет туралы шартта өзгеше көзделмесе, осы Кодекстің ортақ үлестік меншік туралы нормалары қолданылады
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/gk/st-230/