Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
251-бап. Меншiк иесi мүлкiнен ақы өндiрiп алу
ГРАЖДАНСКИЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН (ОБЩАЯ ЧАСТЬ) · № 268-XIII
1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, меншiк иесiнiң мiндеттемелерi бойынша мүлiкке өндiрiп алуды қолдану сот тәртiбiмен жүргiзiледi.
2. Ақы өндiрiлiп алынатын мүлiкке меншiк иесiнiң меншiк құқығы заңдарда көзделген тәртiп бойынша меншiк құқығы көшетiн адамның алып қойылған мүлiкке меншiк құқығы пайда болған кезден бастап тоқтатылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/gk/st-251/