Кіру
ГРАЖДАНСКИЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН (ОБЩАЯ ЧАСТЬ) Қолданыста Кодекс ·№ 268-XIII ·27.12.1994
01.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

267-бап. Меншiк иесiнiң құқықтарын және басқа заттық құқықтарды бұзатын мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар құжаттарының жарамсыздығы

ГРАЖДАНСКИЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН (ОБЩАЯ ЧАСТЬ) · № 268-XIII

1. Егер мемлекеттік органның не лауазымды адамның заңдарға сәйкес келмейтiн қалыпты немесе жеке құжат шығаруы салдарынан меншiк иесiнiң және басқа адамдардың өзiне тиесiлi мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету жөнiндегi құқықтары бұзылса, мұндай құжат меншiк иесiнiң немесе құқығы бұзылған адамның талап қоюы бойынша сот тәртiбiмен жарамсыз деп танылады.
2. Нақты iс бойынша сот шешiм шығарған жағдайда мемлекеттік органдардың заңдарға қайшы келетiн құжаттары қолданылмайды. Көрсетілген актілерді басып шығару салдарынан меншiк иесiне келтiрiлген залалдар осы Кодекстің 922-бабы 1-тармағының қағидаларына сәйкес тиiстi мемлекеттік органның тиiстi бюджет қаражатынан толық көлемде өтеуіне жатады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/gk/st-267/