Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
279-бап. Мiндеттеменi мерзiмiнен бұрын орындау
ГРАЖДАНСКИЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН (ОБЩАЯ ЧАСТЬ) · № 268-XIII
1. Егер заңдарда немесе мiндеттеме шарттарында өзгеше көзделмесе және оның мәнiнен туындамаса, борышқор мiндеттеменi мерзiмiне дейiн орындауға құқылы.
2. Кәсiпкерлiк қызметке байланысты мiндеттемелердi мерзiмiнен бұрын орындауға мiндеттеменi мерзiмiне дейiн орындау мүмкiндiгi заңдарда немесе мiндеттеме шарттарында көзделген, не iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтардан немесе мiндеттеменiң мәнiнен туындаған реттерде ғана жол берiледi.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/gk/st-279/