Кіру
ГРАЖДАНСКИЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН (ОБЩАЯ ЧАСТЬ) Қолданыста Кодекс ·№ 268-XIII ·27.12.1994
01.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

292-бап. Мiндеттеменiң орындалуын қамтамасыз ету әдiстерi

ГРАЖДАНСКИЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН (ОБЩАЯ ЧАСТЬ) · № 268-XIII

1. Мiндеттеменi орындау Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе шартта көзделген тұрақсыздық айыбымен, кепiлмен, борышкердің мүлкiн ұстап қалумен, кепілгерлікпен, кепiлдiкпен, кепiлпұлмен, кепілдік жарнамен, қамтамасыз ету ақысымен және басқа да тәсілдермен қамтамасыз етiлуi мүмкiн. Бағалы қағаздар бойынша мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз ету тәсiлдерi Қазақстан Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi реттейтiн заңдарында белгiленедi.
2. Мiндеттеменi қамтамасыз ету туралы келiсiмнiң жарамсыздығы бұл мiндеттеменiң (негiзгi мiндеттеменiң) жарамсыздығына әкелiп соқтырмайды.
3. Негiзгi мiндеттеменiң жарамсыздығы оны қамтамасыз ететiн мiндеттеменi жарамсыз етедi.
4. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, негізгі міндеттеменің тоқтатылуы оны қамтамасыз ететін міндеттеменің тоқтатылуына алып келеді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/gk/st-292/