Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
311-бап. Кейiнгi кепiл (кепiлдi қайталап салу)
ГРАЖДАНСКИЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН (ОБЩАЯ ЧАСТЬ) · № 268-XIII
1.
Егер кепiлге салынған мүлiк басқа талаптарды қамтамасыз ететiн тағы бiр кепiлдiң нысанасы болса (кепiлдi қайталап салу), кейiнгi кепiл ұстаушының талабы алдыңғы кепiл ұстаушылардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейiн кепiл мәнiнiң құнынан қанағаттандырылады.
2. Егер кепiл туралы бұрынғы шарттарда тыйым салынбаса, қайтадан кепiл салуға жол берiледi.
3.
Кепiл берушi келесi кепiл ұстаушының әрқайсысына осы мүлiктiң бұрыннан бар барлық кепiлдерi жөнiндегi мәлiметтердi хабарлауға мiндеттi және осы мiндеттiң орындалмауы себептi кепiл ұстаушыларға келтiрiлген залалдар үшiн жауап бередi.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/gk/st-311/