Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
314-бап. Кепiлге салынған нәрсенi ауыстыру және қалпына келтiру
ГРАЖДАНСКИЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН (ОБЩАЯ ЧАСТЬ) · № 268-XIII
1. Кепiлге салынған нәрсенi ауыстыруға, егер заңдарда немесе шартта өзгеше көзделмесе, кепiл ұстаушының келiсiмiмен жол берiледi.
2. Егер кепiлге салынатын нәрсе жойылса немесе бүлiнсе не оған меншiк немесе шаруашылық жүргiзу құқығы заңдарда белгiленген негiздер бойынша тоқтатылса, кепiл берушi кепiлге салынған нәрсенi ақылға қонымды мерзiмде қалпына келтiруге немесе оны басқа бiр сондай мүлiкпен алмастыруға құқылы.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/gk/st-314/