Кіру
ГРАЖДАНСКИЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН (ОБЩАЯ ЧАСТЬ) Қолданыста Кодекс ·№ 268-XIII ·27.12.1994
01.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

318-бап. Кепiлге салынған нәрседен ақы өндiрiп алу тәртiбi

ГРАЖДАНСКИЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН (ОБЩАЯ ЧАСТЬ) · № 268-XIII

1. Кепiл ұстаушының талаптарын кепiлге салынған мүлiктiң құнынан қанағаттандыру, егер осы Кодексте және басқа заңдарда немесе шартта өзгеше көзделмесе, сот тәртiбiмен жүзеге асырылады.
2. Кепiл туралы шартта, сондай-ақ осы Кодексте және өзге де заңдарда көзделген реттерде кепiл ұстаушы кепiлге салынған мүлiктi соттан тыс тәртіппен сауда өткiзу (аукцион) арқылы өз бетiмен сатуға құқылы. Ақшалай қарызды қамтамасыз ететiн кепiлге салынған нәрсенi сату жөнiнде кепiл ұстаушы банктiң де осындай құқығы болады. Қазақстан Республикасының жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы заңында көзделген жағдайларда, кепілге қойылған жылжымайтын мүлікті соттан тыс өткізуге жол берілмейді. Қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асыру шеңберінде қарыз бойынша қамтамасыз ету болып табылатын кепіл нысанасына өндіріп алуды қолдану ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/gk/st-318/