Кіру
ГРАЖДАНСКИЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН (ОБЩАЯ ЧАСТЬ) Қолданыста Кодекс ·№ 268-XIII ·27.12.1994
01.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

324-бап. Кепiлге салынған мүлiктi күштеп алу салдары

ГРАЖДАНСКИЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН (ОБЩАЯ ЧАСТЬ) · № 268-XIII

1. Егер кепiл берушiнiң кепiлге салынатын мүлiкке меншiк құқығы заңдарда белгiленген негiздер мен тәртiп бойынша мемлекеттiк қажеттер үшiн алып қою (сатып алу), реквизициялау немесе ұлт меншiгiне айналдыру салдарынан тоқтатылып, кепiл берушiге басқа мүлiк немесе тиiсiнше өтем берiлсе, кепiл құқығы оның орнына берiлген мүлiкке қолданылады, не тиiсiнше кепiл ұстаушы кепiл берушiге тиесiлi өтем сомасынан өз талаптарын артықшылықпен қанағаттандыру құқығына ие болады. Кепiл ұстаушы кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттемелердi мерзiмiнен бұрын орындауды талап ете алады (осы Кодекстiң 321-бабының 1-тармағы).
2. Кепiлге салынатын нәрсе болып табылатын мүлiк заңдарда белгiленген тәртiп бойынша осы мүлiктiң шын мәнiндегi меншiк иесi басқа тұлға болып табылатындығына сүйенiп, не әкімшілік немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшiн санкция түрiнде кепiл берушiден алынған реттерде бұл мүлiктiң кепiлге салынғаны тоқтатылады. Бұл ретте кепiл ұстаушы кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң мерзiмiнен бұрын орындалуын талап етуге құқылы.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/gk/st-324/